Карикатура мен жұмыс жасағанда, сіз келесі ережелерге сүйенуіңіз керек:
Сипаттамасы:
Интерпретация:
Карикатураның салынған уақыттына қараңыз. Ол қандай оқиға мен уақытқа байланысты салынған?
Сіз кейіпкерлерді білесіз бе? Егер олар шынайы кейіпкерлер болса, онда оларды атаңыз. Неліктен бұл кейіпкерлер карикатурада берілген? олар мұнда қандай рөл ойнайды?
Суретші қандай символдарды қолданған? Неліктен ол бұларды таңдаған?
Карикатурадағы адамдар жағымды кейіпкер ретінде бейнеленген бе? әлде жағымсыз ба?
Суретші кейіпкерлерді қалай интерпретациялаған? Сіз онымен келісесіз бе?
Автордың идеялары мен саяси ұстанымы қандай? Оларды қалай анықтайсыз?
Карикатурадағы кейіпкерлер мен оқиғаларды басқа қандай дереккөзден білесіз? Сіздің олар туралы біліміңіз карикатурадағы идеямен қаншалықты сәйкес келеді?
Фотосуреттермен қалай жұмыс жасау керек?
(«ЕлАна» әлеуметтік, қоғамдық-танымдық сайты)
Фотосуреттер- тарих сабағындағы қызықты дереккөздердің бірі болып табылады. Фотосуреттер XIX ғасырдың басынан бері тарихтың әртүрлі аспектілеріне қатысты көптеген шынайы визуалды образдарды бейнелейді, соның ішінде әлеуметтік жағдай, соғыстар, техникалық өнертабыстар, саяси оқиғалар және т.б. Олар ұзақ әрі күрделі жазбаша дереккөздерге қарағанда түсінікті және қызықты болады. Ал, фотосуреттерді қарапайым әрі түсінікті етіп ұсыну қажет. Мұқият талдаусыз ұсынылған ең қызықты деген фотосуретте түсініксіз болуы мүмкін. Ең бастысы, оқушыларға визуалды дереккөздерді зерттеуге итермелейтін сұрақтар мен тапсырмаларды ұсыну керек. Фотосурттер визуалды дереккөздерді-мәтінге және жазбаша деректерге қарағанда оқушыларға оңай қабылдайды. Визуалды дереккөздерін талдауға ұсыну үшін, оқушыларды зерттеуге итермелейтін сұрақтар мен тапсырмалар мазмұнын түсінікті етіп ұсыну қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |