- Мазасыздық, қозу, тырысулар
- Енжарлық, селқостық, ұйқышылдық
- Бас ауыру
- Құсу, тәбеттің төмендеуі, тамақтан бас тарту
- Терінің бозаруы, “мәрмәр” суретті, қол-аяқтардың салқындауы
Пневмонияның клиникалық критерилері Дене температурасының деңгейіне қарамастан және обструкция жоқ болғанда, пневмонияның ықтимал белгілері: Токсикоз белгілері: тамақтан және сұйықтықтан бас тарту, ұйқышылдық , сана-сезімнің бұзылуы, терінің бозаруы - Токсикоз белгілері: тамақтан және сұйықтықтан бас тарту, ұйқышылдық , сана-сезімнің бұзылуы, терінің бозаруы
- Егер балада ЖРВИ симптомдары және обструкция белгілерімен қатар сырылдардың асимметриясы және қанда нейтрофилез болса, пневмонияны дәлелдеу үшін рентгенограмма қажет
Ошақты пневмония - Басталуы – ЖРВИ, бронхит белгілерімен қатар
- Температура 38,5-39 0 аспайды , дене қызуы ұзақ болмайды
- Шамалы токсикоз, интоксикация
- Инфильтративті ошақтардың кішілігінен перкуторлық дыбыс өзгермейді
- Аускультация – құрғақ, ылғалды майда-орта көпіршікті сырылдар. Зақымдалған аймақта крепитация болу мүмкін және м/к сырылдар ұзағырақ естіледі.
Ошақты-жайылмалы пневмония - Басталуы - ЖРВИ, бронхит белгілерімен
- Температура 38,5-39,5 0, ұзақ болуы мүмкін
- Айқын токсикоз
- Тыныс жетіспеушілігі айқын, тахипноэ
- Перкуссия – ошақтың үстінен қысқарған дыбыс
- Аускультация – бронхитикалық өзгерістермен қатар локальды өзгерістер анық болады: әлсіреген тыныс, крепитация, инспираторлық майда көпіршікті сырылдар
- Нейтрофилез, нейтрофилдердің токсикалық түйіршектенуі
- ЖЗА – токсикоздың көрінісі ретінде протеинурия, микрогематурия болу мүмкін
Сегментарлық пневмония - Жедел, кенет басталуы
- Температура 39-40, ұзақтығы 5-7 күн
- Интоксикация
- Жөтел құрғақ, немесе бастапқыда болмауы мүмкін
- Ентігу, тахипноэ
- Зақымдалған сегменттің тұсында қысқарған дыбыс.
- Аускультация – тыныс әлсіреген, сырылдар алғашқы күндері естілмейді, 7-10 күндері бронхөткізігіштігі қалпына келгенде, сегменттердің тартылуы (ателектаз) жойылғанда крепитация, майда ылғалды сырылдар пайда болу мүмкін
- Кері даму- баяу, ателектаз орнында фиброз, шектеулі пневмосклероз дамуы, кейін бронхоэктаздар пайда болу мүмкін
Достарыңызбен бөлісу: |