Политология жауаптары


Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар. ҚР-дағы негізгі саяси партиялар мен Қоғамдық қозғалыстар, олардың тұғырнамасы, саяси жүйедегі орны



бет22/25
Дата08.02.2024
өлшемі290.91 Kb.
#491321
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
ПОЛИТОЛОГИЯ ЖАУАПТАРЫ

Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар. ҚР-дағы негізгі саяси партиялар мен Қоғамдық қозғалыстар, олардың тұғырнамасы, саяси жүйедегі орны.

Партия – мақсаты билікке қол жеткізу болып саналатын саяси ұйым. Партия қоғам мен мемлекет арасындағы дəнекер буын қызметін атқара алады. Партия халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс.
1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан ең көп саяси күш болды. Дегенмен елде компартияға деген халықтың сенімі əлсіреді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай əсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42 пайызы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49 мыңға кеміді.
«ҚХКП» (Қазақстанның Халықтық-коммунистік партиясы) – Қазақстан Коммунистік партиясының ыдырауы нəтижесінде құрылды. ҚХКП-ға ҚКП-дан 15 мың адам мүшелікке өтті. Бұл партия 2004 жылы сəуірде ҚР Əділет министрлігінде тіркелді.
1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның Республикалық партиясы, Қазақстанның Халық конгресі жəне Коммунистік партия. 1994 жылы желтоқсанда Қазақстанның Халықтық-кооперативтік партиясы, 1995 жылы қаңтарда Қазақстанның Өрлеу партиясы, 1995 жылдың басында Қазақстанның Аграрлық партиясы, 1995 жылы жазда Қазақстанның Демократиялық партиясы құрылды. 1999 жылғы қаңтарда «Отан» партиясы құрылды. Бұл партия Н.Ə. Назарбаевтың президенттікке кандидатурасын қолдау үшін қоғамдық штаб негізінде құрылды.
Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін «Отан» өзімен мақсат-мүддесі бір «Асар», «Азаматтық» жəне «Аграрлық» партиялармен бірігу нəтижесінде қайта құрылды.
Жалпы 1999 жылы республикада барлығы 14 саяси партия мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыс, бірлестік құрылды. 2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны 15-ке жетті.
2002 жылы шілде айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» заңы жəне 2009 жылы 6 ақпандағы осы заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар елдің партиялық жүйесін одан əрі құрылымдық жағынан сапалы түрде өзгертті.
2006 жылы желтоқсан айында «Отан» партиясының 10-съезінде партияның аты «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы болып өзгертілді. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында партия айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.
2011 жылы республикада Қазақстан азаматтарының əртүрлі көзқарастарының кең шоғырын көрсететін 10 саяси партия тіркелді: Қазақстанның Демократиялық партиясы – «Азат», Қазақстанның Демократиялық партиясы – «Ақ жол», Қазақстанның Социал-демократиялық партиясы – «Ауыл», «Əділет»
Демократиялық партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, Қазақстан патриоттар партиясы, «Руханият» партиясы.
Жалпы алғанда, Қазақстандағы партиялық жүйе қоғам мен мемлекет байланысының тиімді механизмі болып саналады жəне қоғамды демократияландыру мен ішкі саяси тұрақтылықты нығайту процестерінде маңызды рөл атқарады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет