ПОӘК 042-14. 01. 20. 94/01-2008 2008 ж. №1 басылым



бет2/3
Дата09.06.2016
өлшемі308.5 Kb.
#125148
1   2   3

3. Зертханалық сабақтар
Зертханалық сабақ 1.Анатомиялық терминдер, жазықтар. Типті омыртқаның құрылысы.

Сабақтың мақсаты: жануарлар денесіндегі жазықтарды, одан шығатын бағыттарды түсініп, зерттеу. Омыртқа құрылысымен танысу.


1. Тапсырма. Кесте арқылы жануар денесінің аумақтарың, бөліктерің зерттеп оқу. Сүйек сегментінің элементерімен танысу/ омыртқа, екі қабырға, төс/.

2. Тапсырма. Арқа омыртқасының құрылысы. Омыртқа құрылысы жағынан аралас сүйектерге жатады. Әрбір омыртқа денеден, доғадан, жұп буын, көлденең, емізікше және тақ жоталық өсінділерден тұрады. Арқа омыртқалары мойын омыртқаларға қарағанда ірілеу жетілген. Олардың әрқайсысына келіп қабырғалар тіркеледі. Сол себептен көлденең өсіндісі мен денесінде буынды беттері болады. Көлденең өсіндісі буын беті алдыңғы жағында жатады. Дене бөлігіндегі жартылай буын ойыстары омыртқа жотасын түзе келгенде бір-бірімен қосылып, бүтін буын ойысын түзеді. Бұл омыртқалардың арқа өсінділері ұзын әрі сәл төмен қарай бағытталған. Тірек қимыл аппаратына сүйектер мен сүйек аралық байланыстар және бұлшық еттер жатады. Типті арқа омыртқа құрылысымен танысып болғаннан кейін, оның ерекшеліктерін зерттеп, дәптерге сүретің салу керек.

3. Тапсырма. Жануарлар денесі арқылы үш жазық өтеді: сагиттальды,сегментальды және фронтальды. Сагиттальды жазық жануарлар денесінің алдынан артына қарай жоғарыдан төмен қарай жүргізіледі де, денені оң және сол бөліктерге бөледі. Сегментальды жазық жануар денесіне көлденең жүргізіледі немесе сегменттерге параллель өтеді де, жануарлар денесін алдыңғы және артқы бөліктерге бөледі: бас жағы – краниальды, құйрық жағы – каудальды. Фронтальды жазық маңдайға параллель жүргізіледі: арқа жағы – дорзальды, құрсақ жағы – вентральды деп аталады. Негізгі анатомиялық жазықтарды және терминдерді жазып жаттау керек.

Бақылау сүрақтары: 1. Тұлғанның негізгі аумақтары. 2. Жазықтарды және оның бағыттарың атаныз. 3. Қай сүйектер толық сүйек сегмент құрамына жатады. 4. Типті омыртқа құрылысы.


Зертханалық сабақ 2. Омыртқа бағанасының құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Омыртқа бағанасының әр бөлігінде жатқан омыртқалардың құрылыс ерекшеліктерін зерттеп түсіну.
1. Тапсырма. Мойын омыртқаларының құрылысын зерттеу. Мойын омыртқаларының санына, құрылысына, пішініне назар аударыныздар. Бірінші және екінші мойын омыртқаларының құрылысың дәптерге салып белгіленіздер.

2. Тапсырма. Омыртқа жотасының құрылысымен танысып болғаннан кейін, оның әрбір бөлігінде жатқан омыртқалылардың ерекшеліктердін зерттеп ажырату білу. Бел, сегіз көз, қүйрық омыртқалыларың құрылысың зерттеп оңу.

3. Тапсырма. Омыртқа жотасының малдың түріне байланысты ерекшеліктерің оқыныздар.

Бақылау сұрақтары: 1. Мойын омыртқалыларының құрылысы. 2. Бірінші мойын омыртқасының ерекшеліктері. 3. Екінші мойын омытқасының құрылысы. 4. Бел, сегіз көз омыртқалыларының құрылысы және саны.


Зертханалық сабақ 3. Бас қаңқасының құрылысы.
Сабақтың мақсаты: бас сүйегінің жалпы құрылысымен, оның бөлімдерімен танысып, ерекшеліктерін зерттеп оқу.
1. Тапсырма. Бас қаңқасы бір-бірімен тұтаса байланысқан жалпақ сүйектерден құралған. Бұл сүйектер тіршілік үшін өте қажетті, көптеген мүшелерді қорғап, қоршап тұрады. Бас сүйектері негізінен ми сауыты мен бет бөлімі болып екіге бөлінеді. Ми сауытының іші қуысты, онда нерв жүйесінің негізгі бөлімі - ми жатады. Ми сауытының сүйектеріне шүйде, төбе, маңдай, самай, сына және тор сауыттары жатады. Ми сауты сүйектерінің құрылыс ерекшелігімен танысып, оларды анатомиялық препарат арқылы зерттеп оқу.

2. Тапсырма. Бас қаңқасының бет бөлімі алуан түрлі сүйектерден түзілген. Бұған жоғарғы жақ, шықшыт, мұрын, көз, кеңірсік, төменгі жақ, таңдай және тіласты сүйектері жатады. Бет бөлімінің сүйектерінің құрылысындағы ерекшеліктерің зерттеу.

3. Тапсырма. Мандай және төбе сүйектерінің схемасын дәптерге салыныздар.
Бақылау сұрақтар: 1. Бас қанқасы қандай бөлімдерден құралған, 2. Ми саутының төбесін құрайтын сүйектерді анатыздар, 3. Ми саутының артқы қабырғасын құрайтын сүйектер, 4. Ми саутында кездесетің тесіктерді көрсетініз, 5. Бет бөліміне қандай сүйектер жатады, 6. Жоғарғы жақ сүйегі бөлімдерін атаныз.
Зертханалық сабақ 4.Алдыңғы аяқ сүйектерінің құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Алдыңғы аяқ қаңқасын бөлімдерге бөліп, зерттеп оқу.
1. Тапсырма. Аяқ қаңқасы: Иық белдеуі мен еркін сүйектерінен тұрады. Иық белдеуі мен еркін қозғалатын сүйектердің жалпы құрылыс схемасын зерттеп оқу. Өз кезегінде Иық белдеуі жаурынаң, ал еркін қозғалатын бөлім тоқпан жілік, білек және аяқ басы сүйектерінен құралған.

2. Тапсырма. Препарат арқылы тоқпан жіліктің және білек сүйектерінің құрылысын зерттеп оқу. Дәптерге бул сүйектерінің құрылысын салып белгілеу керек.

3. Тапсырма. Білезік, алдыңғы жіліншік және бақай сүйектерінің құрылысы мен ерекшеліктерің зерттеп оқу керек.
Бақылау сұрақтары: 1. Кеуделік аяқ қандай бөлімдерден құралған, 2. Иық белдеуіне қандай сүйектер жатады, 3. Тоқпан жіліктің құрылысы, 4. Білек сүйектерінің құрылысы, 5. Кеуделік аяқ басы қанқасы қандай сүйектерден құралған, 6. Бақай сүйектерінің құрылысы мен үй жануарларындағы ерекшеліктері.
Зертханалық сабақ 5. Артқы аяқ сүйектерінің құрылысы
Сабақтың мақсаты: Артқы аяқ қаңқасын бөлімдерге бөліп, зерттеп оқу.
1. Тапсырма. Аяқ қаңқасы: жамбас белдеуі мен еркін сүйектерінен тұрады. Жамбас белдеуі мен еркін қозғалатын сүйектердің.жалпы құрылыс схемасын зерттеп оқу. Өз кезегінде жамбас белдеуі жамбастан, ал еркін қозғалатын бөлім ортан жілік, сирақ және аяқ басы сүйектерінен құралған.

2. Тапсырма. Препарат арқылы ортан жілітің және сирақ сүйектерінің құрылысын зерттеп оқу. Дәптерге бул сүйектерінің құрылысын салып белгілеу керек.

3. тапсырма. Тілерсек, артқы жіліншік және бақай сүйектерінің құрылысы мен ерекшеліктерің зерттеп оқу керек.
Бақылау сұрақтары: 1. Жамбастық аяқ қандай бөлімдерден құралған, 2. Жамбас белдеуіне қандай сүйектер жатады, 3. Ортан жіліктің құрылысы, 4. Сирақ сүйектерінің құрылысы, 5. Жамбастық аяқ басы қанқасы қандай сүйектерден құралған, 6. Бақай сүйектерінің құрылысы мен үй жануарларындағы ерекшеліктері.
Зертханалық сабақ 6. Синдесмология.
Сабақтың мақсаты: Қаңқадағы сүйекаралық байланыс түрлерін зерттеу. Буынның құрылысы, олардың түрлері, пішіндері.
1. Тапсырма. Түтаса байланыстың түрлерің анықтаныздар. Сүйектердің байланысы қаңқа сүйектерінің бір-бірімен өзара белгілі бір заңдылықпен байланысуын қамтамасыз етеді. Жануарлар қаңқаларындағы сүйектер байланысы екі түрге бөлінеді: тұтаса (үздіксіз) байланыс, буындық (үздікті) байланыс. Тұтаса байланыстарға: синостоз (сүйек ұлпасы арқылы байланыс), синсаркоз ( ет ұлпасы арқылы байланыс), синхондроз(шеміршек ұлпасы арқылы байланыс), синдесмоз (дәнекер ұлпасы арқылы байланыс), синэластоз (эластикалық талшықтар арқылы байланыс) жатады. Буындар қозғалыс түріне қарай: бір білікті, қос білікті және көп білікті болып бөлінеді, құрылысына қарай қарапайым буындар және күрделі буындар болып бөлінеді.

2. Тапсырма. Буының жалпы құрылысын оқып, оны дәптерге салып белгіленіздер / буын капсуласы, синовий, буын шеміршегі, буын қуысы, буын беттері/. Буындардың бекем болып тұруына негізінде үш жағдай әсер етеді: 1) сіңір байламдарының қатуы; 2) бұлшық еттердің тартымы (тонусы); 3) буын қуысындағы қысымның атмосфералық қысымға қарағанда кем болуы. Осы жағдайлардың ара қатынасының өзгеруіне байланысты түрлі буын аурулары туындауы мүмкін.

3. Тапсырма. Қызметіне байланысты буындардың түрлерің анықтаныздар.


  1. Тапсырма. Бас қанқа сүйектерінің және омыртқалыларының байласуының зерттеп оқыныздар.

Бақылау сүрақтар: 1. Сүйектер байланысының қандай түрлері болады, 2. Сүйектердің тұтаса байланысуы түрлері, 2. Буын дегеніміз не, 3. Құрылысына қарай қандай буындарды білесіз, 4. Жамбас сүйектері қалай байланысады.


Зертханалық сабақ 7. Бас және мойын бұлшық еттері.

Сабақтың мақсаты: Бас, мойын, арқа бұлшық еттерін оқып, зерттеу. Олардың топографиясы, қызметтері.


1. Тапсырма: Мойынның бұлшық еттерінің құрылысы мен жұмысын зерттеу. Үй жануарлар қанқалары, омыртқа бағанасының бұлшық еттерінің препаратарын пайдалану керек. Омыртқа бағанасының бұлшық еттері екі топқа бөлінеді: дорсальдік /жазылдырғыш/ және вентральдік /бүгілдіргіш/.

2. Тапсырма. Бастын ымдау және шайнау еттерінің құрылысы мен қызметің зерттеп оқу керек. Әрбір еттің басталатын және бекитін жағдайын білгеннен кейін, олардын қызметін анықтау керек.


Бақылау сұрақтар: 1. Омыртқа бағанасының бұлшық еттері қандай топтарға бөлінеді, 2. Омыртқа бағанасының дорсальдік бұлшық еттерің атаныз, 3. Омыртқа бағанасының вентральдің бұлшық еттерің атаныз, 4. Бас бұлшық еттері қандай топтарға бөлінеді, 5. Ымдау бұлшық еттерің атаныз, 6. Шайнау бұлшық еттерің атаныз.
Зертханалық сабақ 8. Көкірек және құрсақ қабырғасының бұлшық еттері.
Сабақтың мақсаты: Көкірек, құрсақ қабырғасының бұлшық еттерінің құрылысы мен қызметімен танысу.
1. Тапсырма. Көкірек клеткасының бұлшық еттері дененің алдыңғы бөлігінде қабырғаларды жаба жатады. Олардың жоғарғы шекаралары мойынмен шектелсе, төменгі жағы соңғы қабырғалар жиегі мен төстің семсер өсіндісі болып саналады. Тұлға еттері арқа, көкірек және құрсақ бұлшық еттері деп бөлінеді.

Көкірек бұлшық еттері теріасты және меншікті еттер болып екіге бөлінеді. Беткей еттері жиырылған кезде қол сүйектерін қимылға келтіріп отырады. Бұл еттерге көкіректі үлкен және кіші еттері, бұғанаасты және алдыңғы тісті еттер жатады. Әр бір еттің басталатын және бекитін білгеннен кейін, олардың қызметін анықтау керек.

2. Тапсырма. Құрсақ бөлігі төменгі қабырғалар жиегінен басталып, жамбас сүйегінің мықын қырына дейін созылады. Құрсақ еттері орналасқан жерілеріне қарай алдыңғы, екі бүйір және артқы құрсақ еттері болып бөлінеді. Алдыңғы құрсақ еттеріне тік және пирамидалық еттер, бүйір бетіне сыртқы, ішкі қиғаш еттері мен көлденең құрсақ еті, ал сыртқы еттерге белдің шаршы еті жатады.
Бақылау сұрақтар: 1. Көкірек бұлшық еттері қандай топтарға бөлінеді, 2. Экспираторлар дегеніміз не, 3. Құрсақ бұлшық еттерін атаныз. Олардың ет талшықтары қалай бағытталған, 4. Қандай бұлшық еттер құрсақтан ақ сызығын түзеді.
Зертханалық сабақ 9. Аяқ бұлшық еттері.
Сабақтың мақсаты: Аяқ бұлшық еттерінің топографиясын және қызметтерін оқып зерттеу.
1.Тапсырма. Алдыңғы аяқ бұлшық еттерінің құрылысын зерттеу, олардың жиырылғандағы атқаратын қызметтерің білу.Аяқ бұлшық еттері орналасуына қарай иық белдеуінің еттері және аяқтың еркін қозғалатын бөлігінің еттері болып екіге бөлінеді.

2. Тапсырма. Жамбастық аяқ бұлшық еттерінің орналасу тәртібі мен атқаратын қызметтерімен танысу керек.Жамбас белдеуінің бұлшық еттері ішкі және сыртқы топқа бөлінеді. Сыртқы еттерге жамбас сүйегін сыртқы жағынан қоршап жатқан бұлшық еттер кіреді. Бұл еттер жамбас буынының жан-жағынан өтіп, оны түрлі қозғалыстарға келтіреді. Жамбастың ішкі жағында жатқан бұлшық еттерге: бел-мықын еті, алмұрт тәрізді ет, ішкі қолсұғар еті, құймышақ еті жатады. Ал жамбастың сыртқы жағында жатқан еттеріне үлкен, ортаңғы кіші бөкесе еттері, санның жалпақ шандырын керетін ет, егіз еттер, санның шаршы және сыртқы қолсұғар еттері жатады. Аяқтың еркін қозғалып тұратын бөлігінің бұлшық еттері немесе аяқтың өз еттері аяқ сүйектерініің бөлінуіне сәйкес бұл да сан, сирақ және аяқ басының бұлшық еттері болаып бөлінеді. Сан немесе ортан жілік бұлшық еттері санның ортан жілігін қоршап жатады. Бұл еттер өзінің орналасуы мен қызметтеріне байланысты алдыңғы, ішкі және артқы топтарға бөлінеді. Олардың алдыңғы топ еттері санды бүгу қызметін атқарса, ішкі еттері ішке тарту, ал сырт жақ еттері санды жамбас буынынан жазу қызметін атқарады.

Бақылау сұрақтары: 1. Кеуделік аяқ бұлшық еттерін қандай топтарға бөледі, 2. Иықтық буынның бұлшық еттерің атаныз, 3. Шынтақтық буынның қандай бұлшық еттері бар, 4. Жамбас- ортан жіліктік буынның жазылдырғыш ет топтарын атаныз, 5. Бақайлық буынға қандай бұлшық еттер әсер етеді.
Зертханалық сабақ 10.Тері жабыны және оның туындылары.
Сабақтың мақсаты: Терінің құрылысымен, атқаратын қызметімен танысу, тері туындылары.
1. Тапсырма. Тері құрылысын түрлі түсті атластар мен таблицалардан қарап оқу. Көрген білгенін қысқаша түрде сипаттап жазып, суретін салу керек.Тері жалпы дененің сыртын жауып жатады. Онда сезімтал нерв рецепторлары, тері, май бездері, ет тканьдері орналасады. Тері организмді сыртқы ортамен тікелей байланыстырып тұрғандықтан қорғаныш, сезім, зат алмасу, тер шығару және тағы да басқа маңызды қызметтер атқарады. Тері негізінде беткей, меншікті, шел қабаттарынан түзілген. Терінің беткей қабаты, немесе эпидермис. Терінің меншікті қабаты мезодермадан пайда болып, дәнекер ткань мен серпімді талшықтардан түзілген. Серпімді талшықтар әртүрлі бағыттарда жатып, торлар түзеді. Бұл қабатта қан тамырларының торлары мен сезімтал нерв ұштары орналасады. Терінің шел немесе май қабаты негізінде май тканінен түзілген.

2. Тапсырма. Тері бездері өздерінің шығаратын затына байланысты май бездері, тер бездері және сүт бездері болып бөлінеді. Май бездері терінің барлық бөлігінде кездеседі. Тер бездері терінің терең шел қабатында кездеседі. Олар шумақталып келіп тер шығаратын түтігі арқылы тік көтеріліп, тері бетіне ашылады.

3. Тапсырма. Тұяқтын құрылысын зерттеп оқу. Тұяқ төрт бөлімнен тұрады: 1/ тұяқ төбесі, 2/ тұяқжұлығы, 3/ тұяқ қабырғасы, 4/ тұяқ ұлтаны. Суретін дәптерге салып белгілеу керек.

Бақылау сұрақтар:1. Терінің анатомиялық құрылысы, 2. Терінің қызметтерің атаныздар, 3. Терінің туындыларын атаныздар, 4. Тұяқтын құрылысы, 5. Май және тері бездерінің құрылысы.


Зертханалық сабақ 11,12. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Ауыз қуысының, жұтқыншақ, өңеш, асқазанның құрылысы және қызметтерімен танысу.
1. Тапсырма. Ауыз қуысының құрылысын зерттеп оқу керек. Ауыз қуысы ас қорыту жүйесінің алдыңғы мүшесі. Ауыз жұтқыншақпен жалғасады да, ас қорыту жүйесінің бас бөлімін құрайды. Ауыз арқылы азықты тістеп үзеді, шайнайды, сілекеймен жібітеді, тілмен араластырып сорады және жұтады. Ауыз қуысы еріндер мен ұрттан, қызыл иек пен тістерден, тілден, қызыл иектен, таңдайдан тұрады.

2. Тапсырма. Ұй жануарлар тістерінің анатомиялық құрылысын зерттеп, тіс формуласымен танысу. Тістер атқаратын қызметіне, құрылысына және орналасу орнына қарай әртүрлі болып келеді. Тістін суретің салып белгілеу керек.

3. Тапсырма. Т ілдің анатомиялық құрылысымен танысу. Тілдің дәм емікзікшелерінің түрлерін, орналасуын анықтау керек. Тілдің суретін салу.

4. Тапсырма. Жұтқыншақтын құрылысын зерттеп, онын қабырға қабаттарының ерекшелігін түсіну.

5. Тапсырма. Өңеш жұтқыншақты қарынмен жалғастырып, жұтылған азықты ауыз қуысынан қарынға жеткізетін ұзын түтікше етті-жарғақты мүше. Денедегі орналасу орнына қарай өңешті үш бөлікке бөледі: мойындық, көкіректік және құрсақтық бөліктер.

6. Тапсырма. Асқазан ас қорыту жолының кеңейген бөлігі, асты сақтайды, қорытады және асты қорыту үшін сөл бөліп шығарады. Асқазан іш қуысының жоғарысыныда көкет пен бауырдың астында орналасқан, оның үлкен бөлігі омыртқа жотасының сол жағында орналасқан. Асқазанның құрылысы: кардиал, пилорик бөлігі, денесі, түбі, алдыңғы, артқы қабырғасы. Алдыңғы және артқы қабырғаларының шектесуінен кіші және үлкен иірімдер пайдап болады. Асқазанның қабырғасының құрылысы үш қабаттан тұрады:ішкі шырышты, шырыш асты қабаты; бұлшық ет қабаты, сір, сір асты қабаты.

Бақылау сұрақтар: 1. Ауыз қуысының құрылысы, 2. Тістің анатомиялық құрылысы, 3. Тілдің дәм сезу емікзікшелерінің түрлерін, орналасуын атаныз, 4. Ірі сілекей безедерді атаныздар, 5. Жұтқыншақтын қызметтері, 6. Өнештін бөлімдерің атаныздар, 7. Асқазанның түрлері.

13,14. Тақырып. Тыныс алу мүшелері.

Сабақтың мақсаты: Тыныс алу мүшелерінің құрылысын, қызметтерін оқып, зерттеу.
1. Тапсырма. Тыныс алу мүшелерінің құрылысына жалпы анықтама беру керек. Тыныс алу мүшелері организмде газ алмасу қызметін атқарады. Мұнымен қатар тыныс алу жүйесінде иіс сезу, дыбыс мүшелері де орналасады. Қызметтеріне қарай тыныс алу аппараттары тыныс жолдары және газ алмасу мүшесі болып бөлінеді. Тыныс жолдарына мұрын, аңқа (жұтқыншақтың ауа жүретін бөлігі), көмекей, кеңірдек, бронхтар жатады. Газ алмасу қызметін өкпе атқарады.

2. Тапсырма. Мұрын ішкі жағынан мұрын пердесі арқылы екі мұрын қуысына бөлінеді. Мұрын қуысының кіреберіс тесіктері және жұтқыншаққа шығаберіс тесіктері хоандар болады. Мұрын қуысы ішкі бетінің тек алдыңғы жағы ғана тері тектес кілегейлі қабықпен қапталған.

3. Тапсырма. Көмекей тыныс алуға керекті ауаны өткізетін тыныс жолдарына жатады. Оның ортаңғы қабығының негізін бір-бірімен қозғалмалы байланысқан 5 шеміршек түзеді, олар сақиналық, қалқанша, жұп, ожауша және бөбешіктік.

4. Тапсырма. Кеңірдек түтік тәрізді мүше, көмекейді өкпе бронхтарымен жалғастырады.

Бақылау сұрақтар: 1. Мұрынын анатомиялық құрылысы, 2. Мұрын қуысы қандай бөліктерге бөлінеді, 3. Көмекей қабырғасында қандай шеміршектер орналасқан және олар бір-бірімен қалай байланысады, 4. Дыбыстық аппартының орналасуы орны мен құрылысы, 5. Кенірдектің құрылысы, 6. Бифуркация дегеніміз не?

Зертханалық сабақ 15. Зәр шығару мүшелерінің құрылысы.


Сабақтың мақсаты: Несеп түзуші мүшелер мен несеп шығару жолдарының құрылысын зерттеу және олардың құрылыс ерекшеліктерін білу.
1. Тапсырма. Зәр шығару мүшелерінің құрылысына жалпы анықтама беру керек. Зәр шығару мүшелері екі бөлімге бөлінеді. Олар: негізгі зәр түзуші мүшелер- жүп бүйрек және зәр шығарушы жолдар- несепағар, қуық, несепшығар.

2. Тапсырма. Бүйрек препараты мен сүткөректілердің бүйрегің пайдаланып, сыртқы және ішкі қабатының құрылысын көру. Сырт жағынан тығыз фиброзды, оңай сыпырылатын дәнекер тканьді қапшықпен қапталған. Бүйректер құрсақ қабырғасына жақсы бекіген. Бүйрек ыдырау процесінде пайда болған керексіз заттарды организмнен шығарып, қанды тұрақты жағдайға келтіріп отырады.

3. Тапсырма. Несепағырдың, қуқтын құрылысы және манызын таблица мен муляждер арқылы оқып түсіну керек.Несепағар – бүйрек түбегінен басталып, төмен қарай жүріп отырып қуыққа келіп жалғасады. Оны құрсақ және жамбас бөлігіне бөледі. Несепағар қабырғасы үш қабаттан түзілген: ішкі кілегей қабат іш жағын астарлап ұзына бойына қыртыстана жатса, ортаңғы қабаты жазық ет тканінен түзілген. Қуық – зәрдің уақытша жиналып тұратын мүше. Ол жамбас қуысында шат сүйегінің артында орналасқан. Оның түбі, ұшы, денесі болады. Қуық түбінен несеп каналы басталады. Несеп каналы – қуықтың зәр шығаратын түтігі.

Бақылау сұрақтар: 1. Зәр шығару жүйесі қай басқа жүйіемен тығыз байланысты, 2. Бүйректің құрылысы, 3. Бүйректің түрлері, 4. Бұйректің қай бөлімінде зәр түзіледі, 5. Несепағардын құрылысы, 6. Қуықтын құрылысы.

Зертханалық сабақ 16. Аталық жыныс мүшелерінің құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Аталық жыныс мүшелерінің құрылысы және қызметтерін оқып зерттеу.
1. Тапсырма. Аталық жыныс мүшелерінің құрылысын, манызын зерттеп оқу. Аталық жыныс мұшелеріне ен, ен қосымшасы, шәуеттік жол, ен қабы, несеп-жыныс өзегі, қосалқы жыныстық бездер, атлық жыныс мүшесі жатады. Ен құрылысын, топографиясан, манызын зерттеп оқу. Дәптерге ен, ен қосымшасын суретін салы керек.

2. Тапсырма. Шәует жолынын, несеп- жыныс өзегінің, ен баудың құрылысымен, топографиясын зерттеп оқу керек.

3. Тапсырма. Қосалқы жыныс бездерінің және аталық жыныс мүшесінің құрысын оқып зертте, қызметерін білу қажет.

Бақылау сұрақтар:1. Аталық жыныс мүшелерін атап, препараттан көрсету, 2. Еннің, енбаудын құрылымы, 3. Шәует өзегінің, несеп- жыныс каналынын құрылысы, 4. Сыртқы жыныс мүшесінің құрылысы.


Зертханалық сабақ 17. Аналық жыныс мүшелерінің құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Аналық жыныс мүшелерінің құрылысымен, атқаратын қызметтерімен танысу.
1. Тапсырма. Аналық жыныс мүшелер – сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Оның ішкі мүшелеріне аналық жыныс безі, жатыр, жатыр түтіктері, қынап, ал сыртқысына үлкен және кіші жыныс еріндері, қынаптың кіреберісі және несеп каналы жатады. Аналық жыныс безі – жұп орган. Кіші жамбас ішінде жатырдың екі жағын ала орналасқан. Аналық бездің функциясы өте күрделі, яғни жұмыртқа клеталарының өсіп-дамуымен бірге, қанға жыныстық гормондарды бөліп отырады. Аналық жыныс безінің құрысын дәптерге салып, оны белгілеу керек.

2. Тапсырма. Жатыр түтігі – жатырдың екі жағынан басталып көлденең созылып жатады. Оның бір жағы жіңішкеріп келіп жатырға ашылса, екінші жағы құйғыш тәрізді кеңейіп келіп құрсақ қуысына ашылады. Жатыр түтігінің ұзындығы 10-12 см, ені 0,5 см, сырты сір қабықшамен толығынан оралған.

3. Тапсырма. Жатыр – алмұрт тәрізді бірыңғай салалы ет талышқтарынан түзілген қуысты мүше. Ол кіші жамбас қуысында, қуық пен тік ішектің аралығында орналасқан. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы жатырға жатыр түтігі арқылы енгеннен бастап, босанғанға дейін өсіп-дамиды. Жатырдың жоғарғы түп бөлігіне екі жатыр түтігі ашылады. Жатыр қабырғасы үш қабаттан түзілген: сыртқы периметриум –жатырдың сыртын айнала жауып жатқан сір қабаты. Ортаңғы қабат – миометриум – өте қалың жетілген ет қабаты, ішкі қабат – эндометриум – жатырдың іш жағын астарлап жатқан кілегейлі қабат.

Бақылау сұұрақтар: 1. Аналық жыныс жүйесіне қандай мүшелер жатады, 2. Жұмыртқалықтын құрылысы, манызы, 3. Жатыр түтігің құрылысы, 4. Жатырдың құрылысы, онын малда түрлері, 5. Сыртқы аналық жыныс мүшелеріне не жатады ?


Зертханалық сабақ 18,19. Жүрек-қан тамырлар жүйесі.
Сабақтың мақсаты: Жүректің құрылысы және қызметі. Қан тамырлар, қан айналу шеңберлері.
1. Тапсырма. Жүректің құрылысын, топографиясын, қызметің зерттеп оқу. Жүрек тұйықталған қан тамырларымен үздіксіз қамтамасыз етіп отыратын, қан айналу жүйесінің қуысты-етті мүшесі. Оның пішіні конус тәрізді болып келеді. Жүрек ішкі жағынан ет пердесі арқылы екі бөлікке бөлінеді. Әрбір бөлік өз кезегінде жүрекшеден және қарыншадан тұрады. Жүрек төрт камерадан: оң және сол жүрекшеден, оң және сол қарыншадан құралады. Жүрекшелер мен қарыншалар бір-бірімен жүрекше-қарынша тесіктері арқылы қатысады. Жүрек қабырғасы үш қабаттан: ішкі-эндокардтан, ортаңғы-миокардтан, сыртқы-эпикардтан тұрады.

2. Тапсырма. Артерия және вена тамырлардың құрысымен танысу. Кіші қан айналу шеңберінің негізгі артериалар мен веналарының тарамдалуын зерттеу.Үлкен қан айналу шеңбері деп қанның жүректің сол қарыншасынан оның оң жүрекшесіне дейінгі аралық жүріп өткен жолын айтады. Тамырлар жүйесі организмдегі зат алмасу процесінің үздіксіз жүруін, дененің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Тамырлар жүйесі шығу тегі құрылысы, қызметі жағынан тектес бір-бірімен тығыз байланысты үш жүйеден түзілген. Олар: қан айналу жүйесі, лимфа айналу жүйесі, қан жасаушы мүшелер. Қан айналу жүйесін тұйықталған қан тамырлары артериялар, веналар, капиллярлар және жүрек құрайды.

3. Тапсырма. Аяқты көректеніретің негізгі артерияларды зерттеп оқу.

4. Тапсырма. Организмнің негізгі вена тамырларымен танысу. Капиллярдың құрылысын мен қызметің зерттеп оқу.


Бақылау сұрақтар:1. Жүректің және жүрек қабының құрылысы, 2. Жүректің топографиясы, 3. Артери және вена тамырларының құрылысындағы ерекшіліктері, 4. Кіші қан айналу шнңбері, 5. Аорта доғасы, 6. Құрсақ аортасының таралуы.
Зертханалық сабақ 20. Лимфа жүйесі.
Сабақтың мақсаты: Лимфа жүйесінің қызметтерімен, лимфа тамырлары және түйіндерімен танысып, зерттеу.
1. Тапсырма. Лимфа жүйесіне жатады: лимфа саңылаулары, лимфа капиллярлары, лимфа тамырлары, лимфа бездері. Лимфа жүйесінің құрылысын атластар мен түсті таблицалар арқылы сипаттап қысқаша жазу. Лимфа тамырлары лимфа капиллярларының бірігуінен пайда болады. Организмдегі барлық лимфа тамырлары көкірек және оң жақ лимфа өзектеріне барып аяқталады. Лимфа құрамы жалпы жағдайға байланысты өзгеріп тұрады. Бұл тамырлардың қабырға құрылысы қан тамырларының қабырғасынан жұқа келеді.

2. Тапсырма. Лимфа бездері лимфа тамырларының жолында топталып жатады. Осыған орай лимфа тамырлары лимфа бездерінен өтеді. Лимфа бездері әр түрлі пішінде болады. Олардың сыртқы капсуласы жиырылып, ішіндегі сұйықты сығып шығаруға көмектеседі. Бездерде пайда болған ақ түйіршіктер (лейкоциттер) лимфа сұйықтығына араласып, оның құрамын өзгертіп отырады. Бір лимфа безінің құрылысын салып, белгілеу керек.


Бақылау сұрақтар: 1. Лимфа тамырлар құрылысындағы ерекшелітер, 2. Лимфа бездерінде қандай қан жасушалары түзіледі, 3. Лимфа безінің құрылысы, 4. Лимфа безінің лимфа әкелгіш және лимфа әкеткіш тамырлары қалай орналасады, 5. Лимфа дегеніміз не?
Зертханалық сабақ 21,22. Ішкі секреция бездері және қан жасаушы мүшелер.
Сабақтың мақсаты: Ішкі секреция бездерінің және қан жасаушы мүшелердің құрылысын зерттеп, оқу. ІСБ және қан жасау мүшелерінің жіктелуі.
1. Тапсырма. Мына сұрақтарды талқыланыздар: 1. Қандай мүшелер миелоидты, ал қандай мүшелер лимфоидты қан жасау мүшелеріне жатады ? 2. Қандай мүшелер лимфоэпителиальды деп аталады ? 3. Қандай қан жасау мүшелері орталық иммундық жүйеге, ао қайсысы иммундық жүйеінің шеткі мүшелеріне жатады ?

2. Тапсырма. Көкбаурдың құрылысын, топографиясын, қызметін зерттеу. Суретін салып, белгілеу керек.

3. Тапсырма. Айырша безінің құрылысымен қызметімен танысу.

4. Тапсырма. Эндокринді жүйе жіктелуін үғып алу. Эндокринді мүшелерге тән құрылыс белгілерін меңгеріп алып, не себепті гипофиз эндокринді жүйенің басты орталық безі есептелетінің анықтау.

5. Тапсырма. Қалқанша безінің құрылысын зерттеп оқу. Суретін салып, белгілеу кажет.
Бақылау сұрақтар: 1. Қан жасау мүшелерге қандай мүшелер жатады ? 2. Қан жасау мүшелерінің қызметтері, 3. Көкбаурдың құрылысы, 4. Ішкі секреция бездеріне аныықтама берініз, 5. Қалқанша безінің анатомиялық құрылысы, қызметі.
Зертханалық сабақ 23. Жұлын.
Сабақтың мақсаты: Жұлынның құрылысы, топографиясын, атқаратын қызметі, маңызын зерттеп оқу.
1.Тапсырма. Жүйке ұлпасының құрамын, олардың даму көздері неде екенін ұгып алу. Нейроциттердің құрылым белгілеріне және олардың рефлекторлық доғадағы орналасуына қарай жіктелуін ұғып алу. Жйке жасушаларының құрылысын салу керек.

2. Тапсырма. Жұлыннін құрылысын, әрі оны қимыл- қозғалыстың орталық реттеушісі және жүйке қозу толқынын өткізуші мүше ретінде зерттеп білу. Жота және вегетативтік түйіндердің құрылысындағы ерекшеліктерін меңгеріп алу. Жұлын омыртқа каналының ішінде жатады. Ол ауыз омыртқасының тұсында сопақша миға жалғасады. Жұлын тізбектеліп жатқан 31 сегменттен түзілген. Оның әрбір сегментінің екі жанынан алдыңғы және артқы жұлын түбіршіктері шығып, омыртқааралық тесіктің тұсында бір-бірімен қосылып, 31 пар жұлын нервсін түзеді.


Бақылау сұрақтар: 1. Рефлекторлық доғаның үзбелерін атаныздар, 2. Жүйке жүйесін қандай жасушалар құрайды, 3. Жүлыннын сүр және ақ заты неден құралады, 4. Жұлынын құрылысы, қызметі, 5. Жұлыннын топографиясы және сегментерге бөлінуі.
Зертханалық сабақ 24,25. Бас мидың құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Ми құрылысын, топографиясын зерттеп оқу.
1. Тапсырма. Препарат арқылы мидын бәрлық бөлімдерің зерттеп оқу.Ми – жануарлар организмінде үздіксіз жүретін барлық процестерді реттеуші жүйкелік қызметтерді іске асыратын жүйке жүйесінің орталық мүшесі. Ми бас сүйегінің ми сауытында орналасады. Ми сырт жағынан қатты, торлы және тамырлы үш қабықшалармен қапталған. Ми терең көлденең саңылау арқылы екі бөлімге бөлінеді: үлкен және ромб тәріздес ми. Үлкен ми 1) соңғы ми; 2) аралық ми; 3) ортаңғы мидан тұрады. Ромб тәріздес ми: 1) артқы ми және 2) сопақша мидан тұрады.

2. Тапсырма. Мишық, үлкен ми сынарлары құрылыс ерекшеліктерін зерттеу. Оларды бір-бірінен ажырата білу.

3. Тапсырма. Ромб тәрізді мидың құрылысын зерттеп оқу.

4. Тапсырма. Сонғы мидын құрылысын зерттеп оқу.


Бақылау сұрақтар: 1. Үлкен ми бөлімдерінің атаныз, 2. Ромб тәрізді ми бөліктері, 3. Мишық сопақша ми мен, ми көпірімен және төрт төмпекпен қалай жалғасқан? 4. Соңғы мидын құрылысы қандай.

Зертханалық сабақ 26. Жұлындық жүйкелер.


Сабақтың мақсаты: Мойындық, кеуделік жұлындық жүйкелерді зерттеп оқу.
1. Тапсырма. Жұлындық жүйкелердің түзілуін, олардың тарамдалуын білу.Жүйкелер қызметіне қарай үш топқа бөлінеді: сезімтал, қозғалтқыш және аралас. Сезімтал жүйкелер орталыққа тебетін, ал қозғалтқыш орталықтан тебетін тітіркеністерді өткізеді. Аралас жүйкелердің құрамына екеуі де; яғни қозғалтқыш және сезімтал талышқатры енеді. Тітіркеніс қарама-қарсы екі бағытта өтеді. Жұлындық жүйкелер топографиясына қарай мойындық, кеуделік, белдік, құймышақтық және құйрықтық болып бөлінеді.

2. Тапсырма. Мойындық жүйкелер жұлынның төрт жоғарғы мойын жүйкесінің алдыңғы тармақтарынан пайда болады. Олардың әрқайсысы 3 тармаққа бөлінеді. Мойындық және арқалық жұлындық жүйкелердің түзілуін және тарамдалуын білу керек.

3. Тапсырма. Иық өрімі мойынның төрт төменгі, бір кеуде жүйесінің алдыңғы тармақтыранан пайда болған. Ол алдыңғы және артқы сатылы бұлшық еттердің аралығынан өтіп, бұғана үсті шұңқырында бұғана үсті артериясымен қатар жатады. Иық торының ұзын тармақтары қолды, ал қысқасы иық белдеуінің бұлшық еттерін жүйкемен қамтамасыз етеді. Иық торының қысқа тармақтарының ішіндегі ең ірісі қолтық асты жүйкесі. Иық өрімінің ұзын тармақтары: 1) ішкергі (медиальды) тері жүйкесі – иықтың ішкі бетінің терісін жүйкелендіреді; 2) білектің ішкергі тері жүйесі; 3) ортаңғы жүйке білектің барлық бүгуші топтағы бұлшық еттерін жүйкелендіреді. 4) шынтақ жүйкесі білектің қол басын бүгетін бұлшық еттерін, бармақтың тереңдегі бүгуші бұлшық еттерін жүйкемен қамтамасыз етеді. 5) шыбық жүйкесі иық өрімінің ірі жүйкесі.

Бақылау сүрақтар: 1. Қандай жүлындық жүйкелерді білесіздер, 2. Жүлындық жүйкелер түзілуі мен тармақталуын атаныз, 3. Мойындық жүйкелердің дорсальдік және вентральдік тармақтары мойының қандай бөліктерін жүйкелендіреді, 4. Иық торабынын тарамдалуы.

Зертханалық сабақ 27. Бастық жүйкелер / бірінші 6 жүп/.
Сабақтың мақсаты: 6 жұп бастық жүйкелердің тарамдануын зерттеп оқу.
1. Тапсырма. Бастық жүйкелер барлығы 12 жұп болып, ми бағынынан басталады. Олар атқаратын қызметтеріне қарай сезімтал, қозғалтқыш және аралас жүйкелерге бөлінеді. І жұп – иістік жүйкелер мұрынның кілегейлі қабығында орналасқан иіс сезгіш жасушаларының нейроциттері болып табылады; ІІ жұп – көрулік жүйке, көздің торлы қабығында орналасқан мультиполярлық жасушалардың нейроциттерінен пайда болады; ІІІ жұп – көзқимылдатқыш жүйке, ортаңғы мидың үлкен ми аяқшаларынан басталады; ІҮ жұп – шығырлық жүйке, ортаңғы мидан көздік саңылау арқылы көздікке еніп, көздің дорсальдық қиғаш бұлшық етінде тарамдалады; Ү жұп – үшкілдік жүйке мидан шығатын ең ірі аралас жүйкесі; ҮІ жұп - әкеткіш жүйке сопақша мидан шығып, көздік саңылау арқылы көздікке өтеді де, көз алмасы бұлшық еттеріне барады.

Бақылау сұрақтар: 1. Атқаратын қызметіне қарай қандай бастық жүйкелер болады, 2. Сезімтал бастық жүйкелерді атаныздар, 3. Қозғалтқыш жүйкелерге тоқталаныз, 4. Қандай бастық жүйкелер аралас болып табылады.


Зертханалық сабақ 28. Вегетативті жүйке жүйесі.
Сабақтың мақсаты: Вегетативті жүйке жүйесінің қызметін зерттеп оқу. Симпатикалық бөлім.
1. Тапсырма. Жүйке жүйесінің вегетативті бөлігінің соматикалық бөлігінен айырмашылығы ішкі органдарды, қан және лимфа тамырларын, жүректі, бездерді жүйкелендіреді. Вегетативтік жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері болады. Орталық бөлігіне ми мен жұлын жатса, шеткі бөлігіне нерв түйіндері, нерв талшықтары, нерв өрімдері жатады. Вегетативтік жүйке жүйесі құрылысына және атқаратын қызметтеріне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық бөліктерден тұрады. Дәптерге вегетативті жүйке жүйесінің схемасын салыныздар.

2. Тапсырма. Симпатикалық бөлім жүрек тамыр аралық мүшелер жүйесін, ал парасимпатикалық бөлім барлық ішкі мүшелер мен бездерді жүйкелендіреді. Жүйке жүйесінің вегетативті бөлімінің құрамына вегетативті орталықтар, вегетативтік түйіндер (ганглийлер), вегетативтік жүйкелер және вегетативтік тораптар кіреді. Вегетативтік орталықтар ми мен жұлындағы сұр заттың белгілі бір жерде топтасып орналасуының нәтижесінде түзіледі. Вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің құрамына мынадай құрылымдар кіреді: а) оң және сол симпатикалық бағандар, б) омыртқамаңайлық (паравертебральдік) түйіндер, в) миелинді преганглионарлық жүйкелік талшықтар, г) миелинсіз постганглионарлық жүйкелік талшықтар.


Бақылау сұрақтар: 1. Вегетативті жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы, 2. Симпатикалық бөлім нені жүйкелендіреді, 3. Парасимпатикалық бөлімінің құрылысы.
Зертханалық сабақ 29,30. Сезім мүшелері.
Сабақтың мақсаты: көру және есту мүшелерінің құрылысы мен қызметтері. Анализаторлар туралы ұғым.
1. Тапсырма. Анализаторлар түралы ұғым. Организмге әсер ететін түрлі тітіркендіргіштер, сезімтал нерв талшықтарының ұштары – рецепторлар арқылы қабылданады. Олар арнаулы сезім органдарында және денеде орналасқан. Омыртқалыларда нерв жүйесі күрделеніп тіршілікке қажетті иіс, дәм, есту, көру, тепе-теңдік органдарының рецепторлары шоғырланады. Рецепторлар арқылы қабылданған қозу ми қыртыстарына жеткізіліп отырылады, онда талдау, талқылау процесі жүріп, сезім ажыратылады. Сондықтан да организм дүниедегі бар затты сезім арқылы қабыдап, анализаторлары арқылы түсінік алады.

2. Тапсырма. Көру мүшесінін құрылысы. Көру мүшелері көз алмасынан, көру нервісінен және қосымша аппараттардан тұрады. Көз алмасы бас сүйектің алдыңғы жағындағы көз шарасының ішінде орналасқан. Көз алмасы үш қабықтан: сыртқы тығыз талшықты, ортаңғы-тамырлы қабық, ішкі торлы қабықтан түзілген. Көздің құрылысын салып, белгілеу керек.

3. Тапсырма. Құлақтын құрылымы туралы білімді бекіту. Есту мүшесі орналасуына, атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы және ішкі құлаққа бөлінеді. Есту – тепе-теңдік анализаторының рецепторлары ішкі құлақта орналасқан. Ал сыртқы және ортаңғы құлақтар аталған анализаторлардың көмекші құрылымы болып саналады.

Бақылау сүрақтар: 1. Сезім мүшелеріне жалпы анықтама, олардың негізгі бөлімдері, 2. Көз алмасының қабырғасындағы сыртқы қабығының бөлімдерін атаныздар, 3. Есту тепе-теңдік анализаторының құрылысы, 4. Құлақтын құрылысы.




4. СОӨЖ
Студенттердің оқытушы басшылығымен өздік жұмыстары

Дәріс сабағының жоспары / 1сағ/

Тақырып 1. Жануарлар организмінің құрылысындағы анатомиялық ерекшеліктер.

Семинар сұрақтары: 1., 2. Жасушаның морфлогиясы, 3. Организмнің дамуынын биоморфологиялық заңдылықтары, 4. Мүше, жүйе, организм туралы түсінік, 5. Ұлпалар.

Зертханалық сабақтын жоспары / 1 сағ/



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет