Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу



Pdf көрінісі
бет5/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

8
 
Техносфера қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қиын процесс. Одан 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптері деп аталатын идеяларды, 
бастапқы қалыптарды белгілеп алуға болады. 
Қағидаттардың əртүрлілігі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 
себепкер болады: 
 
Өндіріс қыр-сырына; 
 
Технологиялық процесстердің ерекшеліктеріне; 
 
Құрылғылар мен басқа да заттарды пайдаланудың əртүрлілігіне. 
Қағидаттарды сақтау қауіптен сақтанудың теориялық жəне 
практикалық қатынасында ыңғайлы тəсілді пайдалануға маңызды 
себеп болады. Ғылыми зерттеу, тəжірибелік жəне құрылымдық,
жобалау жұмысы сатысында қауіп-қатердің толықтай алдын алу 
жұмыстарын жасау, сонымен қатар өндірістік объектілерді пайдалану 
мен қайта құру тек қауіпсіздік қағидаттарын есепке алу арқылы іске 
асады. Қауіпсіздік қағидаттарын іске асыру мақсатында тікелей 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін түрлі жұмыскерлерді қорғау 
құралдары пайдаланылады. 
Қорғау құрылғылары қолданылу сипатына қарай оларды 
ұжымдық қорғау құралдары (ҰҚҚ) жəне арнаулы қорғау құралдары 
(
АҚҚ) болып бөлінеді. Екеуі де қолданылуына қарай кластарға 
бөлінеді. Сонымен қатар, ҰҚҚ қауіпті жəне зиянды факторларға 
байланысты топталады (мысалы, шудан, дірілден, электрленген 
қуаттардан жəне т.б. қорғайтын құрылғы). 
Ал АҚҚ-дарына: қоршау,тосқауыл, кедергілеу, сақтандыру 
құрылғылары, жарықтық жəне дыбыстық дабыл қағу, қауіпсіздік 
аспаптары, дыбыстық түстер, қауіпсіздік белгілері, арақашықтық 
басқарудағы автоматты бақылау құрылғылары, жерге тұйықтау жəне 
істен шығару, желдету, жылу беру, ауаны баптау, жарық беру
оқшаулағыш, бітегіш құрылғылары жатады. 
Арнаулы қорғау құралдары қорғалатын ағзаға жəне ағзалар 
топтарына байланысты бөлінеді (мысалы, тыныс алу жолдары ағзасын 
сақтайтын, қолды, басты, бетті, көзді, есту қабілеті ағзаларын 
сақтайтын құралдар). 
АҚҚ-дарына: су өткізбейтін костюмдер жəне скафандрлар, газбен 
улануға 
қарсы 
құралдар, 
респираторлар, 
пневмодулыға, 
пневмобетперделер, түрлі арнайы киімдер мен аяқ киімдер, қолғаптар, 
каскалар, шлемдер, бас киімдер, шу өткізбейтін шлемдер
құлаққаптар, астарлар, қорғаныс көзілдіріктер, сақтандыратын 
белбеулер, теріні сақтайтын түрлі құралдар жатады. 


9
 
Қорғаныс құралдары адамның қозғалысына ыңғайлылықты 
қамтасыз ету керек. АҚҚ жайлы №6 практикалық тапсырмада 
толықтай көрсетілген. 
Қаіпсіздікті сақтау құрылғылары қызметкерлер қаіпсіздігіне жəне 
ыңғайлы жұмыс жасауына арналған. Бұндай құрылғыларға сатылар, 
жиылмалы сатылар, басқыштар, құрылыс сатылары, төсеме тақталар, 
баспалдақтар, аспалы орындар жəне т.б. жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет