140
Бала: Қалайша
келмейді, қарлығаш менің төбеттеріме сəлем
айтып
барады емес пе?! Ал, төбеттерім сені талап тастайды. Ал,
мен мұрат-
мақсатыма жетемін.
Жалмауыз кемпір: Сен əлі ештеңе білмейді екенсің, бала. Қазір ертегі
елінде көп өзгерістер болып жатыр ғой. Сенің
төбеттеріңе ешкім хабар
бермейді. Енді мен мақсатыма жетемін. Сені жеп...
Фархат: Амансыз ба, апатай!
Жалмауыз кемпір: Кім? Кім апатай? Мен бе апатай? Мен? Ааа, иə...
иə апатаймын, балақай. Сен қайдан тап болдың мұнда? Жалғыз өзің жүрсің
бе?
Фархат: Иə, апатай, аң аулап жүріп адасып кеттім.
Содан сізді көріп
жол сұрайын деп едім.
Бала: Əй, бала, қаш ол жерден, ол сені жеп қояды.
Жалмауыз кемпір: Сен оны тыңдама, балақай, ол – бұзық бала. Менің
сақамды ұрлап алып, тал басына шығып кеткенін қара. Əй, түс қане, қайтар
менің алтын сақамды. Əйтпесе...
Бала: Əйтпесе не? Жеп қоясың ба? Жалмауыз.
Жалмауыз кемпір: Айттым ғой, тəртіпсіз бұзық бала деп.
Қазір
көрсетемін мен саған.
Фархат: Апатай, əкеліңіз кетпеніңізді. Мен сізге көмектесейін.
Достарыңызбен бөлісу: