ПОӘК 042-14-3-05. 01. 20. 02/01. 2009 Баспа №120. 02. 2008


- дәрісті қайталау үшін сұрақтар



бет4/14
Дата15.06.2016
өлшемі1.33 Mb.
#137670
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

1- дәрісті қайталау үшін сұрақтар:

1.Экономикалық теорияның қажеттілігіне негіз беріңіз?

2. Экономикалық теорияның объектісі оның пәнінен немен ерекшеленеді?

3. Экономикалық теорияның функцияларын атаңыз?

4. Экономикалық теорияның әдістеріне не жатады?

5. Экономика – математикалық моделдеу дегеніміз не?




Негізгі қолданылатын әдебиеттер

  1. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері.-Алматы:Санат,1998

  2. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. –Алматы:Қазақ университеті, 1998

3. Әпсәләмов Н.Ә., Исабеков Қ., Сұлтанов Ө.С.Экономикалық теория негіздері Оқу құралы.-Алматы:Ғылым,1999ж.

4. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория.-Алматы:Ақтөбе,2002


2- ДӘРІС: ЭКОНОМИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ НЫШАНДАРЫ
Дәріс мазмұны

1. Өндіріс түсінігі, түрлері.

2. Өндірістің факторлары мен ресуртары. Ресурстың шектеулігі

3. Экономиканың басты сұрақтары.
Өндіріс – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру барысындағы адамдардың қызметі. Табиғат адамға оған қажетті игіліктерді бермейді. Оларды өндіру қажет. Сондықтан да өндіріс объективті қажеттілік болып табылады.

Адам қажеттіліктері материалды және рухани болып бөлінеді. Адамның қажеттіліктері шексіз және тұрақты түрде өсіп отырады. Экономикалық теорияда бұл тенденцияны «қажеттіліктердің өспелі заңы» сипаттайды. Қажеттліктердің тұрақты түрде өсуін өндіріс шектеп отырады. Сондықтан өндірістің негізгі мақсаты – адам және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бұған адам мен табиғаттың өзара байланысы арқылы қол жеткізіледі. Бұл байланыстарда белсенді жақ адам болғандықтан, өндіріс – табиғатты адамен өзгерту процессі деп айтуға болады.

Өндіріс процесінде адамммен қолданылатын барлық күштердің жиынтығын өндіруші күштер деп атайды. Өндіріске қатысты адамдар арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды өндірстік қатынастар деп атайды.

Өндірістің екі деңгейі бар: жеке және қоғамдық. Жеке өндіріс - негізгі өндірістік бірлік көлеміндегі қызмет (кәсіпорын, фирма). Қоғамдық өндіріске өндірістік инфрақұрылым деп аталатын қосымша элементпен негізделетін кәсіпорындар арасындағы өндірістік байланыстардың барлық жүйесін білдіреді.

Өндіріске еңбек бөлінісі тән, ол қазіргі уақытта бар еңбектік қызметтің барлық түрлерінің жиынтығы.

Өндірістің дамуының екі түрін ажыратады. Біріншісі, экстенсивті қолданылатын өндіріс құралдарының сандық өсуі есебінен болады. Екіншісі, өндіріс құралдарын сапалық жаңарту есебінен жүзеге асырылады.

Өндіріске ұдайы болуы тән. Ұдайы өндіріс дегеніміз үздіксіз қайталанып отыратын процесс. Ұдайы өндірісті екі типке бөліп қарайды : жай және ұлғаймалы. Өндіріс процесінің көлемі мен ауқумының үзіліссіз өзгермеген күйде жаңалануын жай ұдайы өндіріс дейміз. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануы және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз. Егер қоғам жай ұдайы өндіріс шеңберінен шыға алмайтын күйде болса онда ол өзінің болашағын «жеп қояды» .

Ұдайы өндіріс циклдық сипатқа ие, ол ұдайы өндірістік фазалардың айналымында қозғалуға әкеледі.

Өндірістің кезеңдері:


    • өндіру;

    • бөлу;

    • айырбастау:

    • тұтыну.

Тұтыну өндірістік процестің қорытындысы болып табылады.

Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымына материалдық өндіріс салаларынан басқа, материалдық емес өндіріс салаларына бөлінеді. Оларда ерекше материалдық емес игіліктер (рухани құндылықтар) жасалады, сондай-ақ материалдық емес қызмет көрсету - денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет, спорт және басқалары да бар және бұлар бұрын өндірістік емес салаға жатқызылған.

Бүгінгі кезде қазіргі қоғамдық өндірістің алдында төмендегідей маңызды мәселелер тұр: 1) өндірістің тиімділігін арттыру, ә) өндірістің экологиясын сауықтыру, б) гуманизациялау мәселесі, яғни өндірісте адамға бір қалыпты жағдай жасау. Бұл мәселелер ХХІ ғасырдың негізгі проблемалары болып табылады.


Қоғамдық өндіріс





Сурет 2-1, Қазіргі қоғамдық өндірістің құрылымы.
Қоғамдық өндірістің натуралды және тауарлы түрлері.

Ғылыми әдебиеттерде және оқулықтарда адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндірістің екі түрі бар:

а) натуралды шаруашылық;

ә) тауарлы шаруашлық.

Натуралды шаруашылық қоғамдың өндірісті ұйымдастырудың ең ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдары адамның еңбек құрал-сайманынының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіндік береді.

Тауар өндіріс капиталистік өндірістік әдісінде өзінің дамуының жоғарғы түріне қол жеткізеді және жалпылама сипатқа ие болады.

Қазіргі қоғамдық өндіріс – бұл дамыған тауар өндірісіндегі тереңдеген еңбек бөлінісінің болуы және оның мамандануы.

Тарихи тағлым көрсеткендей, тауар өндірісінің пайда болуы төмендегідей үш жағдайда жүзеге асады:



  • бірінші ең ірі қоғамдық еңбек бөлісінің болуы;

  • алғашқы тұрмыстық қауымдастық қойнауында жеке меншіліктің пайда болуы;

  • тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы (отбасының қауымдастықтан экономикалық оқшаулынуы).

Қоғамдық өндірістің құрылымы.

Материалдық және рухани игіліктер өндірісін тоқтатқан болса, онда адам қоғамы жайылып кеткен болар еді.

Материалдық өндірістер саласы - халық шаруашылығы салаларының төмендегідей материалдық игіліктер өндірісі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс) және материалдық қызмет көрсету саласы бойынша (өнім қозғалысын тұтынушыға дейін камтамасыз ететін көлек пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету – киімді өндеу, тігу, жуу, тазалау және т.б.) екіге бөлінеді.

Өндірісті жүзеге асыру үшін өндіріс шарттары қажет. Мұндай шарттарды экономикалық ресурстар деп атайды. Экономикалық ресурстарға: табиғи ресурстар, материалды ресурстар, қаржы ресурстары, еңбек ресурстары және ақпарат ресурстары жатады. Экономикалық ресурстарды нақты іс-әрекетке келтіретін болса, олар өндіріс факторларына айналады.

Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесінде бола алады. Өндіріс процесі тек қана үш факторлардың – адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары - өзара іс-әрекеті арқылы (бұл К. Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін.

Жұмыс күші – бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданады.

Қазіргі кезде еңбек затының өзі көп жағдайда бұрынғы еңбектің өнімі болып табылады.

Еңбек құрал-саймандары бұл әртүрлі механизм мен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым және т.б. нәрселер.

Еңбек заты мен құрал-саймандар бірге құрал жабдықтарын құрайды.

Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екі жағы болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.

Өндіргіш күштер – бұл өндіріс құрал жабдықтары, ең алдымен еңбек құралдары, сонымен қатар материалдық игіліктерді өндіретін адамдар.

Маржинализм теориясының топтауынша, төрт өндіріс факторы бар: жер, еңбек, капитал және кәсіпкерлік қабілеттілік.



Жер табиғи фактор ретінде қарастырылады. Бұған табиғат байлықтары, пайдалы қазбалар қоры, орман мен жыртуға жарамды жерлер және т.б. жатады.

Капитал – бұл машина, құрал-жабдықтар, қойма, көлік және байланыс құралдары.

Еңбек адамның ақыл – ой және дене қызметтердің көрсетеді.

Кәсіпкерлік қабілеттілік – арнайы өнідріс факторы ретінде өндірісті ұйымдастыруда ынталықты және тәуекелдікті көрсетеді.

Батыстық қазіргі эконмоикалық теория мектептері, жоғарыда аталған өндіріс факторларынан басқа, ақпараттық экономикалық және экологиялық факторларды да қарастырады. Экологиялық фактор экономикалық өсудің импулсы ретінде жүзеге асады.

Өндіріс процесінде адамдар бір-бірімен қатынасқа болады. Бірақ, бұл қатынастар әртүрлі болады. Бір жағынан, бұл қатынастар: ұйымдастырушы, адамдарды орналастыру – техникалық - өндірістік қатынастармен байланысты. Екінші жағынан, бұл қоғамдық-өндіріс, яғни экономикалық қатынастар. Олар меншік сипатымен, меншік қатынастарымен анықталады.

Өндірістің әрбір факторы оның иесіне белгілі бір табыс әкеледі. Бұл табыстарды факторлық табыс деп атайды. Жердің факторлық табысы – рента; капиталды факторлық табысы – пайыз; еңбектің факторлық табысы – еңбек ақы; кәсіпкерлік қабілеттіліктің факторлық табысы – пайда.


Ресурстардың шектеулілігі және оларды талдау мәселелері.

Экономикалық ресурстар – бұлда өндіріс факторы, табиғатта пайда болады және оны адамдар өндіреді.

Планетамыздағы барлық экономикалық ресурстар шектеулі мөлшерде болады.

Өндірістің балама мүмкіндіктері:



Мүмкіндіктер

Автомобилді өндіру (мың дана)

Танкті өндіру

(мың дана)



А

В

С



D

E

F



15

14

12



9

6

0



0

1

2



3

4

5



Ресурстардың жеткіліксіздігі оларды үнемдеу, таңдау мәселелерінің қажеттілігін тудырады.
Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты.

Нарықтық модельге негiзделген экономика шаруашылықты ұйымдастыруды былай жүзеге асырады: жеке тұтынушы менөндiрушiлер нарық арқылы өзара iс-әрекет жасап , экономикадағы басты үш мәселенi шешудi мақсат етедi.Оларға : ненi, қалай және кiмге өндiрудi жүзеге асыру қажеттiлiгiн жатқызымыз.



Ненi өндiру? Тұтынушы кез-келген тауарды таңдау арқылы өз дегенiн жүргiзедi. Егер сатып алушы белгiлi тауар түрiн көптеу алса, онда тауарға деген баға

өседi.Нарықтық шаруашылық механизмiнiң iс әрекетi автоматты сипат алып: тауарға сұраным өссе, баға көтерiледi және тауар өндiрушi өндiрiс көлемiн ұлғайтады.



Қалай өндiру? Баға бәсекелестiгiн жеңiп, белгiлi пайда алу үшiн тауар өндiрушiнiң бiр ғана соқпағы бар- арзан әрi сапалы өнiмдi шығару. Өндiрiсте ҒТП элементiн кең қолдануды ұйымдастырған, ресурсты үнемдеген, бiлiктi кадрлары бар тауар өндiрушiлер болады. Нарық өндiрiске ҒТП-тi ендiрiп, тұтынушыға баға мен сапасы көңiлiнен шығатын өнiмдi шығаруға өндiрiстi барынша итермелейдi.

Кiмге өндiру? Бұл құбылыс сұраным мен ұсынымның арақатынасымен байланыстырылып түсiндiрiледi. Нарықты тұтынушының саны мен құрылымы , оның табыс деңгейi және т.б. параметрлер арқылы тамырын басып, бiлiп отыру керек.

Нарық күрделi экономикалық категория бола тұра өзiмен өзi болған емес. Ол белгiлi және нақты әлеуметтiк-экономикалық жағдайда өмiр сүредi және көптеген факторларға тәуелдi:



  • меншiк түрлерiнiң көп болуы;

  • нарықтағы шаруашылық субъектiлерiнiң қойылатын экономикалық жауапкершiлiкке сай болып, тәуелсiз әрi өз-өзiнше болуы;

  • тауар өндiрушiлер мен сауда делдалдарының бәсекелестiгi;

  • белгiсiз нарыққа өнiм шығару;

  • өнiмге бағаны контрагенттердiң қою құқықтығы;

  • керектi инфрақұрылымнiң болуы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет