128
Тыныс (дем) алу – ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу
физиологиялық процесі. Организм өзінің
барлық жасушалары мен
ұлпаларына қажетті оттегіні сіңіреді жəне өмір тіршілігі нəтижесінде
жиналған көмірқышқыл газын шығарады.
Тыныс алу жүйесіне ауа өткізетін жолдар (мұрын, көмек, кеңірдек)
жəне өкпе жатады. Жұтылған ауа мұрын неме ауыс қуысы арқылы
еніп көмей, кеңірдек арқылы өкпеге енеді. Өкпедегі брон майда
тармақашаларға таралады. Бронх
тармақшаларының кішкентай
ұштары көпіршік-альвеолалармен аяқталады. Альвеоланың жұқа
қабырғалары арқылы газ алмасу түзіледі: қанға оттегі енеді, қандағы
альвеоладан көмірқышқыл газын шығады. Тыныс шығарған ауада
көмірқышқыл
газы көп, оттегі аз, ал тыныс алған ауада керісінше:
тыныс алған ауада оттегі 20,94%, көмірқышқыл газы 0,03%, тыныс
шығарғанда оттегі 4 %, ал көмірқышқыл газ 16.3%.
Тыныс алу жүйесі тыныс алу жəне тыныс шығару ритмді қайталану
арқылы іске асады. Тыныс алғанда кеуде
белгіленген бұлшық еттері
үлкейеді, ауа бронх жəне альвеолада толады, нəтижесінде өкпе де
үлкейеді. Сосын кеуде бұлшық еттері босаңсыйды, кеуде жасушалар
төмендейді, ол өкпені қысып одан ауа шығарады. Тыныс шығару іске
асады.
Достарыңызбен бөлісу: