Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу



Pdf көрінісі
бет70/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

120
 
Жинақтап таңу буынның астыңғы не үстіңгі шет жағынан 
басталады жəне тізе ойығында айқышталып таңылады. Келесі 
қадамдары алдыңғылары тəрізді болады, жаймендеп буынның 
ортасына жинақталады. Таңу буын ортасында циркулярлі қадаммен 
аяқталады. 
«Тасбақа» таңу шынтақ буынына жасалады. Шынтақ буынын 
жарақаттап алғанда «тасбақа» таңудың жинақталған таңу түрі 
байланады. Егер жарақат буыннан жоғары немесе төмен орналасқан 
болса, «тасбақа» таңудың таратылып таңу түрі жасалады. Бинт ені 10 
см. Шынтақ буыны 90 градуста бүгіліп тұрады.
Бинттеу бекітілген айналмалы жолақтармен иықтың астыңғы 
бөілігіне немесе шынтақ буынының үстінгі жағына таңылады. Сосын 
сегіз тəрізді жолақтармен зақымданған жерді жабады. Бинт жолақтары 
шынтықтың бүгілулі түсінда айқышталып оралады. Таңғыш 
циркулярлі жолақтармен буын маңында аяқталады. 
Таратылған «тасбақа» таңғышы буын жанынан бинттің айналмалы 
орамымен басталады. Сосын бинт жоғары, төменге кезекпен 
шынтақтың бүгілуіне дейін алдыңғы жолақтарды 2/3 қабат жауып 
оралады. Барлық қадам шынтақ буынының бүгілуінде тоқталады.
Бұлай буынның барлық аумағын жабады. Таңғыш айналмалы 
ораммен иық немесе білекті аяқталады. 
«Тасбақа» таңғышы тізе буынына да қолданылады. Таратылған 
таңу тізе буынынан айналмалы ораммен басталады. Сосын бинт 
жолақтары тізе буынында айқышталып алдыңғы жолақтардың 
бағытымен астына жəне үстіне қарай бағытталады. Солай барлық 
буын бинттеледі. Жинақталып жасалған «тасбақа » таңғышы
буынның астыңғы немесе үстіңгі тұсынан басталады, сосын орамдар
буын астына жинақталады.
Бас жарақаттанғанда «чепец» таңғышы қолданылады. (8.6-сурет).
Жасалатын əрекеттер: 
 
зардап шегуші қарап тұру; 
 
қышқышты пайдаланып стирильді майлықпен жараны жабу; 
 
дайындалған 70 см ұзындықтағы тар бинт бөлігін төбесіне қою, 
бинттің бір ұші құлақ түбінен төмен қарай түсіп тұру қажет. 


121
 
8.6-
сурет. «Чепец» бинт таңғышы 
 
зардап шегушіге немесе көмешіге бинттің бір ұшын тартып ұстап 
тұруын сұрау; 
 
маңдай мен желке тұстан өтетін циркулярлі жолақпен басты 
айналдырып екі бекітілген орам жасалады; 
 
келесі зардап шегуші ұстап тұрған бинт жолағынан өткізіп маңдай 
жаққа жəне желке жаққа кезекпен орамдар жау; 
 
екі жаққа кезекпен бинт таңғыш жолақтарын жүргізіп, бастың 
жоғары жағы жабылғанға дейін орау; 
 
қалған бинт бөлігін таңғыш-бинттің қалған бөлігіне байлау жəне 
иек астына байлау. Қалдық бинтті қайшымен қырқу
 
егер таңғыш жараға жабысып қалған жағдайда 3 пайыздық сутек 
тотығымен жібітіп барып алу керек. 
Көз зақымдалғанда жасалатын 
көз таңғышы (8.7-сурет)
 
айналмалы горизонталды ораммен маңдай арқылы бекітіледі, 
артынан желкеге оралады, құлақ жанынан мойынның жоғары 
жағына бекітіліп оралып жарақаттанған көзді жабады.
 
алдыңғы қадам айналмалы қадаммен бекітіледі; 
 
ары қарай бір-біріне ұқсас. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет