Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу



Pdf көрінісі
бет26/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

44
 
Егер қандай да бір себептермен қауіпті аймақтан кете алмасаңыз
кірпіштен немесе бетоннан жасалған жертөлеге тығылыңыз. 
Иондаушы сəулелену өткізгіштігін : 
 
Ағаштан жасалған қабырғалар 2 есеге; 
 
Кірпіштен жасалған қабырғалар 10 есеге;
 
Кірпіш немесе бетоннан жасалған жертөлелерге жасырыну 40-100 
есеге əлсіретеді. 
Радиациялық апат туралы дабылды естігендегі əрекеттер: 
 
Апат болған алғашқы минуттарда иондаушы сəулелену 
максималды болатынын ескеріңіз; 
 
Көшеде болсаңыз аузыңыз бен мұрныңызды жабу керек жəне 
жертөлеге, жерасты жолдарына, үйге, кез келген ғимаратқа 
жасырыну керек; 
 
Ғимаратқа кірерде сырт киміміңізді, аяқ киміңізді шешіп 
пластикалық пакетке салып жасыру керек; 
 
Душ қабылдау; 
 
Есіктер мен терезелерді жабу; 
 
Нұсқаулар мен қосымша ақпараттар алу үшін радио, теледидарды 
қосыңыз; 
 
Терезедегі 
саңылаулар 
мен 
желдеткіш 
əйнектеріне 
герметизацияландырыңыз;
 
Аузы бетітілетін ыдыстарға су қорын жинаңыз; 
 
Тоңазтқыштағы қосымша азық-түлікті алу; 
 
Дəкеден жасалған таңғыш жəне респиратор дайындаңыз; 
 
Дүрбелең салмаңыз жəне сабыр сақтаңыз. 
Радиоактивті ластанған аймақтағы әрекеттер
 
Ғимараттан (имарат) қажет болған жағдайда ғана шығыңыз; 
 
Сонымен бірге респиратор (немесе таңғыш, сулы болған жақсы), су 
өткізбейтін плащ (резеңкеден жасалғаны жəне капишонмен 
болғаны жақсы), етік жəне қолғап киіңіз. Егер жамылғы болмаса
күртеше, жамылғы киіңіз; 
 
Ашық жерлерде темекі шекпеніңіз, тамақ жемеңіз, жуынбаңыз, 
саңырауқұлақ жəне жидек жинамаңыз; 
 
Ғимаратқа кірерде сырт киіміңізді қағыңыз, аяқ киіміңізді қағыңыз 
немесе жуыңыз; 
 
Үйде үнемі сулы жинау жасаңыз; 


45
 
 
Үнемі душ қабылдаңыз, тамақ алдында қолыңызды жақсылап 
жуыңыз, аузыңызды ас содасының аз мөлшеріндегі су ерітіндісімен 
шайыңыз; 
 
Консервілердегі немесе жабық қоймаларда сақталған тамақты ғана 
жеңіз. 
Эвакуация кезіндегі әрекеттер: 
 
Нұсқаулықты, əсіресе, уақыты мен жиналу орнын анықтап естіп 
алыңыз; 
 
Көршілеріңізге хабарлаңыз, мүмкін біреуіне көмек керек болар; 
жаныңыздағы көрші қартайған жандарға, мүгедектерге, балалары 
бар отбасыларға көңіл бөліңіз; 
 
Су, газды жабыңыз, электр қуатын сөндіріңіз; 
 
Жеке қорғану құралын киіңіз; 
 
Өзіңізбен керекті заттар салынған дорбаны (рюкзак) алыңыз; дорба 
полиэтиленді пленкамен ораңыз; 
 
Есік сыртына «№... пəтерінде ешкім жоқ» деген хабарлама жазып 
кетіңіз; 
 
Колонна қалыптасқанда немесе тасымалдау құралына отырғанда 
ТЖМ өкіліне тіркеліңіз; 
 
Қауіпсіз аймаққа келгенде,өздігіңізше немесе тағайындалған 
орындарда, радиоактивті тозаңды құрту үшін барлық киіміңізді, аяқ 
киміңізді шешу арқылы қатерсіздендіру жасаңыз; 
 
Бетіңізді, қолыңызды күшті жуғыш заттармен мұқият жуыңыз. 
Одан кейін де аяқ киіміңіз бен киімдеріңізді полиэтиленді пакетке 
орап, қолданбағаныңыз абзал; 
Ересектің жəне балалардың қалқанша безін радиоактивті йодтың 
изотопынан сақтау үшін апаттың алғашқы кезеңінде йодты алдын ала 
емдеу жүргізіледі. Йодты калийді төмендегідей дозада қабылдайды: 
ересектер мен 2 жастан жоғары балалар үшін 0,125 г., 2 жасқа дейінгі 
балалар үшін 0,04 г. тамақтан кейін 1 рет 7 тəулік қабылдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет