Практикалық жұмыс №1 Тақырыбы: ет кабинетіндегі техника қауіпсіздігі Теорияға шолу Техника қауіпсіздігі және есептеуіш техника кабинетіндегі тәртіп сақтау ережелері



бет6/43
Дата16.01.2024
өлшемі4.98 Mb.
#489189
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Информатикадан практикалық сабақтар және есептер жинағы

Практикалық жұмыс №3


Тақырыбы: Алгоритм қасиеттері. Алгоритмді жазу тәсілдері


Теорияға шолу
Алгоритм ұғымын толығымен түсіну үшін оның қасиеттерін білу қажет. Және де компьютерде орындалатын алгоритмге қойылатын талаптарды білу керек:

      • алгоритм нақты және анық берілуі қажет;

      • модульдік қасиетке ие болуы керек (яғни, алгоритмді қарапайым кіші бөліктерге бөлу мүмкіндігі болу керек);

      • белгілі бір уақыт аралығында бір нәтижеге келу, яғни, алгоритм қадамдарының саны шексіз болмауы керек;

      • бір тектес есептерге жалпы бір ғана алгоритмді қолдану.

1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде көрсетілген барлық әрекеттер анық, нақты және белгілі болу керек. Онда көрсетілген қадамдар ғана орындалуы керек. Есепті шешу үшін орындалатын барлық әрекеттер алгоритм атқарушысына түсінікті де белгілі болу керек. Атқарушы алгоритм орындалу барысында ешқандай ойланбауы қажет.
2. Алгоритмнің дискреттік (үзіктілік) қасиеті. Үлкен алгоритмді кіші модульдерге бөлу мүмкіндігі болу керек. Бұл қасиет бойынша алгоритмді кіші бөліктерге бөліп, аралық нәтижені бақылауға мүмкіндік алуға болады. Алгоритмді 2-3 бөлікке бөліп, оның әрқайсына бөлек алгоритм құруға болады. Әрбір бөлік керекті берілгендер ретінде алдыңғы бөліктің нәтижесін қолданады. Осылай, алгоритмдеу процессінің құрылымы үзілісті (дискретті) командалар тізбегінен тұрады. Бірінші қадамды орындамай, алгоритм атқарушысы 2-ші қадамға өте алмайды. Белгілі командалар негізінде қадамдарға бөлу жолымен алгоритмнің ретімен орындалуы алгоритмнің дискреттік қасиеті деп аталады.
3. Алгоритмнің нәтижелілік қасиеті. Кез келген алгоритм белгілі бір нәтижеге әкелуі қажет. Белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір қадам орындалған соң біз бір нәтиже алуымыз керек. Әрбір алгоритм бастапқы берілгендер қолданады және керекті нәтижеге әкеледі. Кейде алгоритмде бірнеше қадамдар қайта – қайта орындала береді және ешқандай нәтижеге әкелмейді. Мұндай жағдайда олар циклден шықпайды және оларды нәтижесіз алгоритмдер деп атайды. Мұндай болса, алгоритмді қайта құрып шығу қажет.
4. Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм тек бір ғана есепке емес, бір типті есептерге жалпы болуы керек. Мұндай қасиет жалпылық қасиет деп аталады. Мысалы, квадрат теңдеудің түбірлерін табатын алгоритм тек қана бір есепке емес, барлық квадрат теңдеу есептеріне арналған болуы керек.
5. Алгоритмнің формальды орындалуы. Алгоритм орындалу барысында атқарушы команданы түсінуі де, түсінбеуі де мүмкін. Алгоритмнің әрбір командасы атқарушыдан бір әрекетті орындауын сұрайды. Атқарушы командаларды түсінуі үшін берілген командалар атқарушының білім деңгейіне сәйкес болуы керек. Атқарушы командалардың мәнін түсінбесе де, оны орындай отырып, белгілі бір нәтижеге жетеді. Яғни, алгоритмді формальды орындайды.
Жалпы айтқанда:

  1. Алгоритм белгілі бір атқарушыға құрылады.

  2. Егер алгоритмде атқарушыға түсініксіз командалар болса, оларды түсінікті командалармен алмастыру керек. Яғни, алгоритмде қолданылатын командалар атқарушы командалар жүйесінен шықпауы тиіс.

  3. Алгоритм орындалуын зерттемей, оны сол жазылған күйінде орындау қажет.

  4. Алгоритм орындалу үшін бастапқы берілгендер белгілі болуы керек.

Алгоритм тізбегінің орындалуы – алгоритмдік процесс, әрбір әрекет – қадам деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет