1-қыз: Балалар, балалар, бізге дабыл соғылды. Жүріңдер, тез көріп
қайтайық.
Өзге ғаламшарлық: Сəлем, достар!
Балалар: Сəлем!
Өзге ғаламшарлық: Сендерге тапсырма бар, кім соны орындайды?
1-ұл: Бұл мұражай ғой. Мен мұнда болғанмын.
Өзге ғаламшарлық: Иə, бұл жерде сиқырлы тас жасырылған. Сол
тасты табу керек.
1-қыз: Мен барайыншы? Мен бұл тапсырманы орындағым келіп тұр.
2-ұл: Иə, иə, сен бар! Біз саған көмектесеміз.
Өзге ғаламшарлық: Сенің қасыңда досың Марс болады. Жолдарың
болсын!
1-қыз: Балалар, біз белгіленген орынға келіп қойдық.
2-ұл: О-о-о, бұлар барып қойыпты.
2-қыз: Қасында Марс та бар.
Өзге ғаламшарлық: Сендерге тапсырма. Киіз үй неден жасалған?
Жауабын айтыңдар.
2-қыз: Киіз үй неден жасалған болуы мүмкін. Мүмкін, ол бетоннан
жасалған болу керек.
1-ұл: Жоқ, ол бетоннан жасалмайды. Бетон өте ауыр, бізге тез
жиналып, тез құралатын зат керек.
2-қыз: Иə, мүмкін ол кірпіштен жасалған шығар. Қалай ойлайсыңдар?
2-ұл: Жоқ, ол кірпіштен жасалмайды. Кірпіш жеңіл болса да, жиналуы
қиын.
1-қыз: Мүмкін, ол киізден жасалған шығар. Иə, иə ол тез құрылады, əрі
тез жиналады,
2-ұл: Дұрыс айтасың. Киізден жасалуы əбден мүмкін.
1-қыз: Жауап дұрыс, балалар!
Өзге ғаламшарлық: Жауаптарың қабылданды. Киіз үй киізден
жасалған. Киіз қыста суықтан, жазда жаңбырдан жəне ыстықтан қорғайды.
Дұрыс.
1-ұл: Бəрекелді!
1-қыз: Балалар, бірінші тас табылды. Бірақ, біреу ғана.
Өзге ғаламшарлық: Себебі, келесі тағы тапсырмалар бар. Тапсырма
орындауларың керек.
1-қыз: Кеттік, Марс. ( əн айтады)
Өзгеғаламшарлық: Бəрекелді, келесі тапсырма.
1-ұл: Қандай тапсырма?
Достарыңызбен бөлісу: |