Ғани: Енді, мен ешкімнен ұтылмаймын.
Əкесі: Ал, қызым, саған мына сақинаны сыйға тартайын. Бұл −
ғажайып сақина. Бастарыңа қауіп төнгенде сендерді қиыншылықтан
құтқарады. Ол үшін сақинаны сəл ғана оңға бұрсаң болғаны. Сақинаның
көмегін бір-ақ рет пайдалана аласыңдар.
Арай: Рақмет Сізге. Сіз бұл сақинаны неге өз балаңызға бермегенсіз,
сонда жалмауыздан оңай құтылар еді.
Бала: Əкем бұл сақинаны бергенде мен алмағанмын. Себебі, ол
қыздардың сақинасы ғой.
Əкесі: Иə, бұл сақина болмаса, біздің ертегіміз қызықсыз болар еді.
Солай емес пе?!
Бала: Əке, рұқсат етсеңіз, балаларды тесік тасқа мен жеткізіп салайын.
Əкесі: Бара ғой, балам. Ал, балалар, қош сау болып тұрыңдар!
Балалар: Сау болыңыз! Сау болыңыз!
Бала: Мен енді қайтайын, кешіксем, əкем уайымдап қалар.
Ғани: Алтын сақаңды көруге бола ма?
Бала: Əрине, міне, көре ғой.
Ғани: Керемет! Рақмет саған, Сақабай!
Бала: Көріскенше күн жақсы болсын!
Арай: Жүріңдер тезірек, күн батуға таяп қалды.
Бала: Сау болыңдар, достар.
БОЛАШАҚ ТОБЫ
1-қыз: Ля-ля-ля, бүгін қандай керемет күн!
2-қыз: Сəлем, Арай!
1-қыз: Сəлем! Не істеп отырсың?
2-қыз: Мен мына жерде ұлу қарап отырмын. Қарашы, өзі сондай
сүйкімді, арқасында көтерген үйі де бар екен.
1-ұл: Сəлем, қыздар, не істеп отырсыңдар?
1-қыз: Сəлем, Əли. Біз ұлу қарап отырмыз. Өзі сондай əдемі.
2-қыз: Иə, қызық. Үстінде көтерген үйі де бар екен. Қарашы?
2-ұл: Бұған неге таң қалып отырсыңдар? Біздің де өзіміздің үйіміз бар
ғой.
1-ұл: Иə, «өз үйім, өлең төсегім» деген бар.
142
2-қыз: Иə, маған да қызық. Неге үйін көтеріп жүреді екен?
Достарыңызбен бөлісу: |