11) іс-шаралар жоспарымен көзделген іс-шаралардың орындалмауы;
12) қор биржасының ішкі құжаттарымен көзделген басқа жағдайларда.
27. «Исламдық бағалы қағаздар» секторы екі санатқа бөлінеді: исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары.
28. Исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізімінің «исламдық бағалы қағаздар» секторының «исламдық жалға алу сертификаттары» санатына енгізу және олардың онда болуы үшін осы бағалы қағаздар, олардың эмитенті және оригинатор мына талаптарға сәйкес келеді:
1) эмитент акционерлік қоғам не жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға болып табылады;
2) оригинаторды мемлекеттік тіркеу исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтінішті берген күнге дейін кем дегенде екі жыл бұрын жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде оригинатор құрылған ұйымның (ұйымдардың) жұмыс істеу мерзімін есепке алу жүргізілуі мүмкін;
3) рейтингілік бағасын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша қор биржасымен танылатын рейтингілік агенттіктердің тізбесіне кіретін рейтингілік агенттіктердің біреуі исламдық бағалы қағазға рейтингілік баға берді.
Оригинаторда «ВВ-» төмен емес («Standard & Poor's» және «Fitch» рейтингілік агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе «Ва3» төмен емес («Moody's Investors Service» рейтингілік агенттігінің жіктеуі бойынша) не «Standard & Poor's», «Fitch» және (немесе) «Moody's Investors Service» рейтингілік бағасы рейтингілік агенттіктердің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдің рейтингілік бағасы бар.
Бұл ретте, қор биржасы соңғы жиырма ай ішінде берілген (расталған, жаңартылған) сол рейтингілік бағаны ескереді. Бірнеше рейтингілік агенттік берген рейтингілік бағалар бар болған кезде, осы бағалардың соңғысына мән беріледі;
4) оригинатор қаржылық есептілігін ХҚЕС сәйкес жасайды;
5) рұқсат беру бастамашысы аудиторлық есеппен расталған оригинатордың мыналардан кем емес қаржылық есептілігін ұсынады:
егер исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы екі қаржы жылынан;
егер исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған жүйелі екі қаржы жылынан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған оригинатордың қаржылық есептілігін.
Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (оригинатордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, оригинатордың қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс.
Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (оригинатордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді.
Оригинатордың қаржылық есептілігінің аудиті қор биржасының танитын аудиторлық ұйымдарының тізбесіне енетін аудиторлық ұйымдарының бірі олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі негізінде жасалады;
6) исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі оригинатордың исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңеспен келісілген;
7) аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес оригинатордың левередж мөлшері екіден аспайды;
8) рұқсат беру бастамашысы ҚЕХС сәйкес жасалған және қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдар тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымның аудиторлық есебімен расталған олардың біліктілік талаптарына сәйкес келуі негізінде эмитенттің соңғы есептілік күніне қаржылық есептілігін (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікті) береді;
9) құрылтайшы эмитенттің жарғылық капиталын толығымен төлеген;
10) бөлінген активтердің құрамына кіретін мүліктің объектілері исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген не оригинатор мен эмитент арасында бөлінген активтерді құрайтын мүліктің объектілерін исламдық бағалы қағаздардың айналыста болу мерзіміне жалға (қаржы лизингіне) беру туралы шарт жасалған күнге дейінгі екі жыл ішінде жалға (қаржы лизингіне) беріледі;
11) эмитенттің бөлінген активтерін бағалау қор биржасы танитын бағалаушылардың тізбесіне кірген бағалаушылардың біреуімен жүргізіледі;
12) бөлінген активтер бойынша кірістердің кемінде жетпіс бес пайызын мүлікті жалға (қаржы лизингіне) беру нәтижесінде алынған кірістер құрайды;
13) бөлінген активтер құрамына кіретін мүліктің объектілеріне ауыртпалық салынбайды;
14) акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы;
15) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.
29. Исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізімінің «исламдық бағалы қағаздар» секторының «исламдық қатысу сертификаттары» санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы бағалы қағаздар, олардың эмитенті және оригинатор мына талаптарға сәйкес келуі керек:
1) осы Талаптардың 28-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 14) және 15) тармақшаларында көзделген талаптар;
2) эмитент бар инвестициялық жобаны дамыту үшін тартылған шығарылым қаражатын кейіннен пайдалану мақсатында исламдық бағалы қағаздарды шығару үшін құрылған заңды тұлға болып табылады;
3) инвестициялық жобада ақшалай қаражатты жинақтайтын объектінің (қаражат көзінің) және осы ақшалай қаражатты бөлу механизмінің, сондай-ақ инвестициялық жоба шығындарының негізгі көздерінің бар екенін болжамдайтын ақшалай қаражат қозғалысының айқын схемасы бар;
4) инвестициялық жобаның рентабельділігі оның жобалық құжаттамасына сәйкес оң шамаға жатады;
5) оригинатор инвестициялық жобаға енгізген мүліктің бағасын қор биржасы танитын бағалаушылардың тізбесіне кірген бағалаушылардың біреуімен жүргізіледі.
30. Акционерлік инвестициялық қордың акцияларын қор биржасының ресми тізіміндегі «инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары» секторына енгізу үшін және онда бағалы қағаздарды қалдыру үшін акционерлік инвестициялық қор, сондай-ақ егер ол инвестициялық портфелді басқаруға лицензиясы не болмаса заңды тұлға ретінде инвестициялық қордың тіркеу елінің заңнамасымен көзделген тиісті құжаты болса (бұдан әрі - инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор) акционерлік инвестициялық қорды басқарушы компания мынадай талаптарға сәйкес келуі керек:
1) акционерлік инвестициялық қордың бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу елінің заңнамасына сәйкес олар шығарған бағалы қағаздар қор биржасының сауда-саттық жүйесінде орналастырылуға және айналымда болуға рұқсат етілуі тиіс;
2) акционерлік инвестициялық қор ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті құрайды;
3) ресми тізімнің осы секторына бағалы қағаздарды енгізу туралы өтініш берген күннен бері инвестициялық қордың басқарушы компаниясы не акционерлік инвестициялық қор инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияны не заңды тұлға ретінде инвестициялық қордың тіркелген елінің заңнамасымен көзделген тиісті құжатты алған күнінен бастап бір жылдан аспайтын уақыт өтті;
4) рұқсат беру бастамашысы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе соңғы толық аяқталған қаржы жылы үшін не нақты өмір сүру кезеңі аралығындағы аудиторлық есеппен расталған акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігін ұсынады.
Қор биржасы соңғы қаржы жылы аяқталғаннан кейінгі бірінші төрт ай аралығында осы секторға инвестициялық қордың бағалы қағаздарын енгізуге рұқсат беру бастамашысының өтінішін инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе соңғы толық аяқталған қаржы жылғы аудиторлық есеппен расталған акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігін ұсынбай, оларда мыналар болған жағдайда енгізеді:
соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы жылға арналған аудиторлық есепті растаушы қаржылық есептілік, сондай-ақ жасалған күнінен бастап рұқсат беру бастамашысының аталған өтінішті берген күніне дейін алты айдан артық емес уақыт өткен аралық қаржылық ақпаратты шолу жөніндегі есептер (инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың аралық қаржылық есептілігінің толық комплекті) не
жасалған күнінен бастап рұқсат беру бастамашысының аталған өтінішті берген күніне дейін алты айдан артық емес уақыт өткен осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе аудиторлық есеппен расталған осы акционерлік инвестициялық қордың аралық қаржылық есептілігін;
5) акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілік аудитін олардың біліктілік талаптарына сәйкестілігі негізінде қор биржасы танитын аудиторлық ұйымдар тізбесінде бар аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;
6) акционерлік инвестициялық қор өтініш беру алдындағы үш жыл немесе акционерлік инвестициялық қордың жұмыс істеу кезеңі аралығында, егер ол үш жылдан кем болған жағдайда акционерлік инвестициялық қор өтініш берердің алдында олардың бағалы қағаздарды ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындамауы немесе уақтылы орындамау жағдайлары болмауы керек;
7) акционерлік инвестициялық қордың инвестициялық декларациясы осы басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың интернет-ресурсында жарияланған;
8) акционерлік инвестициялық қордың құрылтай құжаттарында бағалы қағаздар меншік иелерін иеліктен айыру кезінде (басқаға беру) құқықтарын шектейтін немесе нұқсан келтіретін нормалар жоқ;
9) акционерлік инвестициялық қорды мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш бергенге дейін бір жылдан кем емес мерзім ішінде жүзеге асырылған;
10) Қазақстан Республикасының резиденттері – акционерлік инвестициялық қорларға қатысты – осындай қордың акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы.
Қазақстан Республикасының резиденті еместер – акционерлік инвестициялық қорларға қатысты – егер оның болуы осындай қорды заңды тұлға ретінде тіркеуші елдің заңнамасымен көзделген жағдайда, корпоративтік басқару кодексінің немесе осындай қорды заңды тұлға ретінде тіркеуші елдің заңнамасымен көзделген тәртіпте бекітілген өз мазмұны бойынша ұқсас басқа құжаттың болуы.
31. Инвестициялық пай қорының пайларын қор биржасының ресми тізімінің «инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары» секторына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы бағалы қағаздар, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы не инвестициялық қорды заңды тұлға ретінде тіркеуші елдің заңнамасымен көзделген тиісті құжаты бар инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы қаржылық есептілікті ХҚЕС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес жасайды;
2) бағалы қағаздарды ресми тізімнің осы секторына енгізу туралы өтініш берілген күні инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы инвестициялық портфельді басқаруға лицензияны не инвестициялық қорды заңды тұлға ретінде тіркеуші елдің заңнамасымен көзделген тиісті құжаты алған күннен бастап кем дегенде бір жыл өткен;
3) рұқсат беру бастамашысы соңғы толық аяқталған қаржы жылына не нақты өмір сүру кезеңіне аудиторлық есеппен расталған инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының қаржылық есептілігін береді.
Соңғы қаржы жылы аяқталғаннан кейін бірінші төрт ай бойы рұқсат беру бастамашысының инвестициялық пай қорының бағалы қағаздарын осы секторға енгізу туралы өтінішті қор биржасы соңғы аяқталған қаржы жылына аудиторлық есеппен расталған инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының қаржылық есептілігін бермей, оларда:
соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы жылға аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік, сондай-ақ оны жасаған күннен бастап рұқсат беру бастамашысының көрсетілген өтінішті берген күніне дейін алты айдан аспайтын мерзім өткенде аралық қаржы ақпаратының үлгісі (инвестициялық қордың басқарушы компаниясының аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп, не
оны жасаған күннен бастап рұқсат беру бастамашысы көрсетілген өтінішті берген күннен бастап алты айдан аспайтын мерзім өткен аудиторлық есеппен расталған инвестициялық пай қорының осы басқарушы компаниясының аралық қаржылық есептілігі болған жағдайда қабылдайды;
4) қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енетін аудиторлық ұйымдардың бірі инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының қаржылық есептілігінің аудитін олардың біліктілік талаптарына сәйкес келуінің негізінде жүргізеді;
5) өтінішті берер алдындағы үш жыл бойы инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясында оның бағалы қағаздарын ұстаушылардың алдындағы міндеттемелерді орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдай болмайды;
6) басқарушы компанияның инвестициялық декларациясы осы басқарушы компанияның интернет-ресурсында жарияланған;
7) басқарушы компанияның құрылтай құжаттарында бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен алу (жіберу) құқықтарына қысым жасайтын және шектейтін нормалар болмайды.
32. Қордың жылжымайтын мүлік акцияларын қор биржасының ресми тізімінің «инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары» секторына енгізу және олардың сонда болуы үшін, жылжымайтын мүлік қоры және оның бағалы қағаздары мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) Талаптардың 30-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларымен көзделген;
2) шығарылған бағалы қағаздар және (немесе) басқа міндеттемелер бойынша міндеттемелердің мөлшері жиынтығында жылжымайтын мүлік қорының меншікті капиталының он пайызынан аспайды;
3) жылжымайтын мүлік қорының инвестициялық кірістерінің кем дегенде жетпіс бес пайызын жылжымайтын мүлікті жалға беру нәтижесінде алынған кірістер құрайды;
4) жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік жылжымайтын мүлік қорының басқарушы компаниясының үлестес тұлғаларынан сатып алынбаған;
5) жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін, жалдау шартымен белгіленген жылжымайтын мүлік объектілерін жалға беру мерзімі бір жылдан кем емес;
6) жылжымайтын мүлік қорының активтері құрамына кіретін жылжымайтын мүлік объектілері оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін екі жыл ішінде жалға беріледі.
Рұқсат беру бастамашысы қор биржасына жалдау шартының стандартты нысанын, сондай-ақ жылжымайтын мүлік қорының бағалы қағаздарын жылжымайтын мүлік қоры активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік объектілерін бір жылдан кем емес мерзімге жалға берілгенін растаушы қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін жасалған жалдау шарттарының көшірмелерін береді.
33. Индекстік қордың бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің «инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары» секторына енгізу және олардың онда болуы үшін индекстік қор және оның бағалы қағаздары мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) Талаптардың 30-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларымен және 31-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларымен көзделген;
2) индекстің өкілдік тізіміне енгізілген бағалы қағаздар уәкілетті органмен келісу бойынша қор биржасы таныған биржалардың тізбесіне енетін шетелдік қор биржаларының бірінің ресми тізіміне енгізілген.
34. Туынды бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізімінің «туынды бағалы қағаздар» секторына енгізу және олардың онда болуы үшін осы бағалы қағаздар және олардың эмитенті уәкілетті органмен келісілген қор биржасының қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
35. Эмитенттердің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың онда ықшамдалған рәсім бойынша болуы үшін осы бағалы қағаздар олардың эмитенттері мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) осы бағалы қағаздар уәкілетті органмен келісу бойынша қор биржасы таныған биржалар тізбесіне енетін шетелдік қор биржаларының бірінің ресми тізіміне енгізіледі, не
егер депозитарлық қолхаттар бағалы қағаздар болып табылса, базалық активі болып табылатын осы депозитарлық қолхаттар немесе акциялар уәкілетті органмен келісу бойынша қор биржасы таныған биржалар тізбесіне енетін шетелдік қор биржаларының бірінің ресми тізіміне алдын ала енгізіледі;
2) осы бағалы қағаздардың эмитенттері туралы ақпаратты ашу тиісті қор биржаларының ресми сайттарында және заңды тұлға ретінде осы қор биржаларының тіркелген елінің заңнамасына және осы қор биржаларының қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Егер ықшамдалған рәсім бойынша қор биржасының ресми тізіміне депозитарлық қолхаттар енгізілсе, осы тармақшаның бірінші абзацының талабы депозитарлық қолхаттардың эмитентіне емес, депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар эмитентіне қолданылады;
3) осы бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудиті ресми тізіміне осы бағалы қағаздар енгізілген шетелдік қор биржасы таныған және уәкілетті органмен келісу бойынша қор биржасы таныған биржалар тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді.
Егер ықшамдалған рәсім бойынша қор биржасының ресми тізіміне депозитарлық қолхаттар енгізілсе, осы тармақшаның бірінші абзацының талабы депозитарлық қолхаттардың эмитентіне емес, депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар эмитентіне қолданылады;
4) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар, оның ішінде депозитарлық қолхаттар шығарылымы проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен алу (жіберу) құқықтарына қысым жасайтын және шектейтін нормалар болмайды.
36. «Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары» секторында өтініш жасауға оларды есепке алу орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде жүзеге асырылатын халықаралық қаржы ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздарына жол беріледі.
Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының сауда жүйесінде айналысқа жіберілетін халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесі уәкілетті органмен келісу бойынша осындай қор биржасымен белгіленеді.
37. «Мемлекеттік бағалы қағаздар» секторында өтініш жасауға Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, оларды есепке алу орталық депозитарийлерді есепке алу жүйесінде жүзеге асыралатын мемлекеттік бағалы қағаздарға жол беріледі.
Қор биржасының сауда жүйесінде өтініш жасауға Қазақстан Республикасынан басқа, «В-» (Standard & Poor's және Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе «В3» (Moody's рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) төмен емес шетел валютасындағы тәуелсіз ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг бағасы бар мемлекеттер шығарған мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарына рұқсат беріледі.
38. «Мемлекеттік бағалы қағаздар» секторына жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын енгізу және олардың онда болуы үшін, осы облигациялар және олардың эмитенттері Талаптардың 36-тармағымен белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
39. Бағалы қағаздарды секторлардың жекелеген санатына (шағын санатына) ықшамдалған рәсім бойынша жатқызу қор биржасының қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте қор биржасының қағидаларында Талаптардан ресми тізімге осы эмитенттерді заңды тұлға ретінде тіркейтін елдің заңнамасына негізделген ықшамдалған рәсім бойынша енгізілетін (ресми тізімдегі) бағалы қағаздардың эмитенттері үшін алып тастауға жол беріледі.
40. Қор биржасының қағидаларымен Талаптардан басқа меншікті капиталдың, таза пайданың мөлшеріне, негізгі қызмет бойынша сату көлеміне (қаржылық емес ұйымдар мен лизингтік компаниялар үшін), листингтік компанияға, бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің болуына, еркін айналыстағы акциялардың санына қойылатын талаптарды қоса, бағалы қағаздарға, рұқсат беру бастамашыларына және листингтік компанияларға қойылатын қосымша талаптар және өзге де талаптар жол беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |