Ескерткіштер, мүсіндер және мемориалдармен жұмыс жасау алгоритмі:
Бұл мемориал қандай оқиға мен адамға арналған?
Бұл оқиға қашан болған және ол адам қашан өмір сүрген?
Ескерткіш қайда орналасқан?
Неліктен бұл ескерткіш немесе мемориал осында орналасқан?
Мемориал қашан салынған?
Оның ашылуы қашан болды?
Бұл мемориал бастапқыда қандай еді? қазіргі көрінісі қандай?
Оның несі өзгерген? Мүмкін онда өзгеріс болмаған шығар?
Мемориалдың визуалды көрінісі қандай?
Оның символы қандай?
Оның параметрлері мен өлшемдері қандай?
Ол қандай материалдан жасалынған?
Бұл мемориалды салу мен орнатуды кім қаржыландырған?
Мұндай аспан асты музейлерге кім жауапты?
Неліктен мемориалдар саясат пен қоғамда маңызды болып саналады?
Мемориалдың салынуына қандай оқиға әсер етті?
Неліктен мемориалдар тарихи дереккөз болып саналады?
Ескерткіштер, мүсіндер мен мемориалдар туралы мәліметтер жинақтаңыздар;
Ойланыңыздар, саяси жағдайлардан кейін салынған меморалдар қалай өзгерген?
Статистикамен қалай жұмыс жасауға болады?
Сандарға негізделген тарихи дереккөз статистика деп аталады. Статистика - бұл өте құнды дереккөз, себебі ...
• тарихи оқиғалардың немесе процестердің сандық сипаттамаларын береді;
• оқиғалар немесе процестердің кезеңддерін анықтауға көмектеседі;
Статистикалық дереккөздердің мынадай түрлері бар:
Статистика көмегімен бір уақыттағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік құрылым, адамдардың өмір сүру деңгейі және т.б. қоғамдық өмірдегі құбылыстарды көруге болады. Сондай-ақ, статистика әртүрлі елдерде және түрлі кезеңдердегі процестерді (олардың ұқсастығы мен айырмашылықтары) салыстыруға өте ыңғайлы. Салыстыру мен қорытынды жасауғкөмектеседі. Статистикалық мәліметтерге сүйеніп, мыналарды білуге болады:
• кестеде қандай жағдайды салыстыруға болады?
• Неге бұл операциялық факторлар қабылданды?
• Бұл операциялық факторлар нені көрсетеді?
• Мұны қандай фактілер дәлелдейді?
Естеріңізге сала кетейік, - кез-келген тарихи дерек көзі сияқты - статистика толығымен, бір жақты және кейде жалған ақпарат береді. Статистикалық дереккөздердің сенімділігін мұқият тексеру қажет. Сондай-ақ, статистикалық деректерді кім, қайда және қашан жасағаннын білу керек. Оның мақсаты неде? Ол қандай дереккөздерді пайдаланылғанын ескеру маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |