Практикалық жұмыс №4 Тақырып: «Бетон және темірбетон жұмыстарын орындауға арналған машиналар және жабдықтар, Нақты жұмыс жағдайына жабдықтарды тандау, Бетоноараластырғыш өнімділігін анықтау» Жоспар


Бетон қоспасын төсеуге және таратуға арналған машиналар мен жабдықтар



бет5/6
Дата17.04.2024
өлшемі1.45 Mb.
#499086
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
5fan ru Бетон қоспалары мен сылақтарын дайындауға арналған машиналар мен жабдықтар. Араластырғыш машиналардың қызметі мен құрамы. Араластырғыш машиналардың жіктелуі

Бетон қоспасын төсеуге және таратуға арналған машиналар мен жабдықтар
Бадьялы, ленталы конвейерлі, виброжелобты крандар, өздігінен жүретін бетон төсегіштер және тұрба тасымалдайтын көліктер қолданылады. Бетон қоспасының жалпы көлемінің 85% – бұл бұрылмалы немесе бұрылмайтын бадьялы (бункерлі) құрылыс крандары.

Бұрылмалы бадьялар. Жүккөтергіштігі 1,25 т-дан 5т-ға дейін. Бетон жеткізгіштен қақпақтарды ашу арқылы тиеледі.
Бұрылмайтын бадьялар - жүккөтергіштігі 1,25 т-дан 2,5 т-ға дейін. Корпусында вибратор орналастырылған.
Бетон қоспасын тығыздауға арналған жабдықтар
Бетон қоспасын т-сеу барысында аязға төзімді, су өткізбейтін және берік структуралы бетон алу үшін оны тегістеп тығыздайды. Бұл қоспадан ауаны шығару қажет. Оның көлемі пластикалық өоспаларды 10-15% және қатаң қоспаларда 40-50% дейін жетеді. Ең тиімді тығыздау тәсілі – вибрациялау, сирегірек вакуумдау қолданылады.
Бетон қоспасына әсер етуіне қарай вибраторлардың келесі түрлерін ажыратады:

1-ішкі (тереңдік, ең тиімді және көп таралғаны) – қоспаға корпус арқылы енгізілген тербелістер тығыздап, бөлшектерді ығыстыра түседі;

2-сыртқы (сирек қолданылады) – қалып арқылы бетон қоспасына тербелістер беру үшін қаоып сыртына бекітіледі;

3-беткі – төселген қабат үстіне орнатылып, тербелістер жұмыс алаңы арқылы беріледі (еден плиталарына арналған в=20 см).
Олар тербелістер туындату әдісіне қарай ажыратады:
1 – айналмалы дебалансты;
2 – массасы қайтымды-ілгерілемелі қозғалысты.
Алғашқысы бір білікті (шеңберлі тербелістер) және екі білікті (бағытталған тербелістер) болуы мүмкін. Қозғалысқа электроқозғалтқыштармен (электромеханикалық), пневмоқозғалтқыштармен (пневматикалық) және іштен жану қозғалтқыштары арқылы келтіріледі.
Екіншілері –электромагнитті жетекті болып келеді (электромагнитті вибраторлар).

Құрылыста шеңберлі тербелісті ауыспалы электромеханикалық вибраторлар кеңінен қолданылады. Сирек пневмовибраторлар (шу, жоғары энергия сыйымдылық) қолданылады.
Олардың корпустары тербеліс жиілігіне қарай былай ажыратылады:
1 – жиілігі төмен (минутына 2800-3500 тербеліс);
2 – орташа жиілікті (3500-9000 мин-1);
3 – жоғары жиілікті (10000-20000 мин-1) – Жұқа қабырғалы құрылыс кешендерінде ұсақ дәнді қоспаларды тығыздауға арналған.

Тереңдік вибраторлар ірігабаритті немесе жиі арматураланған ТБК (іргетастар, қабырғалар, плиталар, бағандар, қадалар) бетондау кезінде қолданылады . Мынадай түрлері бар:
1 – қол (массасы 25 кг-ға дейін). Кемшілігі – жұмыс жасау радиусының кішілігі және жұмыс өнімділігінің төмендігі;
2 – бір траверсадағы 3-5 дана пакеттер түріндегі аспалы.
Қол вибраторларында электрқозғалтқыш (қысқа тұйықталған роторлы үш фазалы) корпусқа бекітілген немесе шығарыла орнатылған. (жұмысшы ұштың дебалансымен иілімді білік арқылы байланыстырылған). Жұмысшы ұш – бұл ішінде дебалансы бар герметикалық жабылған цилиндрлік корпус.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет