1 Тапсырма. Берілген жүн үлгілері бойынша студент жүн түсін, класын (подкласын), жағдайын анықтап, кластау нәтижесін берілген кестеге жазу қажет.
3.5.3 кесте. Жүнді кластау нәтижесі
Жүн үлгісі №
|
Жүн тобы
|
түсі
|
класы
|
Класстармағы
|
Жүн жағдайы
|
Берілген класқа жатқызылған үлгінің белгілері
|
|
|
|
|
|
|
|
2 Тапсырма. Берілген карточкалар бойынша жүн атауын, класын, класс тармағы, жағдайын және тобын анықтаңыз.
Бақылау сұрақтары.
1. Біртекті және әртекті жүнді кластау ерекшеліктері.
2. Биязы жүнді қой жабағысын кластау қандай белгілері бойынша жүргізіледі.
3.Меринос жүні мен меринос емес жүннің айырмашылығы..
4.Жабағы жүнінің кесек және төменгі сорт жүндерінен айырмашылығы неде?
5.Биязылау кроссберд және кроссберд тип жүн қандай белгілері бойынша класқа жіктеледі.
6.Ұяң және қылшық жүнді қой жабағыларын қандай белгілері бойынша кластайды.
7.Әр түрлі топ жүндері түсі бойынша қалай жіктеледі.
8.Әр түрлі топ жүндері жағдайы бойынша қалай жіктеледі.
3.6 Тақырып. Ешкі жүні мен түбітін кластау
Сабақ мақсаты.
Ешкі жүні мен түбітін дайындау стандарты мен техникалық жағдайына сәйкес кластап үйрену.
Әр түрлі тұқымды ешкі жүні атауына байланысты: біртекті 1 және 2 топ, түсі мен жағдайына байланысты әртекті ұяң және қылшық болып бөлінеді.
Біртекті 1- топ – жүн түсі ақ, жылтырлығы бар, құрылымы – тұлымды, негізінен аралық талшықтан тұрады, ұзындығы 10 см-ден кем емес.
Біртекті 2-топ-жүн түсі әр түрлі, жылтырлығы әлсіз, иректілігі де әлсіз, құрылымытұлымды, көбінесе аралық талшықтан тұрады. Қысқа қылшық өлі және құрғақ талшықтар кездеседі, түбіті аз мөлшерде.
Жүнді советтік ешкі буданымен ұяң жүн – жүн әлсіз жылтыр, иректілігі әлсіз, құрылымы тұлымды, ұзын түбіттен, аралық талшықтан және қылшықтан тұрады. Жүн түсі көбінесе – ақ..
Түбітті ешкі мен ұяң және олардың будандары – жүн толқынды иректі, құрылымы тұлымды, ұзын аралық талшықтан, ұзын түбіттен және қылшықтан тұрады. Түбіт мөлшері жүн салмағының 40%-нен аз емес. Жүн түсі көбінесе – сұр.
Жартылай түбітті қылшық – тұлымды құрылымды әртекті жүн, ірі қылшықтан, түбіттен ( жүн салмағының 25 - 40 % дейін) және өлі талшықтан тұрады.
Ірі қылшықты – жүн әр текті, тұлымды құрылымды, ірі қылшықтан, түбіттен ( 25 %-тен төмен) и өлі талшықтан тұрады.
Ешкі жүні класқа жіктелмейді. Түсі бойынша ешкі жүні біртекті, ақ, ашық – сұр және түрлі – түсті болып бөлінеді. Жағдайына байланысты қалыпты және арамшөпті болып бөлінеді.
Ешкі жүні атауына байланысты: оренбургты, түбітті, қылшықты - ангор болып ажыратылады; класына, жағдайына және түсіне байланысты.
Ешкі түбіті алу әдісіне және қылшық мөлшеріне байланысты кластау кезінде келесідей төрт класқа бөлінеді:
1 класс (1 тару) – қылшықты тарау арқылы түбіт салмағынан 10 % -тен көп емес мөлшерде алады. Кездейсоқ өлі талшықтар рұқсат етіледі.
2 класс (2 тарау) – қылшық талшықтары түбіт салмағының 10 тен- 20 % -ке дейін құрайды.
3 класс (джебажды) –қырқу немесе тарау арқылы алады, қылшық талшығы түбіт салмағының 20 дан 40 % -не дейінгі мөлшерін құрайды.
4 класс (джебажды) – қылшық талшығы түбіт салмағының 40-тан 60 % -ке дейінгі мөлшерді құрайды.
Ешкі түбіті жағдайына байланысты және арамшөпті болып бөлінеді.
Тапсырма. Үлгілер бойынша ешкі түбітін кластап үйреніңіз.
Бақылау сұрақтары.
1.Ешкі түбітін кластау ерекшелігіндегі айырмашылық.
2.Ешкі жүніне мінездеме.
3.Атауына байланысты ешкі жүні мен түбіті қалай бөлінеді.
4.Жағдайына байланысты ешкі жүні мен түбіті қалай бөлінеді.
5.Түсі бойынша ешкі жүні мен түбіті қалай бөлінеді.
IV Мехтық шикізатты бағалау
4.1 Тақырып. Тондық және мехтық қой терісі
Сабақ мақсаты.
Мехтық шикізаттың негізгі түрлері және кәсиеттерімен танысу, оларға зоотехникалық баға бері.
Мехтық шикізатқа тондық, мехтық қой терісі және елтірі жатады.
Қой терісін үш топқа: тондық, мехтық және былғалырық деп бөлінеді.
Тондық қой терісін қылшық жүнді қой малдарын сойған кезде алады. Қой терісінің жылулық қасиеті оның шел қабатының тығыздығы мен мықтылығына, мех ұзындығы мен қоюлығына, түбіт пен қылшық арақатынасына байланысты. Жеңілдігі шел қабатының жіңішкелігіне, жүн жіңішкелігіне, мехтың оптималды тығыздығы мен ұзындығына, шайырдың аз түзілуіне негізделген.
Топтық жіңішкелігіне қой терісін үш түрге бөледі: романдық, орыс және далалық.. Романдық қой терісін романдық қой тұқымынан өндіреді; орыс қой терісін – құйрықты және елтіріні қой тұқымынан басқа барлық қылшық жүнді қой тұқымынан ал далалық қой терісін – құйрықты және елтірі қой тұқымдарынан алады.
Мехтық қой терісін жүн жабынының сапасы бойынша: биязы, биязылау және ұяң деп бөлінеді. Тондық қой терісі шығарылған ауданына қарай орыс және далалық болады. Қой терісінің көлемі 18 дм-ден кем болмауы керек.
Мехтық биязы жүнді қой терісі. Жүн жабыны негізгі аумақта қою, біркелкі, жіңішкелігі мен ұзындығы тең, штапель құрылымды. Жас мал терілері үшін штапельдің сыртқы бөлігінің ұштарына ластану рұқсат етіледі.
Мехтық биязылау жүнді қой терісі. Жүн жабыны негізгі аумақта қою, біркелкі, штапель құрылымды, орташа немее ірі иректілігі бар. Қой терісінің шеткі және аяқ аймақтарына штапель – тұлымды құрылым рұқсат етіледі. Терінің барлық аумағында өсіп кеткен қылшық талшықтары кездеседі.
Мехтық ұяң жүнді қой терісі. Жүн жабыны әркелкі аралас, штапель – тұлымды құрылым. Қой терісінің шеттерінде будандастыру (метизация) белгілері байқалса ол тондық теріге жатқызылады. Будандастыру белгілері тері шеттерінде бар болса қой терісі жүні тұлымды құрылымды.
Тондық – орыс қой терісі. Жүн жабыны әркелкі, көбінесе толқынды, тұлымды құрылымды. Өлі және құрғақ талшықтар кездеседі. Жүн ұзындығы 1,5 см –ден жоғары.
Тондық – далалық қой терісі. Жүн жабыны тұлымды құрылымды, түбіт және қылшық талшықтарынан тұрады. Жүн ұзындығы 1,5 см-ден жоғары. Далалық қой терісін қылшық жүнді құйрықты қойлар мен ересек қаракөл қойларынан өндіреді. Қой терісін жүн жабынының ұзындығына байланысты:жүнді, жартылай жүнді және төмен жүнді деп жіктейді. Мехтық қой терісі жүнінің ұзындығы 0,5 см-ден төмен болса, голякқа жатқызады, яғни стандартқа сай емес тондық қой терілерінің жүн ұзындығы шерсти 1,5 см және одан төмен болса, былғары шикізатына жатқызылады.
Былғарлық қой терісі – бұл талдық нехтық қой терісі, бірақ жүн жабыны жағдайында ірі кемшіліктер болады немесе жүн өте қысқа жүн өте қысқа 2,5 см – ден төмен қой терілері тондық немесе мехтық өнімдер өндіруге жарамсыз болып табылғандықтан, былғары зауыттарына былғары өнімдері үшін жіберіледі.
Тондық және мехтық қой терілерін сорттау кезінде алдын ала оларды жүн жабынының биіктігіне байланысты топтарға бөлінеді (4.1.1 - кесте).
4.1.1 кесте. Тондық және қой терісін сорттау
Қой терілері
|
жүнді
|
Жартылай жүнді
|
Төмен жүнді
|
Тондық
|
6-дан жоғары
|
2,5-6
|
2,5 және одан төмен
|
Мехтық
|
5-тен жоғары
|
2,0-5
|
1-2
|
Мех ұзындығын штапель немесе тұлымның жазылған күйінде, қой терісінің бір жақ бөлігінен өлшейді. Тері аумағынан оның ұзындығы мен енін өлшеп, алынған мәліметті көбейту арқылы анықтап, квадрат диаметрмен көрсетеді. Ақаулары үшін шартты бірліктер бекітілген (4.1.2-кесте).
4.1.2 кесте. Ақаулары бағалау шартты белгілері мен тізімі
Қой терісі ақаулары
|
Қой терісі
|
Мехтық
|
тондық
|
Қырылған орын, қатты қырқылған, қасқа
|
1
|
1
|
Жыртылу
|
1
|
1
|
Тесік, жара орындары
|
1
|
1
|
Болбыраған жүн
|
2
|
1
|
Жүннің жіңішкеруі
|
1
|
2
|
Ет пен май кесінділері
|
1
|
1
|
Сорты
|
Ақау бірліктерінің саны
|
Негізгі аумақта
|
Бөлік шеттерінде
|
I
|
-
|
2
|
II
|
1
|
2
|
III
|
5
|
1
|
IV
|
III сорт талаптарына сәйкес емес
|
1 Тапсырма. Тондық және мехтық қой терілер жиынтығын пайдалана отырып, дайындау стандартына сәйкес тондық және мехтық қой терілеріне мінездеме беріп, оларды сорттарға бөліңіз. Нәтижесін 4.1.3. кестеге толтырыңыз.
-
кесте.Тондық, мехтық және былғарылық қой терілеріне мінездеме.
Қой терісінің номері
|
Қой терісінің типі, тобы
|
аумағы, кв.дм
|
Шел қабатының мінездемесі
|
Мех ұзындығы, см
|
Мех сипаттамасы
|
Түбіт пен қылшық ара қатынсы
|
Мех түсі
|
Мехтің жибектігі
|
Терінің сорты
|
Тері қай қой тұқымынан алынған получена овчина
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бақылау сұрақтары:
1. Мехтық шикізаттың негізгі түрлерін атаңыз.
2. Мехтық шикізат қасиеттері жөнінде айтыңыз.
3. Мехтық теріні зоотехникалық бағалау принциптері.
4.2 Тақырып. Қаракөл мехтық шикізаты
Сабақ мақсаты.
Қаракөлдің негізгі түрлерімен танысу және қаракөл терісі аймақтарын ажыратып үйрену.
Қаракөл қойлары әдемі де мықты тері елтірі өндіретін қозыларымен кең көлемде әлемге танымал болды.Қаракөл қойларынан сонымен қатар майлы сүт алынады. Еті жақсы, тамаққа пайдаланылады. Қаракөл қойларының терісі мен жүні дөрекі (ірі). Жүнін кілем мен ірі жіп өндіруде пайдаланылады. Қаракөл қойларының ірі – аналықтары орташа 40-48 кг, аталықтары 48-80 кг. Қаракөл қойларының 1-3 күндк қозыларынан шешілген теріні қаракөл деп атайды. Кейде қаракөл қойлары қозыларының иректілігі өсіп туады. Ал, 3-10 күндік жаста қозылардан шешілген теріні кавказдык сорт деп атайды. Көбінесе, еркек тоқтылардың барлығын сояды да, тек өте жақсыларын асылдандыруға қалдырады, жыл сайын бір жылда алынған төлдің жартысын ғана құрап отырады.Қаракөл терілерінің маңызы ерекшеліктеріне: шаш жабынының әр түрлі иректілікте болуы; тері ұлпасы тығыз; негізі жалпақ және құйрық соңына қарай қысыңқы; басы ұзындау; аяқ жүндері иректілігін жатқызуға болады. Терісі құны мен сорты оның иректілік формаларына байланысты. Қаракөл иректілігін тығыздығына қарай жіктеудің 3 тобы қабылданған: бағалы, аз бағалы мықты. Құнды иректілік түріне: валек тәрізді (жартылай дөңгелекті), бұршақ тәрізді немесе дөңгелектелуі қысқа орташа жалпақтықта және гривки жатады. Аз бағалы иректілікке:сақиналы, жартылай сақиналы, бұршақ; ал мықты түріне – штопор тәрізді, орайлы, деформацияланған және ұлу тәрізді бұйралар ласы қатысты. Валек – көп немесе аз мөлшерде ұзын жолақты жабық бұйра.
Бұршақ – қысқартылған валек тәрізді қысқа 12 мм дейін жалпақ жолақты жабық бұйра, бұршақ дәніне ұқсас болады. Гривки – бұйра тең ортасынан үшкір бұрыш болып орналасқан. Сақина, жартылай сақина – шаш аймақтары домалақ және жартылай домалақ пішінде, жанынан бұйраланған және жоғарғы жағы ашық.
Тұлым, бір жағынан бұйраланған, бинтке ұқсас, жоғарғы жағына қарай диаметрі аз және оны штопор деп атайды. Тұлымның жоғарғы жағы түйіншектеліп бұйраланған, оны бұршақты деп атайды. Ласы – бұл тегіс, бұйраланбаған шаштармен жабылған аймақ.Қаракөл қойларының шаш жабынының сапасы жасына байланысты өзгереді, сондықтан оларды: қаракөлше, қаракөл,яхобаб, трясок, қылшық тері қой терісі деп бөледі. Қаракөлшеші буаз саулық өлген жағдайда жатырынан алынған қозыдан алады немесе туу уақытынан бұрын ауыр жарақаттанған дұрыс азықтандырмаудан немесе аяз шалған және т.б. жағдайларда туып қалғанда алынады. Голяк -3,5-4,5 айлық жастағы эмбрион терісі. Голяктың шаш жабыны өте қысқа. Яхобоб – өсіп кеткен қозы терісі, көбінесе 10 күндік жастан бір айға дейінгі қозылардан алынады. Ол қозы өлім – жетімге ұшырағанда және қозыны союға тура келген жағдайда алынады. Яхобобтың тері ұлпасы ауыр,бұйрасы биік, сондықтан оны көбінесе арзан бағаны ер және әйел адам пальтоларының жағаларына салады. Трясок – 1-4 айлық қозы терісі.
Теріні бағалау үшін:елтірінің шел қабатын, аумағын, түсін және елтірінің кң құнды болып табылатын, әр түрлі көрсеткіштердің ішіндегі 1-сі иректілік пішінін формасын бағалау қажет.
Елтірі аумағын оның ұзындығы мен елінің көрсеткіштерін көбейту арқылы анықтайды.
Шел қабатының сапасын созып және қатпарларын өлшеумен анықтайды. Шел қабаты тығыз, мықты және жіңішке болуы талап етіледі. Қалың болбыр шел қабатының бұйрамының әдемілігн бұзады, ірі, болбыр, жылтырлығы әлсіз көрінуімен байланысты.
1 Тапсырма. Әртүрлі топтағы және сорттағы номерленген елтірі жиынтығын, альболдарды, сызылғыштарды пайдалана отырып, бірнеше қаракөл елтірілеріне сипаттама беріңіздер, олардың тобы мен сортын анықтап, мәліметтерді 4.2.1-кестеге толтырыңыздар.
4.2.1 кесте. Қаракөл мінездемесі
Елтірі номері
|
Елтірі аумағы
|
түсі
|
Бұйра типі
|
Бұйра көлемі
|
пішіні
|
суреті
|
бұйралануыыы
|
қоюлығы
|
жібектілігі
|
Шел қабаты
қалыңдығы
|
тобы
|
сорты
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 Тапсырма. Қаракөл елтірі терісінің топографиясын анықтап, әр түрлі аймақтарын салу.
Бақылау сұрақтары
1. Қаракөл деген не?
-
Қаракөлше, голяк терминдерін түсіндіріңіз.
-
Қаракөл бұйрасының әр түрлі пішіндеріне сипаттама беріңіз.
V Ет өнімділігі
5.1 Тақырып. Қой еті шығымын есептеу және оның сапасы
Сабақ мақсаты.
Қой еті шығымын есептеу әдістемесін меңгеру мен қой еті сапасын анықтап үйрену.
Қойдың ет өнімділігінің негізгі көрсеткіштері болып: сояр алдындағы тірі салмақ, ұша салмағы, іш май салмағы, сойғаннан кейінгі салмақ, сойыс шығымы, қой қондылығының категориясы және ұшасының, ұшаның сорттық және морфологиялық құрамы, еттің азықтық құндылығы және т.б табылады.
Сояр алдындағы тірі салмақты малды 24 сағат аш ұстап, 0,1кг-нан 1 жас (жас мал үшін) - 0,5кг 1 (ересек мал үшін) дәлдікте өлшейді.
Малды аш ұстау кезінде асқазан – ішек жолдары мен несеп жолдары тазарып, малдың тірі салмағы 2,5-3,5% төмендейді. Сонымен қатар осы уақытта бұлшық ет қышқылдығы қалыптанып, гликоген жиналады. Гликогеннің жеткілікті мөлшерде жиналуы еттің пісіп-жетілуіне қажет, ол ыдырағанда қышқыл (сүт, фосфор) түзіп, етті консервілеуге көмектескенімен, шіріту микроорганизмдердің дамуына жол береді, ол еттің бұзылуын тездетеді.
Қой малы қондылығының категориясын мемлекеттік стандарт бойынша 5111-55 «қой мен ешкіні сою үшін қондылықты анықтау» бойынша шоқтықтағы, арқадағы, бел, қабырға және құйрық түбіндегі бұлшық ет және май ұлпаларынан даму дәрежесіне байланысты, ал құйрықты қойларды – құйрығына немесе май құйрығына қарай анықтайды. Егер сенімсіздік жағдай туындаса бақылау сойысын жүргізеді де, қондылықты келесі кестедегі талаптарға сай анықтайды.
5.1.1 кесте. Қой малы қоңдылығының категориясы
Категориясы
|
Саулықтар
|
қошқарлар
|
Жоғары
|
Арқа және бел бұлшық еттері ұстағанда жақсы дамығаны білінеді, арқа және бел омыртқалары білінбейді;шоқтығы білінуі мүмкін; тері астында жинақталған майы білініп тұрады,арқасы шел қабырғаларында жинақталған майы орташа. Құйрықты қойлардың құйрығында, май құйрықтылардың құйыршағында май жақсы жиналған.
|
Бұлшық еттері жақсы дамыған;сүйектері білінбейді, шоқтық аймағындағы омыртқа ұштары байқалады.
|
Орташа
|
Арқа және бел омыртқаларының бұлшық еттері орташа жетілген шат сүйегі мен бел омыртқасының ұштары аздап шығып тұрады; арқасы мен қабырғаларында жинақталған майы білінбейді. Құйрықты және май құйрықты қойлардың құйрығында май мөлшері онша мол емес.
|
Бұлшық еттері қағанаттанарлық дамыған; шоқтық пен арқа аймағында омыртқа ұштары білінеді; тері асты майы арқасын жұқа қабатпен және белін сәл ғана жабады; қабырғасы сегізкөз аймағы және жамбасының шығыңқылығы рұқсат етіледі.
|
Орташадан төмен
|
Бұлшық еттері орташа жетілмеген; арқа бел омыртқалары мен қабырғалары шығып тұрады; тері асты майы білінбейді. Құйрықты және май құйрықты қой құйрықтарында аздаған май болады.
|
Бұлшық еттері қанағаттанарлықсыз;сүйектері білініп тұрады, ұшаның беткі жағында білінер–білінбес жұқа қабат түрінде май қаптайды, бірақ ол болмауы да мүмкін
|
Ұша салмағын малдың терісі сыпырылғаннан кейін, қанын ағызып, ішкі мүшелерімен басы, аяғы және құйрығы алынып тастап, бүйрегі мен бүйрек майымен өлшейді. Алдыңғы аяқтарын – алдыңғы тізеден, артқысын – тілерсек буынынан бөледі. Малды сойғаннан кйінгі, сол уақыттағы ұшасын – булы (парной) деп, ал 24 сағат өткеннен кейінгі, тоңазытқышта 4—6°С температурада тұрып, суытылғанын тоңазытылған деп атайды.Булы ұшадан қарағанда тоңазытылған ұшаның салмағы аз болады, өйткені тоңазытқанда ылғал жоғалтады. Неғұрлым майлы ұшалар арық ұшаға қарағанда ылғалды аз жоғалтады.
Ұша қоңдылығы малдың тұқымына, жынысына байланысты болады, көбінесе ересек қойларда ал 20—30 кг-нан жоғары,1 жасқа дейінгілерінде 15—20 кг, қозыларында 10—15 кг.
Сойыс салмағына ұша салмағы мен іш майы (шарбы майы, қарын, ішек майлары) кіреді. Етті – майлы және май құйрықты қойлардың сойыс салмағына құйрық майы қосылады – құйрық майды малды сою кезінде бөліп алады да жеке өлшейді.
Сойыс шығымы дегеніміз — сояр алдындағы тірі салмақтың сойыс салмағына проценттік қатынасы. Бұл көрсеткіш малдың тұқымына, қоңдылығына, жасына, жынысына және т.б көрсеткіштеріне байланысты 35-тен 60%-ке және одан жоғары мөлшерде ауытқып отырады.
Ұшаның марфологиялық құрамын анықтайтын көрсеткіштердің бірі – еттілік коэффициенті. Еттілік, коэффициентін таза еттің (сұрпы ет) сүйек салмағына қатынасы арқылы анықтайды. Оны анықтау үшін ұшаны бөлшектеу қажет. Одан соң етті бөлігі ажыратылып, құрамды бөлшектері өлшенеді де, оған сәйкес есеп жүргізіледі. Мұнда бұлшық ет ұлпасының сүйек ұлпасына (бұлшық ет – сүйек коэффициенті) немесе бұлшық еттің май ұлпасына қатынасы салмағын анықтау мүмкін.
Малдың жасына байланысты бұлшық ет, май, сүйек ұлпаларының арақатынасы өзгеріп отырады. Май ұлпасы кеш дамиды. Қой малдарында оның ерте дамуы тек тез жетілетін малдарда ғана байқалады..
Майдың жиналуы қойларда белгілі бір ретпен жүретіндігі анықталған. Ең бірінші ол ішкі мүшелерде: бүйрек, ішек, қарын, одан кейін – тері асты майлары (құйыршақ түбінде, белде, кеудеде) бұлшық ет аралық май, содан соң ғана бұлшық ет ішілік май ұлпалары дамиды.
Тері асты майы ұшаны кеуіп кетуден сақайтын ұшаны суарушы деп аталатын май қабатын түзеді.
Бұлшық ет аралық ұлпалары жеке бұлшық еттер аралығында дәнекер (байланыстырушы) ұлпа қабатында жинақталады.
Әр түрлі тұқымдарда май жиналу қатынасы мен интенсивтілігі ұшаның әр түрлі аймақтарында біркелкі емес.Қылшық жүнді тұқымдарда (арық құйрықты, қысқа құйрықты-ранан тұқымы). Мысалы, майдың көп бөлігі бүйрек маңы мен ішекте, ал аз бөлігі – бұлшық ет аралығы және тері астында. Тері асты майы негізінен белде жиналады, ал ол неғұрлым ұша бойына тең орналасқаны жақсы.
Ет бағытына арнайы бағытталған қойларда май жеке бұлшық ет іштеріне жиналады, ол еттің мраморлығы деп аталады да, етке ерекше нәзіктік пен шырын береді.
Етті – майлы бағыттағы қой тұқымдарының май жинау қабілеті жақсы, оларда май негізінен құйрық аймағы мен құйыршықтың жағында жиналады.
Қозыларда іш майы ерте жаста жинала бастайды және ол азықтандыру дәрежесіне байланысты. Егер азықтануы өте жақсы болса, қозылардың үш айлығында бүйрек аймағында май жиналады, ал азықтануы орташа жәрежеде – кештеу жиналады.
Сондықтан, май жинаудың дамуы мен тоқтауы малдың жасына, тұқымына және азықтандыру жағдайына тығыз байланысты. Егер ұшаға 16-18 кг салмақта 25% жоғары емес,оның ішінде тері асты — 13, бұлшық ет аралық — 10және бүйрек — 2% май жиналса тиімді болып саналад. Май қабатының қалыңдығы 16-18 кг салмақтағы ұша үшін арқадағы ұзын бұлшық ет 3-3,5 мм, ал 20-25 кг ұша үшін — 4-5 мм болғаны жақсы.
Субөнімдер келесідей жіктеледі: а) етті—бауыр, жүрек, өкпе, диафрагма, өңешпен трахея, бүйрек,көкбауыр, ет кесінділері, желін,тіл және ми; б) кілегейліе—қарын, летошка; в) жүнді—бас. Категорияларына байланысты субөнімдер шығымына келесідей нормалар бекітілген:(малды аш ұстағаннан кейінгі тірі салмаққа %-тік қатынасы):
I категория: бауыр — 1, тіл — 0,3, ми— 0,15,ет кесіндісі — 0,38, жүрек — 0,45, диафрагма — 0,32;
II категория: қарын— 1,4, калтык — 0,15, пикальді ет — 0,1, өкпе — 0,8, көкбауыр — 0,2, тілсіз, мисыз бас — 3,6.
Өңделген субөнімдер шығымына орташа 9,5%, оның ішінде бірінші категория — 3,2%.
Ұша еттілігі арқадағы ұзын бұлшық еттің көлденең аумақпен иылысуын («бұлшық ет көзшесі») байланысты. Етті – жүнді қозыларда ұшадағы бұлшық ет салмағы мен бұлшық ет көзшесі аумағы арасындағы жағымды байланыс (коррелеция) 0,77—0,81құрайды. Сондықтан ұша еттілігін арқадағы ұзын бұлшық еттің көлденең қиылысу аумағы арқылы да анықтауға болады. Арқадағы ұзын бұлшық еттің көлденең қиылысу аумағын бөлшектеуін, таңдалған ұша арқылы анықтайды.Арқаның ұзын бұлшық етін соңғы кеуде мен бірінші бел омыртқасын көлденеңнен бұлшық ет құрылымы мен көлемін бұзып алмайтындай етіп, пышақпен ақырындап кеседі. Алынған көлденең кесіндіні прагментке (немесе қарындаш калькасына) салып, оған бұлшық ет контурын қояды, одан кейін алынған контур аумағын (см2) планиметрмен өлшейді.
Тез жетілетін етті қойлардың бұлшық ет көзшесінің аумағы меринос қой тұқымдарынан қарағанда көп.
Бұлшық ет көзшесінен басқа еттілікті анықтайтын И. Йетсомның (1970) еттілік индексін қолдануға болады.
Ол әр түрлі тұқымды қой мен қозылардың ұша ұзындығы мен салмағының қатынасы және қоңдылық категориясы арқылы алынған. Сондықтан көрсеткіштегі жалпы еттілік коэффициенті килогамға тең, яғни, сондықтан ұзындықтағы орташа ұшадан берілген ұша ауыр немесе жеңіл.
Еттілік индексін есептеу үшін тоңазытылған ұша салмағы (немесе булы, бірақ бұл жағдайда ұша салмағынан 2% алынып тасталады). Ұша ұзындығын жұмсақ қаңылтыр өлшеуіш лентамен немесе ұша ішінен қарын әне кеуде қуысы арқылы өтетін тік сызық бойынша арнаулы таяқпен өлшейді.
Жалпы еттілік индексі ет (бұлшық ет пен май) мөлщерін, яғни ұшадағы еттің оның ұзындығына қатынасын көрсетеді. Бірақ бұл индекс бұлшық еттің және майдың қандай мөлшерде дамығандығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |