Сабақты оқыту нәтижелері



бет1/5
Дата25.11.2022
өлшемі35.75 Kb.
#465740
түріСабақ
  1   2   3   4   5
№5 лаборат.сабак


5 Лабораториялық жұмыс
Лабораториялық жұмыстың тақырыбы: Бірінші, екінші және үшінші аналитикалық топ катиондар қоспасын жүйелік және бөлшектік анализ әдістері бойынша талдау


Сабақты оқыту нәтижелері:
1. І-ІІІ аналитикалық топ катиондарына тән сапалық реакцияларын тәжірибе жүзінде қолдануды, анализдеудің жаңа әдістемесін жасауға үйренеді.
2. Химиялық анализдің тапсырмаларын өзбетінше орындауға үйренеді.
3. Анализдің орындалу нәтижесі бойынша бөлшектік және жүйелік анализ әдістерінің тиімділігін қарастырады;
4. Сапалық химиялық жартылай-микроанализ әдісінің құрал-жабдықтары мен аспаптарын қолдана біледі.
5. І-ІІІ аналитикалық топ катиондар қоспасын анализдеудің жүйелік әдісінің сызбанұсқасын құрастырады, өзіндік бақылау есебін есебін жүзеге асырады.


Жұмыстың мазмұны :

  1. Na+, K+, NH4+ катиондарына тән сапалық реакциялары;

  2. Ag+, Pb2+ , Hg22+ катионына тән сапалық реакциялары;

  3. Ca2+, Ва2+ , Sr2+ катиондарына тән сапалық реакциялары;

  4. І-ІІІаналитикалық топ катиондарының қоспасын бөлшектік және жүйелік анализ әдістерімен анықтау.

Қысқаша теориялық мәліметтер:
Табиғат ресурстарын дұрысжәне бағытталған мақсатта пайдалану үшін олардың химиялық құрамы жайлы мәлімет қажет. Мұндай мәліметтер химиялық анализ жасау арқылы ғана алынады. Анализденетін ерітінді құрамындағы анықталынатын элементтердің спецификалық реакцияларын жүргізу үшін қажетті жағдай жасау - күрделі міндеттердің бірі. Бұл міндетті орындау үшін химик-биолог-аналитик зерттелінетін обьект құрамында кездесуі мүмкін барлық компоненттердің химиялық қасиетін білуі шарт. Егер осындай жағдайды жасау мүмкін болса, онда барлық компоненттер жылдам және рет-ретімен анықталған болар еді.
Катиондар қоспасының жүйелік (систематикалық) анализі - зерттелінетін ерітіндіні сәйкес топтық реагенттермен өңдеп, катиондарды жекеленген топтарға бөліп, олардан катиондарды нашар еритін қосылыс түрінде тұндырып анықтауға негізделген. Ол үшінанализ барысында түзілген тұнбаларды бөліп алып жуады, сонан кейін сәйкес реагенттер көмегімен иондарды жеке топтарға және индивидуальды иондарға жіктейді.
Компоненттерді идентификациялауда – бөлшектік анализ жиі қолданылады. Мұнда катиондар жеке-жеке анықталынады.
Реакцияның спецификалығынанықтау үшін кедергі жасайтын компоненттерден алдын ала арылады. Ол үшін компоненттерді талдаудың жүйелік әдісін (систематикалық анализ)пайдаланады. Катиондар анализі әдетте, систематикалық анализ бойынша, ал аниондар – бөлшектік әдіспен жүргізіледі.

Анализ барысы: І-ІІІ аналитикалық топ катиондарынан тұратын зерттелінетін ерітінді тұнбамен немесе тұнбасыз болуы мүмкін. Тұнбада хлоридтер (AgCl, PbCl2, Hg2Cl2) немесе сульфаттар (BaSO4, SrSO4, CaSO4, PbSO4), не болмаса аралас, яғни хлоридтер де, сульфаттар да бірге болуы мүмкін. Сондықтан аналитикалық сараптау а) тұнбасы бар және б) тұнбасы жоқ ерітінділерде жүргізіледі. Екі жағдайда да алдымен зерттелінетін ерітіндінің жеке сынамасынан NH4+ катионын NaOH қосып қыздыру арқылы анықтайды. Осыдан кейін зерттелінетін ерітіндіге 2н. НСl қосып, центрифугалайды. Тұнбаны 0,5% -тік НСl ерітіндісімен жуады. Осылайша ІІ-ші топ катиондарын бөліп алады. Онан әрі анықтаудыжүйелік сызбанұсқа бойынша жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет