ІV
Н35Cl молекуласының айналыс тұрақтысы – В = 10,5909см-1. Н37Cl және 2D35Cl үшін В мәні неге тең?
Екі атомды молекуланы бірінші тербеліс және бірінші айналыс деңгейіне қоздыру үшін жұмсалатын энергиялардың қатынасын табыңыз. Осы қатынасты: а) Н2; ә) НІ молекулары үшін есептеңіз.
3. DІ молекуласының ИҚ жұтылу спектрінде үш тербеліс-айналыс жолақтары байқалады, бұлардың интенсивтілігі бірінші және екінші обертондарға ауысқанда шұғыл төмендейді. Негізгі тон жолағының (1-0 ауысу) центрі – 1599,76см-1, ал бірінші обертонның (2-0) центрі 3159,35см-1, екінші обертонның центрі (3-0) 4678,53см-1 орналасқан. тербеліс жиілігін және ангармоникалықты анықтаңыз.
V
1. Н79Br молекуласының айналыс спектрінің кезектесіп келетін үш сызығының толқындық сандары: 84,544; 101,355 және 118,112см-1. Бұлардың қандай J”→J’ ауысуларға сәйкес келетінін анықтаңыз, бұдан кейін В және D мәндерін есептеңіз.
2. НCl молекуласының шығару спектрінің тербеліс-айналыс жолағының сұрыптау ережесі тыйым салатын «нөлінші» сызық болмайтын ортасындағы көрші сызықтардың аралығы – Δω = 0,79·1013c-1. НCl молекуласының ядроаралық қашықтығын есептеңіз.
3. НІ молекуласының ИҚ жұтылу спектрінде центрлері 2229,6; 4379,2; 6448,0 және 8434,7см-1 тербеліс-айналыс жолақтары байқалады; бұлардың интенсивтілігі толқындық сандары өскенде шұғыл төмендейді. Жолақтарды тиісті υ’-υ” ауысулармен сәйкестендіріңіз, тербеліс жиілігін (см-1), ангармоникалықты анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |