Практикалық сабақ: 68 сағ., 2 кредит



бет2/3
Дата16.06.2016
өлшемі287.5 Kb.
#140658
1   2   3

2. Пәннің міндеті

Жас мамандардың ғылыми – теориялық білімі терең өмірге деген көзқарасын орнықты , ой- өрісінің жан-жақты болуы қажет. Музыка факультеттердің негізгі міндеті жалпылама мектептерде музыка пәнінен сабақ беретін білікті маман (оқытушы) даярлау. Бұл мақсатқа гармония және басқа да музыка теория пәндері сияқты жоғары дәрежелі маманды дайындауда өзінің үлесін қосатыны анық. Гармония оқулығының авторлары И.Дубовский , Е.Евсеев, И.Способин, В.Соколов: “Студент бұл пәнді өз бетінше игере алмайды” деп есептейді. Сондықтан әр тақырып оқытушының көмегімен меңгеріледі.




3. Пәннің мақсаты
Студенттердің музыкалық жалпы ой-өрісін кеңейтетін, музыкалық талантын шыңдауға ынталандыру , олардың музыкалық қабілетінің сезімталдылығын, неше түрлі өнер құбылыстарын сын көзімен бағалай білуге, студенттердің кәсіби , ғылыми эстетикалық және музыкалық жағдайын өсіп, жетілуіне көмектесу.

Гармония пәнін меңгеру үшін оның заңдылықтары мен қасиеттерін игеріп, форма , фактура, метроритм, әуен және музыкалық тілдің компоненттерімен байланыстырып қарау керек. Шығарманың пайда болып қалыптасу процесіндегі музыкалық ойдың мананның шығарманың құрап тұрған барлық амал-тәсілдің жиынтығын нақтылы түсінбей жатып, гармония заңдылықтарын меңгермей жатып, шығарманы жазған автордың ойын немесе орындалған шығарма туралы өзінің ойын білдіріп, дұрыс – бұрысытығын айту мүмкін емес.



4. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ



Кредит саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде


семестр

қорытын-ды

лекция

практика

СӨЖ

ОБСӨЖ

2

90

-

68

22




ІV


емтихан


№ 1 кредит

45

-

34

11




№2 кредит

45

-

34

11





5. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.
Практикалық сабақтар . Практикалық сабақта студенттерге есеп пен жаттығулар беріледі. “Гармония “ пәні бойынша өтілген тақырыптар есептер және жаттығулар арқылы қамтылып, қайталанады.

СӨЖ – де берілген тақырыптар мен жаттығуларға студенттер өз бетінше дайындалады.



Сонымен қатар жаттығуларды фортепианода ойнап көрсетеді.

6. Студентке арналған ережелер (Rules);


  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабаққа студент бар ынтасымен қатысуы керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдада деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтілінеді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.


7. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырыптық

бойынша бөліну кестесі.




Тақырыбы және қысқаша мазмұны

Аудит. дәріс реті


СӨЖ

1

Кіріспе. Үлкен және кіші трезвучиелер. Төртдауыстылық қалып.

2

1

2

Негізгі трезвучиелердің функционалды жүйесі.

2

1

3

Әуенді негігзі трезвучиелерді гармонизациялау.

2

1

4

Аккорд ішіндегі ауысу (алмасу).

2




5

Бас дауысын гармонизациялау.

2

1

6

Терциялық секірістер.

2

1

7

Каденциялар. Период (кезең). Сөйлем. Каданстық квартсекстакордтар.

2

1

8

Негізгі трезвучиелердің секстаккордтары.

2




9

Трезвучие мен секстаккордтардың қосылуындағы жіберілетін секірістер.

2

1

10

Екі секстаккордтық қосылысы.

2

1

11

Өтпелі және көмекші квартсекстаккордтар.

2

1

12

Мажор мен гармониялық минордың толық функционалдық жүйесі. Диатоникалық жүйе.

2




13

Көмекші трезвучиелер.

2

1

14

Секстаакордтар және олардың айналымдары.

2

1

15

Доминантнонаккордтар.

2

1

16

Диатоникалық (тоникалық) секвенциялар. Көмекші септаккордтар (секвенцаккордтар).

2




17

Натуральдік минордағы фригийялық айналым.

2

1

18

Каденциядағы көмекші , қосалқы (екі еселенген) доминанта.

2

1

19

Ішкі құрылымдағы қосалқы доминанта.

2

1

20

Қосалқы доминантадағы альтерация.

2




21

Тональдік қатынастардың типтік түрлері.

2

1

22

Ауытқу. Хроматикалық жүйе.

2

1

23

Хроматикалық секвенциялар. Ауытқу.

2

1

24

Модуляция.

2




25

Бірінші сатыдағы туыстық тональдіктердегі модуляция.

2

1

26

Аккордтың құрамына енбейтін даярланған кешіктіруші дыбыс. (1,2,3 дыбыстарда).

2

1

27

Диатоникалық өтпелі дыбыстар.

2

1

28

Диатоникалық және хроматикалық көмекші дыбыстар.

2




29

Хроматикалық өтпелі дыбыстар.

2

1

30

Доминанта тобындағы аккордтарды альтерациялау.

2




31

Субдоминанта тобындағы аккордтарды альтерациялау.

2




32

Органдық пункт (нүкте).

2




33

Мажорлық минорлық жүйе.

2




34

Музыкалық шығарманың тональдік жоспарын құрудағы негізгі жолдар.

2







Барлығы

68

22

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
“Сырдария” университеті

“Өнер” факультеті


“Ән және саз” кафедрасы

“Гармония” пәні бойынша

050106 “Музыкалық білім” мамандықтарының студенттері үшін
Практикалық сабақтың қысқаша курсы

8 Практикалық сабақтардың қысқаша курсы.
Сабақ 1,2,3.
Тақырыбы: Үлкен және кіші трезвучиелер. Төртдауыстылық қалып. Негізгі трезвучиелердің функционалды жүйесі. Әуенді негізгі трезвучиелермен гармонизациялау.
Мақсаты: Трезвучиелердің төртдауысты дыбыстарда орналасуын үйрену.

Мазмұны : Үлкен және кіші трезвучиелер. Төртдауыстылық қалып. Аккордтар. Аккордтардың түрлері және олардың аттары (трезвучие, үшдыбыстылық, септаккорд, нонаккорд). Аккордтардың дыбыстарының аттары. Негізгі аккорд және олардың айналымдары. Трезвучие айналымдарф. Тркзвучиедегі негізгі тонды екі еселеу. Трезвучиенің мелодиялық (әуендік) жағдайлары. Негізгі тон, терциялық тон, квинталық тон. Трезвучиелердің кең және тар орналасулары. Негізі трезвучиелердің функционалдық жүйесі. Лад. Ладтық функция. Функционалдық (міндеттілік). Негізгі трезвучиелердің функционалдық жүйесі. Жүйелілік немесе айналым. Айналымның формуласы. Айналымның аты. Негізгі трезвучиелердің қосылулары. Жалпы түсініктеме. Әр даустардың өзіндік міндеті. Біріккен дауыстардың қозғалыстары. Тура қозғалыс, қарама-қарсы қозғалыс және жанама қозғалыстар. Аккордтардың ара-қатынастары. Жалпылама дыбыс. Трезвучиелердің қосылу тәсілдері (түрлері). Гармониялық және мелодиялық (әуендік).


Ауызша және жазбаша тапсырмалар:

1.Негізгі дыбыстардан трезвучиелерді кең, тығыз және үш мелодиялық қасиеттерде төртдауысты орналастыру ( 6 вариант).

2. Басты үшдыбыстылықтарды кең,тығыз үш мелодиялық қасиеттерде төртдауысты орналастыру.

3.Соль мажор тональдігінде гармониялық және мелодиялық қосылуында осы берілген аккордтарды ойнау. Т-Д, Т- S ,S-Д.

4.№68 1-8 есептерді шығару. И.Дубовский. “Учебник гармонии”.

СӨЖ :


1.Басты үшдыбыстылықтарды кең,тығыз үш мелодиялық қасиеттерде төртдауысты орналастыру , фортепианода ойнап көрсету.

2.№68 , 9-12 есептерді шығару. И.Дубовский. “Учебник гармонии”.

Сабақ 4.
Тақырыбы : Аккорд ішіндегі ауысу (алмасу).
Мақсаты: Акордтардың орын алматыруын фортепианода меңгеру.

Мазмұны : Аккорд ішіндегі ауысу (алмасу). Аккорд ішіндегі алмасудың ролі. Алмасудың түрлері . Қолайлы нұсқаулар.


Жазбаша және практикалық тапсырмалар:

1.Фортепианодағы жаттығулар : фа мажор мен ре минор тональдіктерінде берілген аккордтарды ойнау : S1- S3 – Д 1 – Д3 – Т1. (тығыз орналасу) ;

2.S1- S3 – Д 1 – Д3 – Т1 (кең орналасу);

3.№74 1,2 есептерді шығару. И.Дубовский. “Учебник гармонии”.

СӨЖ :

1. №74 3 - 8 есептерді шығару. И.Дубовский. “Учебник гармонии”.


Сабақ 5.

Тақырып : Бас дауысын гармонизациялау.

Мақсаты : Сопрано дауысында әуенді әрлеу.

Мазмұны : Бас дауысын гармонизациялау. Гармониялық қосылысты пайдалану. Әуендік қосылысты пайдалану. Алмасуды қолдану. Бас дауысын гармонизациялауда қолайлы нұсқаулар.

Жазбаша және практикалық тапсырмалар.


  1. № 80. 1-2 есептерді шығару. И.Дубовский. “Учебник гармонии”.

  2. Берілген бас даусындағы үзінділерді фортепианода гармонизациялау.

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

СӨЖ :


  1. 1. №80, 3-9 есептерді шығару. И.Дубовский. “Учебник гармонии”.

Сабақ 6.


Тақырып : “Терциялық секірістер”.
Мақсаты: Секірістерді анықтауды үйрену.

Мазмұны :Терциялық тондардың секірістері. Терциялық секірістердің сопрано даусында болуы. Терциялық секірістердің тенор даусында болуы. Гармонизацияланған есеп-мысалдарды талдау (функцияларын анықтау). Терциялық секірістерді қолданып, аккордтар тізбегін фортепианода ойнау. Берілген әуендік үзіндіні фортепианода гармонизацияланған ойнау.


Жазбаша және практикалық тапсырмалар.

1.№ 86. 1-2 есептерді шығару. И.Дубовский. “Учебник гармонии”.

2.Әртүрлі тональдіктерде гармониялық құрлымдарды ойнау : Т – Д , Д- Т, S –Т, Т – S.

3. Келесі үзіндікті фортепианода гармонизациялау :

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________
СДЖ :

1. № 86, 3 -6 есептерді шығару. И.Дубовский. “Учебник гармонии”.


Сабақ 7.


Тақырып : Каденциялар.
Мақсаты : Каденцияларды талдау.

Мазмұны : Каденциялар, Период (кезең). Сөйлем. Каданстық квартсекстаккорд. Музыкалық шығармаларды бөлшектеу. Период (кезең), сөйлем. Периодтағы каденциялар. Каденциялардың негізгі түрлері (аяқталған және аяқталмаған каденциялар). Қолайлы нұсқаулар. Классикалық музыкада шығармаларды талдап, каденцияларын анықтап көрсету. Каданстық квартсекстаккорд. Анықтамасы мен таңбалануы. Каданстық квартсекстаккордтың функционалдық ерекшелігі. Дауыс қозғалысы, метрикалық жағдайы. Каданстық квартсекстакордты аккорд ретінде дайындау. Алмасу тәсілі. Каданстық кварсекстаккордтың мәні. Классикалық музыкаларды талдап, каданстық квартсекстаккордты анықтап, олардың мәнін және алатын орнын негіздеп көрсету. Берілген әуенді гармонизациялау (каданстық квартсектсаккордты қолдана отырып,. Фортепианода каданстық кварсекстаккордты құрып, ойнау (берілген мажор және минор тональдігінде).


Жазбаша және практикалық тапсырмалар.

1.Мажорлы және минорлы тональдіктерде К 64 фортепианода ойнау, шешілуін көрсету.

2.№115, 9 есепті шығару. И.Дубовский. “Учебник гармонии”.
СӨЖ :

1. №115, 1 - 8 есептерді шығару. И.Дубовский. “Учебник гармонии”.

Сабақ 8,9,10.

Тақырып : Негізгі трезвучиелердің секстаккордтары. Трезвучие мен секстаккордтың қосылуындағы жіберілетін секірістер. Екі секстаккордтың қосылысы.


Мақсаты : Секстаккордтардың екі еселенуін дұрыс шешу.

Мазмұны : Негізгі трезвучиелердің секстаккордтары. Анықтамасы және таңбалануы. Секстаккордтағы дауыстардың екі еселенуі (тондардың екіеселенуі) және орналасу жағдайлары (тар,кең,аралас). Секстаккордтарды қолдану. Дауыс қозғалыстары. Параллельдік октавалар және унисондар. Параллельдік квинталар. Кварта – квинталық арақатынастағы секстаккорд және трезвучиелердің қосылулары. Скунд аралық қатынастағы секстаккорд пен трезвучиенің қосылулары. Бір аккорд ішінде болатын алмасу тәсілдерін қолдану. Секстаккордтағы терциялық тонды екіеселеу жағдайлары. Бас дауысының әуендік қозғалысы. Гармонизацияланған мысал-есепті талдап, функцияларын анықтау. Берілген мелодияны септаккордтарды қолданып гармонизациялау. Берілген әртүрлі мажорлық және минорлық тональдіктерде негізгі трезвучиелердің секстаккордтарын әртүрлі екіеселеумен , әртүрлі орналасу жағдайларында құрып, ойнау керек. Берілген аккорд тізбегін құрып ойнау.

Трезвучие мен секстаккордтың қосылуындағы жіберілетін секірістер. Прималар мен квинталардың секірістері. Аралас секіурістер. Жасырын октавалар мен квинталар. Секірістердің мәні мен мүмкіндіктері. Қолайлы нұсқаулар. Берілген гармонизацияланған есеп-мысалды талдап, аккордтарын анықтау керек. Берілген есеп-мысалдарды жіберілген секіртпелерді анықтап, оларды дұрыс гармонизациялау. Берілген тональдікте секстаккордтарды қолдана отырып, аккордтардың тізбегін құру. Берілген әуеннің тізбегін фортепианода гармонизациялау. Екі секстаккордтың құрылысы. Жалпы түсініктеме. Кварта-квинталық арақатынастағы секстаккордтар. Минордың ерекшеліктері. Берілген гармонизацияланған есеп-мысалдарды талдап, аккордтарын анықтау. Берілген әуендерді екі секстаккордтың қосылысын қолданып, гармонизациялау, белірген әуендер тізбегін фортепианода гармонизациялау.

Жазбаша және практикалық тапсырмалар.

1.Аккордтарыдың ретін шешіп, фортепианода ойнау. С – А – Д

тональдіктерде : Т – Д 6 – Т; Т – S6 – Т; Т - S6 – Д.

2.№137 , 1 есепті шығару. И.Дубовский. “Учебник гармонии”.

СӨЖ :


2.№137, 2,5 есептерді шығару. И.Дубовский. “Учебник гармонии”.

Сабақ 11.

Тақырып : Өтпелі және көмекші квартсекстаккордтар.
Мақсаты: Өтпелі кварсекстаккордты фортепианода ойнап үйрену.

Мазмұны : Өтпелі және көмекші квартсекстаккордтар. Жалпы түсініктеме. Доминанта мен тониканың өтпелі квартсекстаккордтары. Дауыс қозғалыстары. Субдоминанта иен тониканың көмекші квартсекстаккордтары. Өтпелі және көмекші квартсекстаккордтар кездесетін классикалық музыкаларда талдап, анықтау. Берілген әуенді гармонизациялау, фортепианода өтпелі және көмекші квартсекстаккордтар кездесетін аккордтар тізбегін құрып, ойнау. Әуен үзіндіулерін фортепианода гармонизациялау.


Жазбаша және практикалық тапсырмалар.

  1. Әртүрлі тональдіктерде аккордтардың ретін ойнау : Т – Д 64 – Т6; Т6 – Д 64 – Т; S - Т 64 - S6; S6 - Т 64 – S.

  1. №178, 1,2 есептерді шығару. И.Дубовский. “Учебник гармонии”.

СӨЖ :

1. №178, 3,4 есептерді шығару. И.Дубовский. “Учебник гармонии”.


Сабақ 12.

Тақырып : Мажор мен гармониялық минордың толық функционалдық жүйесі. Диатоникалық жүйе.
Мақсаты: Теориялық білімді практика жүзінде көрсету.

Мазмұны : Мажор мен гармониялық толық функционалдық жүйесі. Диатоникалық жүйе. Мажор. Тоникалық топтың ерекшелігі. Гармониялық минор. Көмекші трезвучиелердің қасиеттері. Аккордтардың қисынды тізбегі (жүйелілігі). Негізгі септаккордтар. Доминант септаккордтар және оның айналулары. Субдоминант септаккорд және олардың айналымдары. Кіріспе септаккаордтар және олардың айналымдары. Толық функционалдық жүйенің айналымдары. Диатоникалық жүйе. Үш функционалдық топтағы аккордтар мен септаккордтар кездесетін классикалық музыкаларды талдап, аккордтарын анықтау.


Жазбаша және практикалық тапсырмалар.

1.“Ре”дыбысынан толық және толық емес Д 7 құрастырып, мажорлық және минорлық тоникаларға шешу.

2.№197, 1 есепті шығару. И.Дубовский. “Учебник гармонии”.

СӨЖ :


1. №197, 2,3 есептерді шығару. И.Дубовский. “Учебник гармонии”.

Сабақ 13.

Тақырып : Көмекші трезвучиелер.
Мақсаты : Берілген шығармада аккордтарды тауып, талдап үйрену.

Мазмұны : Екі басқыштан құралған трезвучие және оның секстаккордтары. Екінші басқыштан құралған секстаккордтардың трезвучиесінен үстемділігі (көп қолданылатындығы), терциялық тонның екі еселенуі, алдында кездесетін аккордтар. Екінші басқыштан құрылған секстаккордтар мен доминанта тобындағы құрылчған аккордтардың қосылыстары. Мажордағы екінші басқыштан құрылған трезвучие. Берілген гармонизацияланған есеп-мысалдарды талдап, аккордтарын анықтау. Екінші басқыштан құрылған трезвучие мен оның секстаккордта кездесетін классикалық музыканы талдап, аккордтарын анықтау. Берілген аккордтары анықтау. Аккордтар тізбегін фортепианода ойнап көрсету. Алтыншы басқыштан құрылған трезвучие. Периодты (кезеңді) кеңейту тәсілдері. Функционалдық ерекшелігі. Үзілген айналым. Алтыншы басқыштан құрылған трезвучиенің субдоминанта ролінде болып кетуі. Доминанта мен алтыншы басқыштан құрылған трезвучиенің қосылысындағы дауыс қозғалыстары. Алтыншы басқыштан құрылған трезвучиенің доминант септаккордтан кейінгі боып кетуі. Үзілген каденция. Периодтың (кезеңнің) кеңейтудегі басқа тәсілдері. Алтыншы басқыштан құрылған қолданған классикалық музыкаларды талдап, аккордтарын анықтау. Гармониялық мажор. Гармониялық мажордың трезвучиелері. Қиыс беру. Мажордағы минордық субдоминанта аккордтарының субдоминанта аккордтарының доминанта тобындағы аккордтарға ауысуы. Гармониялық мажордың классикалық музыкада кездесетін шығармаларды талдап, аккордтарын анықтау, берілген әуенді фортепианода ойнау.


Жазбаша және практикалық тапсырмалар.

1.Фортеипанода көмекші сепаккордтардың Д7 – ге өтуін, шешілуін көрсете білу.

2.№197, 4,5,9 есептерді шығару. И.Дубовский. “Учебник гармонии”.

СӨЖ :


1. №197, 10,11- есептерді шығару. И.Дубовский. “Учебник гармонии”.
Сабақ 14.

Тақырып : Септаккордтар және олардың айналымдары.


Мақсаты : Есептер шығарып үйрену, өткен аккордтарды шығармада талдау.

Мазмұны : Субдоминант септаккордтар. Анықтамасы және таңбалануы.Субдоминант септакордтарың айналымдары. Квинтсекстаккордтардың көп қолданылуы. Субдоминант септакордтары және оның айналымдарын дайындау. Субдоминант септакордқа шешілімі және тоникаға шешілімі. Субдоминант септакордтардың доминант-септаккордтқа және оның айналымадарына ауысып қосылулары. Субдоминантсептакордтың секундаккордтың ерекшелігі. Қолайлы нұсқаулар. Субдоминант септакорд және оның айналымдары кездесетін классикалқ музыкаларды талдап, аккордтарын анықтау. Берілген әуенді гармонизациялау. Берілген дыбыстан және берілген тоналдьдіктерде суьдоминантсептаккордты және оның айналымдарын құрып, ойнау. Берілген әуенді гармонизациялау. Негізгі доминантсептаккордты. Құрылымы және таңбалануы. Септаккордтың биофункционалдығы. Доминантсептаккордты дайындау. Доминантсептаккордты шешілімі. Негізгі доминантсептаккордтың қолдану жерлері. Доминантсептаккордтың айналымдары. Аттары және таңбаланулары. Доминантсептаккордтың айналымдарының шешілімдері. Айналымдарыныңі пайда болып қолданулары. Өтпелі терцквартаккорд. Алмасу тәсілі. Доминантсептаккорд пен және оның айналымдары кезедесетін классикалық музыкаларды талдап, аккордтарын анықтау. Берілген әуендерді гармонизациялау, форпетианода әртүрлі тональдіктерде доминантсептаккорд айналымдарын құрып, тоникаға шешіп ойнау. Доминантсептаккордты тоникаға шешудегі жіберілетін секіртпелер. Квинталық тондардың секіртпелері, қосалқы секіртпелер және аяқталу кадениялардағы қарама-қарсы параллелдік октавалардың болып келуі. Септаккордтар. Анықтамасы және таңбалануы. Түрлері. Кіріспе септаккордтың тоникаға шешілуі. Кіріспе септаккордтың доминантсептакаордтың ішінара функционалдық шешілімі. Кіріспе септаккордтың өтпелі аккордтардың ортасында болып кетуі. Берілген гармонизацияланған есеп-мысалды талдап, аккордтарын анықтау.Кіріспе септаккордтар кездесетін классикалық шығармаларды талдап, аккордтарын анықтау. Екі түрлі кіріспе септаккордтарды әртүрлі тональдіктерде құрып, ойнау.


Жазбаша және практикалық тапсырмалар.

1. № 214, 1- есепті шығару. И.Дубовский. “Учебник гармонии”.

№ 294, 1- есепті шығару. И.Дубовский. “Учебник гармонии”.

СӨЖ :


  1. № 294, 2- есепті шығару. И.Дубовский. “Учебник гармонии”.

2. № 214 , 2- есепті шығару. И.Дубовский. “Учебник гармонии”.

Сабақ 15,16,17.

Тақырып : Доминантнонаккорд. Диатоникалық (тоникалық) секвенциялар. Көмекші септаккордтар (секвенцаккордтар). Натуральдік минордағы фригиялық айналым.
Мақсаты : Шығармаларды талдап үйрену.

Мазмұны : Анықтамасы және таңбалануы. Интервалдық құрамы. Орналасу жағдайы. Үлкен және кіші нонаккордтар. Нонаккордты дайындау. Доминантнонаккордты доминантаға шешу. Доминантнонаккордтың доминантсептаккордты кешіктіру. Алмасу тәсілі. Субдоминантнонаккорд. Берілген гармонизацияланған есеп-мысалды талдап, аккордтарын анықтау. Доминантнонаккорд кездесетін классикалық шығармаларды талдап, аккордтарын анықтау. Берілген әуенді гармонизациялау. Фортепианода берілген дыбысты құрып және шешіп, сондай-ақ берілген тональдіктерде құрып шешу.

Доминанталық топтағы сирек кездесетін аккордтар:

а) жетінші басқыштан құрылған азайтылған трезвучиенің сакстаккорды.;

б) үшінші басқыштан құрылған мажордағы трезвучие.

в) доминанта секстасымен.

Диатоникалық (тоникалық) секвенциялар. Көмекші септаккордтар (секвенцаккордтар). Әуендік секвенция. Гармониялық секвенция. Секвенциядағы функционалдық арақатынастар. Трезвучиелерден тұратын секвенциялар. Алмасу жолдары. Параллельдік секстаккордтар. Секстаккордтардан тұратын секвенциялар. Секстаккордтан және трезвучиеден тұратын мотивтер. Екі септаккордтан тұратын мотивтер. (Э. Григ, скрипичная соната, ор.8). Берілген әуендерді гармонизациялау. Берілген мотивтерге секвенциялар ойнау. Секвенциялардан тыс көмекші септаккордтар.

Натуральдік минордағы фригиялық айналым. Функционалдық жүйесі. Фригийлік айналым және қисын тізбектер. Жоғары дауыстағы фригийлік тетрахорд. Берілген гармонизацияланған есеп-мысалдарды талдап, аккордтарын анықтау. Сопрано және бас дауысында фригийлік айналымы белгілі бір құрлымда қолданып ойнау.


Жазбаша және практикалық тапсырмалар.

  1. Доминантнонаккорды бар шығармаларды табу.

  2. Фортепианода бірнеше вариант секвенцияларды құру.

СӨЖ :

1. Доминантнонаккорды бар шығармаларды табу.



  1. Фортепианода бірнеше вариант секвенцияларды құру.

Сабақ 18,19,20.

Тақырып : Каденциядағы көмекші , қосалқы (екі еселенген) доминанта. Ішкі құрылымдағы қосалқы доминанта. Қосалқы доминантадағы альтерация.
Мақсаты : Шығармаларды талдап үйрену.

Мазмұны : Каденциядағы көмекші , қосалқы (екі еселенген) доминанта. Жалпы мағлұмат. Қосалқы доминанта аккордтарының тобы. Қосалқы доминантаның атқаратын ролі. Қосалқы доминантаны дайындау. Қосалқы доминантаны, коданстық квартсекстаккорд арқылы доминантаға шешілуі және доминантаға тікелей шешілуі. Қосалқы доминанта кездесетін классикалық шығармаларды талдау, аккордтарды анықтау. Әртүрлі тональдіктерде қосалқы доминанта тобындағы барлық аккордтарды құрып ойнау. Қосалқы доминантаның қатысуымен аяқталу аккордтар тізбегін фортепианода құрып ойнау. . Ішкі құрылымдағы қосалқы доминанта.Қосалқы доминантаның доминантаға және тоникалық квартсекстаккордқа (өтпелі) шешу қосалқы доминантаның доминанта тобындағы диссонанстық аккордтарға ауысуы. Берілген гармонизацияланағн есеп-мысалдарды талдап, аккордтарын анықтау. Фортепианода берілген қосалқы доминанта аккордтарды құрып ойнау және каданстық квартсекстаккордтар алдында қолданып ойнау. Қосалқы доминантадағы альтерация. Жалпы түсінік. Альтерацияланған қосалқы доминантаның аккордтар тобы. Қосалқы альтерацияланған аккордтарды дайындау. Қосалқы доминантаны ұлғайтылған секстасымен каданстық квартсекстаккордтарға немесе тоникалық квартсекстаккордтарға шешу. Қосалқы доминантаның ұлғайтылған секстасымен тониканың арасында, кейде каданстық квартсекстаккордтың арасында көмекші аккордтың көмекші аккордтың ролінде қолданылуы. Қосалқы доминанта кездесетін альтерацияланған классикалық музыканы талдап, аккордтарды анықтау.


Жазбаша және практикалық тапсырмалар.

  1. Қосалқы доминанталар бар шығармаларды табу.

2. . № 464 , 1- есепті шығару. И.Дубовский. “Учебник гармонии”.

СӨЖ :


1. Қосалқы доминанталар бар шығармаларды табу.
Сабақ 21, 22,23,24,25

Тақырып: Тональдік қатынастардың типтік түрлері. Хроматикалық жүйе. Хроматикалық секвенциялар. Ауытқу. Модуляция. Бірінші сатыдағы туыстық тональдіктердегі модуляция.


Мақсаты: Шығармалардың ауытқуын және модуляцияларын талдап үйрену.

Мазмұны : Тональдік қатынастардың типтік түрлері. Жалпылама түсінік. Модуляция. Ауытқу. Салыстыру. Тональдік қатынастардың типтік түрлері кездесетін классикалық шығармаларды талдап, аккордтарын анықтау. Ауытқу. Хроматикалық жүйе. Ауытқудың әдістері. Хроматикалық система. Дауыс қозғалыстары. Периодтағы ауытқудың тәртіп жолдары. Каденциялардағы ауытқулар. Қолайлы нұсқаулар. Тональдік қатынастардағы типтік түрлері кездесетін классикалық шығармаларды талдап, тональдік өзгерістерін көрсету. Бітпеген гармониялық үзіндіні жалғастырып аяқтау. Хроматикалық секвенциялар. Ауытқу. Жалпылама түсінік. Секвенциялардың топтық саны. Топтар құрылымы. Периодты секвенцияларды кеңейту (секвенциямен кеңейту). Хроматикалық секвенция және ауытқу . Хроматикалық сенвенциялар кездесетін классикалық музыкаларды талдап, секвенцияларды көрсету керек. Бітпеген гармониялық үзіндіні ары қарай жалғастырып аяқтау. Мазмұны : Модуляция. Музыкалық шығармалардың даму барысында модуляцияның атқаратын ролі. Тональдіктердің функционалдық байланысы. Бірінші сатыдағы туысқан тональдіктер. Жалпылама аккорд. Аралық аккордтардың саны. Модуляция жасайтын аккорд. Каденциядағы модуляция. Модуляция кездесетін классикалық музыкаларды талдап, тональдік қатынастарын анықтау. Бірінші сатыдағы туыстық тональдіктердегі модуляция. а) доминнта тобының тональдіктерінде модуляция. Бірінуші тональдіктердегі орталық аккорд. Жаңа тональдіктегі орталық және модуляциялық аккорд.

б) субдоминанта тобының тональдіктеріндегі модуляция, тональдіктер саны. Орталық және модуляциялық аккордтар. Берілген гармонизацияланған аккордтарды талдап, олардың тональдік қатынастарын анықтап көрсету.

в) модуляциядағы натуральдік минор. Натуральдік минордан гармониялық минорға хроматикалық жолмен өту. Минорға фригийлік айналыммен модуляция жасау. Берілген әуеннің тональдік қатынастарын анықтап, гармонизацияланған. Мажордан минорға , минордан мажорға модуляция жасап, фортепианода ойнау. Берілген әуендік үзіндіні гармонизациялау.


Жазбаша және практикалық тапсырмалар.

  1. Шығармаларды талдау.

  2. Фортепианода ауытқу мен модуляциядан үзінді көрсету.

СӨЖ :

1. Шығармаларды талдау.

Сабақ 26,27,28,29.

Тақырып: Аккордтардың құрамына енбейтін даярланған кешіктіруші дыбыс. (1,2,3- дауыстарда). : Диатоникалық өтпелі дыбыстар (бір немесе бірнеше дауыстарда). Диатоникалық және хроматикалық көмекші дыбыстар. Хроматикалық өтпелі дыбыстар.


Мақсаты : Шығарманы талдап үйрену.

Мазмұны : Аккордтардың құрамына енбейтін даярланған кешіктіруші дыбыс. (1,2,3- дауыстарда). Диссонанс туралы мәлімет. Жалпылама түсінік. Дауыс қозғалысы. Өлшемдік және ырғақтық жағдайлар. Қолайлы көрсеткіштер. Берілген гармонизацияланған есеп-мысалды талдап, кешіктіуруші дыбыстарын анықтап көрсетіп, аккордтарын анықтау. Берілген әуеннің дыбыстарын анықтап көрсетіп, гармонизациялау керек (фортепианода). Модуляцияның кешіктіру дыбысын қолдана отырып, аккордтар тізбегін фортепианода ойнау. Бітпеген периодты ары қарай жалғастырып аяқтау керек (кешіктіру дыбысын қолдана отырып). Диатоникалық өтпелі дыбыстар (бір немесе бірнеше дауыстарда). Диатоникалық өтпелі дыбыстар. Өтпелі дыбыстардың кешіктіру дыбыстардан айырмашылығы. Өтпелі дыбыстарды қолданудың ырғақтық (условия). Екі еселеу дұрыстығы. Унисонға қарай қозғалыстар. Септималық қозғалыстар. Септиманы екі еселеу кезеңдері. Жабық және параллельдік квинта және октавалар. Альт пен сопраноның аралығындағы алшақтықтар. Аккордтардың алмасуы. Дауыс қозғалыстардың ара қатынасы. Өтпелі дыбыстар кездесетін классикалық шығармаларды талдап, аккордтарын анықтау керек. Берілген әуендік үзіндіні фортепианода гармонизациялау. Аккордтар тізбегін (кезек-кезек әр дауыстарда өтпелі дыбыстарды қолдана отырып, фортепианода құрып ойнау).

Диатоникалық және хроматикалыө көмекші дыбыстар. Жалпы мағлұмат. Аккордтық дыбыстардың қоршауындағы көмекші дыбыстар. Қосалқы көмекші дыбыстар. Үш еселенген және төрт еселенген көмекші дыбыстар, көмекші үндестіктер. Классикалық музыкаларды талдап, аккордтарын анықтау. Берілген әуендердің аккорд құрамына енбейтін дыбыстарды анықтап, фортеипанода гармонизациялау.

Дауыс қозғалыстары. Өтпелі үндестіктер. Хроматикалық өтпелі дыбыстардың жазылу заңдылықтары. Хроматикалық дыбыстар кездесетін классикалық музыкаларды талдап, аккордтарын анықтау. Берілген әуенді (аккорд құрамына енбейтін дыбыстарды анықтап) гармонизациялау. Берілген әуендік үзінділерді (аккордтың құрамына енбейтін дыбыстарды анықтап) фортепианода гармонизациялау.


Жазбаша және практикалық тапсырмалар.

  1. Шығарманы талдап үйрену.

СӨЖ :

1. Шығармадағы кешіктіруші дыбыстарды табу.

Сабақ 30,31.

Тақырып : Доминанта тобындағы аккордтарды альтерациялау. Субдоминанта тобындағы аккордтарды альтерациялау.

Мақсаты : Шығармаларды талдап үйрену.

Мазмұны : Доминантаны мажордағы альтерациялау. Мажордағы доминанталық альтерацияланған аккордтар. Дайындау, шешілуі және дұрыс қозғалыстар. Каденциядағы альтерацияланған доминанта. Минордағы альтерация. Акордтар және дауыс қозғалысы. Берілген гармонизацияланағн есеп – мысалды талдап, аккордтарын анықтау. Альтерацияланған доминанта кездесетін классикалық шығармаларды талдап, аккордтарын анықтау. Бітпеген пероидты жалғастырып, аяқтау. Альтерациялауда минордың кейбір ерекшеліктері. Мажорда және минорда берілген альтерациялық аккордтарды анықтап, ладта шешу.

Субдоминанта тобындағы аккордтарды альтерациялау. Екінші басқышты төменбету. Неополитандық секстаккорд. Екіеселеу, дайындау және шешу. Неополитандық секстаккордтың субдоминантаға ауытқу кезеңіндегі мәні. Мажордағы альтерацияланған субдоминанта. Берілген гармонизацияланған есеп-мысалды талдап, аккордтарын анықтау. Альтерацияланған аккордтары кездесетін классикалық шығармаларды талдау. Берілген әуендік үзінділерді фортепианода ойнау, плагальдік каденцияда берілген аккордты қосып ойнау.
Жазбаша және практикалық тапсырмалар.

1. Фортепианода үзіндіктерді гармонизациялау: “Учебник гармонии”. И.Дубовский. № 714, 1,2,3 – үзінділер.


Сабақ 32.

Тақырып : Органдық пункт (нүкте).
Мақсаты : Шығармаларды талдап үйрену.

Мазмұны : Органдық пунктың атқаратын міндеті. Органдық пункті енгізу және алып тастау. Органдық пунктың гармониясы. Органдық пункт төрт дауыстылықта. Тоникалық органдық пункты қолдану. Доминанталық органдық пункты қолдану. Органдық пункты қолданған классикалық музыкаларды талдап, аккордтарын анықтау. Берілген әуендерді гармонизациялау. Әртүрлі құрылымдағы органдық пункты қолданып, (тоникалық және доминанталық) , модуляциялық ауытқуларды және секвенцияларды (хроматикалық) пайдалану. Органдық пункты фигурациялау. Жоғары бір дауыстарда ұсталған дыбыстарды жасау.


Жазбаша және практикалық тапсырмалар.

1. Органды пукнтағы аккордтарды талдау.


Сабақ 33.

Тақырып : Мажорлы минорлық жүйе.
Мақсаты : Шығармаларды талдап үйрену.

Мазмұны : мажорды біраатас минордағы аккордтық үндестіктермен күрделендіру. Минорды біраатас мажордағы аккордтық үндестікпен күрделендіру. Екі тоникалық бірінің үстемділігі. Мажорлы –минордағы көмекші доминанталар. Каденциядағы қосымша айналымдар. Параллельдік тональдіктергі арақатынастар. Мажорлы – минорлық жүйелер кездесетін классикалық музыкаларды құрастырып талдап, аккордтарын анықтау.


Жазбаша және практикалық тапсырмалар.

  1. Ля бемоль, ре, фа тональдіктерінде d u s аккордтағы топтарын анықтау.

  2. Ми, до диез, си бемоль тональдіктерінде d и s аккордтағы топтарын анықтау.

Сабақ 34.

Тақырып : Музыкалық шығарманың тональдік жоспарын құрудағы негізгі жолдар.
Мақсаты : Музыкалық шығарманың тональдік жоспарын құру, талдап меңгеру.

Мазмұны : Тональдік дамудың бірінші этапы. Модуляциялық байланыс. Орталық бөлімшедегі тональдік өзгеріс (тұрақсыздық). Орталық бөлімдегі тональдік жүйенің түрлері, кейбір заңдылықтары. Музыкалық шығармаларды тональдік жоспарын аяқталу этаптары. Классикалық музыкалардағы тональдік жоспар тұрғысындағы қарастырып талдау.

Жазбаша және практикалық тапсырмалар.

1. Шығармалардың тональдік жоспарын анықтап құру.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті


“Өнер” факультеті

“Ән және саз” кафедрасы

“Музыка теория негіздері” пәні бойынша

050106 “Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін.

Студенттің өзіндік жұмысының жоспары.

(СӨЖ)

Жетісай 2005 ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет