Алгоритмді жазу тәсілдері.
Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны белгілі бір заңдылықтарға сәйкес өңдеу керек. Алгоритмді жазудың бірнеше тәсілдері бар:
Табиғи тілде
Арнайы түйінді сөздер – терминдер, псевдокодтар арқылы жазу. Яғни, қарапайым алгоритмдік тілдер қолдану.
Блок-схема түрінде графикалық кескіндеу.
Программалау тілінде жазу.
Осының ішінде алгоритмді блок-схема түрінде жазу және одан кейін оны программалау тіліне аудару кеңінен қолданылады.
Алгоритмді графикалық кескін түрінде жазу – кеңінен қолданылатын тәсіл. Алгоритмді осы түрде жазу көрнекі, нақты және түсінікті болып табылады. Блок-схема түрінде жазу үшін белгілі бір уақыт керек. Ол үшін мемлекеттік стандарт қабылданған. Мұнда әрбір әрекет геометриялық фигура көмегімен сипатталады. Оларды фигуралар немесе блоктар деп атайды. Блоктар бір-бірімен бағытталған сызықтармен байланысады және бірінен кейін бірі орналасады. Алгоритм схемасын блок-схема деп атайды.
Алгоритм блоктарында орындалатын операциялардың мазмұны жазылады. Әр блоктың кіру және шығу сызығы болады. Блок-схема құру үшін келесі ережелерді білу қажет:
Алгоритмнің басы мен соңын білдіретін блоктар болуы қажет.
Бір-бірімен байланыспаған блоктар болмауы керек.
Блоктар бірінен кейін бірі орналасуы қажет.
Арифметикалық операциялар орындалатын блоктарда тек бір кіру және бір шығу сызығы болуы керек. Шарттық блокта бір кіру сызығы және екі шығу сызығы болуы керек.
Мысалы, екі санның қосындысын табатын алгоритмнің блок-схемасын құрайық: у = а + с .
Достарыңызбен бөлісу: |