РАПОРТ
о проведении инструктажа по мерам безопасности
Докладываю, что с участниками команды___________________________
Мною проведен инструктаж по мерам безопасности при обращении с оружием, о порядке хранения, сбережения и перевоза оружия и боеприпасов, а также правилам поведения в тире.
Список проинструктированных спортсменов:
№
|
Фамилия Имя участника
|
Личная роспись
|
1
|
|
|
2
|
|
|
3
|
|
|
Представитель команды _______________________________(Фамилия)
подпись
«______»___________________200__г
З А Я В К А
На участие _______________________ от команды _____________________
.
№
|
Имя, Фамилия
|
г.р.
|
группа
|
№ уч.
|
Разряд
|
Виза врача
|
Фамилия тренера
|
Женщины
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
Мужчины
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
Руководитель:
Представитель:
Врач:
Техническая заявка
( только в летнем многоборье)
От команды __________________
№
|
Имя, Фамилия
|
г.р.
|
группа
|
№ уч.
|
результаты
|
спринт
|
плавание
|
Женщины
|
1
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
Мужчины
|
1
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
Представитель.
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі
Спорт комитеті
Қазақстан Республикасының
Президенттік көпсайыс Федерациясы
Президенттік көпсайыс және халықтың дене тәрбиесі
даярлығының Президенттік сынамалары бағдарламасында
сынау түрлері бойынша өткізілетін жарыс ережесі
Астана
2011
Президенттік көпсайыс федерациясының Президенті
Кореньков В.____________
Бекітемін
|
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
Спорт комитетінің төрағасы
Қанағатов Е. _______________
Келіскен
|
|
Қазақстан Республикасының
Президенттік көпсайыс федерациясы
|
|
(ПОЛИАТЛОН)
|
|
|
|
|
|
Президенттік көпсайыс және халықтың дене тәрбиесі
даярлығының Президенттік сынамалары бағдарламасында
сынау түрлері бойынша өткізілетін жарыс ережесі
Жалпы ереже
Спорт түрлері бойынша (жеңіл атлетика, шаңғы спорты, ату және жүзу) барлық жарыстар аталған спорт түрлерінің ережелеріне сәйкес жүргізіледі
1 Бөлім
Ресми тұлғалар
Бас төреші
Бас хатшы
Жарыс директоры
Спорт түрлері бойынша төреші
Техникалық делегат
Медициналық делегат
Апелляциялық алқа
Бас төреші
Бас төреші ойынның дұрыс өткізілуіне жауап береді. Ол өз міндеттерін атқару үшін барлық төрешілердің орындарында болуын тексеруі керек, егер қажет болған жағдайда, запастағыларды тағайындап, және ережені сақтамаған кез келген төрешіні міндетін атқарудан алшақтатуға өкілеттігі бар. Ол жарыс комендантымен бірге алаң орталығында тек бұл жерге кіруге рұқсат берілген тұлғалардың болуын қадағалау қажет.
Бас хатшы
Көпсайыс түрлері бойынша хатшылармен бірге старттық хаттамаларды дайындап, хаттамаларды (старттық, ақпараттық, қорытынды) рәсімдеп, өтініштерді қабылдауды жүзеге асырады. Көпсайыс түрлері бойынша барлық хатшылар, хатшылық хатшылары, компьютершілер және көбейту техникасының төрешілері бас хатшының жетекшілігімен жұмыс істейді.
Спорт түрлері бойынша ойынның төрешілері
Жарыстардағы ойынның төрешілері спорт түрлері бойынша аталған спорт түрлерінің бас төрешісі болып табылады, өз спорт түрін өткізгенге жауап береді. Спорт түрі бойынша жарыс біткеннен кейін ойынның төрешілерімен хаттамаға қол қойылады және бас хатшыға беріледі.
Техникалық делегат
Ұйымдастырушы комитетпен бірге Техникалық делегат, қажетті көмек көрсетеді, жарыстың барлық техникалық ұйымдастырушылығының толық сәйкестігін қамтамасыз етуге жауап береді. Техникалық делегат жарыстың барлық кезеңінде қатысып, содан кейін жарыстың өткізілуін Техникалық ережелерге, регламентке және Ұйымдастырушы комитеттің қабылдаған шешімдеріне толық сәйкестігін қадағалау қажет.
Егер мәселе туса, немесе қандай да бір сұрақ оның ойы бойынша араласуды қажет етсе, ол бұл туралы бас төрешіге және спорт түрі бойынша ойынның төрешілеріне хабарлауы қажет және қалай істеу керек екені туралы өз кеңесін ұсыну қажет.
Медициналық делегат
Медициналық делегаттың медициналық тұрғыдағы барлық мәселеге қатысты толық өкілеттігі бар. Ол жарыс өткізілетін жерлерде медициналық қарау жүргізу үшін қажетті жағдайлардың сақталуына, емдеуге және жедел көмек көрсетуге, ал спортшылардың тұрып жатқан жерлерінде де медициналық көмек алуларына жауап береді.
Қайта қайтару қазылар алқасы
Қазақстан Республикасында өткізілетін жарыстардың барлығында әдетте бес немесе төрт адамнан тұратын қайта қайтару қазылар алқасы тағайындалады. Қазылар алқасының негізгі функциясына жарыс кезінде пайда болған барлық қарсылықтар мен сұрақтарды қарау және шешім қабылдау үшін қазылар алқасының қарауына беру жатады.
Жарыс директоры
Директор бас төреші мен бірге жарыстың техникалық ұйымдастырушылығын жоспарлауға, бұл жобаның орындалуын қамтамасыз етіп және техникалық делегатпен бірге барлық техникалық мәселелерді шешуге тиіс.
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
-
Жалпы ережелер
Жеңіл атлетикадан жарыстар 60 м және 100 м. қысқа қашықтыққа жүгіруден, 500, 1000, 2000 немесе 2400 м-ге төзімділікке жүгіруден, доп немесе гранат лақтырудан, орнында тұрып ұзындыққа секіруден өткізіледі.
2. Қысқа қашықтыққа (60 және100 м-ге) жүгіру
1) Қысқа қашықтыққа (60 және100 м-ге) жүгіру кез келген тегіс жердегі түзулікте, ал «А», «В» және «С» санаттағы жарыстарда тек қана стадион жолдарында өтеді. әрбір қатысушы ені 1,25 метрлік жеке жолда жүгіруі қажет.
2) Жүгіріске қатысушылар саны 4 адамнан көп болмауы қажет.
3)қҚатысушылардың жүгіретін жолдары жарыстың хатшылығы өткізген жеребе арқылы анықталады. Жеребенің сипатын бас төрешілер алқасы белгілейді. Жолдарды есептеу ішкі жиектен басталады.
4) Қатысушыларға жолдар арасында (сөредегі орындармен) өзара орын ауыстыруға рұқсат етілмейді.
5) Сөре сызығының ені (50 мм) қашықтықтың өлшеміне кіреді, ал мәре сызығының ені кірмейді.
6) Егер қатысушы жүгіру кезінде басқа жолға шығып кетсе және өзге қатысушыға кедергі жасаса, ол аталған қашықтыққа жүгіру жарысынан шығарылады.
7) Егер қатысушы басқа адамның көмегінсіз мәренің көрінген жазықтығына кеудесін «тигізсе» қашықтық аяқталды деп есептеледі.
8) «C», «D» және «E» санаттағы жарыстарда қашықтықты бірінші болып аяқтаған қатысушының нәтижесін 3 секунд санағышпен анықтайды, қалған нәтижелер әрқайсысы үшін 1 секунд санағышпен анықталады. «А», «В» санаттағы жарыстарда қашықтық аяқтаған әрбір қатысушының нәтижесін 0,1 секундқа дейінгі дәлдікпен 3 секунд санағыш анықтайды, көрсетілімдерде алшақтық болған жағдайда, ортаңғы көрсеткіш қабылданады.
3. Қысқа қашықтыққа жүгіру сөресі
1) Сөрелік қалыптарды (станоктарды) орнатуды қоса алғанда, сөреге дайындалу кезінде қатысушыларға оларды сөреге шақырған сәттен бастап, 2 минуттан артық уақыт берілмейді.
2) Фальстартты бақылау аппаратурасы қолданылмайтын жарыстарда қатысушыларға сөрелік қалыптарды (станоктарды) пайдалану немесе қалыптарсыз төменгі сөреден шығуға рұқсат етіледі.
3) Фальстартты бақылау аппаратураларын қолданатын жарыстарда сөрелік қалыптарды пайдаланумен (қатысушының екі өкшесі де сол станоктарға тиіп тұруы қажет), аяқтың табаны мен екі қолдың саусақтары жолдың үстінде болу қажет, бұл жағдайда төменгі сөреге рұқсат етіледі.
4) Сөреші «Сөреге» және «Назар аудар!» деген алдын ала пәрмен береді. Сөзбен айтылатын алдын ала пәрменнің орнына төрешінің ысқырық беруіне болады: біріншісі – «Сөреге» деген екі ысқырық, екіншісі – «Назар аудар!» деген ұзақ ысқырық. Жүгіруді бастауға сөреші оқ ату арқылы немесе «Марш» деп дауыстап, бұрын көтерген жалауды тез түсіру арқылы команда береді.
5) «Сөреге!» деген пәрмен бойынша қатысушы сөрелік сөрелік сызықты немесе одан кейінгі жолды қолмен немесе аяғымен басып кетпей сөреге сызығынан жүгіруге ыңғайлы жағдайда тұрады. Қатысушылардың әзір екендігіне көз жеткізгеннен кейін сөреші «Назар сал!»деген бұйрық береді, сол бойынша жүгіруді бастау үшін қатысушылар барынша қолайлы тұруы және әрлі-берлі жүріп-тұруды тоқтату қажет.
6) сөрелік қалыпты алғаннан кейін және барлық қатысушыларға сөреші жүгірудің басталуы туралы дабыл береді.
Нұсқау: Сөреші старт басталар алдында қатысушыларға жүгірудің басталуы туралы дабылдың қалай берілетіндігі түсіндіруі қажет.
7) Қатысушылар дайын болмаса немесе мүкәммалдары мүкіс болса, онда «Тоқта!» деген пәрмен беріледі. Содан кейін барлық жүгіріске қатысушылар сөрелік орындарынан 3 метр артқа кейін шегінеді. Сөрешінің «Сөреге!» деген қайталама бұйрығынан кейін қайтадан сөрелік қалыпта тұрады.
8) Егер қатысушы дайындықты кідіртсе оған ескертпе (фальстарт) жасалады, қайталаса ескерту беріледі. Ескерту немесе ескертпе алған қатысушы оған жасалған ескертпе мен ескертуді естігені және түсінгенін қолын жоғары көтеру арқылы білдіруі тиіс. Басқа ескертпелер мен ескертулер және сөрешінің рұқсаты сөрелік хаттамаға тіркелуі қажет.
9) Сөре (фальстарт) ережесін бұзған қатысушыға ескерту жасалады. Кез келген қайталама фальстартқа жол берген қатысушы сол жүгірістен шеттетіледі.
4. Төзімділікке жүгіру.
1) Төзімділікке жүгіру жарыстары стадионның жүгіру жолдарында немесе кез келген тегіс жерде («Д» және «Е» санатты жарыстарда) жалпы старттан басталады және сағат тіліне қарсы бағытта өткізіледі.
2) Жүгіріске қатысушылардын саны 10-20 адам (500-1000 м-ге жүгіруде 10 және 2000-3000 м-ге жүгіруде 20 қатысушыға дейін) болуы қажет.
3) Стартқа қатысушыларды орналастыру сөрелік хаттамаға сәйкес бір немесе екі қатар сөре сызығына дейін 3 метр жерде жиын сызығында өтеді.
4) Қатысушылар «Сөреге!» деген пәрмен бойынша оларға сөреші немесе онын көмекшісі сөрелік сызықтың алдында белгіленген орындарға барып тұрады. Қатысушылар сөреде бір-біріне кедергі жасамайтындай болып тұруы қажет. Сөреші жүгіру басталды деген дабылды сөрелік тапаншадан ату арқылы, немесе бұрын көтерілген сөрелік жалаушаны тез түсіру арқылы «Марш!» деген пәрменмен бастайды. «Назар аудар!» деген команда берілмейді.
5) Жалпы жолда өткізілетін жүгіруде әрбір қатысушы бір-біріне кедергі жасамауы қажет. Қарсыласын оның оң жағынан айналып өтуі қажет, сол жақтан айналып өту тек қана алдындағы жүгіруші жиектен өткеннен кейін, не оның алдында, не оған таяп жүгіруге болатындай жағдайда жүгіруіне болады.
6) Алдындағы жүгірушіні басып озған қатысушы оны итермеуі, кеудесімен соқпауы немесе оның алдын орамауы қажет.
7) Алдында жүгіріп келе жатқан қатысушы оны басып озушыны қандай да бір жолмен тоқтатпауы қажет. Осындай бұзушылықтарға жол берген қатысушы жарыстан шеттетіледі.
-
Көшбастауға тыйым салынады, яғни қатысушыға жүгіру кезінде алдынан, бүйірінен немесе соңынан ілесіп отыруға болмайды. Көшбастаушы спортшы аталған қашықтықтағы жарыстан шығарылады.
9) Жалпы жүгіру кезінде жиекті басуға, немесе басқа қатысушылар тарапынан болған кедергіден немесе біреуі құлаған жағдайдан басқасында оны басуға рұқсат етілмейді.
10) Қашықтықтың аяқталуы ереженің 2.7 тармағы бойынша анықталады.
11) Қол хронометражын пайдалану кезінде жүгіру жеңімпазының уақыты 3 секунд санағышпен оларды тоқтату арқылы, қалған мәрешілерді бір секундсанағышпен әр қатысушы үшін оларды тоқтату арқылы анықталады. «С», «Д», «Е» санаттағы жарыстарда жүгіруге 2 және одан кейінгі қатысушылардың уақыты «сырғымалы» бойынша 1 секундке дейінгі дәлдікпен ескеріледі.
5. Доп немесе граната лақтыру.
1) Доптың салмағы 155-160г, диаметрі 58-62 мм болуы қажет. Доп тұтас материалдан немесе сырты «резинадан» толықтырғышы бар және шар тәрізді заттан жасалады.
2) Гранаттың салмағы:
-
14-15 жас қыздар үшін және 55 жастан асқан әйелдер үшін 275-310 г., рекорд үшін кемінде 300 г;
-
14-15 жастағы жасөспірімдер мен 60 тан асқан ер кісілер үшін 505-550 г, рекорд үшін кемінде 500г;
-
16-17 жасар қыздар мен әйелдер үшін 505-550 г., рекорд үшін кемінде 500 г;
-
16-17 жасар жасөспірімдер мен ерлер үшін 705-750 г.,рекорд үшін кемінде 700 г.
3) Гранаттың өлшемі (мм) оның салмағына қарамастан мынадай болуы керек:
-
Снарядтың ұзындығы 236
-
Тұтқасының диаметрі 30
-
Тұтқасының ұзындығы 105
-
Гранаттың салмағының ең үлкен диаметрі 50
-
Тұтқамен арадағы ұзындық (гранаттың осі бойынша) –71. Әрбір өлшемде +,- 2 мм.ге дейін ауытқушылыққа рұқсат етіледі. Снарядтың тұтқасы ұстағанда қолға жұмсақ және ораған кезде кедір бұдыры болмауы қажет.
-
4) гранаттар тұтас металдан немесе ағаштан жасалмауы мүмкін, болмаса металл қабы бар басқа материалдар жасалады.
-
5) лақтыру тегіс алаңда түзу тақтайшамен белгіленген «дәліз» бойынша жасалады
-
6) «А», «В» санаттағы жарыстарда тұтқасы ағаштан жасалған гранат пайдаланады.
-
7) ені 70 мм-к, және ұзындығы 4 м тақтайша ағаштан, металлдан жасалады немесе бояумен сызылады. Тақтайшы жүгіруге арналған жолдың бетіне орнатады және ақ бояумен сырлайды. Тақтайшаның екі шетіне жалаушалар қойылады.
-
8) тақтайшаның шетінен оны топыраққа жалғастырып ұзындығы 5,5 м, ені 70 мм «ілмектер» жасалады.
-
9) лақтыруға арналған снарядтарды тастау ені 15 м-к дәлізге түскенде есептелінеді. Дәліздің лақтыру бағытында және сондай ақ қарама-қарсы бағытта 1:1000-нан қиыс кетпеуі қажет.
-
10) Дәліздің бүйір шекарасын ені 50м-к ақ сызықпен белгілейді. Сызықтың ені дәліздің өлшеміне кірмейді.
-
11) Дәліздің шетіне түсетін орынды ақ сызықтармен белгілейді, ол тақтайшаның шетімен жүгіру арасын көрсетеді. Сызықтар бойынша әрбір 5 мм сайын пареллель жүргізіледі, 20м – ден бастайды (қатычушылардың жынысына және біліктілігіне қарай). Белгілеу сызықтарының ені (шамамен 50 мм) олар көрсеткен аралықтың өлшеміне кіреді. Дәліздің бүйір шетімен қосылатын сызықтардың нүктесіне жақсы көрінетін сандар қойылады, олар тақтайшамен екеуінің арасын көрсетеді.
-
12) Ұмтылуға арналған жолдың үсті қатты материалмен немесе резинамен жабылуы қажет. Жолдың төсенімі түсетін орынмен бір деңгейде болуы қажет. Шөппен көмкерілген жерлерден екпін алуға рұқсат етіледі.
13) екпін алатын жолдың ұзындығы кемінде 25 м., бірақ 36,5 м, ден артық болмауы, ені 4 м ден бүкіл жүгіру жолында немесе жүгірудің соңғы метрлерінде болуы қажет. Ол екі жағынан ені 33,5 м.жолдың еніне кірмейтін ақ сызықтармен шектелуі қажет.
14) жолдың енін 1,25 м, дейін кемітуге болады, бірақ тақтайшаның алдындағы соңғы 6-8 метрде оның ені 4 метрге дейін кеңейтілуі қажет. Жол екпін алудың бағыты және сондай ақ карама қарсы бағыттағыдай қиыс болмауы қажет.
15) Екпін алуға арналған жолдың екі жағында да және бүйір шетінде дәлізден тысқары түсу үшін ені кемінді 1 метрдей басқа заттардан бос жолақ болуы қажет. Ол екпін алуға арналған жолдың бетімен және снарядтар түсетін дәлізбен бірдей деңгейде болуы қажет. Снарядтар түсетін жер топырақтан немесе шөптен болуы қажет.
16) Қатысушылардың спорттық снарядты жақсы ұстауы үшін алақандарына желімделген зат ұстауға рұқсат етіледі, бірақ онымен снарядтың өзін өңдеуге рұқсат етілмейді.
17) қатысушыларға екі немесе бірнеше саусағын екі қабат етіп дәкемен орауға, немесе алақанын орауға рұқсат етілмейді. Мұндайға тек жарыс дәрігері рұқсат береді.
6. Лақтырудан жарыс ережесі.
1) спорттық снарядтарды лақтыру бір орында тұрып немесе ұмтылу арқылы (арқасымен «дәлізді»айналмауы қажет) иығынан немесе лақтыратын қолдың иық астынан лақтыру тәсілі арқылы жасалады. Төменнен немесе бүйірден тастауға тыйым салынады.
2) қатысушы өзінің ұмтылған сәтін белгілеуге құқылы және қатарынан үш рет есептік тастаулар жасайды.
3) Қатысушының әрбір ұмтылысын орындауға бір мезгілде ақ жалаушаны бұлғап «Рұқсат!» деген пәрменді аға төреші береді.
4) «Болады!»деген пәрменнен кейін қатысуш 1 минуттан артық уақыт жұмсамауы керек. Уақытты бақылауды («Болады!» деген пәрменнен кейін тастауды бастаған сәтті) төреші хатшы жүзеге асырады.
5) Аға төреші «Бар!» деген пәрмен бергеннен кейін тастау есепке алынады, ол егер спорттық снаряд дәліздің шекарасына түссе (алаңдағы төреші ақ жалаушамен оған дабыл берсе) және қатысушы лақтыру ережесін бұзбаған жағдайда осындай команда береді. «Бар!» деген командасын төреші ақ жалаушаны жоғары көтеру арқылы білдіреді, бұл нәтижені қадақшамен белгілеуге берілген дабыл, ол тақтайшаға жақын жерде орналасады.
6) Ұмтылыс сәтсіз деп есептелінеді, егер қатысушы:
-
Аға төрешінің рұқсатынсыз лақтырса;
-
Қандайда бір дене мүшесімен «дәлізде» тақтайшадан асып қол тигізсе
-
Тақтайшаны басып кетсе немесе одан асып кетсе;
-
Екпін алуға арналған жолға түсіп кетсе, снарядты түсіріп алса;
-
Снаряд алаңға түсіп болғанша, екпін алуға арналған жолдан кетіп қалса, екпін алуға арналған жолды қалыпсыз жағдайда тастап кетсе;
-
Егер снаряд дәлізден тыс түссе немесе бүйір сызыққа түссе;
-
если снаряд упадет вне «коридора» или на боковую линию;
-
егер қатысушы «Бар!» деген пәрменге дейін тастағаннан кейін, тақтайшадан шығып кетсе;
-
снарядты тастағаннан кейін «Бар!» деген пәрменнен соң қатысушы тақтайшадан шығып кетсе.
Төреші снаряд түскеннен кейін және қатысушы тастағаннан кейін орнықты тұрса, лақтыру орнын ережені бұзбай шығып кетсе ғана «Бар!» деген пәрмен береді.
7) Лақтыру ережесі бұзылса аға төреші «Жоқ!» деген пәрмен береді және бір мезгілде қызыл жалаушаны бұлғайды.
8) Нәтижелерді өлшеу қадақшадан бастап тақтайшаға перпендикуляр сызық бойынша немесе оның жалғасы «мүйістен» тақтайшаның ішкі шетіне дейін рулеткамен есептелінеді. Нәтижелерді өлшеген кезде азайту үшін 1 см дейін толық көрсетеді, яғни 1см ден кем бөліктер ескерілмейді.
9) Қатысушылар төрешілер алқасы ұсынған мүкәммалдарды пайдалануға міндетті. Жеке мүкәммалы өтініштер қабылдаған күні төрешілер алқасына тапсырылады, салмағын және ұзындығын өлшегеннен кейін Ережеге сай болса, ол қатысушылардың пайдалануына беріледі.
10) Рекорд орнатса немесе жоғары жетістіктерге жетсе төрешілер реферидің (жеңіл атлетикадан бас төрешенің орынбасары) қатысуымен нәтижені, сондай ақ спорттық снарядтың салмағын және басқа да қырларын қайтадан өлшейді.
Достарыңызбен бөлісу: |