Pisa тапсырмалары Тапсырма №1 «Темекі шегу»


Тапсырма№2 Қазақстандықтар туберкулезға қарсы сәбіз өсіріп шығарды



бет2/5
Дата07.02.2024
өлшемі0.87 Mb.
#491173
1   2   3   4   5
pisa-d182d0b0d0bfd181d18bd180d0bcd0b0d0bbd0b0d180d18b

Тапсырма№2
Қазақстандықтар туберкулезға қарсы сәбіз өсіріп шығарды

Қазақстандық генетиктер туберкулезға қарсы вакцинасы бар сәбіз өсіріп шығарды. Бұл туралы Tengrinews.kz Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Ерлан Раманқұловқа сілтеме жасай отырып хабарлады. Ғалымдар өсімдік тамырына туберкулез қоздырғышының антигенін енгізе отырып, осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр.Трансгендік өсімдіктер негізіндегі вакцина бар әлемде үлкен сұранысқа ие, себебі бұл қолданылып жүрген қарапайым вакциналардан біршама есе арзан әрі тиімді. Әдетте қолданылатын вакциналардың ағзаға тигізетін кері әсерінің де болатындығы белгілі. Осы жағдайда өсімдік ақуыздардың биофабрикасы ретінде жұмыс жасап тұр.Орталық қызметкерлері сәбізден эмбрионалдық клеткаларды алып, оны трансформацияға ұшыратқан екен. Осылайша трансгендік өсімдікке қол жеткізіпті. Айта кетерлігі көкөністің формасы қарапайым сәбізге ұқсамайды. Бұл сәбізді сатылы түрде отырғызу процесімен байланыстырылады.Барлық жұмыстар аяқталған соң ғалымдар сәбізде аталған геннің бар екендігін дәлелдеуге тырысты. Тәжірибе объектісі ретінде тышқан таңдалып, нәтижесінде өсіп шыққан сәбіздің туберкулез таяқшаларына деген иммунитетті жоғарылататындығы анықталған.
Әрине, бұл өнертабысты нарыққа шығаруға әлі ерте. Алдымен көкөністің терапевттық эффектісіне зерттеу жүргізу керек. Дегенмен бұл жұмыс үлкен қаржыны талап етеді.Ғалымның айтуынша, гендік инженерия әлемде біршама деңгейде дамыса да, генетикалық модификацияланған өнімдерді көпшілікке тарату туралы шешім шығару өте қиын. Бұл қадам өте тыңғылықты зерттеуді қажет етеді.
1 сұрақ
Қазақстандық ғалымдардың туберкулезге қарсы алған трансгендік өсімдігі:
A) қызылша
B) сәбіз
C) қызан
D) қияр
2сұрақ
Бұл өнертабысты нарыққа шығаруға әлі ерте. Алдымен көкөністің терапевттық эффектісіне зерттеу жүргізу керек. Дегенмен бұл жұмыс үлкен қаржыны талап етеді.
Себебі:______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Талдау
1 . Мән-мәтін денсаулық аспектісі: ғаламдық
2. Мазмұны ғалам туралы білім
3. Құзырлылық ғылыми тұрғыдан түсіндіру
4. Қолдану саласы денсаулық
5. Сұрақ түрі 4 жауаптың біреуі дұрыс, толықтыру
6. Деңгей 1-сұрақ (1-д) ;2-сұрақ (5-д);




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет