Практикалық (семинар) сабақтарының Әдістемелік нұСҚауы пән: „Этнопедагогика” Мамандық 5В010200-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»



бет2/5
Дата14.06.2016
өлшемі368 Kb.
#136159
1   2   3   4   5

4. Бақылау сұрақтары:


1. Этнопедагогикалық түсініктемелерге ғылыми анықтамалардың мәні.

2. Этнопедагогика мен этнопсихологияның ортақ белгілері қандай?

3. Қазақ этнопедагогикасының өзіндік белгілерін ата.
5. Студенттің үй тапсырмасы.

1. Халық педагогикасындағы тәрбие

2. Халық педагогикасындағы тәрбиенің әдістері, тәсілдері және
6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы.

1.Этнопедагогикалық түсініктемелерге ғылыми анықтамалардың мәнін түсіну


7. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:

1.Волков Г.Н: Этнопедагогика. Чебоксары, 1990.

2.Виноградов Г. Народная педагогика. Иркутск, 1997.

3. Диваев Ә. Тарту. Алматы. Ана тілі, 1992.

4.Дулати М.Х. Тарихи-Рашиди. Алматы, 1999.

5. Жарықбаев Қ.Б., Наурызбаев Ж. Қазақтың ұлттық тәлім-тәрбие атауларының түсіндірме сөздігі. А., 1993.



5-семинар.
1. Сабақтың тақырыбы: Мақал және мәтелдер халық педагогикасының шағын көріністері.
2. Сабақтың жоспары.

  1. Мақал – мәтелдердің тәрбиелік мәні.

  2. Мектепте ауыз әдебиеті туралы бағдарламалық материалдарды оқыту.


3. Қысқаша теориялық мәліметтер :

Мақалдар – нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері, сөз мәйегі. Мақалдар, көбінесе өлеңдік өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен айтылады, қара сөзбен, яғни шекшендікпен айтылатын мақалдар да бар.

Мәтелдер, негізінен, тұжырым тұспалы өлеңде сыңар тармақты, қара сөзде нұсқалы сөз ретінде айтылады «Өлең - сөздің патшасы», «Қызым, саған айтам, келінім , сен тыңда» т.б. Мәтелде де тура мағынада «Қадіріңді білгенге жұмса» деп және ауыспалы мағынада «Тікен гүлін қорғайды» деп айтылады.

Қазақтың мақал -мәтелдерінің көбірек қамтитын тақырыптары: елдік, ынтымақ, бірлік туралы мақал –мәтелдер.

Өз елім - өлең төсегім.

Батырлық, ерлік туралы мақал –мәтелдер:

Өжет адам - өлімді жеңеді.

Қару күшті емес – қару ұстаған күшті.

Өнер, білім туралы мақал –мәиелдер:

Өнерлі өрге жүзеді.

Төрт түлікке байланысты мақал –мәтелдер:

Қойдың сүті – қорғасын,

Қойды соққан оңбасын.

Егіншілікке байланысты мақал –мәтелдер:

Жері байдың – елі бай.

Адамгершілікке байланысты мақал –мәтелдер:

Жақсыда кек жоқ,

Кектіде тек жоқ.

Әлсіз ат сүріншек,

Ақылсыз адам еріншек.

Мектеп ауыз әдебиеті туралы бағдарламалық материалдарды оқыту оқушыладыфң мақал – мәел жинап, оқулық пен хрестоматиядағы материалдарды толықтыра түсіруіне бьасшалақ етеді. Әдебиет бөлесінің жарнамаларына “кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы”, “Бьілімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез” , “өнерлі өрге шығар” сияқты мақал – мәтелдер жазылып, ілінеді. Бірінші сыныптан бастап мақал – мәтелдер бірте – бірте үйретіліп, оқушылардың тілі мен ойын дамытудың негізгі бір тәсілі - мақал – мәтелдерді жаттау, мақал – мәтелдерді ел аузынан жинау, оларды түрлі сынып сағаттары мен кештерде, өнер жырыстарында, баспасөзде, радиода қолдана білуге оқушыны бейімдеу мұғалімдердің, әсіресе әдебиет пәні мұғалімдерінің мсіндеті болып табылады.

Қазақтың халық педагогикасында балаларға арнап шығарылған арнау тілек өлеңдері, сұрамақтар, төрт түлік туралы жырлар, тақпақтар ерекше орын алады.

Тырна келді, тұр,

Түндігіңді тұр,

Арқан тарт,

Сандық аш! - дегізеді халық.

Халық педагогикасындағы балалардың бірден жадында қалатын қысқа – қысқа тақпақтар, оларды тқпақ айтуға ынталандырады, еңбекке, адамгершілікке Отанын сүюге, өнерге тәрбиелейді.

Ана – біздің күніміз,

Ананың біз – гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз, - деген бір- екі шумақтан құралған, баланың жаттапалуына жеңіл тақпақтары жүздеп саналады.

Балаларға өлең –жыр, тақпақ жаттатуда, олардың әрбір сөзді дұрыс айтып, дауыс ырғағын сол сөздің мағынасына құбылта білуін қадағалап, сахнада, жұрт алдында қалай қалай тұруды үйрету қажет.Сөз мағынасын тыңдаушыға толық, әсері жеткізуде дауыс ырғағы мен бет құбылыстың сөзге сәйкестігі үлкен мәнді нәрсе. Дауыс ырғағы арқылы бір сөзбен бірнеше мағына мәнін ұғындыруға болады. Мысалы: «Бол» деген сөзге леп белгісін қою арқылы, зенкіру, асықтыру, қорқыту мәні берілсе оған сұрау белгісін қою арқылы, мәлімсіздк, сұраулық мән берілдеі, бұл сөздерді айтудағы бет құбылыстың кеюлік, таңқалу нышаны арқылы өздің мән – мағынасы есетіп көрушіге айқындала түседі. Яғни балаларға тақпақ жаттатқанда дауыс ырғағы мен бет құбылыс арқылы әрбір сөздің мән – мағынасын тыңдаушығы әсерлі жеткізуге, неғұрлым толық ұғындыруға болады. Бұл баланың тілін, ойын дамытуға да өте қажет.


4. Бақылау сұрақтары:

1.Мақал – мәтелдердің тәрбиелік мәні қандай?

2.Мектепте ауыз әдебиеті туралы бағдарламалық материалдарды оқытудың әдістері қандай?

3.Халық педагогикасында балаларға арнап шығарылған арнау – тілек, сұрамақтар, тақпақтар, төрт түлік туралы жырлардың ролі мен мәні.

4.Мектепте балалар жырларының бағдарламалық жүйесі қандай?
5. Студенттің үй тапсырмасы .

1. Халық педагогикасында балаларға арнап шығарылған арнау – тілек, сұрамақтар, тақпақтар, төрт түлік туралы жырлардың ролі.

2. Мектепте балалар жырларының бағдарламалық жүйесі.
6. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы.

1. Мақал – мәтелдердің тәрбиелік мәні талдау.


7. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:

1. Қазақтың тәлімдік ой-пікірлері Антологиясы, 2 том, (құр. Қ. Жарықбаев, С.Қалиев). Алматы, 1994.

2. Қожахметова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. А., 1993.

3. Құралұлы А. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалылығы. А., 1991.


6-семинар
1. Сабақтың тақырыбы: Халық ертегілері-өмір оқулықтары.
2. Сабақтың жоспары:

  1. Жастарды өнерге, адамгершілікке тәрбиелеудегі терменің рөлі.

  2. Ертегі, аңыз әңгіменің тәрбиелік мәні.


3. Қысқаша теориялық мәліметтер :

Ертегілердің тәрбиелік мәні. Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесміне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері сан алуан. Оларды: хайуанаттар туралы ертегілер (ақ қасқыр, шопан ата, Шек- шек ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба т.б.), қиял – ғажайып ертегілер (Ұшқыш кілем), тұрмыс –салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер («Күн астындағы күнекей қыз», «Ер төстік», «Керқұла атты Кендебай»), күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.

Ертегі, аңыз әңгіменің тәрбиелік мәні.

Аңыз әңгіменің тәрбиелік мәні. Халық өз ұрпағының ұлағатты, білгір, батыр, батыл, ойшыл, еңбекқор, еңбекқор болып өсуі үшін, оған үлгі -өнеге етіп аңыз әңгілерді де бардан құрап, сары алтындай сақтап келеді.

Аңыз әңгімелер: 1. Аспан әлемі, жан –жануар, жер,су, мекен аттары туралы. 2. Ру, тайпалардың шығу тегінебайланысты. 3. Діни мистикаға. 4. Әлеуметтік утопияға. 5. Тарихи хаһармандық туралы құрылады.

Қанатты сөздер мен даналық сөздер –даналар мен шешендердің ел аузында жатталып өсиет, өнеге, аңыз ретінде айтылатын сөздер.

Қарлығаш жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады; шілде қойыз көп шырылдаса, құрғақшылық болады; мезгілсіз сиыр мөңіреп, ит ұлыса, жер сілкінеді т.б. халық тәжірибесінен түйінделіп айтылған сөздер баланың дүниетанымдылығын арттырады.



Көркемдікке, өнерге тәрбиелеу. «Өнер - өрге бастырады» деп халық көркем өнерді жоғары бағалайды да, «ақын – елдің еркесі», «шебердің- қолы ортақ», «күйші – қиялды, биші -зиялы» - деп, өнер адамдарын ардақтайды.

Тұрмыс – салт жырларының тәрбиелік мәні. Қазақ хаолқының өзінің тұрмыс –тіршілігіне, әдет –ғұрпына, салт –санасына байланысты тұрмыс –салт жырларын шығарып, жер өрнектерін өмір өзегіне пайдаланып, сол арқылы жастарды ұлттық әдет –ғұрып, дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелейді.
4. Бақылау сұрақтары:

1.Қазақ халқы – шешен халық.

2.Жастарды өнерге, адамгершілікке тәрбиелеудегі терменің рөлі.

3.Ертегі, аңыз әңгіменің тәрбиелік мәні.



5. Студенттің үй тапсырмасы

1. Қазақ халқы – шешен халық.

2. Жастарды өнерге, адамгершілікке тәрбиелеудегі терменің рөлі.

3. Ертегі, аңыз әңгіменің тәрбиелік мәні.


6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы .

  1. Ертегі, аңыз әңгіменің тәрбиелік мәні ұғыну.


7. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:

1. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. А., 2003.

2. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы (Оқу құралы).- А., 2001.

3.Табылды Ә. Қазақ этнопедагогикасы және оқыту әдістемесі. А.,-2004.

4.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім – тәрбиесі. А., 1995

7- семинар
1. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салттары мен дәстүрлері.
2. Сабақтың жоспары:


  1. 1. Халықтық салттар мен дәстүрлердің адам өміріндегі ролі.

  2. 2. Адамның өмірінің қуанышы мен қайғысына байланысты салт, ырым,өлең мен

  3. жырлардың, тыйым сөздердің тәрбиелік мәні.


3. Қысқаша теориялық мәліметтер :

Тәрбие ұрпақты дүниеге келтіруден басталады; сол тәрбиенің дәстүрлік, салт –саналық бастаулары мен бағдарларын жан-жақты пайдаланып, даналықпен дамыта білу керек. Нәрестелік кезінен басталатын тәрбиенің қалыптасқан ұлттық рәсімдері мен тәлімдік тәсілдері ұлттық салтпен қолданылып жан жүйеге тәлім-тәрбиелік әсер етеді.

Шілдехана рәсімінің әдептілік мәні.

Шілдехана. Нәресте туған күннен бастап, үш күнге дейін, нәрестені әрі күзетіп, әрі ананы қуаныш-шаттыққа бөлеп, ойын-сауық өткізу рәсімі. Ертеде “нәрестені үш күнге дейін жын-періден қорғап күзету” секілді діни рәсімге байланысты туған, кейін шаттық тойына айналѓғн бұл дәстүрдің өзіндік әдептілік жєне жанжүйелік мәні бар.

Жарық дүниеге жаңа келген нәрестенің әсем әуен, күмбір күй, анасының үні қосылған дабыр арқылы сезім жүйесі ояна түседі.

Шілдеханадағы шаттық ойын-сауық нәрестені қоршаған балалар мен ересек адамдардың көңілін көтереді, бауырмашылығын арттырады, өнерін өркендетіп, дарынын дамыта түседі.

Соңғы кезде “Шілдехана” тойы бала туған соң жеті күннен кейін, немесе бала қырқынан шыққан соң өткізіліп жүр. Халық салтында шілдехана тойында ішімдікке жол беру-әрі обал, әрі күнә, әрі ќылмыс болып табылады.

Кіндік шеше-босану кезінде анаға көмек көрсетіп, нәрестенің кіндігін кесетін єйел.Кіндік шешені ана және оның жанашырлары (анасы, ата-енесі, т.б.) күні бұрын тақуа, таза, мейірбанды, жанашыр адамнан сайлайды. Ол, көбінесе, өмірден көргені мол тәжірибелі адам болу керек. Ана босанар алдында кіндік шеше дәрет алып, жуынып-шайынып, таза киініп, кіндік кесуге дайындалады жєне кіндік кесу жабдықтарын тазалап даярлайды, кіндік кесудің дәрігерлік, гигиеналық салтын сақтап, өз ісін абыроймен орындауға жауапкершілікпен қарайды.

Кіндік шеше бала жарық дүниеге келгенде алғаш оның кіндігін кесіп, жөргеккке орап алады. Қазақ халқының ырымында “Бала кіндік шешесіне тартады” деген сөз бар. Кіндік шеше-нәрестенің екінші анасы, сондықтан ол баланың “ит жейдесін” кигізуден бастап, оның бесігін түзеп, киімінің бүтін, таза болуына қамқорлық жасайды. Нєрестенің ата-анасы кіндік шешені жақын да жанашыр ана ретінде құрметтеп, оған сый-сыяпат көрсетеді.Кіндік шеше қарызы (баланы жылына шыққанда киіндіру) бөбектің ата-анасының кіндік шеше алдындағы парызы (оған сыйлық беру, құрмет көрсету) тұрмыстық ахуалға лайықты сыйласымдық рәсімдерімен өтеледі.

Кіндік шеше рәсімдері адам қоғаманың алғашқы даму кезеңінен белгілі. Ол өз міндеттерін орындау арқылы аналық, мейірімділік қамқорлық сезімдерін дамытып, ұрпақ тәрбиелеуге уәделі үлестерін қосады.

Бөбекті қырқынан шығару рәсімінің гигиенасы.

Бөбекті қырқынан шығару-бөбек туған соң, көбінесе, қырық күн толғанда, оның шашын алып, бесікке салу рәсімі. Бөбекті қырқынан шығару рәсімі ананың “бой көтеріп”, денсаулығының толысып, жетілген кезінде өткізіледі (қыз бала, көбіне, ер баладан ертерек қырқынан шығарылады). Бөбекті қырқынан шығарғанға дейін ана қалжыланып, денсаулыѓын түзейді, емшекке уыз қатып қалмауы, емшек сүтініњ мол болуы үшін ананы қалжалау кезінде тамақтандыру тәртібіне қамқорлық жасайтын жанашырлар (кіндік ана, әже, абысын, т.б.) болуға тиісті.

Бөбек қырқымы толыса бастағанда, ол мазасызданып, жылауық болуы да мүмкін. Қырқынан шыққан бөбектіњ ұйқысы тыныш, жан сезімі рахаттана бастайды.

Бөбекті қырқынан шығару, көбінесе, бесікке салу рәсімімен бірге өткізіледі. Бөбекті қырқынан шығару кезінде мүмкіндігінше, оны күміс ыдысқа шомылдыру, ол шомылатын суға күміс теңгелер салу ырымыныњ гигиеналық мәні зор.

Бөбекті қырқғнан шығарғанда оның қырқым шашыналу салтанатын ең сыйлы, тәжірибелі, ардақты әйел орындайды. Бұл рәсімге жанашыр жақын әйелдер шақырылады. Оларға, бұл кішігірім той кезінде, сый-сияпат көрсетіледі. Бала шомылдырылып, сыланған соң бесікке бөленіп, бесік жыры айтылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет