Практикалық сабақ №1


Электронды оқытудың мәні мен маңызы неде?



бет2/4
Дата29.04.2023
өлшемі1.53 Mb.
#472983
түріСабақ
1   2   3   4
Алия Прак 1

Электронды оқытудың мәні мен маңызы неде? Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әртүрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Ақпараттандыру ісі Қазақстанның білім беру жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына сәйкес электрондық оқыту деп аталаттын оқытудың жаңа технологиясы қалыптасып нығая түсуде Сондықтан педагогика ғылымының алдында электрондық оқытудың жүйе құраушы факторлары мен негізі педагогиалық ұстанымдарын анықтау және айқындауға байланысты бірқатар міндеттер қойылды. Сонымен қатар электрондық оқыту құрылымы мен мазмұнына, оқыту әдістеріне, оқытудың формасына және құрамына қойылатын кешен талаптарды анықтау қажеттігінен электрондық оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру мақсаты туындап отыр. Әдістемелік жүйенің бөліктеріне электрондық оқытуға сәйкес толығырақ қарастырса, оны мына сызбадан көруге болады:



1-сызба. Электронды оқытудың мәні мен маңызы.
Оқыту мақсаттары мен міндеттеріне білім беру, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру, тәжірибе алмасы, алынған білім, біліктілік пен дағдыны тексеруді жалпылай жатқызамыз. Электрондық оқыту жағдайында осы мақсат-міндеттерге жету келесі электрондық оқыту түрлері мен жабдықтарының көмегімен іске асырылады.
Оқыту мазмұнының құрамына әрдайым теория, білімді тәжірибелік бекіту және білімді тексеру кіреді.
Электрондық оқытудың әдістемелік оқыту моделінде оқыту құралдарының орын алуы өзгерді. Олар оқыту құрылымы мен мазмұнының әдістерін және оқытудың формаларын анықтайды. Енді бүгінгі күнде электрондық оқыту шеңберінде жиі қолданылатын оқыту әдістері мен формаларына тоқтала кетейік. Электрондық оқытудың әдістеріне топтық әдіс және жеке-дара оқыту әдісі жатады. Бұларды кеңінен тарған оқыту формаларына жатқызуға болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет