Қазақстандағы саяси процестердің ерекшеліктері жəне олардың өту режимдері.
Саяси процесс ұғымы кең жəне тар мағынада қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нəтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді.
Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала - өте күрделі процесс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады.Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейміз.
Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады:
Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынға мемлекеттік билікті ауыстыруы мүмкін, соның легитимдігін көрсетеді.
Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы.
Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау жəне жүзеге асыру.
Саяси жүйенің жағдайы мен іс-əрекетін бақылау
Саяси модернизация дегеніміз – қоғамның барлық салаларының арта қалған жақтарын дамытуға байланысты бірден өзгеріске əкелтіп, гүлдену процесі. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің 2005 жылғы жодауында жақсы атап көрсеткен. Жалпы модернизация қазіргі таңда ұлттық мүддемен тығыз байланысты. Соған байланысты біздің мемлекетіміз біршама шаралар жүргізуде:
ақпараттық қауіпсіздік - елдегі іс - əрекет ететін экстремистік топтарды есепке алу жəне олардың негізгі бағыттары жөнінде толығымен ақпараттанып отыру;
əлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік - елдің əлеуметтік-экономикалық жағдайының бұл топтардың таралуына өте жақсы ықпал ететінін ескере отырып, осы салаларды қатаң қадағалау;
құқықтық қауіпсіздік - заң тұрғысында терроризмге жəне эктремизмге толық анықтама бере отырып, оны жоюды жəне жазалауды толығымен қамтамасыз ету;
ұлттық қауіпсіздік – қоғамның тұтастығын сақтау, интеграциялық шаралар жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |