Практикалық сабақ 1


Жарма заводындағы қабылданған техникалық сұлбаның сипаттамасы және ерекшеліктері



бет21/23
Дата18.01.2024
өлшемі2.58 Mb.
#489300
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Жобалау. Тәжірибелік сабақтар

Жарма заводындағы қабылданған техникалық сұлбаның сипаттамасы және ерекшеліктері
Жобаланып отырған жарма заводының дайындау бөлімінде келесідей технологиялық үдерістер жүргізіледі:

  • әр түрлі елегіш қондырғыларды қолдана отырып, астықты қалдықтардан тазалау;

  • астық бетін құрғақ және ылғал әдіспен өңдеу;

  • астықтың технологиялық қасиеттерін өзгертуге бағытталған гидротермиялық өңдеу;

  • технологиялық жабдықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін астықты сақтау қорын пайдалану;

  • астықтан алынатын барлық категориялардағы қалдықтарды бақылау және оларды технологиялық ағымға қайтарылыуын бақылау.

Бидай жармасын өндірудің технологиялық сұлбасы графикалық бөлімнің 1-ші парағында көрсетілген. Бидай дәні қоймалардан және автокөлік және темір жол жолдарынан дайындау бөлімінің 24 сағаттық жұмысын қамтамасыз ететін тазаланбаған дәнге арналған бункерге келіп түседі.
Сондан кейін барлық астық массасы келесідей операциялардан өтеді: тзаланбаған астық силостарден түсіргіш арқылы шнекті транспортермен №1 норияға береді. Нория бидай дәнін тік бағытта жоғары көтеріп, одан кейін АД-50-ЗЭ маркалы автоматты весысына келіп түседі. Весыда өлшеу технологиялық ағымның басында және аяғында жүргізіледі. Весыда екі рет өлшеу арқылы біз астық массасының нақты салмағын табамыз. Автоматты весыда өлшенген астықты өздігінен ағу құбырлары арқылы ірі, ұсақ және жеңіл қалдықтардан тазарту үшін А1-БИС-12 маркалы сепараторына беріледі. Бұл ауалы електі сепаратор астықты үш фракцияға бөледі. Сепаратор өлшемдері 3,5-4,0х20 және 1,7-2,0х20 болатын екі елегі бар екі секциядан тұрады. Әрбір секциясы әртүрлі жүйеде жұмыс істей алады. Сепаратордан бөлінген жеңіл қалдықтар ІІІ дәрежелі қалдықтар болып саналып, қалдықтар бункеріне жіберіледі, ал ірі және ұсақ қалдықтар қалдық бақылауға жіберіледі. Сепаратордан кейін дән Р3-БКТ тас бөлгішіне минералды қалдықтарды бөліп алу үшін жіберіледі. Тас бөлгіштен шыққан астықты №2 норияға беріп жоғары көтереді. Астықты ұзындығы бойныша екі фракцияға бөлу үшін А1-БРУ елеуіш қондырғысын қолданады. Астық ағымы елеуіш қондырғыдан кейін екі фракцияға ажырайды. Ірі және ұсақ фракцияны елеуіш қондырғыдан кейін құрамындағы қоспалардан тазарту үшін қайта А1-БИС-2 ауалы-електі сепараторынан өткізеді. Сепаратордан шыққан ірі фракцияны А9-УТО қарасұлы ажыратқышында ұзындығы бойныша ірі қалдықтарын бөліп алады. Ал ұсақ фракцияны А9-УТК қарашық бөлгішінде ұсақ қалдықтарды ажыратып алады. Сөйтіп, екі фракция бірігіп норияға беріледі. А1-БШУ ылғалдағыш қондырғысында ылғалданып, бөктіру силостарінде 2 сағат бойы бөктіріледі. Бункерден шыққан астықты Р3-БГО обойкалық қондырғысына береді. Бұл қондырғы образивті жұмыс органымен бидайдың қабығын жұмсартады. Одан кейін Р3-БАБ ауалы сепараторында жеңіл қалдықтарын бөліп алып, ақтау бөліміне жібереді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет