Пирзадаев арман нургабылович


Диссертациялық зерттеу нәтижесінде диссертант төмендегідей



Pdf көрінісі
бет7/18
Дата31.05.2024
өлшемі1.21 Mb.
#502160
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Dissertatsiya Pirzadaeva-Armana-Nurgabyilovicha-KAZGYUU

Диссертациялық зерттеу нәтижесінде диссертант төмендегідей 
ережелерді қорғауға ұсынады
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінде қолданылатын негiзгi 
ұғымдарына жаңа «қылмыстық құқық бұзушылық зардабы» түсінігін 
«Қылмыстық құқық бұзушылық зардап ретінде тек қана Қазақстан 
Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңнамасына сәйкес тыйым 
салынған қоғамға қауіпті іс-әрекетті кінәлі түрде жасау нәтижесіндегі залалды, 
зиянды және зардапты өзгерістерді атаймыз» - деп анықтама беріліп, енгізілуі 
қажет деп санаймыз.


12 
Бұл болашақта құқық қолданушылық тәжірибеде қателіктер мен 
шатасуларға мүмкіндік бермейді деп сенеміз.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабын 
келесідей бөлікпен немесе ескертумен толықтыру: «Бөтеннің мүлкін 
жымқырған кінәлі адам тағайындалған жазаға қарамастан меншік иесіне 
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 917-бабына сәйкес 
материалдық және (немесе) материалдық емес зиянды толық көлемде өтеуге 
міндетті» деп белгілеу қажет. Мұндай норма қылмыс істеген адамдардың 
жауапкершілігінің жаза өтеумен шектелмей, келтірген залалының орнын 
толтыру міндетін жүктеп, жымқыру арқылы алған мүліктің құнын түбінде бір 
өтейтінін білдіріп, жауапкершілік жүгін арттырады деп ойлаймыз. 
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіндегі 187-бап «Ұсақ-түйек 
жымқыру» құрамын жаңа құрам ретінде қылмыстық заңнамаға енгізуді 
қолдамаймыз, оны декриминализациялауды қажет ететін бап ретінде және бұл 
қылмыстық құқық бұзушылық құрамын Қазақстан Республикасының әкімшілік 
құқық бұзушылықтар кодексіне сәйкес бұрынғыдай әкімшілік құқық 
бұзушылық құрамы ретінде белгілеуді қалдыруды ұсынамыз. Себебі, бұл 
біріншіден, қылмыстық құқық бұзушылықтар шеңберін кеңейтеді; екіншіден
қылмыстық құқықбұзушылар саны мен қылмыстылық туралы елдегі 
статистикалық мәліметтердің артуына әкеледі; үшіншіден мұндай құқық 
бұзушылықтардың алдын алу үшін мемлекет тарапынан қылмыстық құқық 
бұзушылықтармен күрес міндеті жүктелген органдардың қызметін қамтамасыз 
ету үшін керегі жоқ, артық күш жұмсауды қажетсінеді. 
4. Зерттелген нормаларда (ҚК 187-бабы) кездесетін «болмашы мөлшер» 
деген заңнамалық ұғымды нақтылау мен қайта қарауды ұсынамыз. «Ұсақ-түйек 
жымқыру» құрамындағы «болмашы мөлшер» деген сөздің қолдануын дұрыс 
емес деп табамыз. Себебі, «болмашы мөлшер» ұғымын енгізу теориялық және 
практикалық жағынан «ұсақ мөлшер», «аз мөлшер» деген ұғымдармен қатар 
заңнамаға жаңа «болмашы» мөлшер деген ұғымды енгізіп, одан сайын 
терминологиялық шатасуларды көбейтеді, онсыз да шұбалаңқы сөзімізді 
шұбарландырады. Қолданыстағы 187-баптың 1 бөлімінің диспозициясы 
біріншіден, осы жымқырудың ұсақ-түйектігін емес «болмашы мөлшерде 
жасалған» деп қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттің мөлшерін қамтығандай 
сипатталған. Мысалы: «бір реттен артпайтын» деген секілді. Бұл жерде 
аудармашы осы баптың 2-бөлімі «бірнеше рет жасалған ұсақ-түйек жымқыру» 
болғандықтан бірінші бөлімнің мазмұнын түсінбегендей.
Сонымен қатар «болмашы» сөзі «аз мөлшер» немесе «ұсақ мөлшер» деген 
ұғымға қарағанда мағынасы жағынан кең талқылауға жол береді, құқық 
қолданушыларды ойландырып саралауда қателіктер жасауына жол береді. 
Қолданыстағы Қылмыстық кодекстің «Осы Кодексте қамтылған кейбір 
ұғымдарды түсіндіру» деп аталатын 3-бабының 10-бөлігінде белгіленген 
«болмашы мөлшер» деген ұғымды орысшадан тікелей аударылған, қазақ 
тілінде бар әрі түсінікті «аз мөлшер» немесе бап атауына да қайшы емес әрі 
түсінікті көрсетілгендей «ұсақ мөлшер» деп ауыстырған дұрыс деп ойлаймыз.


13 
5. Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардан келетін зардаптар 
жалпы қылмыстылықтан келетін зардаптардың жартысынан астамын құрайды 
және 
бөтеннің 
мүлкін 
жымқырудан 
келетін 
қылмыстық 
құқық 
бұзушылықтардан келетін зардаптардың материалдық зияны ғана мемлекеттік 
мәліметтер базасында тіркеледі. Ал зиян тек материалдық қана емес, 
материалдық емес нысында да болатынын ескеріп, болашақта тек материалдық 
емес моральдық зияндарды есепке алу қамтамасыз еткен жөн. Бұл орайда 
қылмыстық істердегі азаматтық талап ережелері шеңберінде Қазақстан 
Республикасы Азаматтық кодексінің 47-тарауына сәйкес «Зиян келтіру 
салдарынан туындайтын міндеттемелер» бойынша да мемлекеттік мәліметтерді 
ресми тіркеуді жүргізуді енгізу қажет.
6. 
Зерттеу 
нәтижесінде 
меншікке 
қарсы 
қылмыстық 
құқық 
бұзушылықтардың алдын алу тиімділігін қамтамасыз ету үшін қылмыстылық 
құнының үш компоненттен тұратынын тұжырымдаймыз: а) қылмыстық құқық 
бұзушылықтардан келген (тікелей немесе жанама) зиян; б) мемлекеттің 
экономикалық және өзге де ақшалай тұрғыда жұмсайтын міндетті шығындары 
(құқық қорғау, жазаларды атқаратын мекемелер мен органдардың және т.б. 
қызметін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындар); в) қоғамның криминалдық 
қатерлерден қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмсайтын шығындары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет