Сынып жетекшісінің міндеттері:
Салауатты өмір салтына ынталандыру;
Азаматтық пен патриотизмге, өз Отаның сүюге, табиғатты қастерлеуге тәрбиелеу;
Отбасы ара-қатынасын нығайту, үлкендерге құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Сыныпта достық ортаны, өзара түсіністікті құру;
Білім алушылардың басқаларға деген жауапкершілігін, ұжымда жұмыс істей білуге баулу;
Білім алушылардың өмір сүру жағдайларын білу;
Ата-аналар жинасын өткізу (педагогикалық консилиумдар, тренингтер, әңгімелер, ата-аналарға (басқада заңды өкілдерге арналған консультациялар);
Білім алушылардың оқу жетістіктері және ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері бойынша ата-аналармен өзара әрекеттесу;
Аптасына бір рет сынып сағаттарын өткізу;
Білім беру ұйымның басшысын (директорын) сыныбымен тәрбие жұмысының жай- күйі туралы хабар ету.
Сынып сағаты
24.01.2024
Алғашқы сынып сағатының тақырыбы «Парасатылық».
Сынып сағатын Қазақстан Республикасының әнұранынан бастадық. Оқушыларды түгендеп, сыныптықа сай ақпаратпен таныстырдық. Сұрақ – жауап кезінде әр оқушы өзінің пікірін емін – еркін жеткізіп, түсініксіз жерін сұрап отырды. Оқушылардың көп бөлігі сынып сағатына белсене қатысты. Сергіту сәті ретінде «Шаттық шеңбер» тренингін ұйымдастырдық. Тренингтің мақсаты жанында тұрған оқушыға жылы сөздер айтып, жүректерін махаббат пен мейірімділік толтыру. Тренинг барысында оқушылардың көңіл – күйлері көтеріліп, таң атысымен бойларына күш – жігер жинады.
31.01.2024
Сынып сағатының тақырыбы «Мінез- құлық ережелері».
Әдеттегідей сабақты Қазақстан Республикасының әнұранынан бастап, оқушыларды түгендедік. Оқушылардың алға қойған мақсаттарымен танысып шықтық. Сабақ соныңда оқушылардың ойын ойнап, көңіл – күйімізді көтеріп алдық. Оқушылардың көбі өздерінің мектептегі мінез-құлық ережелерімен таныс екендерін айта шықты. Ал кейбір оқушылар сабақ барысында ережелермен танысып шықты. Сабақ барысында балалар өз ойларымен емін еркін бөлісіп, сабаққа белсенді қатысты. Сабақ соныңда оқушылармен ойын ойнап, көңіл – күйімізді көтеріп алдық.
Достарыңызбен бөлісу: |