"электрондық ақшалар"



бет1/18
Дата24.02.2022
өлшемі1.18 Mb.
#455738
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Қазақстан Республикасындағы пластикалық карталардың нарығы



КІРІСПЕ

Қазіргі таңда пластикалық карталар біздің Қазақстандық электрондық төлемдеріміздің нарығына сенімділікпен енді. Қазір ешкімді “электрондық ақшалар” сөздерімен таң қалдыра алмаймыз. Сондықтан біздің мемлекетіміздің әрбір азаматы дебеттік карталар жөнінде ғана емес, сонымен қатар құрылған кредиттік линиялары бар несиелі карталар жөнінде де біледі. Пластикалық картаны қолданатын адамдар төлем карталары бойынша барлық мүмкіндіктер мен ыңғайлылықты және “электрондық ақшалардың” қолма-қол ақшадан барлық артықшылықтарын сезінді.


Несиелік карта идеясын алғашқы болып Эдуард Беллами (Edward Bellamy) “2000-1887 өткен шаққа көзқарас” (Looking Backwards: 2000-1887) кітабында ұсынды, ал несиелік карталарды практикалық енгізудің алғашқы әрекеттері АҚШ - та 1920 жылдары жасалды. Картондық карталар ұзақ мерзімді болған жоқ, сондықтан он жыл өткеннен кейін алғашқы металликалық карталар пайда бола бастады, одан кейін өрнек салынған пластикалық карталар пайда болды. Олардың қызметтерін символдардың өрнектерін қолдану арқылы және картадағы ақпаратты алдында шығарылған чектерге ауыстыру арқылы жартылай автоматтауға болды.
Карталық жүйелердің дамуындағы кезекті, негізгі маңызды серпіліс Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. Ұлы депрессияны жеңген Біріккен штаттар өздерінің экономикалық потенциалдарын белсенді көтере бастады. Автомобиль индрустриясын дамыту американдықтардың өмірлерін қала орталықтарынан қала маңына көшіру арқылы өзгертті. Одан кейін авиатасулардың күрт өсуі байқалды. Саяхатшылар теміржол, көл және өзен көліктеріне қарағанда ұшақтарға көбірек міне бастады. Осы күнге дейін американдықтар дүниедегі ең жанданған елдердің бірі болып табылады. Жандану банктік секторда да байқалды. Бұл жандануға Bank of America қатысты.
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында банкте карталарды шығару бойынша жоспарлар жасалды. Western Union, General Petroleum, Mobil, Shell бағдарламаларының жетістіктерінен кейін Ұлы депрессия мұндай бағдарламаларды тоқтатты. Енді, ел алдында жарқын болашақ ашылған кезде көптеген компаниялар бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруды шешті.
Картаның банктерге әкелген тағы бір артықшылығы олардың банктен қашықта тұратын клиенттер үшін ыңғайлы болуы. Әдетте, клиенттер банкті мекенжайы мен жұмысына жақын жерден таңдап алатын. Карталардың шығуынан бастап бұл жағдай өзгерді. Банктер бұл саланы кеңейту үшін өз карталарын жүз және мың мильге тарату арқылы жаңа мүмкіндіктерді пайдалана бастады. Банктер несиелі карталардың бағдарламаларын еңгізу нәтижесінде олардың несиелерінің көлемі артты.
Жаңа клиенттер бұрын қол жетпейтін аймақтардан тартылғандықтан, банктер карта иелері үшін қосымша банктік қызметтерді құруға күш салды. Қарыз берушілермен қатар банктер үшін табыстардың жаңа көзі сатушылар да болды: олар банктерге сатып алушылардың несиелік карталары бойынша сатуды жүзеге асыру үшін дисконттық мөлшерлемелерді төледі. Банктер сатушылардың ортасында белсенді саясат үшін жаңа ынтаны байқады.
Несиелік карталардың санының тез өсуіне байланысты банктер сатушылардың банкі бола бастады, жаңа табыстардың екі есе артуы және депозитті ресурстардың жаңа көздері бәсеке белсенділігінің жоғары деңгейін жасады. Карта иелерінің санының өсуіне байланысты сатушылар сату көлемін ұлғайтудың жаңа мүмкіндіктерін алды. Банктер карта иелерінен сияқты, сатушылардан да жаңа табыстар тапты.
Банктер клиенттерге қайта құрылған несиелік желілер арқылы несиені кеңейту тәсілін тапты. Олардың нарық географиясы да кеңейді, банктер банкке жақын тұратындарға ғана емес тұтынушылар үшін де карталар шығара бастады. Бұл жаңа клиенттермен оларға басқа банктік қызметтерді сату бойынша қосымша мүмкіндіктер табылды. Карталар иелерінен табыс дисконттан табыстың жаңа көздерімен және сатулар үшін шоттардан құрылған жаңа депозитті ресурстармен сәйкестендірілді.
Пластикалық карталар Қазақстандық шынайы ақшалардың нарығын белсенді жаулап ала бастады. Соңғы жылдары жеке және ұжымдық қолданушыларға “электрондық әмиян” банктерінің саны артты. Қазақстан нарығында негізгі халықаралық карталардың бәрі қолданылады.
Қазақстанда пластикалық карталар саласында барлығы негізінен классикалық сызбалар бойынша болатынын атап айтуға болады:

  • банктер санының - халықаралық карта эмитенттерінің өсуі;

  • бастаушы төлем жүйелерінің байланыстың жоғары сапалы арналары мен кәсіпорындарға сауда мен қызметті еңгізу үшін күресі;

  • пластикалық карталарды қолдануды ішкі баланстық технологиялық

процессте кеңейту, мысалы шотқа қол жеткізудің құралы ретінде.
Қазіргі таңда Қазақстандағы “карталық іс” нағыз бумды басынан өткеріп жатыр. STB Card, Union Card компаниялары еліміздің барлық территориясында әрекет етеді және банк-қатысушылар мен клиенттердің көпшілігін тартады. Көп банктер пластикалық карталарды қолдану арқылы өз төлем жүйелерін құрады және қанайды. Түрлі әрекеттер жасалады, кейде сәтті болды, мысалы, аймақтық және локалдық (ірі өндірістік кәсіпорындар үшін) жүйелердің құрылуы. Көптеген Қазақстандық банктер Visa International және Euro-Card/Master Card халықаралық жүйелеріне қосылады.
Өкінішке орай, дамудың барлық жолдарын бейнелеуге болмайды және біздің елімізде әрекет ететін барлық төлем жүйелерін қарастыру мүмкін емес. Бүгінгі таңда пластикалық карталар сән емес, заманның экономикалық талабы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты банктің пластикалық карталармен есеп жүргізуін қарастыру және жетілдіру жолдарын ұсыну. Осы мақсатқа сәйкес дипломдық жұмыста келесі міндеттер қойылды және шешілді:

  • әлемдегі пластикалық карталар нарығының жағдайы талданды;

  • Қазақстан Республикасының қаржы нарығында пластикалық карталар және пластикалық карталардың негізінде ақшасыз есеп айырысудың технологиясы қарастырылды;

  • Қазақстан Республикасында пластикалық карталардың дамуы және жетілдіру жолдары қарастырылды.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі отандық және шетел авторларының пластикалық картаның нарығын дамыту жөнінде кітаптары мен жорналдары зерттеудің көздері болып табылады.
Практикалық мәнділігі алынған нәтижелерді талдай отырып қаржылық нарықтағы алатын орнына баға беру.
Дипломдық жұмыстың ақпараттық негізі құқықтық және ақпараттық қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының студенттерге пластикалық карталармен стипендия төлеу жөнінде заңнамалық және нормативтік актілері, Қазақстан Республикасының статистикасы бойынша Агенттіктің статистикалық материалдары негіз болды.
Зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасындағы пластикалық карталардың нарығы.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы – Қазақстан Республикасында пластикалық карталар нарығын зерттей отырып халыққа тиімділігін қарастыру.
Жұмыс құрылымы кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет