Полимерлік материал қалдықтарын қоқыс сақтау орындарында жер астына көміп тастау уақыт өте келе өз әйгілігін жоғалтуда



бет2/25
Дата12.05.2024
өлшемі372.67 Kb.
#500909
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Полиэтилентерефталат печать

І.ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ


1.1. Жобаланатын процестің арналуы, қысқаша сипаттамасы және сүлбесін таңдау негіздемесі

Дүниежүзілік пластмасса өңдірісі жыл сайын 5-6%-ға өсіп жатыр және болжаммен 2020 ж. 250млн тоннаға жетеді.[1]. Және де қазіргі кезде қарқынмен дамып келе жатқан нарық –полиэтилентерефталат (ПЭТ) нарығы болып саналады.


Полиэтилентерефталат әлемде орама өндірісінде революция жасады, және әлемдік нарықта осы сфера саласында жағдайды өзгертті. Соңғы 10 жылда әлемде ПЭТ өндірушілердің саны екі есеге көбейді. XX ғ. 90 ж. басынан қазіргі уақытқа дейін әлемде ПЭТ өндірісінің интенсивті дамуы байқалуда. 1990-1995 жылдар аралығында әлемде ПЭТ сұранысы орташа есеппен жылына 15% құрады, ал 1995-2000 жылдар аралығында бұл көрсеткіш жылына 20% құрады.[2]. Соңғы жылдары әлемдік ПЭТ нарығының өсуі орташа есеппен алғанда жылына 10% құрайды.
ПЭТ-тен жасалған материалдар 1940 ж. бастап жасала бастады.[3-5].Сол кезден бері ПЭТ материалдарының адам өмірінде, жеңіл тамақ өнеркәсібінде, медицинада және фармацевтикада универсиалды кең ауқымды қолданыуы басталды.[6].
Полиэтилентерефталат әр түрлі пленка, орама және сыйымдылықтар жасауда жақсы колданылады.[7]. ПЭТ-тен жасалған ыдыстардың жоғары тұтынушылық қасиетіне байланысты бұл материалға сусын және тамақ өнімінде кең қолданыс тапты.[6]. Қазіргі кезде ПЭТ-тара сапасы жағынан жоғары болуына байланысты дәстүрлі шикізат түрі картон мен шыныны белсеңді ығыстырып жатыр.
Полиэтилентерефталаттың маңызды ерекшелігінің бірі одан жасалған екіншілік материал өңделуге жеңіл беріледі. Және де маңызды қасиеті басқа екіншілік пластмассаларға қарағанда екіншілік ПЭТ жеңіл гомогенденеді. [8].Екіншілік полиэтиленетерефталаттың осы ерекшеліктеріне байланысты қазіргі таңда әлемдегі ең көп өңделетін және алуан түрлі қолданатын пластик болды, гранул, орамаға арналған пленкадан бастап, киім,кілем, жүк және офистік жиһаз, аудио-видео пленкалар өндірісінде кеңінен қолданады. Көбінесе полиэтилентерефталат қалдықтарын қайта пластикалық бутылка, пленка және талшық өндірісінде қолданады. Америка Құрама Штаттарында екіншілік полиэтилентерефталаттан полиэфирлі талшықтардың жартысы дерлік өндіріледі.
Сонымен, әлемде соңғы жүз жылдықта екіншілік полиэтилентерефталат нарығы құрылуы байқалады,бұл экологиялық және экономикалық аспектілермен тікелей байланысты. Бүкіләлемдік полиэтилентерефталат өндірісі көлемі бүгінгі кезде жылына 1 млн. тоннаны құрайды. [8].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет