Пму ұс н 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



бет3/3
Дата27.06.2016
өлшемі1.13 Mb.
#161615
1   2   3

Мәжбүр және өшетін тербелістер

521. Маятник тербелісінің логарифмдік декременті = 0,01-ге тең. Оның амплитудасы 3 рет кемуі үшін дейін маятник қанша толық тербеліс N жасайтынын анықтаңыз.

522. Өшетін тербеліс жасайтын - математикалық маятник амплитудасы бір минутта 3 есе кемиді. Оның амплитудасы төрт минут ішінде неше есе кемитінін анықтаңыз.

523. Өшетін тербеліс жасайтын - маятниктің бастапқы амплитудасы А0=3 см. t1=10 с уақыт өткеннен кейін тербелістің амплитудасы А1=1 см тең. Қанша t уақыт өткеннен кейін тербелістің амплитудасы А2=0,3 см тең болатындығын анықтаңыз.

524. Тербелістің өшуін бақылаған кезде екі көршілес тербелістің екінші амплитудасы бірінші амлитудасынан 60% кіші. Тербелістің өшу периоды Т=0,5 с.1) өшу коэффициентін; 2) өшпейтін тербелістің жиілігін анықтаңыз.

525. Массасы m=100 г дене өшу тербеліс жасай отырып, =1 мин ішінде энергияның 40% жоғалтады. r – кедергі коэффициентін анықтаңыз.

526. Өшу коэффициенті δ=400 с-1 болатын жүйенің резонанс жиілігі ν0=1 меншікті жиілігінен қаншаға айырықша болады.

527. Жүйе N=50 тербеліс жасағанда амплитудасы 2 есе киміді. Жүйенін Q – сапалығын анықтаңыз.

528. Әлдебір жүйенің еркін тербелісінің жиілігі рад/с, ал оның сапалығы Q=2. Осы жүйенің тербелісінің жиілігін анықтаңыз.

529. N=5 толық тербелісте тербелмелі контурдың тербеліс энергиясы n=8 есе кемісе, логарифмдік декрементін анықтаңыз.

530. Электрқозғалтқыш орналасқан консольдық балка ауырлық күшінің әсерінен h =1мм-ге майысты. Электрқозғалтқыштың якорінің қандай жиілігінде резонанс байқалады?

Механикалық толқындар. Толқындардың интерференциясы

531. Серпімді ортада таралатын жазық толқынның теңдеуі . Толқынның ұзындығын, таралу жылдамдығын және тербеліс жиілігін анықтаңыз.

532. Екі тербелетін нүкте толқынның таралу бағытында тербеліс көзінен 0,5 және 1,77 м арақашықтықта тербеледі. Олардың тербеліс фазалар айырымы 3/4. Тербеліс көзінің жиілігі 100 с-1. Толқынның ұзындығы мен таралу жылдамдығын анықтаңыз.

533. Толқын майданына перпендикуляр түзуде жатқан, бір-бірінен 3 м арақашықтықтағы екі нүктенің тербеліс фазаларының айырмасы неге тең? Толқынның таралу жылдамдығы 600 м/с, ал тербеліс периоды 0,02 с.

534. Егер екіатомды газдың 105 қысымдағы тығыздығы 1,29 кг/м3 екендігі белгілі болса, ондағы дыбыстың таралу жылдамдығын анықтаңыз.

535. Екі когерентті толқын көздерінің арақашықтығы 0,9 мм, ал толқын көздерінен экранға дейінгі арақашықтық 1,5 м. Толқын көздері толқын ұзындығы 0,6 мкм монохромат жарық жығарады. Экранның 1 см-іне келетін интерференция жолақтарының санын анықтаңыз.

536. Сабын көпіршігіне 450 бұрыш жасай ақ жарық түсіріледі. Көпіршіктің қандай ең жұқа қалыңдығында шағылған сәулелер жасыл түске ( =0,54 мкм) боялады? Сабынды судың сыну көрсеткіші 1,33.

537. Қалыңдығы 0,25мкм глицерин қабыршығына (пленкасына) ақ жарық түсіріледі. Егер сәуленің түсу бұрышы 600 болса, шағылған жарықта қабыршықтың түсі қандай болып көрінеді?

538. Жіңішке шыны сынаға толқын ұзындығы 0,72 мкм перпендикуляр жарық түсіріледі. Шағылған жарықтағы көршілес екі интерференциялық жолақтарының арасы 0,8 мм. Шынының сыну көрсеткіші 1,5. Сынаның беттерінің арасындағы бұрышты анықтаңыз.

539. Ньютон сақиналары жазық шыны мен қисықтық радиусы 10 м линза арасында пайда болады. Монохромат жарық перпендикулярлы түседі. Шағылған жарықтағы үшінші жарық сақинаның диаметрі 8 мм. Түсетін жарықтың толқын ұзындығын анықтаңыз.

540. Ньютон сақиналарын бақылауға арналған құрылғыға перпендикулярлы монохромат жарық түсіріледі. Жарықтың толқын ұзындығы 0,5 мкм. Шағылған жарықтағы төртінші күңгірт сақинаның диаметрі 8 мм, линзаның қисықтық радиусын анықтаңыз.
Толқындардың дифракциясы, поляризациясы
541. Толқын ұзындығы 0,45 мкм монохромат жарықтың параллель шоғы ені 0,3 мм саңылауға перпендикуляр түсіріледі. Саңылаудан 1 м арақашықтықта орналасқан экрандағы орталық дифракциялық максимумның енін анықтаңыз.

542. Жазық монохротатты жарық толқыны ( = 0,7 мкм) жіңішке саңылыуға перпендикуляр түседі. Егер бірінші дифракциялық максимум 10 бұрышта байқалса, саңылаудың енін анықтаңыз.

543. Дифракциялық тордың тұрақтысы 5 мкм. Толқын ұзындығы 0,625 мкм монохромат жарықтың торға перпендикуляр түскендегі спектрдың ең үлкен ретін, дифракциялық бейнедегі бас максимумдардың жалпы санын және төртінші ретті спектрдың дифракция бұрышын анықтаңыз.

544. Ені 3 см және периоды 9 мкм дифракциялық тор үшінші спектріндегі тоқ сары ( = 0,6 мкм) сәулелердің қандай толқын ұзындықтар айырымын бөле ете алады?

545. Судың бетінен шағылған Күн сәулелерінің максимал үйектелу (поляризациялануы) үшін Күн көкжиекпен (горизонтпен) қандай бұрыш жасай орналасу керек?

546. Табиғи жарық алмас кристалына толық үйектелу (полярлану) бұрышымен түседі. Жарықтың сыну бұрышын анықтаңыз.

547. Табиғи жарық диэлектрик бетіне толық үйектелу (полярлану) бұрышымен түседі. Сынған сәуленің үйектелу (полярлану) дәрежесі 0,09. жарықтың шағылу коэффициентін анықтаңыз.

548. Табиғи жарық басты жазықтықтарының арасындағы бұрышы 300 екі үйектеуіш (поляризатор) арқылы өтеді. Егер үйектеуіш (поляризатор) жазықтықтарының арасындағы бұрышты екі есе үлкейтсе осы жүйе арқылы өтетін жарықтың қарқындылығы (интенсивтігі) қалай өзгереді?



549. Оптикалық өсіне перпендикуляр қиылған, қалыңдығы 3 мм кварц пластинаны екі үйектеуіш (поляризатордың) арасына орналастырған. Поляризаторлардың басты жазықтықтарының арасындағы бұрыш 450 болған кезде жүйеден өткен қызыл түстің қарқындылығы (интенсивтігі) максималды болса, қызыл түс үшін кварцтың айналдыру тұрақтысын анықтаңыз.

550. Концентрациясы 0,25 г/см3, қалыңдығы 18 см қант ерітіндісі монохромат жарықтың үйектелу (поляризация) жазықтығын 300 бұрышқа бұрады. Басқа қалыңдығы 16 см ерітінді осы жарықтың үйектелу (поляризация) жазықтығын 240 бұрышқа бұрады. Екінші ерітіндідегі қант концентрациясын анықтаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет