Жобада мыналар көзделеді:
1) ҚНИ үшін 1 «Құқықтық негіз», 7 «Өтімділік тәуекелі», 8 «Есеп айырысулардың аяқталуы», 13 «Қатысушының орындалмайтын міндеттемелеріне жататын қағидалары мен рәсімдері» Қағидаттардың:
- «кері қайтарылмайтын төлем» ұғымын енгізу;
- бағалы қағаздармен мәмілелердің нәтижелері бойынша БҚОД төлемі немесе ақша аударымы жөніндегі нұсқауларды өткізу тәртібін сипаттау;
- пайдаланушыда өтімділікті есептеу үшін олар жеткіліксіз болған кезде кезекке қойылмайтын төлем хабарламаларының түрлерін анықтау (ҚБЕО-ның орындамастан қайтаруы): бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша БҚОД төлем нұсқаулары бөлігінде орындау;
- пайдаланушы бастамашыға қарсы шығарған жеделдетілген оңалту рәсімін, оңалту рәсімін қолдану немесе борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін алғанға дейін пайдаланушылар жүйеге бағыттаған төлемдер мен ақша аударымдары кері қайтарылмайтын және түпкілікті болып табылатын ұйғарым ретінде орындалуы және аяқталуы тиіс;
2) төлем жүйесін пайдаланушылар мен БААЖ операторы арасындағы мүдделер қақтығысын басқару рәсімін анықтайтын талаптармен Қағидаларды толықтыру жолымен ҚНИ үшін 2 «Басқару» Қағидатын орындау;
3) ҚНИ үшін 3 «Тәуекелдерді кешенді басқару жүйесі», 17 «Операциялық тәуекел» Қағидаттарын:
- Қағидаттарда пайдаланылатын тәуекелдер тізбесін ҚНИ үшін қағидаттарда, ТЕИК терминдерінің глоссарийінде белгіленген тәуекелдер тізбесіне сәйкес келтіру;
- тәуекелдерді басқару әдістерін анықтау;
- тәуекелдерді басқарудың пайдаланылатын әдістерін екі жыл ішінде кемінде бір рет ҚРҰБ мен ҚБЕО-ның міндетті түрде талдау жүргізуі туралы талаптарды белгілеу;
- операциялық тәуекелді басқару тәсілдерін анықтау;
- БААЖ-да операциялық тәуекелді басқару жөнінде ҚБЕО ҚРҰБ-мен бірігіп құжат әзірлейтін талаптарды белгілеу арқылы орындау.
4) ҚНИ үшін 4 «Кредиттік тәуекел» және 7 «Өтімділік тәуекелі» Қағидаттарын:
- өтімділік тәуекелін, жүйелік және кредиттік тәуекелдерді басқарудың қолданылып жүрген әдістерін регламенттеу;
- кезекте тұрған төлем құжатының басымдылығын өзгертуді пайдаланушы-бастамашы төлем құжатын қайтарып алмай, тиісті хабарламаны жүйеге жіберу арқылы жүзеге асыратын өзгерістерді енгізу жолымен орындау;
5) БААЖ арқылы трансшекаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын өткізу тәртібін айқындау;
6) Қағидаларға жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша Қағидалардың мәтіні бойынша редакциялық және өзге де түзетулер енгізу.
Сондай-ақ, жобада Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларына 33-тармақты алып тастау (аталған қаулының мәніне жатпайды, өйткені БААЖ-дағы төлемдер БААЖ-да ақша аудару қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады) бөлігінде өзгеріс енгізіледі.
|