Практикалық сабақ №1


Электрондық оқытудың әдістері мен құралдары



бет3/4
Дата29.04.2023
өлшемі1.53 Mb.
#472983
түріСабақ
1   2   3   4
Алия Прак 1

Электрондық оқытудың әдістері мен құралдары. Электрондық оқыту құралдарына оқытуды ұйымдастыру және жүргізу үшін арналған бағдарламалық өнімдерді жатқызамыз. Электрондық оқыту жағдайында әртүрлі оқыту формалары мен әдістеріне мазмұнын қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтау үшін оқыту құралдарын салыстыру және оларды бағлаудың негізгі бағыттарын ескеру қажет. Яғни, жасау және қолдану технологиясы, ұсынылатын аспаптар жиынтығы, ұсынылатын қызметтің іске асырылу деңгейі.





2-сызба. Элетронды оқыту артықшылықтары.


Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Оқу үрдісінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, мектеп оқушыларының өз бетімен ізденісі пәнге деген қызығуын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп,өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карта және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру-бүгінгі күннің басты талабы.Өйткені,ол-берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үрдіс,яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа компьютерлік ақпараттандыру технологияларына алмастыру,оларды сүйемелдеу және дамыту,нақты жүзеге асыру шаралары қолға алынып отыр.


  1. Электрондық дидактикалық материалдарды жасаудың маңызы. Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің негіздерінің бірі болып білім алу саласына ақпараттық технологияларды енгізу жұмыстары саналады,бірақ бұл негіз ақпараттандыруды басқаша түсіну қаупін туғызып,оны көптеген жағдайларда тек техникалық құралдармен жабдықтауға ғана әкеліп соқтыратыны белгілі.Міне,осы тұрғыдан білім беру мәселесін алға тарта отырып ақпараттандыру ісінің мақсатын информатика терминдері арқылы емес,білім саласының мақсаттары мен терминдері арқылы өрнектеуіміз қажет.

Ақпараттандыру ісінде білім жүйесінің адамзат тіршілігінің барлық әлеуметтік аймақтармен әрекеттесуі жіне олардың бір-біріне әсер етуі толық бейнеленеді.Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап етеді.Бірінші кезекте оларға электрондық басылымдар:электрондық оқулықтар,мультимедиалық оқу құралдары мен әртүрлі құрылғыларға жазылған электрондық жазбалар жатады.Қазіргі кезде электрондық басылымдарды әзірлеу және пайдалану мәселелерін зерттеу өзекті іске айналды.
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты-ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу.Осыған сәйкес жаңа білім жүйесінің ерекшеліктеріне оның іргелілігі,алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады.
Болашақта ақпараттандыру ісі білім беру жүйесін түбегейлі түрде өзгертеді деп күтілуде.Мұндай жағдайда алдыңғы сапқа оқыту материалдарын электрондық құралдарда өрнектейтін және соларды дер кезінде жеткізу мүмкіндіктеріне сүйенетін жаңа педагогикалық технологиялар шығады.Алғашқы тәжірибелер көрсетіп отырғандай,білім беру жүйесінің тиімділігі пайдаланылатын ақпараттық технологияларға емес,оларды жүзеге асыру кезінде қолданылатын педагогикалық жұмыстардың сапасына байланысты болмақ.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет