Пму ф со 18. 2/05 Әдістемелік


Өңдеудегі үзілістерді программалау



бет3/4
Дата11.06.2016
өлшемі1.35 Mb.
#128324
1   2   3   4

3.2.7 Өңдеудегі үзілістерді программалау

Үзілістерді (тоқтауларды) өңдеудегі программалау кезінде ББ кадрына G04 функциясы, беріс жылдамдығы мен Х және Z координаталары бойынша тек СББ құрылғысымен өңделетін және жұмыс органымен өңделетін орын ауыстырудың алдамшы шамасы енгізіледі.

Тоқтау мен берістің таңдалған жылдамдығының берілген шамасы кезінде Х және Z координаталары бойынша программаланатын импульстер саны келесі формулалар бойынша анықталады:

мұндағы – Х және Z осьтері бойынша импульстер саны;

Ғ – беріс жылдамдығы (мм/мин).

t – тоқталу уақыты (мин.).








3.1 сурет – Шеңберлік интерполяция параметрлері
3.2.8 Түзетулерді енгізу

Геометриялық ақпаратты түзетулерін енгізу станокты реттеу қателігі, кесу аспабының мүмкін тозуы, жылулық деформациялар және т.б. байланысты. Бұл жағдайда түзету өзімен аспаптың Х немесе Z координаталары бойынша программаланғандарға қатысты «+» немесе «–» белгімен қосымша орын ауыстыруларын көрсетеді.

Түзетуді енгізу L мекен-жайы мен екі дәрежелі санның көмегімен іске асырылады. Санның үлкен дәрежесі келесі мәндерге ие бола алады:

1. Түзетуді тек Х осі бойынша енгізу.

2. Түзетуді тек Z осі бойынша енгізу.

3. Түзетуді тек Х және Z осьтері бойынша енгізу.

Кіші дәреже басқару пультында түзетудің номерін атпайды. Түзетудің шамасы 0-ден ±99,99 дейінгі шектерде Z осі бойынша ондық қосқыштарда; және 0-ден ±49,995 дейінгі шектерде Х осі бойынша енгізіледі.

Түзетуді өңдеуден соң оны жою керек, яғни оны қарама-қарсы белгімен қайтадан өңдеу керек. Түзетуді жою G40 функцияның көмегімен түзетушінің номері мен Ғ берісті атаумен өткізіледі.


3.3 Зертханалық жұмысқа тапсырма

Зертханалық жұмысқа бастапқы мәліметтер №1 зертханалық жұмысты орындау кезінде алынған нәтижелер болып келеді. Технологиялық және өлшемдік ақпаратпен есептелген (таңдалған) өңдеудің құрылған графын ескере отырып қажетті:

– тетікті СББ Н22 – 1М құрылғымен жабдықталған жону 16К20Ф3 үлгідегі станокта өңдеу үшін ББ жасау;

– бағдарлама тасушы – перфолентаға ББ орналастыру;

– бағдарлама тасушының баптауын орындау.
3.4 Техникалық жабдықтау

1. СББ Н22 – 1М құрылғымен жабдықталған жону 16К20Ф3 үлгідегі станок.

2. УПДЛ түріндегі перфолентада мәліметтерді дайындау құрылғысы, немесе перфоратормен тоғысудағы компьютер.
3.5 Әдістемелік нұсқаулар мен жұмысты орындау реті

Басқару бағдарламасын жасау үшін бастапқы ақпарат №1 зертханалық жұмысты орындау кезінде алынған мәліметтер болып табылады.

ББ жасаған кезде әдістемелік нұсқауларда мазмұндалған программалау бойынша жалпы мәліметтермен ықыласты танысу.

ББ жасау үрдісінде келесі ретті ұстану керек:

1. Басқару бағдарламасы басында «%» символынан соң жұмыс органдарының нольдік күйінен бастапқыға орналасуын программалау қажет. Осы станок үшін нольдік күй құралкүймешіктің шеткі оң күйі мен күймешктің алдыңғы күйіне (3.2 сурет) сәйкес келеді. Бағдарламаның бұл бөлігі кез-келген тетікті өңдеу үшін стандартты болады да үш кадрдан тұрады:

%

N001 G27 F…. S…. T…. M104



N002 G58

N003 X + 000000 Z + 000000

ББ бірінші кадрымен координаттардың абсолюттік жүйесінде (G27) жұмыс белгіленеді, Ғ жылдамдатылған беріс, айналдырықтың қажетті аналу жылдамдығы S, бірінші әрекетті орындау үшін аспап номері орнатылады және айналдырықтың саға тілі бойынша айналуын қосуына команда М104 беріледі.

Жеке кадрмен нольдік жылжуы функциясы (G58) енгізіледі, ал үшінші кадрмен осы жылжудың геометриялық ақпараты енгізіледі. Жылжудың фактілі шамасы станокты баптау кезінде анықталады және СББ құрылғысының ондық қосқыштарында жиналады.

2. ББ негізгі бөлімін жасау өңдеу графының нольдік төбесінен бастап тікелей тетікті өңдеу бойынша ақпаратты енгізумен іске асырылады. Негізгі бағдарламаны блоктарға бөлуге болады, сонда әрбір блок бір әрекетті орындауға сәйкес келу керек. Осындай әрбір блоктың құрылымы бірдей деуге болады. Бірінші блоктың басында жеке кадрмен G26 функциясын енгізу керек, себебі барлық кейінгі программалау координаттардың салыстырмалы жүйесінде орындалады. Бұл жылжулардың есептелуі жұмыс органының бастапқы күйінен басталады, яғни координаттар жүйесінің центрі жұмыс органының бастапқы күйінде аспаптың төбесіне байланысқан және бұл жағдайда абсолютті жүйемен операция жасау қиын болады.

Бірінші блоктың бірінші кадрында ББ кесу аспабы төбесіне күйіне түзету функциясын енгізу қажет. Сонда түзетуді жағдайлардың көбінде екі координаттар бойынша бірдей жоспарлау қажет. Кейін жұмыс органының графтың бастапқы аралас төбелері арасында орын ауыстыруын белгілейтін бірінші геометриялық ақпаратты енгізумен интерполяцияның қажетті функциялары мен беріс жылдамдықтарын енгізу керек. Келесіде бағдарламаның бір блоктағы шектерде әрбір кадрда геометриялық ақпараттың өзгеруімен қатарлас қажет жағдайда беріс жылдамдығы мен интерполяция функциясы өзгереді. Берістің үш функцияларын пайдалану ұсынылады: біреуі жұмыс жүрістерінің өздерін орындау үшін; екіншісі үлкен емес қашықтықтарға (аспапты жақындату – алыстату) бос жүрістерді орындау үшін және үшіншісі – үлкен қашықтықтарға (аспаптарды ауыстыру нүктесіне, өңдеу басына қайтару) бос жүрістерді орындау үшін тез жүрісті жылдамдық.

Бағдарламаның блок соңында G40 түзетуді жою, беріс функциясы енгізіледі, онда бұрын енгізілген түзетудің шамасын өңдеу жоспарланады.

Төменде әрекетті өңдеу үшін бағдарламаның мұндай блогының мысалы келтірілген.

N004 G26

N005 G01 L31

N006 F10600 X – 17800 Z – 0430

N007 F10200 X + 00800 Z – 00400

N008 Z – 02300

N009 X + 01000

N010 X + 01200 Z – 01500

N011 Z – 03800

N012 X + 01200

N013 F10600 X + 13400 Z + 12300

N014 G40 L31.

Аспапты ауыстыру үшін станоктың жұмыс органы бастапқы нүктеге апарылады, ал апарудан кейін осы аспаптың күйіне түзетуге жою программаланады.

Келесі блоктың құрылымы біріншінің құрылымын қайталайды, тек технологиялық және өлшемдік ақпарат қана өзгереді.

Бунақтарды өңдеу кезінде жұмыс жүрісін орындағаннан соң уақыт шыдамын программалау қажет. Кадрдың құрылымының осы жағдайда 3.2.7 бөліміне сәйкес келесі түрі болады

N028 G04 F10200 X + 02000

Шеңберлік интерполяцияның программалау кезіндегі кадрдың құрылымы 3.1 суретте көрсетілген.

Бұранданы кескен кезде кадрдың құрылымының түрі (3.2.6 бөлімді қараңыз) келесідей болады:

N043 G33 X + 000256 Z – 002500 D + 000200

G58, G25 және G33 функциялары ұзартылған форматтарды (6 дәрежелі) қолданады.

3. Бағдарламаның соңы стандартты түрі боалды. Өңдеудің соңында жұмыс органы нольдік күйге қойылуы керек, бұл екі кадрмен программаланады, осыдан кейін М02 «Бағдарлама соңы» функциясымен кадр жазылады.

N076 G25 X + 999999

N077 G25 Z + 999999

N078 M002.

X және Z осьтері бойынша координаттар геометриялық ақпарат алдын ала үлкенірек етіп енгізіледі, ол жұмыс органының нольдік күйде тоқталуы шекті қосқыштармен іске асырылатыны ескеріліп жасалады.

4. Зертханалық базаны бағдарлама тасушыны жасаудың техникалық құралдарымен жабдықтау кезінде зертханалық жұмыста ББ бағдарлама тасушыға оның кейінгі тікелей станокта баптауымен аударылуы ескеріледі. Мұндай құралдар болмаған кезде студенттерге станокта бапталған ББ өңдеуі көрсетіледі.
3.6 Есептің мазмұны

Есеп технологиялық құжаттаманың жазылған ББ түрінде көрсетіледі. Көрсетілген құжаттамада қандай да бір түзетулер жіберілмейді. Бланктік құжаттаманы дайындау кезінде мәтіндік құжаттарға сәйкесті талаптарды ұстану керек. Егер зертханалық жұмыс бағдарлама тасушыны жасау мен баптаумен аяқталса, онда есепке бағдарлама тасушы қосылады.


3.7 Бақылау сұрақтары

1. Қарастырылатын буындағы СББ құрылғысының сипатыт ерекшеліктерін атаңыз.

2. Импульстарда орын ауыстыру тапсырмаларының физикалық мәнін түсіндіру.

3. Қандай ақпарат ББ кадрына шеңберлік интерполяцияны программалаған кезде енгізіледі?

4. Қандай ақпарат ББ кадрына бұранданы кескен кезде енгізіледі?

5. Қандай тәсілмен түзету және оның физикалық мәні программаланады?

6. Өлшемдік орын ауыстыруларды программалаған кезде координаттардың салыстырмалы жүйесін артық пайдалануын түсіндіріңіз.
4 Лабораториялықө жүмыс Н33 – 1М сандық бағдарламамен басқаратын қүрылғымен жабдықталған вертикаль-жоңғылайтын білдекке басқару бағдарламаны жасау


    1. Жүмыс мақсаты: Н33 – 1М сандық бағдарламамен басқаратын қүрылғымен жабдықталған вертикаль-жоңғылайтын 6Р13Ф3 білдекке тетіктерді өңдейтін басқару бағдарламаны жасаудан тәжірибе алу.




    1. Жалпы түсініктер

Н33 – 1М және Н 22-1М сандық бағдарламамен басқаратын қүрылғылар бір қезде шыққан қүрылғылар. Сондықтан әртүрлі білдектер жабдықталса да көп бірдейшілік бар.



      1. Адрестер және сөз форматтары

Сандық бағдарламамен басқарылатын Н33 – 1М қүрылғыда келесі адрестармен сөздер форматтары қолданылады:

N3 – басқару бағдарламаның қадрының номірі;

G2 – дайындау функциясы;

M2 – комекші функция,

F4 – беріліс жылдамдығы;

L3 – коррекция;

X6,Y6,Z6 - X,Y,Z остерге қатысты интерполяция параметрлары.

Осы лабораториялық жүмыста 6Р13Ф3 вертикаль – жоңғылайтын білдек қолданылады. Осы білдекте шпинделдің айналу жылдамдығы жене кесу қүралдар қолмен ауыстырылады сондықтан мүнда T және S адрестер қолданбайды.

Басқару бағдарламаның кадрының форматымындай түрде:

N3 G2 X Y Z I+6 J+6 K+6 M2 F4 L3





      1. Дайындау функция

Өңдеу процестерін бағдарлағанда келесі функциялар қолданылады:

G01 – сызықты интерполяциялау режім;

G02,G03 – сағаттың жүру бағытымен және оған қарсы бағытта дөңгелек интерполяциялау режімдері;

G04 - өңдеу кезінде үақытша тоқтау (кідіріс);

G17,G18,G19 - XY,XZ,YZ өңдеу жазықтықтарды таңдау

G40 – коррекцияны тоқтату;

G41 – үзындыққа коррекция оң;

G42 - кесу қүралдың радиусына сағатжүру бағытымен оң;

G43 – кесу қүралдың радиусына сағат жүру бағытына қарсы оң;

G50 – эквидистанттық қарамнан тыс кеткенде, жоңғыш қүралдың радиусына коррекцияны есептеу функциясы (коррекцияны тоқтату)

G51 – үзындыққа коррекция теріс;

G52,G53 – кесу қүралдың радиусына сағаттың жүру бағытымен және оған қарсы бағытта теріс.

Барлық қолданылатын G функциялар үш топқа бөлінеді:

бірінші топ: G01,G02, G03;

екінші топ: G17, G18,G19;

үшінші топ:G40 – G43,G50 –G53.

Осы топтар мөлшерінде G функцияның келесі сол топтан G функция келмейінше әрекеті сақталады. G04 функцияның, басқару бағдарламаның бір кадры жүмысын аяқтағанша, әрекеті сақталады. G 17 – G19 функциялар доңгелек интерполяцияда қолданылады. Басқару бағдарламаның бір кадрында бірғана G функцияның болуы мүмкін.


      1. Көмек функция

Осы қүрылғыды келесі функциялар қолданылады:

М00 – шартсыз тоқтау;

М01 – расталатын тоқтау;

М02 – басқару бағдарламаның соңы;

М03 – шпиндельді жүмысқа қосу;

М05 – шпиндельді және суытқышты жүмыстан айыру;

М13 – шпиндель мен суытқышты жүмысқа қосу.

М00, М01 және М02 бүйрықтар жеке кадр ретінде еңгізіледі.




      1. Технологиялық мәліметтерді бағдарламалау

Осы қүрылғыда бір ғана технологиялық мәлімет бағдарланадыол беріліс жылдамдығы. Беріліс жылдамдығын бағдарламдау үшін F адресінен кейін төрт разрядті бүтін сан қолданылады. Оның жоғарғы сатысы екі мәнде болады:

«0» - онда басқару бағдарламаның басында автоматтық түрде екпіндік не бағдарламаның соңында тежеу анықталады;

«4» - онда шартсыз бағдарламаның соңында тежеу 240 мм/мин жылдамдыққа дейін және келесі кадрде екпіндік бүрынғы жылдамдыққа дейін өзгереді беріліс коды болмаса.

Үшінші разряд ондық көбейткішті анықтайды, оның мөлшері үшесе көп берілістің (мм/мин) бүтін сандар санынан.екінші және бірінші разрядтар берілістің мантиссасын анықтайды.

Мысалы,

F0310 – беріліс саны 0,10 * 103-3 = 0,0 мм/мин;



F0465 – беріліс саны 0,65 * 104-3 = 6,5 мм/мин,

F0718 – беріліс саны 0,18 * 107-3 = 1800 мм/мин.

Қолданылатын берілістердің мәндері 4.1 кестеде көрсетілген.
4.1 кесте - Беріліс мәндері

Беріліс өзгерісінің ауқымы

Дискреттік

Көбейткіштің коды

Мантисса өзгерісінің шектері

0,0 – 0,9

0,1 арқылы

3

10,20,30....90

1 – 0,9

0,1 арқылы

4

10,11,12,...98,99

10 – 99

1 арқылы

5

10,11,12......98,99

100 -999

10 арқылы

6

10,11,12......98,99

1000 - 2400

100 арқылы

7

10,11,12......98,99

Шектеулер

Бірмезгілде үш координатпен жүмыс жүрсе онда беріліс 800 мм/мин аспаукерек, екі координатпен жүмыс атқарылса онда беріліс 1200 мм/мин аспау керек.

Тез қозғалыстың жылдамдығы 2400 мм/мин.

Қозғалыс 50 мм ден кем болса тез қозғалыстың жылдамдығын программалау керек емес.


      1. Геометриялық мәліметтерді программалау

Барлық координаттар мен қозғалыстар дискреттермен (импульстар) беріледі., оның себебі беріліс жетектерде қадамды қозғалтқыштар қолданылады. Барлық координаттарда импульс бағасы 0,01 мм. Сөздердің форматтарымен санасып X6, Y6; Z 6 ең көп қозғалыс мөлшері 9999,99 мм ол білдектің техникалық сипаттамасынан едәуір көп.

Әр жазықтықта шеңберлік интерполяцияны программаласа мыналар ескерілу керек:



  • басқару бағдарламаның бір кадрында шеңбердің төрттен бір бөлігінен артық программалауға болмайды;

  • текқана қатыстық координат жүйесі ғана қолданылады.

Шеңберлі интерполяцияда мынадай мәліметтер еңгізіледі:

  • өңдеу жазықтық G17, G18, G19;

  • интерполяцияның түрі G02, G03 (әрбір жазықтықта G – функцияны беру , 4.1 суретте көрсетілген);доғаның ортасына қатысты сол доғаның бастапқы нүктесінің оң бағытттағы I,J,K координаттары (интерполяция параметрлері, 4,2 сурет);

  • координаттардың өсуі X, бағыттарын ескерілуімен (4.2 сурет).





4.1 сурет



4.2.6 Геометриялық мәліметтерге басқару бағдарламаға коррекция еңгізу

Вертикаль-жжоңғылайтын Н33-1М сандық бағдаламамен басқаратын жүйелермен жабдықталған білдектерде басқару бағдарламаға геометриялық мәліметтерге түрлі коррекциялар еңгізуге толық мүмкіншіліктер бар. Онда технологиялық мүмкіншіліктер, өңдеу әдістер, тетіктердің қүрылым ерекшеліктері ескерілген. Кесу қүралдың қозғалыс траекториясының коррекциясы L адреспен және үш белгі кодты санмен жүзеге асырылады.

Үлкен разряд 0 ден 8 дейін өзгереді коррекция түріне байланысты ( 4.2 кесте).
4.2 кесте - Коррекция түрі

Үлкен разрядтың коды


Коррекцияның атқаратын міндеті

0

Сыртқы эквидистанталы қарамға таяу не сыртқы қарамды коррекциялау

1

X оспен коррекциялау

2

Y оспен коррекциялау

3

X,Y остермен коррекциялау

4

Z оспен коррекциялау

5

X,Z остермен коррекциялау

6

Y,Z остермен коррекциялау

7

X,Y,Z остермен коррекциялау

8

Ішкі эквидистанталы қарамға таяу не ішкі қарамды коррекциялау

L адрес ылғи басқару бағдарламаның соңында орналасады. Коррекция мөлшері ондық ауыстырып-қосқышпен теріледі.Барлығы 16 ауыстырып-қосқыштар бар. Максималды терілетін сан 99,99 мм. 1 -10 корреторлар кесу қүралдың үзындығының коррекцияларын еңгізуге қолданылады, 11 – 16 корректорлар жонғының радиусын коррекциялауға қолданылады. 17 – 18 корркторлар координаттық жүйенің нөлін ығыстыруға қолданылады.





4.2 сурет

Коррекцияны қайтаруға , яғңи остерге қатысты бағыт белгілерн, G40 функциясын еңгізіп сонымен қоса L коррекцияны кайтару функциямен бірге.

Теңқашықтық қарамда жүмыс жүргізіпсе онда коррекцияны қайтару ішкі не сыртқы қарам ба белгіленеді сонымен қоса G50 функция еңгізіледі.

G40 – G43, G50 – G53 дайындау функциялар көмегімен кесу қүралдың үзындығына на радиусына коррекцияны берілуі мүмкін. Бүнда басқару бағдарламаға координаттық қозғалыстар тетіктің номиналды өлшемдеріне тең еңгізіледі (яғни сызба боынша), коррекция мөлшерікесу қүралдың радиусына тең және корректорда + белгімен теріледі (яғни импульстар санымен). Мүндай усаныс басқару бағдарламана жүмыс атқарғандатеңқашықты қарам автоматты түрде есептеледі, сондықтан алдына ала R радиусқа қатысты есептеу қажет емес.

G40 – G43, G50 – G53 функциялармен дүрыс қолдану үшін олардың физикалық мағнасымен және олардың атқаратын міндеттерімен танысу керек..

G41 функция – кесу қүралдың үзындығына оң коррекция, G51 функция – теріс коррекция, олар оң не теріс белгіні коррекция шамасына орнатады корректорда терілген белгіге қарамастан. Коррекция өткізілгенде программаланған қозғалыс шамасымен коррекцияның шамасы алгебралық түрде қосындыланады («+» және «–« белгілерді еске ала отырып). 4.2 суретте көрсетілгендей А нүктеде қозғалыс программаланған, В нүктеде қозғалыстың шамасы коррекцияланаған.

G42 функция -радиусқа оң коррекция, G52 функция - теріс коррекция, бүлар шеңбердің төрттен бір бөлгін сағаттын жүру бағытында өңдегенде қолданылады.Яғни, өңдеу доғаның нақты радиусы сызбадағы тетіктің радиусымен R жонғыштың радиусының қосындысына тең (4.2 сурет).

G43;G53 функциялар G42,G52 функцияларға үқсас тек доңгелек коррецияны сағаттың жүру бағытына кері бағытта қолданылады.

G42 - G43, G52 - G53 функцияларды қолданғанда L адрестең кейіңгі түрған санның үлкен дәрежесі екі санда ғана болады «1» не «2». «1» сан болса онда G19(XY) және G18(XZ) жазықтықтарда программаланған бастапқы түзетілетін i координатқа, ал G19(YZ) өңделу жазықтықта j координатқа сәйкес. «2» сан болса онда G17(XY) жазықтықта түзетілетін бастапқы j координатқа және G18(XZ), G19(YZ) өңделу жазықтықтарда k координатқа сәйкес.




    1. Лабораториялық жүмысқа тапсырма

Бастапқы мәліметтер ретінде №1 лабораторилық жүмыста табылған деректер. Сондағы қүрылған өңдеу граф пен есептелген өлшемдік мәліметтерді қолданылады:

  • Н33 – 1М сандық бағдарламамен басқаратын қүрылғымен жабдықталған 6Р13Ф3 білдекке тетікті өңдейтін бағдарламаны жасау;

  • бағдарламаны бағдарлама тасмалдаушқа – бағдарлама таспасына аудару,

  • бағдарлама тасмалдауышты реттеу.




    1. Техникалық жабдықтар

  1. Н33 -1М сандық басқару қүралмен жабдықталған 6р13Ф3 вертикаль-жонғылайтын білдек.

  2. УПДЛ тәрізді перфотаспаны дайындайтын қүрылғы.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет