Практикалық сабақ №1


Электронды оқулық дегеніміз не?



бет4/4
Дата29.04.2023
өлшемі1.53 Mb.
#472983
түріСабақ
1   2   3   4
Алия Прак 1

Электронды оқулық дегеніміз не? Электорондық оқулық-дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес,ол оқушыға қз жолымен көрнекті материалды жеке меңгеруге арналған күрделі,көп сатылы жүйе.Ендеше оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап игеру тәсілі мен логикасын да өзіне тән етіп таңдап алып,осы сәтте ең керек деген материалды қарап шығуға мүмкіндік береді.Электрондық оқулық төмендегідей жағдайлар жүзеге асқанда тиімді болады:

-жедел кері байланыс;
-анықтамалық ақпаратты тез іздеу мүмкіндігі;
-демонстрациялық мысалдар мен модулдер;
-бақылау (тренажер,тестілеу,өз білімін бақылау)
Электрондық оқулықтың құрылуының бірнеше ұстанымдары мыналарға саяды:
-оқу ақпаратын сызықты емес және көп деңгейлі көрсету;
-өз бетінше орындау және жеке жұмыстарға бағытталу;
Электрондық оқулықтың екі түрі бар:жабық электрондық оқулық және интернет оқулық.Бірінші,тәуелсіз және тұрақты болып табылатын пәндік облыста дәстүрлі оқулыққа айналған.Ол жеке дербес компьютерде немесе локалді желіде қолданылады.Интернет оқулық-ол ашық оқулық.Ол сыртқы ақпарат көздеріне сілтейді және глобалді желінің серверлерінің бірінде орындалады.
Электрондық оқулықтың басқарушы модулі қиындық деңгейінен тәуелді мазмұнының динамикалық құрылуын қамтамасыз етуі керек. Ядро ақпаратты(оқулық мәтіні,иллюстрациялар жиынтығы,зертханалық моделдер мен бақылау есептерінің қиындық деңгейі)дифференциалдап шығаруды қамтамасыз етуі қажет.
Электрондық оқулықты құрайтын ең қажетті бөліктерінің бірі-курстың барлық тақырыптарын қамтитын гипермәтінді оқулық.Оқулықты оқу құралы ретінде немесе конспект-анықтама ретінде қолдануға болады.Оқулық төмендегі жағдайларды қамтамасыз етуі керек:
-курс бойынша түсінікті навигация;
-бұрын ашылған тақырыпқа қайта оралу мүмкіндігі;
-курстың іздеу кешіне көшпей-ақ берілген тақырып бойынша іздеу;
Электрондық оқулықта иллюстрация болуы керек.Мультипикациялар мен видеоиллюстрациялар(анимациялар)-электрондық оқулықтың қажетті бөліктерінің бірі.Анимация-қозғалыстың әртүрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі.Электрондық оқулыққа көптеген анықтамалық материал кіруі тиіс.Ал тестілеу кешені-есеп шығару дағдыларын қалыптастыруға,бақылау жұмыстарын өткізуге арналған электрондық оқулықтың қажетті бөліктерінің бірі.Кешен,негізінен,төмендегілерден тұрады:
-қиындық деңгейлерін басқару жүйесі;
-сұрақтар мен есептердің мәліметтер қоры;
-жаттықтандырушы блок;
-тестілеу блогі;
-бақылау жұмысын басқару жүйесі;
-курс бойынша өзін-өзі бақылау сұрақтары;
Сұрақтар мен есептер суреттерден, графиктерден, сұлбалардан, оқулықтың сәйкес бөлігіне сілтемелерден тұруы мүмкін. Нақты сұрақтарға жауап беру және есептерді шығару кезінде келесі мүмкіндіктер қамтамасыз етілуі керек:
-жауаптың сандық және формулалық енгізілуі;
-жауап варианттарын еркін ретпен шығару.
Білімді бақылау блогінің қызметтері мыналардан тұрады:
-бір бақылау тапсырмасынан бірнеше рет өту мүмкіндігін беру;
-оқушының сұранымы бойынша шешімін көрсету(және осыдан кейін жауапты енгізуге мүмкіндік бермеу);
-тест нәтижесінің негізінде оқушылардың қайталауға тиіс тақырыптарын анықтау;
-оқушылардың сұранымы бойынша еске түсіру материалын көрсету;
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады.


Осыған мысал ретінде Learning Apps бағдарламасымен жасалған, сабақты қорытындалауға арналған жаттығулар:

  1. Сәйкестендіру жаттығуы, яғни сөздерді суретке байланысты сәйкестендіру:






  1. сурет. Сәйкестендіру жаттығуы




  1. Сұрақ-жауап викторинасы:






  1. сурет. Сұрақ-жауап викторинасы

Сұрақтары:

  1. Педагогикалық технологияның кем дегенде неше мәні бар?

  2. Оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, білімді шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық жүйе?

  3. Концентрленген оқыту әдісінің мақсаты?

  4. Проблемалық оқытудың белгілеріне жатпайды?

  5. Модульды оқытудың басқа жүйелерден айырмашылығы?

  6. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде шамамен қанша жаңа технология қолданылады?

Жауаптары:

  1. 3

  2. Проблемалық оқыту технологиясы

  3. Дидактикалық бірліктерді ірілендіріп беру, пәндерді сабақтарды блоктарға біріктіру арқылы тереңдетіп оқыту

  4. Оқыту мазмұны бойынша меңгеру жылдамдығына сай оқыту

  5. Оқу мазмұны аяқталған дербес кешендерден тұрады

  6. 50-ден аса



Пайдалынған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

  2. Информатика негіздері” журналы №1, 2010 жыл

  3. «Физика және астрономия» журналы №4, 2014жыл

  4. «Физика» журналы №6, 2014 жыл



Бақылау сұрақтары:

  1. Электрондық оқыту дегеніміз не?

  2. Электронды оқытудың мәні мен маңызы неде?

  3. Электрондық оқытудың қандай әдістері мен құралдары бар?

  4. Электрондық дидактикалық материалдарды қалай жасауға болады?

  5. Виртуалды білім беру мекемелері дегеніміз не?

  6. Электрондық оқытуда қандай бағдарламаларды пайдалануға болады?

  7. Электронды оқытудың артықшылықтары неде?

  8. Электронды оқулық дегеніміз не?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет