Өндірістің өзектілігі: тәсілдің құрамына жануарларды лимфа түйіндері мен бұлшықеттеріне феракрил ерітіндісі қосылған бактериалды антигендермен иммунизациялап, қан алып, одан иммунды сарысуды алу. Осы комплекспен иммунизацияланған уақытта антиген мен атнидененің түзілуі. Туляремияға диагностикалық сарысу алатын продуцент-жылқылардың дайындық кезеңі 2-3 жылдан, 2-3 айға дейін кемиді. Бруцеллезді агглютинирлеуші диагностикалық сарысуды алатын қояндарды ыңғайлаған кезде, бруцеллезді қоздыратын тірі вирулентті ортаны қолданбайды, оған инактивирленген антиденелерді пайдаланады. Себебі, инактивирленген антиденелерді қолданғанда эпидемияға қарсы қатаң тәртіпті талап етпейді. Бұл әдіспен алынған сарысуларды гаммаглобулин алуда қолдануға болады.
Продуцент-жылқылырды дайындау қореқтендіруші затты, жұмыс пен биологиялық сағатты көп қажет етеді. Егер тірі вирулентті орталарды қолданатын болса, олар эпидемияға қарсы жұмыс режимін қатаң қадағалауды қажет етеді.
Продуцент-жылқыларды қайнату әдісімен өлтірілген туляремиялық микроб ортасымен гипериммунизация жасайды. Аралығы 5 күн болатындай етіп, мөлшерін жоғарлата отыра 5-6 рет тамырға циклді гипериммунизация жүргізеді. Мұндай мұндай инъекцияны 17-ретке дейін, және одан да көп қайталайды. Бұл жұмыстың кемшілігі: сарысудың керекті титрін (1:3200) алу үшін 2,5-3 жыл тер төгер еңбекті қажет етеді.
Қазіргі таңдағы өндірістің негізгі мақсаты продуцент-жануарларды аз уақытта дайындап, өнімнің активтілігін арттыру болып табылады. Бұл жұмысты жақсарту үшін жануарларды лимфа түйіндері мен бұлшықеттеріне феракрил ерітіндісі қосылған бактериалды антигендермен иммунизациялап, қан алып, одан сарысу бөліп алу болып табылады. Одан әрі сарысуға антиген қосып, антиген мен антидене комплексін алып, тамырға инъекциялау циклын өткізеді.
Мысал 1 - Диагностикалық туляремия сарысуын алу
Продуцент-жылқының мойын (төменгі 3/1 бөлігіне) терісінің астына 2мл 3% спирттісу Феракрил ерітіндісін енгізеді. 5-7-ші күндері жауырын үстіндегі лимфа түйіндеріне 300 млрд.м.к. 2% Феракрил ерітіндісі араласқан, формолинмен инактивирленген туляремия микробының культурасын енгізеді. 3 күннен кейін, мөлшерін көбейте отыра (400,500,600,700 млрд.м.д.), арасын 4 күн етіп, тура осындай қоспаны бұлшықетіне енгізеді. Соңғы антиген инъекциясынан 7-8 күн өткен соң, қан сынамасынан қан сарысуын алып, ондағы антиденелердің титрін анықтайды. Егер антиденелердің титрі 1:3200-ден төмен болса стимулдаушы қансыздандыру (2-3л мөлшерінде) өткізеді. Иммунды сарысуды алады да, оны 100мл-ден 4 бөлікке бөліп, әр қайсысына жоғарыдағыдай мөлшерін көбейте отыра антиген-антидене комплексін пайдаланып, аралығын 4 күн етіп, 4 рет тамырға инактивирленген туляремия микробының культурасын егудің 2-ші циклын бастайды. 7-8 күннен кейін қан сынамасын алып, иммунды сарысудығы антиденелердің титрін анықтайды. Оның титрі (1:3200) жануарды өндірістік қансыздандыруға дайын екенін көрсетеді.
Сөйтіп, продуцент-жылқыларды дайындау мерзімі 3 жылдан 2-3 айға дейін төмендейді.
Мысал 2 - Бруцеллезді агглютинирлеуші диагностикалық сарысуды алу
Массасы 2,5-3кг продуцент-қояндардың артқы аяқтарының жұмсақ табандарына 0,6мл 3% спирттісу Феракрил ерітіндісін енгізеді. 5-7 күні 1мг мөлшердегі Br. melitensis 16М липополисахаридті антиденені (ЛПС) 1,2мл 1% спирттісу Феракрил ерітіндісімен араластырып, 0,6мл-дан қоянның тізе асты лимфотүйіндеріне енгізеді. 3 күннен соң, аралығын 4 күн етіп, қоянның бұлшықетіне 3 рет тура осындай қоспаны енгізеді. 30-шы күнінде жануарлардан 4мл иммунды сарысуды алады. Оған 1мл ЛПС 0,9% натрий хлоридімен араласқан 4мг Br. melitensis16M қосады. АГ-АД комплексін алып, аралығы 3-4 күн етіп, 4 рет, 1мл-ден иммунды сарысу алынған жануарға енгізеді. 7-8-ші күндері жануарды қансыздандырады. ИДР-дағы сарысу активтілігі 1:32, ИФА-да 1:7,106, ірі агглютинация реакциясында 1:2560-1:5120.
Мысал 3 - Оба, маңқа, мелиоидоз, бруцеллез, туляремия ауруын қоздырушыларға диагностикалық тест-жүйе өткізу үшін сарысу алу
Продуцент-қоянға иммунизация жүргізілетін барлық операциялар бруцеллезді агглютинирлеуші сарысу алғандағыдай жүргізіледі. Тек қана әр ауруға байланысты әр түрлі мөлшерде антигендерді инъекциялайды. Оба-2мг, маңқа-1мг, мелиоидоз-1мг, бруцеллез-3мг, туляремия-3мг. АГ-АД түзілуі үшін жартылай дозаларды пайдаланады. Тікелей емес иммунофлюресцентті реакцияда сарысудың активтілігі 512-1:2048.
Бұл тәсілдің тиімділігі: жоғары өнімді сарысу алу, продуценттердің аз уақытта дайын болуы.
Жануарлар эпидемияға қарсы қатаң қадағалауды қажет етпейді. Себебі, иммунизацияланғанда инактивирленген антиденелер қолданады.
Сөйтіп, бұл жұмыстың негізгі қорытындысына келетін болсақ, бұл диагностикалық сарысуды алу тәсілдерінің тиімділігі мол екенін көріп отырмыз. Себебі, бұл жұмыстардың негізі жануарларды Феракрил ерітіндісі қосылған антигендермен иммундау, одан сарысу бөліп, қайта иммундау жүргізу. Соңында, жоғары сапалы, активтілігі бірден көрінетін сарысуды бөліп алу.
Иммунофлюоресцентті әдіс
Бұл әдіс арқылы тез арада (1-2 сағат) микробтардың әр түрлі антигендерін анықтауға болады (бактериялар, риккетсиялар, вирустар және т.б.) немесе антиденелердің тіңдерде немесе мүшелерде орналасуын табуға болады. Бұл әдісті жүргізу үшін антиденелерді немесе антигендерді флюорохромды бояулармен белгілейді. Реакция болғаннан соң препараттарды люминесценттік микроскоппен зерттейді. Антигендер боялған антиденелермен байланысып препараттың қараңгы фонында жарқырап тұрады.
Микробиологиялық зерттеулерді жүргізу үшін тура және тура емес иммунофлюоресценция әдістері қолданылады.
Практикалық микробиологияда және вирусологияда иммунофлюоресценттік әдісі көбінесе жұқпалы ауруларды анықтау үшін экспресс -әдіс ретінде қолданылады. ЖРВИ-да ИФР қою схемасын талқылау (грипп, парагрипп, аденовирустық инфекцияларды дифференциясын жасау).
Белсенділігі жоғары ценуроз қоздырғышына емдік қарсы қан сарысуын алу
Алдын ала таңдап алынған иммундеу үлгісі бойынша, тәжірибеге салмағы орташа 1,6 – 2,0 кг құрайтын 20 үй қояндарын таңдап алынады, сонан соң оларды әрқайсы 5 басқа бөлініп 4 топ құрып, әр топтағы қояндарға Буавен, Вестфаль, Такахаси және ультрадыбыспен әсер ету арқылы алынған антигендермен егіледі. Одан соң тәжірибедегі қояндарды Н.Ф.Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология институтының әдісі бойынша ценур антигендерімен егеді. Мұнда әр қоянның 1 кг салмағына 12 мг ақзат келетіндей етіп, есептеледі.
Қорыта келгенде, ценур антигенмен қояндарды үстемелеп егу арқылы қан сарысуын алудың оптимальді үлгісі табылды. Әсіресе, ультрадыбыспен әсер ету арқылы алынған антиген ең жоғарғы титрлі қан сарысуын алуға мүмкіндік береді .
Бактерия, вирус антигені мен анатоксиндердің тірі продуценттерінің гипериммунитет уақытша және енжарлы иммунитет түзеді, сондықтанда организмнің жұқпалы аурумен ауырғаны байқалса, онда иммунитеттің тез түзілуі үшін қолданылады. Организмге емдік қан сарысуын еккеннен кейін 2-3 сағаттан соң иммунитет түзіледі, бірақ 2-3 аптаға ғана созылады.
Диагностикалық иммунды қан сарысуы мен иммуноглобулиндерді жануарларға сәйкес келетін антигендермен гипериммундеу жолымен алады. Көп жағдайда қан қан сарысуларының продуценттері ретінде зертханалық жануарлар, тауық және жылқылар болып табылады. Диагностикалық қан сарысулары тек бір ғана антигенге бағытталған телімді антиденелерден тұрады. Диагностикалық қан сарысулары ауру қоздырғыштарының патогенді материалдарын (сібір жарасы) анықтауда қоздырғыш инфекциясының түрін (сератоп, сератин) анықтау мақсатында қолданылады.
Гипериммунды қан сарысуын алу технологиясы
Емдік – алдын алу және диагностикалық иммунды қан сарысуларды және олардан алынатын телімді-белсенді ақуыз фракцияларын – иммуноглобулиндерді – жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың профилактикасында және ауру малдарды емдеу кезінде, және де аурулардың динамикасында серологиялық әдістер үшін қолданады. Қан сарысу препараттары міндетті түрде стандартқа, тиімділікке, телімділікке, қауіпсіздікке және зиянсыздыққа жауап беруі қажет.
Гипериммунды және иммунды диагностикалық қан сарысулары жануарлардың гипериммунизациясынан алынады (жылқы, есек, бұқа, шошқа, қоян, қой, тауық, теңіз шошқалары, т.б.) .
Формалы элементтер мен фибриннің жойылуы нәтижесінде алынған гипериммунды қан сарысуы – нативті деп аталады.
Иммунизация аяқталған соң, жануарлар организмінде телімді антиденелердің максималды деңгейі орнаған соң, одан қан алады. Ол келесі сызба бойынша алынады:
-
Нативті плазманы (қан сарысуын) тұндыру
-
Тазарту (фенолды және мертиолятты қосу)
-
Қан сарысуын концентрлеу
-
Қан сарысуын стандартизациялау
-
Стерильдеу (фильтрациялау)
Жылыту қан сарысуын (керек болған жағдайда): жылқы қан сарысуын 60 мин 58,5 +-0,5°C, ІҚМ, шошқа қан сарысуын 30 мин 58,5 +-0,5°C
Суыту 15°C немесе одан да төмен градуста
Консервациялау (0,25-0,50% фенол ерітіндісімен, 0,10-0,30% креозол ерітіндісімен, 0,01-0,03% тиомерсал (мертиолят) ерітінділерімен және т.б. консерванттармен).
Алынатын қанның мөлшері жануарлардың салмағына және денсаулығына байланысты болып келеді. Жануар – продуценттерден қанды алар кезден бұрын жануарларды үйретеді. Қандағы глобулин 50%-дан төмен болған жағдайда қанды алуға тыйым салынады. Қанды алудың дозасы белгіленген. Бір ретті, екі ретті және көп ретті қан алу болып бөлінеді.
Қансыздандыруды қандағы антиденелер максималды деңгейге жеткен кезде және олардың төмендеу қаупі төнген кезде ғана жүргізіледі.
Бақылау сұрақтары:
Дауалау биопрепараттарын пайдаланудағы ветеринариялық негіздеме Диагностикалық қан сарысуын алу тәсілдері -
Иммунофлюоресцентті әдіс
Гипериммунды қан сарысулары және алу технологиясы
Негізгі әдебиеттер
1 Технология ветеринарных биологических препаратов ., / Ахметсадықов Н.Н., Шабдарбаева Г.С., Хусаинов Д.М. Учебник – Алматы : Изд-во «Агроуниверситет», 2011. – 353 с.
2 Современные лекарственные средства в ветеринарии.,/ Субботин В.М., Субботина С.Г., Александров И.Д. издание 2-е дополненное и переработанное. г. Ростов-на-Дону «Феникс» 2001г. – 600 с.
2 Қосымша әдебиеттер
1 Фитотерапия: оқу құралы / Қожанов, К.Н. -2010
Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану./ Шәріпбаев Н. Ш. – Алматы, Қайнар: 1988. – 243 б.
2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов К.Н. – 2009
Лекарственные растения в ветеринарной практике / Рабинович М.И. - 1987
3 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007
Практикум по ветеринарной рецептуре с основами технологии лекарственных форм / Набиев, Ф.Г. - 2008
4 Фармакопея СССР. – М.: Медицина, 1990. – 333 с.
5 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007
3 Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер
3.1 Фитотерапия: оқу құралы / К.Н.Қожанов; С.К.Қожанова. – Алматы, - 2010// http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_98/
3.2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов, К.– 2009 // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_93/
Достарыңызбен бөлісу: |