Молекуланың тербелісі
13. H35Cl және H37Cl молекулаларының меншікті тербеліс жиіліктерінде айырмашылық бар, ал бұлардың ядроаралық қашықтықтары бірдей. Осы молекулалардың а) тербеліс спектрі жолақтарының орналасуында және ә) айналыс спектріндегі сызықтардың орналасуында айырмашылық бола ма?
14. 19F35Cl молекуласының жұтылу спектріндегі негізгі жолақ және бірінші обертонның толқындық сандары тиісінше 773,5 см-1 және 1533,0 см-1-ге тең. Меншікті толқындық санды және ангармоникалық коэффициентті есептеңіз.
15. H37Cl молекуласының тербеліс-айналыс жолағындағы нәзік айналыс құрылымының толқындық сандары (см-1) өлшенген: 2706,9; 2819,6; 2841,6; 2863,0 (Р-тармақ) және 2904,2; 2923,7; 2942,7; 2961,1 (R-тармақ). Тербеліс айналыспен әсерлеспейді деп ұйғарып, H37Cl молекуласындағы ядроаралық қашықтықты есептеңіз.
16. Br2 молекуласының бірінші қоздырылған және нөлінші тербеліс деңгейлері арасындағы энергия айырымын анықтаңыз (Дж). (r = 228,3 пм; = 0,6091014 c-1; x = 3,3110-3).
17. HBr молекуласының жұтылу тербеліс спектріндегі бірінші және екінші обертондардың толқындық сандары айырымын есептеңіз (r = = 141,3 пм; = 4,9911014 c-1; x = 17,110-3).
18. Н2 молекуласының және СО молекуласының квазисерпімді күшінің коэффициенттерін табыңыз.
19. Сутегі молекуласын негізгі күйден бірінші тербеліс деңгейіне (1) қоздыру үшін қажетті энергияны табыңыз. Осы энергия берілген молекуланы бірінші айналыс деңгейіне (J = 1) қоздыру энергиясынан қанша есе үлкен?
20. Cl2 молекулаларын негізгі күйден бірінші тербеліс деңгейіне ( 1) қоздыру үшін энергияға молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы тең болатын жағдайға сәйкес температураны анықтаңыз.
21. ОН молекуласының кванттық сандары ’ 1, J’ = 0 және 0, J = 5 күйлерінің энергиялары айырымын табыңыз.
22. HF молекуласы үшін негізгі және бірінші қоздырылған тербеліс деңгейлері аралығында орналасқан таза айналыс деңгейлерінің санын есептеңіз. Айналыс күйлері тербеліс күйлерінен тәуелді емес деп ұйғарыңыз.
23. Тербелістерінің меншікті жиілігі және ангармоникалық коэффициенті х екі атомды молекуланың мүмкін болатын ең үлкен тербеліс кванттық санын, сәйкес тербеліс энергиясын және диссоциация энергиясын анықтаңыз. Осы шамаларды сутегі молекуласы үшін есептеңіз.
24. Хлор молекуласының тербеліс жиілігі және диссоциация энергиясы белгілі: = 1,0641014 с-1, D 2,48 эВ. Осы молекуланың ангармоникалық коэффициентін есептеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |