6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Халықтың ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық педагогикада алатын орны.
7.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі :
1. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. А., 2003.
2. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы (Оқу құралы).- А., 2001.
3.Табылды Ә. Қазақ этнопедагогикасы және оқыту әдістемесі. А.,-2004.
4.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім – тәрбиесі. А., 1995
9-семинар
1. Сабақтың тақырыбы: Халық педагогикасындағы азаматтық, патриоттық тәрбие.
2. Сабақтың жоспары:
-
1.Ерлік- тәрбие жемісі.
-
2.Өз отанына, халықтарына аулына, туысқандарына сүйіспеншілікті
тәрбиелеу.
3. Қысқаша теориялық мәліметтер:
“Ер ел үшін туады”деп халқымыз ер бала туғанда “батыр”, “сарбаз”, “мұрагер”деген сүйінші сөздерін айтып, қуанады. Баланы “тепсе темір үзетін
батырлыққа,ерлікке, елінің елеулісі, халқының қалаулысы болуға тәрбиелейді. Бақытты балдырған ата-анасының үмітін ақтау үшін, олардың ұлағатты сөздері мен өнерлерін орындауға бейімделеді.
Балалар ес біле бастағаннан ел-жұрты, ата-анасы оларға үлгі-өнеге көрсетіп, халық тағылымдарынан тәлім алуға баулиды. Ертегілер мен аңыз әңгімелер, батырлар жырларындағы өнегелермен қатар, өмірде болған ұлы адамдардың өмірін үлгі етеді. Мысалы: ұлы ғалым Шоқан 3 жасында хат таныған ; ғұлама ақын Мәшһүр Жүсіп 8 жасында “мәшһүр”(білгіш) атанған; Абай атамыз жасында билікке араласқан атақты әулие батыр атамыз Райымбек 15 жасында керемет ерлік жасаған; қазақ халқының бірлігін сақтап, елдің ел болуына басшылық жасаған бабаларымыз : Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, 14-15 жасынан бастап халыққа әділ билік жасап, өздерінің шешендіктерін, данышпандықтарын танытқан. Ер баланың тәлім-тәрбиесі үшін халық тарихи қалыптасқан дәстүрлердің орындалуын қадағалайды. Ол үшін ең әуелі халық баланың намыс сезіңмін “ер намысын”қалыптастырады.
Ер намысы-тәлім -тәрбие арқылы қалыптасқан әулеттік, ұлттық, дәстүр, халықтық салт-сананың бір негізі. Бала тәрбиеленіп, кісілікке жеткен соң, ол өз намысын қорғай білуге міндетті. Егер ер намысын қорғай алмаса, ол азаматтық беделін жояды. Елін қорғау ерінбей еңбек ету, ата-анасын ардақтау, өнер үүрену, күшті, жігерлі болу айтқан сөзінде тұру, әділетті болу, біреуге жалынышты, кіріптар болмау, әйел адамды құрметтей білу,жасық болмау, оқу оқып, білімді игеру т.б. ізгі қасиеттерді бойына сіңіру-ер азаматтың намысын ақтап, абыройлы болуы. Халықтың өкімдік дәстүрін пір тұтқан ер азамат “Жаным-арымның садағасы” деп, арын биік ұстайды. Өз н.амысын, ел намысын қорғайды.
“Отан отбасынан басталады” – деп, халқымыз айтқандай, Отан – кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, ауылы, ауданы, облысы аймағы, өлкесі, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.
Ғаламындағы ғажап тіршілігінің қасиетті мекенін сүймейтін адам болмайды. Әрбір тіршілік иесіне өмірден қымбат не бар?! Сол өмірдің мерейлі мекенін қастерлеу, онда тұратын ақкөңіл адамдарды, еңбекшіл елді, қаһарман халықты қадірлеу, оны сүю дәстүрге айналған.
“Отан – оттан ыстық”, “Ер ел үшін туады, ел үшін өледі” – деп түйген халықтың қаһарманы Бауыржан батыр: “Отаның үшін отқа түс – күймейсің”, -- дейді. Отанның – егеменді елдің иесі – адал жүректі адамдар: ата – ана, аға – іні, апа – қарындас, бауырластар мен ағайындар, достар мен жолдастар, көршілер мен жерлестер, айналадағы асыл адамдар. Халық дәстүрінде, міне, осыларды сүюге жас баланы жалындата тәрбиелеу борыш саналады. Халықтың: “Ең әуелі өзіңді жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін” деген мақалы сыйласым рәсімі халықтық дәстүрге айналғандығын көрсетеді. Әрбір әдепті адам өз Отанымен қатар, бүкіл адам баласын да сыйлауға тиіс. Халқымыз “Өз елің – алтин бесік”, “Басқа елдің сұлтаны болғанша, өз еліңнің ұлтаны бол” деп, ұрпақтарын өз елін қастерлеп, қадірлеуге үйретеді. “Егер Отаныңды сүйсең, оны жаудан қорғай біл ”, “Туған жердің топырағының иісі жұпар”, “Ит тойған жерінде, ер туған жерінде”, “Жекен жерінде көгерер, ер елінде көгерер”, “Туған жердің қадірін шетте жүргенде білерсің” деп, елді сүю ерді ерлікке ейімдейтінін дәлелдейді.
Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дарқан дастарқандай балада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбәр адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!
“Жаным – арымның садағасы” дейтін әрбір азамат киелі ұлттық намыс сезімінен туған жердің әрбір гүлін аялап, тамаша табиғатын қорғауға міндетті. “Отанын сүймеген – опасыз” дейді халық. “Опасызда Отан жоқ, онда оған орын жоқ” деп, халық өз елін, Отанын сүймеген нақұрыстарды аяусыз жазалайды.
Отан – ана! Ана тілі білмеген, ана тілді сүймеген “ақылы жоқ желікбастарды” халық “мәңгіген мәңгүрт” деп, жек көреді. Ана тілді сүймеген адам халқын да сүймейді. Қазақ мемлекеті – біздің сүйікті Отанымыз. Егер біз Отанымызды сүйетін болсақ, оның мелекеттік тілін жақсы білуге міндеттіміз! Қазақ тілі – түркі тілдерінің ішіндегі ең бай, әуезді де тез дамығыш тіл. Халықтың тілашар дәстүрі ұрпақты ана тілі қастерлуге, ұлттық тіл арқылы елді құрметтеуге үйретеді.
“Халқын сүйген – салтын сүйеді”. Отанды сүю үшін, оның салтын, заңын сүюді ұрпағына тағылым етеді халқымыз.
Ел белгілері мен рәсімдерін қастерлеу дәстүрі және тәрбие.
Әрбір отбасының, әулетінің, рудың, ұлттың дәстүлік, салт – саналық белгілері -- әдепті сыйласам мен ар – намыстық, парыздық, борыштық іс - әрекеттің құжаттары іспеттес қастерлі, қасиетті нәрсе. Халқымыздың сол қасиетті белгілері: ен, таңба, Елтаңба, Елұран, Ту, жалау және әскерлік, сарбаздық ұрандар мен айырым белгілер.
Ертеден қалыптасқан белгі дәстүрлері – малға ен салу, таңба басу. Әрбір отбасының жеке иелігіндегі малына салынатын өз ені болады. Таңба белгісі көбінесе рулық белгіні көрсетеді. Ертеде әрбір рудың өз таңбасы болған. Ен - таңба отбасының, әулеттің, рудың меншігіндегі мал - мүліктерді қадірлеп, қорғай білу үшін жасалынған салттық көріністер еді.
Егеменді еліміз жер әлемдегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде өзінің Елтаңбасы мен Елұранын, Туы мен Жалауын белгілеп, осы бір қасиеті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, оны қастерлей білуін талап етеді, әдептілік рәсімдерін орындауын көздейді.
Қазақстанның Елтаңбасының жарқын күн сәулесі, ел белгісінде көк аспан, шаңырақ, жарық жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары бейнеленген. Аспан көк – кеңшілік, тыныштық, биіктік белгісі. Кең пейілді еліміздің аспаны ашық, тыныштық сәулеті биік. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашылып тұрғанын бейнелейді. Елтаңбасындағы алтын шаңырақ Қазақ халқының қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн – ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр. Қазақта “қара шаңырақ” деген қасиетті сөз бар. Ұрпақтары өсіп, өркендеген алкен үйдің шаңырағын халық “қара шаңырақ” дейді. Сол “қара шаңырақтың” Елтаңбасындағы көрінісі шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп тұр. Ондағы қанатты тұлпардың баламалық мәні халықтың аңыз – ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттерден азат еткен. Сол азаттық тұлпарының бейнесі – еліміздің азаттығының, ерлеріміздің жеңімпаздығының белгісі. Елтаңбадағы бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспаны ашық, жұлдызы жақыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу – бақыт!
Көк байрақ – Туымыз – халқымыздың қасиетті, киелі белгісі. Ертеден – ақ халқымыз көк байрағы көтерілгенде “уа, аруақ, қолда!” деп, туды елдің, аруақтың киелі белгісі деп таныған. Сол көк байрақ астында батырлар сан рет жеңістерге жетіп, кең даласын, кемелді елін басқыншылардан қорғап қалды. Көк байрақтың жетілдірілген соңғы бейнесінің мәні зор: Туымыздың көк теңбіл – аспан көк болуы шексіз кеңдікті көрсетеді. Ту ортасындағы алтын күні – халқымыздың азаттық күні. Ол бүкіл әлемге нұрын шашып тұр. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұғып бара жатқан ақиық қыран құс – ерлік белгісі. Кең пейілді, кеңісі таза, жері кең еліміздің азат күні жарқырап тұр! Азат күнді, кең дүниені ерлікпен қорғайтын ақиық қырандай түлегі болу – бақыт! Көк байрақ – туымыз көкке көтерілгенде әрбір әдепті адамның Туға қарап, жеңімпаздық сезамі деп., ұлттық мақтанышы құлшындырып, қарқынды қажырының толқынды толғанысы пайда болады. Арайлы Ту көтерілгенде, ата – бабаларымыздың аруағы аялап, шалқыған шаттығымыз ет – жүрегімізді елжіретеді. “Менің мынау қасиетті Отаным – жнаымнан да қымбат!” деп, орайлы ой биігіне көтерілеміз. Төбеміз көкке жеткендей болады. Туымызды ұлы жиындарда, шеру – салтанаттарда алып шығып, көкке көтереміз! Көк байрақ – Туымыз еліміздің ең биік тұғырларындав көкке көтеріліп, желбіреп тұр. Біз Ту қасынан бас иіп өтеміз, серт айтып, қаһармандық іске кірісерде, халқымызға ант беріп, Туымызды сүйіп, оған табынамыз. Туымызды қорғау, Ту астында құрметтеліп, суретке түсу, Ту көтеруші болу қандай бақыт! Өйткені Туымыз – біздің еліміздің бейнесі, халқымыздың қасиеті, адамдарымыздың ар – ожданы! Туымызды қастерлеу – халқымызды қастерлеу: оның ерлерініңғ азаттығын, ерлігін құрметтеу! Ұлттық әдептілік қасиеттердің бір үрдісі – ел Туын елжірей сүйіп, құдірет тұтып, құрметтей білу болып табылады. Әрқашанда әспеттеп, төбемізге көтеріп, тәлім алып, тәжім етеміз саған, қасиетті көк байрақ – Туымыз!
Батырлық жырлардың дүниетанымдық және тәрбиелік мәні.
Қазақтың халық педагогикасындағы аса бай мұра батырлық жырлар. Батырлық жырлар эмоциялық әсермен тыңдаушының ынтасын арттырып көріктілігімен көкейге қонады; ол шаттандырады, ондағы трагедиялық және қуанышты жайларды тыңдаушы өміріне, тебірене сезініп, ыстық жаспен ынталы ықыласпен қабылдайды. Сондықтан ақын болмаса да, асыл жырларды жаттап алушылар көп болған. Жаттампаздық құрғақ жаттау емес, жадына жақсыны сақтап өнегелі өмірге пайдалана білуді халық әрқашан да мақсат еткен. Ел Ер Тарғындай ер болуды, Қобыландыдай батыр болуды,Қамбардай қамқоршы болуды ұрпақтарына үлгі еткен.
Қара түнекті, қайғылы, қасіретті заманда эпостық шығармалар халықтың көңілін сергітті, ерлікке құлшындырды, ойын өрістетті, келешекке сенімін арттырып, намысын қозғады. Жарқын жырлардағы парасатты ой сәулелері жалппы жұрттың жанын жадыратты. Ондай шығармаларды жұрт жалықпай тыңдап, жан азығы етті.
“Сөз сүйектен өтеді” деген халық, сөз өнерін тәрбиенің күшті қаруы етіп, өмірге пайдалана білді. Өмірдің өзі түсіндіретін халық философиясы ауыз әдебиеті болды. “Қара қылды қақ жаратын” әділдік,арды, намысты аяққа басқан зұлымдық, ел сүйіндірген ерлік, дарын ойлы даналық,қояннан жаман қорқақтық эпостық жырларда айқын сарапталып, ақылмен екшеленіп ерекше әсерлерімен тыңдаушыларын баурап отырды.
Қаршадайынан халықтың ауыз әдебиетін сүйе тыңдап өскен әрбір қоғам мүшесі еліне пайда тигізетін ер болуды армандады. Жеке адамның жетесіне жеткен қара бастың қамын ойлайтын психологияға эпостық жырлардағы халықтың ойлары қарсы қойылып отырды . Халық ер мен езді, ақылды мен ақымақты, еңбекшіл мен тірліксізді айқын бағалап, ұрпақтарына жақсыны үйретті,жаманнан жирентті.
Батарлық жырларды тыңдаушы жақсылық пен жамандықты, мейірмандық пен зұлымдықты көз алдына елестетіп, шығармадағы ой мақсатты жылы сезініп ой-өрісін дамытады, шығармадағы қызықты оқиғалар, отты сөздер, өнегелі іс-әрекеттер тыңдаушыны неғұрлым көп білуге құштарландырады.
4. Бақылау сұрақтары:
1.Ерлік- тәрбие жемісі- дегенді қалай түсінесіз?
2..Перзенттік парызды өтеу дәстүрі.
3.Өз отанына, халықтарына аулына, туысқандарына сүйіспеншілікті тәрбиелеу формалары.
4. Батырлық жырлардың дүниетанымдық және тәрбиелік мәні.
5. Студенттің үй тапсырмасы.
1. Отан тақырыбында тақырыптық сурет салу.
2. Өз отанына, халықтарына аулына, туысқандарына сүйіспеншілікті тәрбиелеу формалары.
6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы.
1. Халық педагогикасындағы азаматтық, патриоттық тәрбие ұғымын талдап талқылау.
7. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі
1. Қожахметова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. А., 1993.
2. Құралұлы А. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалылығы. А., 1991.
3. Құралұлы А. Салт-дәстүрге, тарихқа, дінге байланысты терминдер мен сөз тіркестерінің түсіндірме сөздігі. А., 2006.
4. Табылды Ә. Этнопедагогикалық оқылымдар. А., 2006.
10-семинар
-
Сабақтың тақырыбы: Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі.
2. Сабақтың жоспары:
1. Еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
2. Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесінің ролі.
3. Теориялық мәліметтер:
Еңбек тәрбиесі – ескі заманнан келе жатқан халықтың қажеттігін қанағаттандырудың көзі. Осыған орайбалаларды еңбекке тәрбиелеу ата – аналардың парызы болған. Халық еңбекті адам үшін табиғаттың өте құнды таратуы деп атаған. Сондықтан да еңбекті және еңбек адамын құрметтеуді дәріптеген.
Қазақ және басқа да Шығыс халықтары еңбек тәрбиесіне үлкен мән берген. Әрбір қазақ отбасында баланы жастайынан еңбек етуге үйретіп, дағдыландарған. Баланы жастайынан кәсіптік жұмысқа үйрету ата – аналардың мақсатты ісі болған.
Халықтың еңбекке және еңбек тәрбиесіне көзқарасы қазіргі кезде педагогикалық принциптерге жуық. Бұл жөнінде атақты педагог ғалымдардың ойларын еске түсірген жөн.
Н.К.Крупская өзінің педагогикалық шығармаларында Кеңес өкіметінің лағашқы жалдарынан бастап, еңбек тәрбиесіне қойылатын бағдарламалық талаптарды қалыптастырады. Оқуды өнімді еңбекпен байланыстырудың қажет екендігін айтады.
А.С.Макаренко отбасында еңбек тәрбиесінің маңызын айта келіп мынадайц құнды пікірлерді ұсынды.
-
Адамға әртүрлі еңбек қасиеттерін табиғат бермейді, олар оның бүкіл өмірінде, әсіресе жас кезеңдерінде тәрбиеленеді.
-
Ескі заманда таптық теңсіздік жағдайында адам еріксіз жұмыс күші есебінде еңбек етті. Біздің елімізде әрбір адамды еңбекке үйретіп дағдыландыру - тәрбиешілердің ерекше міндеті.
-
Баланың еңбек ету барысында басқа адамдарға дұрыс қатынасы тәрбиеленеді, - бұл енді адамгершілікке дайындық.
-
Еңбек тәрбиесінде баланың бұлшық еттері, көру мүшесі, сезім, түйсігі, саусақтары т.б дамып қана қоймайды, еңбек тәрбиесі әсіресе, адамның рухани және психикалық дамуына зор әсер етеді.
-
еңбектің қоғам - өндірістік маңызымен бірге, жеке адамның өмірінде де маңызы зор. Еңбекшіл адамның әр нәрсені орындау қолынан келеді, қызғылықты бақытты өмір сүреді.
В.А. Сухамлинскийдің пікірі бойынша еңбек тәрбиесін баланы күнделікті еңбек дағдыларына дарытудан бастау қажет. Оның анықтамасы бойынша «Еңбек тәрбиесі бұл, бейнелеп айтсақ үш ұғымның үйлесушілігі, керек, қиын және тамаша». Бұл үш ұғым отбасы және мектеп өмірінің негізі болуы тиіс.
4. Бақылау сұрақтары.
1. Адамға әртүрлі еңбек қасиеттерін табиғат бермейді, олар оның бүкіл өмірінде, әсіресе жас кезеңдері.
2. Еңбек тәрбиесінің мәні.
3. Ұлттық тәрбиедегі еңбек тәрбиесінің ролі?
4. Халықтың педагогикадағы еңбек тәрбиесінің ролі?
5. Студенттің үй тапсырмасы.
1. Еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
2. Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесінің ролі.
6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы.
1. Адамға әртүрлі еңбек қасиеттерін табиғат бермейді, олар оның бүкіл өмірінде, әсіресе жас кезеңдерін анықтау.
7. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі.
1. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. А., 2003.
2. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы (Оқу құралы).- А., 2001.
3. Табылды Ә. Қазақ этнопедагогикасы және оқыту әдістемесі. А.,-2004.
4.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім – тәрбиесі. А., 1995
11-семинар
1. Сабақтың тақырыбы: Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі.
2. Сабақтың жоспары:
1. Халық педагогикасындағы дене тәрбиесінің міндеттері
2. Дене тәрбиесінің ерекшеліктері мен артықшылықтары.
3. Қысқаша теориялық мәліметтер:
Отбасы үлкендерінің бәрі жаңа туған жас баланы отанның елдің асыл азаматы болуын аңсап армандайды. Өнегелі үлкендерге ұқсасын деп дарынды, өнерлі, ақылдыақсақалдарға баланың аузына түкіртіп, азан шақыртып атын қойғызады. “Ақылын, жасын берсін” деп, жаңа туған нәрестені қарияның шапанының етегіне орайды. Ұрпағы өскен қадірлі анаға кіндігін кестереді, бесікке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескізеді.Үлкендерден бата алғызады.Халақтың балаға арналған ырым,бата-тілектерінде келешектен күткен алкен үміт, аңсау арман бар тәрбиенің алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмітімен үндесіп жатыр.
2.Баланы жастайынан еңбексүгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу. Ол бесік жыры мен тұсау кесер жырларынан, бата, тілек, терме өлеңдерден өзекті орын алған. Еңбек қағидаларын жастардың бойына сіңіру отбасындағы еңбектің қарапайым түрлерінен басталып, қоғамдық маңызды істермен ұштасқан. Ұл баланы қозы, лақ қайтаруға, отын –су әзірлеуге , мал өнімдерінен тұрмысқа қажетті құрал-жабдық (қамшы, шідер,жүген өру, тері илеу, қару-жарақ) т.б. жасауға әзірлеу, қора салу , киіз үйдің ағашын істеу, ұсталық, зергерлік өнерге үйрету т.б. көзделсе, ал қыз балаларды ыдыс-аяқ жуу, үй сыпыру, шай қою, төсек жинау, кесте, өрмек тоқу, ас пісіру, бала күту, қонақ күту т.б. үйреткен.
3.Халақ педагогикасында “Бірінші байлық -денсаулық”деген ұғым өзекті орын алған. “Дені саудың жаны сау”, “Ас адамның арқауы”, “Ауру астан” деп рухани, материалдықбайлықтың негізін жеке бастың , яғни тәннің саулығына байланысты қарастырған. Баланы туған күннен бастап тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау, дене күтіміне ерекше мән беріп шынықтыру, мерзімінде жақсы ас беріп тамақтандыру мен ұйықтатудың бәрі тән саулығы үшін жасалған әрекеттер.
4.Халық педагогикасында адамгершілік қасиеттерді баланың бойына дарыту, ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу басты қағида болып есептелген. “Жаным- арымның садағасы” деп, арды адамгершілік қасиеттің үлгісі санаған.
5. Гуманизм мен патриотизм –халықтық тәрбиенің басты қағидаларының бірі. “Отан от басынан басталады” деп ұққан ата-бабамыз от басының, ананың, рудың отанның намысын қорғауды, қарттарға, ауру, кемтарларға көмектесуді, басқа ұлт өкілдерін сыйлауды отбасы тәрбиесінің өзекті принципі деп. бағалаған. “Атаның баласы болма, адамның баласы бол” “Жақсы-көпке ортақ”, “Ел үшін еңбек ет, халқын сүйген қор болмайды” деген өсиет тәрбиеден өзекті орын алған.
6. Елді, жерді қорғайтын, еңбек ететін азамат болу үшін денені шынықтыру қажет. Халық педагогикасында “шынықсаң шымыр боласың ” деп. ой қорытқан ата-бабамыз ұлттық ойынға жаттықтырып үйрету(аударыс, күрес, теңге алу, қыз қуу) т.б. арқылы дене тәрбиесіне баса көңіл бөлген.
7. Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен ғылым деп. түсінген халқымыз жастарға “Өнерлі өлмейді”, “Білегі жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады”, “Білім таусылмас кен, өнер өлмес мұра” дегенді насихаттап, ертегі, өлең-жыр, мақал-мәтел, аңыз әңгімелер ұсынған.
8. Адам өмірі мәңгі табиғат құшағында өтетін болғандықтан, ата-бабамыз өз ұрпағын ағаш бесіктен жер бесікке әлденеше жұмбақ, өлең-жыр ертегі аңыздар шығарған.
Ал бұл қағидалар сайып келгенде “сегіз қырлы, бір сырлы”, мінезі майда, ары таза, тәні сау, өнегелі-өнерлі, жан-жақты жетілген “толық адам” тәрбиелеуді көздеуден туған. “Сегіз қырлы , бір сырлы” азамат тәрбиелеудің ұстанымдары барлық халықта бар, ортақ талап.Мысалы, орыстар ондай адамды “Кішкентай болса да өнегелі ақылды”, “Ақылды да сүйкімді”, “Қайырымды жігіт” деп санаса таулықтар “Нағыз жігіт” деп атайды. Ал чукчылар “Адал өмір сүретін азамат” дейді. Ол теңізде жүзгіш, соғыста батыр, ғылымыда терең ойлы, билікте-әділ, еңбекте-шебер, өмірде бірлікшіл, сөзде шешен, шет жерде отаншыл бауырмал деген қасиеттер бойында бар азаматтар.
Нағыз шынайы азамат тәрбиелеудегі бр халықтың талап, тілегінің ұштасып келуі ұрпақ тәрбиелеудегі мақсат бірлігінен туындап отыр.
Енді халақтық тәрбиенің осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысы қандай дегенге келейік.
Халық педагогикасы тәрбие ісін баланың жас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен, “Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдй бағала” деген мәтел баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттігін мегзейді. Ал бұл педагогиканың ынтымақтастық принципімен қабысып жатыр.
Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына үлкендердің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған. Өскен тәрбиедегі әсері жөнінде А.С. Макаренко, Н.К. Крупская, А.В. Сухомлинский, А. Құнанбаев,
Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев сынды ұлағатты ұстаздардың ой-пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп жатыр.
Тәрбие жөнінде XVII-XVIII ғасырларда өмір сүрген батыстың, орыстың педагог ғалымдары жақсы ой-пікірлер айтқан болатын.
И.Г. Песталоций: “Бала тәрбиесі, оның дүниеге келген күнінен басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі отбасынан басталып, мектпте әрі қарай жалғастырылуы шарт” деген қағиданы ұсынды.
К.Д. Ушинский бала тәрбиелеудегі ауыз әдебиетінің роліне де ерекше тоқталды. Ол: “Ертегілер халықтық педагогиканың алғашқы жән тамаша үлгілері.Ертегілердегідей халықтың асқан даналық тәрбиесімен тепе-тең келетін бірде-бір тәрбие құралы жоқ”-дегенеді. Кешегі Кеңестік дәуірдегі ұлы педагог тар А.С. Макаренко адамды тәрбиелеп жетілдіруде еңбектің, әсіресе ұжымдық еңбектің маңызына ерекше мән берген болса, ал В.А.Сухомлинсий баланы ізгі жүректі азамат етіп тәрбиелеуде ойын түрлерін кеңінен қолдануды және баланы жазасыз тәрбиелеуді, ертек айтуға, табиғатты тамашалауға, сол арқылы олардың ой-қиялын өсіруге баса көңіл бөлді.
Халық баланы тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар, санамақтар, жұмбақтар ойлап шығарған.
Бөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде, кейбір дыбысты айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі- жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады. жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады.
Санамақтарды халық, негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтардың түрлері көп, оның үстіне жаңадан қосыла береді. Отбасында санамақтың әрбір түрін балаға жаттатып олармен бірге ойнай отырып, ойын дамыту- ата-ананың борышы. Ересек балаларға неғұрлым күрделі санамақтарды айтқызып, сол санамақтардың шешімін мүмкіндігінше, өлең ұйқасымдарымен айтуды талап ету керек.
Нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту арқылы баланы ойлату, танымдық білімділік ұғымдар мен түсініктерді ой-қиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін, халық ертеден –ақ жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған.
Жұмбақтарды Аристотель “Жан-жақты жымдасқан метафора” дейді. Яғни затты бейнелеп, баламалап сипаттау арқылы ұқсас заттардың қасиеттері мен түріне , аумағына, көлеміне зер салып, жұмбақты шешуші шешеді әрі заттарды салыстыра көз алдана елестетіп, дүниетанымдық қабілетін дамытады.
Жұмбақтардың дүниетанымдық, ой дамытарлық мәні мен қатар, тәрбиелік мәні де ерекше. Өйткені жұмбақ айтысу, жұмбақтарды жаттау кезінде тәрбиеленуші өзінің білім дәрежесін байқап, көп білуге талпынады, ынта-жігері артады, жауапкершілікке бейімделіп, өнерге талпынушылығы артады.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Халық тәрбиені 6 түрге бөлуі: эстетикалық рухани мінез құлық, дене, еңбек,
имандылық, жауынгерлік ерлік тәрбиесі.
2. Тәрбиенің негізгі қағидалары және оның ғылыми педагогикамен байланысы.
3. Баланың бесіктен тәрбиелеу-дегенді қалай түсінесіз?
4. Халықтық тәрбиедегі дене тәрбиесінің артықшылықтары.
Достарыңызбен бөлісу: |