143
2-ұл: О, онда ол балконнан түседі.
1-ұл: Жоқ, балконнан түсуі мүмкін емес. Балкон болмайды ғой.
1-қыз: Иə, ендеше мен...
Өзге ғаламшарлық: Иə, сендерге жеңілдік берейін онда. Киіз үйге
жарық төбесінен түседі.
1-қыз: Иə, ол шаңырақ қой.
2-ұл: Балалар, дұрыс, жарық шаңырақтан түседі.
Өзге ғаламшарлық: Иə, жауаптарың қабылданды.
Елтаңбаның
ортасында да шаңырақ бар.
1-қыз: Балалар, мен екінші сиқырлы тасты алдым, бəрекелді балалар!
Жүр, Марс!
(əн айтады)
Өзге ғаламшарлық: Ең соңғы тапсырма қалды. Киіз үйдің ортасында
не орналасуы мүмкін?
1-қыз: Не орналасуы мүмкін, балалар? Кəне, ойланайық!
2-ұл: Оның ортасында баспалдақ орналасады.
1-ұл: Жоқ, ол бір қабатты ғой.
2-қыз: Балалар, ол бір ғана киіз үй ғой.
1-ұл: Оның ортасында ошақ орналасуы мүмкін ғой, балалар,
ойланайық!
2-қыз: Балалар, мен атамнан сұрап көрейін. Бəрін біледі.
Ата: Сəлем, балақайлар!
2-қыз: Сəлем, ата!
1-ұл: Сəлеметсіз бе!
2- қыз: Киіз үйдің ортасында не орналасуы мүмкін?
Ата: Киіз үйдің ортасында не орналасқанын
мен сендерге айтып
берейін. Оның ортасында ошақ орналасқан. Ол ас əзірлеуге жəне үйді
жылытуға көмектеседі.
2-қыз: Рақмет, ата!
Өзге ғаламшарлық: Жауап қабылданды! Міне,
сендерге сиқырлы
тастың үшінші бөлшегі.
1-қыз: Алақай, біз тапсырманы дұрыс орындадық!
Достарыңызбен бөлісу: