Правила организации учебного процесса по кредитной технологии обучения, утвержденные приказом и


Модульдік білім беру бағдарламаларын қалыптастыру



бет6/17
Дата02.01.2022
өлшемі483 Kb.
#453647
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
kredittik oku tekhnologiyasi (1)

6. Модульдік білім беру бағдарламаларын қалыптастыру
96. Модулдар мына түрлерге бөлінеді:

1) жалпы міндетті модуль – мамандықпен тікелей байланысты жалпы құзыретті қалыптастыратын базалық пән циклы;

2) мамандық бойынша міндетті модуль – мамандық негізін құрайтын және кәсіптік құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған базалық және бейіндік пәндер циклы;

3) арнайы мамандықтар үшін таңдау бойынша модулдар–мамандықтар шеңберінде мүмкін құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған жекеленген салалар бойынша пән циклы;

4) біліктіліктің шеңберінен шығатын таңдау бойынша модулдар– мамандыққа қатысы жоқ және қосымша құзыреттерді құрылымына бағытталған (информациялық технология, шет тілі) пән циклдары.

97. Бір модуль бір немесе бірнеше пәндерден тұруы мүмкін.

98. Модуль мыналар бойынша жасалады:

1) көлемі бойынша үлкен (ҚР 3 және одан да көп кредиттерден немесе ECTS бойынша 5 және оданда көп кредиттерден) және уақыты мен мазмұны бойынша аяқталған пәндерден;

2) кіші көлемді әрі бір-бірін толықтыратын пәндерден;

3) оқу бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз ететін, бір пәннің әртүрлі деңгейлерін білдіретін мәндес және аралас пәндерден. Аралас пәндер пәнаралық модульдерді қамтамасыз етеді және бір модуль шегінен асатын қажетті құзыреттің ауқымды спектрін қалыптастыруға бағытталған.

99. Модуль бірнеше пәндерден құрылған жағдайда, кредиттердің жалпы санына құрамдық компоненттің әрқайсысының үлесі кредиттік түрде анықталады.

100. Практиканың барлық түрі және дипломдық жұмыстар жеке-жеке модульдерді құрайды.

101. Бір модульдің көлемі студент жұмысының еңбек шығынына байланысты.

102. Бір модульдің ұзақтығы кемінде бір академиялық кезеңді құрайды. Үлкен мазмұнды модульдер бір оқу жылға созылуы мүмкін, бірақ одан ұзақ болмайды.

103. Модуль өзара бір-бірімен байланысты, олардың біреуі екіншісін толықтыратын болып табылатын пәндерді біріктірсе, онда оқыту жүйелі болу керек.

Бұл жағдайда осы пәндер әр семестрде оқытылады.

104. Модуль аралас пәндерден тұратын болса және оның құрама компоненттері басқада құрама компоненттерінің пререквизиті боламайтын болса, онда пәндерді параллель оқытуға болады.

105. Модуль бойынша кредиттерді алу шарты қорытынды бақылау бойынша оң баға және модульмен қарастырылған барлық жұмыс түрлерін орындау болып табылады.

Егер модуль бірнеше пәндерден құралған жағдайда, онда модуль бойынша кредиттерді алу шарты болып құрамды компоненттер бойынша барлық талаптарды орындау табылады.

106. Егер модуль бір пәннен тұрған жағдайда, модуль бойынша қорытынды баға осы пән бойынша қорытынды бақылаудың шешімі болып табылады. Сонымен бірге қорытынды баға пәннің оқу бағдарламасында қарастырылған (практикалық, зертханалық, есептеу-графикалық, курстық) жұмыс түрлері бойынша бағаны қамтиды.

107. Егер модуль бірнеше компоненттен тұрған жағдайда, емтихан негізгі компонент бойынша жүргізіледі, ал басқа компоненттердің қорытынды бақылауы реферат, эссе, жобалық жұмыс немесе курстық жұмыс болып табылады.

108. Модульдердің құрама компоненттерінің біреуінің бағасы қанағаттандырылмаған жағдайда (50%-дан кем) модуль бойынша кредиттер берілмейді.

109. Модульдердің мазмұнын әзірлеуді күтілетін оқу нәтижелерін (ары қарай оқу нәтижелері) жоспарлаумен басталады.

Оқу нәтижелері студенттердің модуль аяқталғанда көрсетуге қажетті білім, білік және дағды үлгісінде сипатталады.

Оқу нәтижелерін жоспарлау сатыларында оқу әдістері мен олардың жетістіктерін бағалау әдісі анықталады.

Құрама компоненттер бойынша оқу нәтижелері барлық модульдердегі оқу нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал етеді.

110. Модульдің мазмұнын бір оқытушы/оқытушылар тобы әзірлейді.

111. Модуль бірнеше компоненттен тұрған жағдайда, модульдің мазмұнын пәндер бойынша мұғалімдер тобы әзірлейді.

112. Құрама компоненттердің жеке мазмұны модульдің басқа құрама компоненттерінің мазмұнымен келісіледі.

113. Модульдің мазмұны және модульдің құрама компоненттерінің мазмұны оқу нәтижелерінің жетістіктерін қамтамасыз етеді.

114. Оқу нәтижелеріне және модульдің мазмұнына сәйкес модульді үйренудің шарты (бастапқы алған білім, білік, дағды) анықталады.

115. Модульдің мазмұнына байланысты практикалық тапсырмалардың кешені әзірленеді және оқу нәтижелерінің жетістіктерін қамтамасыз ететін оқытудың әдісі мен үлгісі анықталады.

116. Модуль бойынша кредиттер санын анықтау үшін білім алушының еңбек шығынын бағалау қажет. Білім алушының еңбек шығынына модуль бойынша (дәріс, семинарлық сабақтар, өздік жұмыстар, оқу практикалары, сабақтарға және емтихандарға дайындалу, үй жұмыстарын орындау) барлық жұмыстары кіреді.

117. Еңбек шығынын есептеу үшін үнемі мониторинг жүргізіледі. Мониторинг түрлерін ЖОО бекітеді:

1) мониторинг үшін студенттерге сауалнама әдісі үлгісінде немесе студенттің күнделігі түрінде зерттеу жұмыстары өткізіледі. Білім алушы модуль жүктеген белгілі бір жұмыс түрлеріне кеткен уақытты көрсету керек. Білім алушылардан сауалнаманы жылына екі рет алу ұсынылады; Күнделіктер әр аптада толтырылуы қажет;

2) мониторингке арналған сауалнама үлгісін / күнделік түрін ЖОО әзірлейді.

118. Осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес білім беру бағдарламалары бойынша модуль әзірленеді.

119. Модульді сипаттауда мынадай компоненттерді қосу керек:

1) модульдің атауы және шифр;

2) модульге жауапты;

3) модуль түрі (жалпы міндетті модуль/мамандандыру бойынша мінд. модуль, таңдау бойынша модуль);

4) модуль дәрежесі (BA/MA/PhD);

5) аптадағы сағат саны;

6) кредиттер саны;

7) оқу үлгісі;

8) семестр;

9) білім алушылар саны (студенттердің ең төменгі/ең жоғарғы саны);

10) модульді толықтырушылар;

11) модуль мазмұны (модуль мазмұнын сипаттау);

12) оқу нәтижелері (пәндік және пәндік құзыреттілік ретінде тұжырымдау);

13) қорытынды бақылау нысаны;

14) кредиттерді алу шарттары (модуль жүктеген барлық жұмыс түрлерін орындау, емтихандағы баға);

15) модульдің ұзақтығы (бір семестр немесе екі семестр);

16) жаңартылған күні.

120. Білім беру бағдарламаларының ерекшеліктеріне байланысты модульді сипаттауда ЖОО толықтырулар енгізуіне болады.

Кредиттік оқыту технологиясы

бойынша оқу үдерісін

ұйымдастыру ережесіне

1-қосымша

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет