ПОӘК 042-18-18 31/03-2013 №1 басылым 18. 09. 2013



бет6/8
Дата23.02.2016
өлшемі1.34 Mb.
#11605
1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақстан Республикасында егемендік алғаннан кейінгі бірінші кезектегі міндеттер егеменді мемлекет құру, азаматтық қоғамды қалыптастыру болды. Осы бағыттағы сапалы секіріс 1990 ж. 25-ші қазанында Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдау болды және 1978 жылғы Қазақ ССР-нің Конституциясына сәйкес түзетулер арқылы президент институтын енгізді. Президент лауазымын енгізу нақты тәуелсіздік жолындағы, егемендікті қорғау және мемлекетті саяси және экономикалық дағдарыстан шығару жолындағы республика басшылығының дер уақытындағы қадамы болды.


1991 ж. 16 желтоқсаны республиканың саяси – конституциялық дамуының жаңа сатысы басталды және ұлттың жеке даралығына құқылығы, құқық пен жеке бас еркіндігі, саяси тұрақтылық, өкіметті бөлу, ұлтаралық келісім және т.б. сияқты негізгі демократиялық принциптерді білдірді. ҚР-ның конституциясы 1995 ж. 30-ші тамызда Бүкілхалықтық референдумда қабылданды.

1993 ж. Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы Қазақстанның демократиялық мемлекеттігінің қалыптасуының белгілі бір сатысы болды. 1994 ж. 7-ші наурызда Қазақстан Республикасындағы сайлау жөніндегі жаңа Кодекске сәйкес ХІІ-ші шақырылымының Жоғарғы Кеңеске сайлауы өтті.

Қазақстан егемендік алғаннан кейін зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Мұны іске асыруда еліміздің тарихи және отарлауда болған мұрасы, оның саяси мәдениетінің өзіндік ерекшелігі, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасы жан-жақты ескерілді.

Елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйелердің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті басқарудың дамуына көп көңіл бөлінді. Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси институттар - парламент, 1993-ші және 1995 жылдардағы Конституциялар қабылдан-пы, тәуелсіз сот билігі қалыптасты.

1992 ж. 4-маусымда Қазақстан Республикасын мемлекеттік туы, елтаңбасы, әнұраны бекітілді.

Мемлекеттік символдардың тарихтың, мәдениетті бейнесі болып табылады, олар еліміздің қайталанбас өзіндігін паш етеді және оның азаматтарының сана сезімін білдіру еді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы Шакен Ниязбеков , мемлекеттік елтаңба, авторлары Жандарбек Мәлібеков және Шота-Аман Уәлиханов. Қазіргі мемлекеттік әнұранның сөзін жазған авторлар: Жұмекен Нәжімеденов Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазіргі ән ұранның тәуелсіз Қазақстан тарихына еніп шырқалуының басталған уақыты -2006 жылдың 11 қаңтары еді. Содан қазір бір ғана мемлекеттік тілде орындалуда. Бұл біздің Қазақ деген ұлы елдің тәуелсіздігінің тұғырының бекігендігінің бір нәтижесі.



2-сұрақ: «Конституция» деген сөздің латын тілінен аудармасы «құрылғы», «жарғы», «заң» деген мағыналарды береді.. Бірінші конституция 1787 жылы қабылданып, осы күнге дейін қолданып келе жатқан АҚШ-тың Конституциясы болып табылады. Ал тәуелсіз Қазақстан Республикасында 1993 және 1995 жылдары қабылданды. Конституцияның басқа құқықтық нормативтік кесімдерден ерекшеліктері мынадай:

-қоғамдық қатынастардың негізін қалайды;

-құқықтың негізгі бастауы болып табылады;

-ең жоғарғы заңдық күші бар;

-оның ерекше тәртіппен қабылдануы;

Ұлттың басқа ешбір бөлігіне бірде бір адамға өзгеше артықшылық немесе құқықтан үзінді болмайды, адамдардың барлығына қажет бөлігінде тегін, азаматтардың барлығына халыққа ортақ білім беру қамтамасыз етіледі және ұйымдастырылады делінген.

Соңғы Қазақ КСР-нің Конституциясы 1978 жылы қабылданды. Дегенмен Конституциядағының көпшілігі жай формальдық мәні бар дүниелер болды. Ол айтылған кемшіліктердің өзі Конституция қабылданғаннан кейін-ақ бірден байқалды. Бұл Конституция кеңестік Қазақстанның соңғы Конституциясы еді. Онда азаматтардың барлық демократиялық құқықтары мен бостандықтары түгел қарастырылған. Басқа ел Конституцияларынан кем соқпайтын Заң болды. Жаңа Конституция дамыған социализм тұжырымдамасын заң жүзінде бекітті. Ондағы бір қағида- сол заманның Коммунистік партиясы барлық халықтардың, ұлттардың, жеке адамдардың тағдырын бір өзі ғана шешті.

Елдегі Желтоқсан оқиғасы ХХ ғасырдың 90- жылдарында КСРО құрамындағы елдердің өміріне айшықты саяси өзгеріс әкелді. Солардың бірі қазақ тарихына алтын әріптермен жазылған саяси –заңды өзгеріс 1993 жылы 28-қаңтарда қабылданған Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы еді. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтуда, халыққа қызмет ететін, азаматтардың кең көлемді құқықтары мен бостандықтарын т.б. жариялаудағы халықтың еркін білдіретін мемлекеттік жаңа органдар құруға бұл Конституцияның зор маңызы болды. 1993 жылғы Конституция халық деген ұғымға таптық сипаттама беруден тұңғыш рет бас тартты.

1994 жылы Жоғарғы Кеңес пен маслихаттардың сайлауы өтті. Халық кәсіби жаңа Парламенттен әлеуметтік бағытта жұмыс істейтін қоғамның экономикалық құқықтық базасын жасауға көшті. Бірақ бұрынғы сарқыншақтардың сақталып, өткен сайлау системасында бұрмаланудың болуы, заң баптарындағы ойланбай жазылған мазмұндар мемлекет пен халық мүддесіне сай келмегендіктен жаңадан заңға талқылау, талдау жасап қайта қабылдауға заңдық күші бар өте маңызды жарлықтар шығарылды. Сондықтан қоғамдық өмірдің өзі Конституцияны қайта қарау туралы мәселені көтерді. Конституцияны талқыға салу баспасөзде жарияланды.

Бір топ заңгерлердің қатысуымен Конституцияның жаңа жобасы жасалып, бүкіл халықтың талқылауына ұсынылды. 30 тамызда 1995 жылы өткен референдумда Ата Заң қабылданды. Қабылданған Заң 9 бөлім, 98 баптан тұрады. (Кесте -1)




1 бөлім

Жалпы ереже

2 бөлім

Адам және азамат

3 бөлім

Президент

4 бөлім

Парламент

5 бөлім

Үкімет

6 бөлім

Конституциялық кеңес

7 бөлім

Сот және соттар төрелігі

8 бөлім

Жергілікті өкілді және өзін-өзі басқару

9 бөлім

Қортынды

Қазақстан Республикасының Конституциясы - демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның неізгі, басты нормативтік актісі.

Конституцияны Қазақстанның халқы қабылдады. Онда халықтың еркі білдірілген. Тәуелсіз елдің 2-ші Конституциясында мемлекетті басқарудың нысаны түбірімен өзгертіліп, өкімет билігінің жаңа жүйесі заңдастырылған. Парламенттің қызметі мен өкілеттілігі де ықшамдалған. Жаңа Конституция бойынша 5-9 желтоқсанда 1995 жылы екі палаталы Парламентке сайлау өтті, осыдан кейін елімізде қоғам өмірін демократияландыруда ілгері басқандық айқын көрінді. Макроэкономикалық тұрақтандыру және құрылымдық-институциялық өзгерістер саласында қол жеткен оңды нәтижелер байқалды. Алдымен экномиканы нарықтандыру, саяси тұрақтылықпен халық тұрмысы мәселелері бірінен кейін бірі тәуелсіз елдің заңдылығына айналып, шынайы көрнімтерді беруге көшірілді.

Конституциялық заңды біліп қана қою жеткіліксіз, оған қоса заңдардың шығу мақсаттарында қандай себептерден құралатындығына да назар аударған дұрыс. Сондай анықтама Қазақстан Республикасының Конституциясының (1995жыл) алғашқы сөзінде қарастылыған Айта кетсек: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз» деген сөздермен басталады.

Конституцияның маңызды ерекшелігі- ол, бір жағынан мемлекеттің, екінші жағынан қоғамның негізгі заңы болып табылады. Мұның өзі мемлекеттік биліктің қайнар көзі ретіндегі және қоғамның әлеуметтік базасы (ұстаушысы) ретіндегі халықтың мәртебесімен байланысты. Конституция мемлекетті барлық өзгеше белгілерімен (территориясы, рәміздері, халқы, салығы мен қаржысы, тәртіп органдары т.б.) қоса құрады. Және мемлекеттің егемендігін баянды етеді.

1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстан біртұтас мемлекет болып табылады. 90 жылдардың екінші жартысында көптеген істер тындырылып, мемлекеттің Ата Заңы ел мүддесі үшін заңдық қызметті көрсетіп, заманның талабына сай өзгертулер мен толықтырылуларды қажет етті. Соның нәтижесінде 1998 жылы Ата Заңға алғашқы өзгертулер мен толықтыруар енгізіліп, егеменді елдің дамуының сара жолына арналған талай-талай заңдар жобасы өмірге келді. ХХ ғасырдың соңы Қазақстан Республикасының саяси-экономикалық және мәдени-құқықтық жағдайына қамқорлығын жасап, 2007 жылы қайта өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етті.

Сонымен 1991 жылдың желтоқсан айында КСРО ыдырап, құрамындағы одақтас республикалар егемендігімен тәуелсіздігін алған дербес мемлекеттер құрды. Қазақ КСР жойылды. Оның аумағында 1991 жылдың 10-желтоқсаны Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды. Құрылған күннен бастап құқықтық актілер қабылданып, жаңа мемлекеттің негізі қаланды. Оларға жататындар:

1.Қазақ ССР-нің мемлекеттік тәуелсіздігі туралы декларациясы.

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы.

3.1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялары. Аталған конституциялық кесімдер Қазақстанның тәуелсіздігін, дербестігін жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құрудың негіздерін қалады.

Республикалық референдумында қабылданған Конституция, оның жоғары заңдық күші бар және еліміздегі барлық іс-қимыл мен қалыптасушы жүйелердің нормативті базасы болып табылады. Республиканың барлық аумағына қолданылады. Бейнелей айтсақ, бұл Конституция - мемлекетке қоғамның құқықтық сенімі және халықтың берген төлқұжаты деуге болады. Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негізін, мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен азаматының қатынасын белгілейді. Адам және оның өмірі мен құқықтары, бостандықтарын Конституция мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танып, мемлекеттің сол үшін қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді.
Тақырып 14. Тәуелсіздік және Қазақстан мемлкеттілігінің қалыптасуы

1.Желтоқсан оқиғасының батыр-қаһармандары

2.Егеменді елдің басшысы-Н.Ә.Назарбаев
1-сұрақ: Тоқырау жылдарында Одақтың барлық аумағында, оның ішінде Қазақстанда да басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар орын алғаны белгілі.

Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамында бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауы-мен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде керініс тапты. Көптеген басшы партия қызметкерлері мен партия комитеттері ескіше қызмет етті.

Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті құрамында сапалық өзгерістер аз болды. Осыдан келіп, аса маңызды мәселелерді шешуде принципсіздік, тұрақсыздық, қоғамдағы жағымсыз жағдайларды жасыруға, аздаған жақсы істерді ерекше мадақтап, жоғары көтермелеп тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты. Сол кездегі Республика Министрлер Кеңесінің төрағасы Н. Ә. Назарбаев 1986 жылғы ақпан айында өткен Қазақстан Компартиясы XVI съезінде жасаған баяндамасында және съезде шығып сөйлеген басқа да делегаттар осындай келеңсіз жағдайларды өткір сынға алды. Олар көптеген күрделі және маңызды мәселелерді партия комитеттерінің дер кезінде шешпейтінін, олардың қызметі ауқымынан тыс қалатынын, күрделі мәселелерді шешуге ескіше қараудың кеңінен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып берді.

Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. Мұндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д. А. Қонаевты орнынан алған кезде айырықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде 22 жыл Қазақстан Компартиясын басқарған

Д. А. Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г. В. Колбин сайланды. Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды. Пленум өткеннен кейін екінші күні Орталық партия Комитеті үйі алдындағы алаңға өздерінің Пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, оқушылар жиналды. Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында «Әр халықтың өз ұлттық көсемі болу керек» деген ұран болды.

Мұндай көсемнің Қазақстанда тұратын орыс халқы өкілдерінен де мүмкін екендігі айтылды. Міне, осындай күрделі жағдайда Г. В. Колбин партия Орталық Комитетінің бюро мәжілісін шақыртып, оған С. М. Мұқашев, Н. Ә. Назарбаев, 3. К. Камалиденов, О. С. Мирошхин, М. С. Меңдібаев А. П. Рыбников, Л. Е. Даулетова, В. Н. Лобов, т. б. катысты. Бірақ олар алаңға шыққан жастардың жүрегіне жол таба алмады.

Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшыларының, соның ішінде Г. В. Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар-жоқтығы кейін қанша тексерсе де анықталмады. Алаңда жиналған халық пен милиция және әскерлер арасында қақтығысулар жүрді. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазалаушыларға қарсылық көрсетті. Олар жастарға мұздай су шашып, алаңнан қуу үшін алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш машиналарды өртеп жіберді. Қақтығысудың барысында Е. Сыпатаев және С. Савицкий деген азаматтар қаза тапты. Осыған байланысты үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш қолдана бастады. Алматыға басқа жерлерден арнайы әскери бөлімдер әкелінді. Осылайша тәуелсіздіктің тұғырын қалауға себепкер болға қазақ жастарының бейбіт шеруінің нәтижесінде тәуелсіз ел болдық.

1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті "Қазақ республикалық партия үйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы" арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы Қазақстандағы ұлтшылдықтың көрінісі деп ба-ғаланды. Бірақ кейіннен бүл шешім қате деп табылды. Өйткені қазақ халқы ешуақытта ұлтшыл болып корінген емес еді. Қазақ халқы ежелден-ақ басқа ұлттың баласын бауырына басқан, жат елді өз бауырындай сыйлаған ұлы халық еді. Ұлы халықтың баласы болуды құдай бізге жазғанды әрқашан мақтан тұту керек.

Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық болғанымен ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Шеру саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқ-ты. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық-бюрократиялық қрылымы тарапынан ол экстремистік пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Жүйе оны "Қазақ ұлтшылдығы" деп айыптауға дейін барды.
2-сұрақ: Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) – тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Туып-өскен жері-Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы. Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымның докторы, академик.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына ауысты. Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара бастады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы (1984-1989), әрі Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі (1990-1991), Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан-сәуір айлары) болып қызмет атқарды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н.Ә.Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ең алғашқы Президенті етіп сайлады.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті ретіндегі қызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау одан әрі орнықтыра түсті. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауының Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымымен қызметке кірісті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүние жүзі Қауымдастығының Төрағасы. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқа да бірқатар шет елдің жоғары ордендері мен медальдарымен марапатталған.

Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы. Ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті. Н.Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік-тарихи маңызы бар істер атқарылды. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам уақыт бойы адамзат баласына от бүркіп, апат қауіпін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды.

Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін ту еткен Н.Назарбаев Америка Құрама Штаттарының, Ресейдің, Францияның билеушілерімен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті. Бұл біз үшін өтеуі қымбат келісім еді. Өйткені ядролық державалар (АҚШ, Англия, Россия, Қытай, Франция) Қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және бүгінгі шекараларының өзгермейтініне құрметін білдірді, Қазақстанның тәуелсіздігіне территориялық біртұтастығына қарсы күш қолданбауға міндеттенді, Қазақстанға экономикалық қысым көрсетуге бармайтынын мәлімдеді. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді. Осылайша адамзат тарихында тұңғыш рет жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды. Президент Н.Назарбаевтың көптеген бері қолға алып, практикаға енгізіп келе жатқан іргелі идеясы-Еуразиялық одақ құру. Бұл, әрине, бұрынғы Кеңестер Одағын тірілту емес. Еуразиялық одақ қос құрлықты мекендеген мемлекеттер мен халықтар арасындағы интеграцияны жаңа сапалы биіктікке көтеру. Алғашқы нәтижеге де қол жетті.

2000 жылдың күзінен бері бес мемлекеттің басын қосқан еуразиялық экономикалық одақ өміп сүріп келеді. ЮНЕСКО күнтізбесіне Абайдың 150 жылдық, М.Әуезов пен Қ.Сәтбаевтың 100 жылдық, Түркістанның 1500 жылдық мерейтойларының енуі, Париж бен Лондонда, Берлин мен Токиода қазақ арыстарының аттары құрметпен аталып, ән-күйлеріміз бұрынғыдай жалтаңкөзденбей, барынша еркін, қуанышты көңілде шалқуы мәдениетімізді, өнерімізді, ғылымымызды ғана түлетіп отырған жоқ, санамызды, дүниетанымымызды, мінезімізді де жаңаша қалыптастыруда.

Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Бірақ олардың ішінде екеуін атап өту керек. Біріншісі – 1997 жылы Президент Н.Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы, екіншісі –елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі. Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен қазақ халқын ел етіп, ТМД елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылды. Бұл жолда да тәуелсіздікті тәу ететін, шынайы демократияға ұмтылған, ұлтаралық түсіністік пен достықты өмір салты еткен, болашағына сеніммен қадам басқан қазақстандықтардың символына айнала білді.

Тақырып 15. Қазақ мемлекетінің стратегиясы

1.Президент және жаңа Астана

2.Мемлекеттік саясат

3.Сыртқы саясат басымдықтары


1-сұрақ. Астана — бұл кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер көрінісінің нышаны . Бұл саяси батыл қадам. Астана шаңырағы әлі де болса биіктей түспек. Жаңа астананың келешегі бүтіндей XXI ғасырдың еншісінде жатыр. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас жеткіншектеріміз.

Сарыарқаның сары белінде Қанжығалы қарт Бөгенбай елінде ұлан-байтақ қазақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі, жаңа бір мәдени-ғылыми һәм саяси-экономикалық алып ортаның, Отанымыздың күретамырына қан жүгіртетін, жан бітіретін сәулетті, қуатты орданың дүниеге келуі, әлбетте, барша жақсылықтардың игіліктердің шоғырлануы.Тарихқа үңілсек, 1830 жылдың маусым айында Есіл өзені бойындағы Қараөткел тұсында Астана қаласының алғашқы іргетасы қаланды. 1832 жылы Ақмола ішкі округі ресми түрде жарияланып, оның округтік аға сұлтаны болып Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы тағайындалды. Ал 1838 жылы Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсылық білдірген жергілікті халықтың көтеріліс деңгейін іле-шала Кенесары Қасымұлы Ақмола бекінісін алу үшін патша әскерлеріне қарсы алғаш шабуыл жасады.Сөздікке жүгініп, парсы түбірінен қазақша түсінігін іздейтін болсақ, астана — табалдырық, босаға, кіре беріс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдірнді. Парсыша үндестігі астан (асетан) деп келеді. Келе-келе қазақта жұрт бас қосар орын, халық жиналып ақылдасар жер, ел ағалары байлам-бәтуа айтар орталық мәніне ие болғанға ұқсайды

Елімізді шыңғыс әулеті билеген заманда орталық деген мағына бірте-бірте моңғол мен түрік халықтарының әскери-әкімшілік аймағы ұғымын білдіретін орда сөзімен алмаса бастады. Оның соңғы жұрнағы — Бөкей хандығының астанасы болған, бүгінгі таңда атауы сақталған Орда қаласы.Парсы тілінде мекен, жер, ел дегенді білдіретін стан сөзі де бүгінгі Қазақстан аумағына сол тұста деген. Түркі тектес халықтардың киелі астанасы Түркістан аталуы, бір қиырымыздың Моғолстан екені бұған дәлел. Сол кездегі ғылыми-тарихи әдебиетте түркі халықтары мекендеген өлкеге орай стан түбірінің кеңінен қолданылуы нәтижесінде кейіннен қазақ тілінде астана сөзі қалыптасқан деген болжам қисынсыз көрінбес. Аудармалары сәл алшақтау болғанымен, стан мен астана (астан) түбірлерінің мағына ортақтығы бүгінгі парсы елінің өз мысалынан аңғарылып тұр. Иранда әкімшілік бөліністер остан аталып, аймақтарының дені Систан, Белужстан, Лорестан, Хұзестан болып келеді.Сарай. Орда. Астана! Билік орталығын білдіретін осынау ежелгі атауларды қазақ халқы мәңгіге еншілеп, мағыналас ұғымда қолдануының өзі тарихтың тамаша сыйы емес пе! Сарайдың ордаға орын беруі ұлы оқиғаларға байланысты үрдіс. Ал орданың кешегі жиырмасыншы жылдары астана мағынасына айналуы тым тез—бір жылда, тіпті бір күнде болған оқиға деген болжамға батылдық жасағалы отырмыз. 1925 жылдың сәуірінде Қазақстанның орталығын Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы шешім қабылданды. Орынбор алты жыл бойы әуелі Қазревкомның, кейіннен Қазақ АССР-інің үкімет органдары орналасқан қала болғанымен, ел астанасы деп ресми атала қойған жоқ. Сол кездің құжаттарынан, баспасөзі мен әдебиетінен астана деген атуды кездестіре қоймаймыз. Ал Ақмешітті Қазақ елінің шын орталығы ету жөнінде ұйғарым алынғанда, кеңестік республика астанасының атауында мешіт сөзінің тұруы сол кездің идеологиясымен үйлесе қоймағаны анық. Орталық ұғымындағы орда сөзінің кәдеге асқаны сонда. Революция символы қызыл сөзімен кірігіп, Қызылорда атаулы қала пайда болды. Алайда, бір қиындығы ендігі жерде «Қазақстанның ордасы Қызылорда» деген қосарлы тіркес тұрақты қолданылуы тиіс еді. Орталық ұғымына синоним боларлықтай тың сөз қажет еді. Зиялы азаматтар осылайша халық жадында , жыр-толғауларда айтылатын ежелгі астана сөзіне таңдау жасағаны аңғарылады. Жаңа ұғымның жұртқа әлі тосын екені Бейімбет Майлиннің 1925 жылдың 8 маусымында жазған «Астана» өлеңінен де аңғарылып тұр.

Кәрі-жасы, бәрінің де

Айтатыны — астана!

Ел көгерген астанасы

Осы ма, әлде басқа ма?

Мен астанаң, мен ордаңмын!

Мұнда түгел тілегің...



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет