І. Оқу практиканы ұйымдастыруға қойылатын талаптар
1.1 Оқу практикасы I-II курста Красноармейка ауылында орналасқан Павлодар ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институтында, меншіктігі әр түрдегі шаруашылықта оқытушы және мамандардың басшылығымен өтеді. Практика кезінде бакалавр агрономына лайық кәсіби дағдыны қалыптастырады.
Практика өтетін аудандар:
Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіретін алдыңғы қатарлы меншіктігі әр түрдегі шаруашылықтарда өтеді.
Практика өтетін мезгілдер:
май, июнь.
Оқытушының жүктемесін бөлу .
Сағат саны оқу практикасы жөніндегі ереже негізіне сүйеніп бөлінеді: аптасына 1 сағат әрбір студентке, аптасына 30 сағаттан аспауы керек.
1 кредит = 15 сағат, оқу практикасына 14 кредит бөлінген.
14 кр. x 15 сағ. = 210 сағат. Практика 2 семестрде 3 апта, 4 семестрде 4 апта.
Оқу практикасы 2 бөлімнен тұрады:
1 бөлім «Ауыл шаруашылық дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы» пәні бойынша.
2 бөлім «Жерді үйлестіру» пәні бойынша.
1 бөлім бойынша практиканың мақсаты:
- студенттің селекциялық негіздері мен селекциялық әдістерді бағалау туралы білім алуы;
- сорттардың ауыл шаруашылық дақылдарынан алынатын өнімдердің өсу ритімін білуі және бағалай білуі;
- студенттерді кәзіргі кездегі тұқымды өсіру жүйесімен таныстыру;
- тұқым өсіретін мекемелермен танысу;
- студенттерді зертханалық және шаруашылық практикаларының әдістерінің қасиеттерімен белгілерін айтып таныстыру;
- студенттерге тұқымның сапасын анықтайтын зертханалық әдістерді үйрету;
- тұқымның сорттары туралы құжаттармен таныстыру (апробация актісі, тұқым куәлігі, тұқым туралы құжаттар);
- шаруашылықтардағы бақылауларды жазып, оны жүзеге асыру;
- студенттердің тікелей қатысуымен сорттарды тозаңдандыру тәжірибесінде әртүрлі мәдени дақылдардың сорттарын тәжірибеде қолданып көру , бақылау және есепке алу.
Достарыңызбен бөлісу: |