Правила проведения соревнований по видам испытаний в программе Президентских тестов физической подготовленности населения и Президентских многоборий Астана 2011 год


Мүлт кетулер, ережені бұзу мен қателіктер



бет8/11
Дата17.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#143413
түріПравила
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

23. Мүлт кетулер, ережені бұзу мен қателіктер

1) Нысананың габаритті шеңберіне түспеген есепті ату (немесе сынама атыстардың саны шектелген жаттығуларда сынақ үшін ату) «мүлт кету» болып саналады, «нөл» деп есептеледі және қайталанбайды.

2) «А» және «В» санаттағы жарыстарда алғашқы нысана қойылғаннан кейін, егер қатысушы пневматикалық қарудан атқан кезде қарудың бекітпесінен оқсыз компрессорлы желкеуіктен атса, бұл оған мүлт кету деп есептеледі («нөл»). Бұл ретте қойылған есептік нысанаға (немесе келесі есептік нысанада «дыбыс» кезекті нысанаға дейін берілсе) қатысушы бір атуды кем жасайды.

3) «Оқта!» деген пәрменнен кейін, бірақ «Сөре!» деген бұйрыққа дейін атылған оқ мүлт кету деп есептеледі және қайталанбайды. Қатысушы бұл ретте бірінші есептік атуды (ол «нөл» деп есептеледі) орындамайды.

4) Егер қатысушы саны шектелген жаттығулар кезінде сынама ату кезінде сынақ үшін атуды орындағанда басқа адамның сынама нысанасына түссе, оған бұл атуды санауға тыйым салынады.

5) Егер қатысушы есептік ату кезінде басқаның есептік немесе сынамалық нысанасына түсіп кетсе, бұл оған «мүлт кету» деп есептеледі. Мұндай қателік жіберген қатысушы егер жарыста нысанаға бір есептік атудан артық орындау қажет болса, онда бір атуды аз жасайды.

6) Егер қатысушы өз нысанасындағы өзгенің ойығынан бас тартса, бұл жайында от алаңындағы төрешіні дереу хабардар етуі қажет. Бұл ретте:


  • Егер от алаңындағы төреші атқыштың қаралып отырған атуды жасамағандығына сенімді болуы қажет, яғни бұл ойықтың күші жойылады;

  • Егер от алаңындағы төрешіде атқыш сол атуды жасамағандығына толық сенімі болмаса, онда бұл ойық атқыштың есебіне алынбайды.

7) Ойықтың күшін жою туралы шешім мына жағдайда қабылданады, егер:

  • Бақылаушы қатысушының іс-қимылына және нысанасына жасаған қадағалаудың негізінде қатысушы бұл атуды жасамағандығын растаса;

  • Шамамен дәл сол уақытта көрші бір немесе үш от алаңында жаттығу орындаған қатысушы ату жасағандығын, ал ойықтың нысанада болмауын (мүлт кету) хабарласа (ал бақылаушы мұны растаса).

8) Егер қатысушының есептік нысанасында оған қатысты ойықтан басқа өзге адамның ойығы бар болса, онда қаралып отырған екі ойықтың ішінен жоғары дәрежелі ойық қатысушының есебіне алынады.

9) Егер қатысушының есептік нысанасында ойықтар бағдарламадағыдан көп болса, келесі нысанада (нысаналарда) ол тиісінше аз атулар (немесе керісінше) жасауы қажет. Жаттығудағы алғашқы қате екі атуы үшін қатысушы жазаланбайды, ал үшінші және одан кейінгілері үшін 2 ұпай айып салынады.

10) Атуды орындау кезінде от алмау есептелмейді және қосымша уақытқа мүмкіндік берілмейді.

24. Ойықтардың дәрежесін анықтау.

1) Түзетуші төрешілер ойықтың дәрежесін анықтағанға дейін қандай бір адамның болмасын нысанадағы ойықтарға жақындауына рұқсат етпейді.

2) Нысанадағы ойықтар егер оқтың калибрі габарит сызығын жауып немесе соған тиіп тұрса онда үлкен жаққа есептеледі.

3) Даулы ойықтарды бағалау көрінетін матадан оған қоршаулар жүргізілген қалып арқылы жүргізіледі (оның біреуі бақылау үшін, екіншісінің диаметрі оқтың калибріне тең болуы керек), немесе калибрдің көмегімен ойыққа қойылған фланцепен анықталады. Бағалау нәтижесі түзетуші төрешілердің біреуі немесе үшеуі қол қойып расталады. Басқа аспаптар арқылы бағалауға тыйым салынады.

4) Калибр қатты қағаздан жасалған нысаналарда қолданылады және ойыққа тек бір-ақ рет қойылады.

5) Пневматикалық оқтардан болған ойықтарды анықтау үшін фланецтің диаметріне тең «сыртқы» калибрлер пайдаланылады.



  • 8 нөмірлі нысана үшін 5,5 мм-ге тең;

  • 9 нөмірлі нысана үшін – 11,5 мм-ге тең.

6) «8 нөмірлі нысандағы сыртқы калибрмен 3-тен 10-ға дейінгі (мысалы калибрдің фланеці габариттің «6» деген сызығынан аспаса «8» есептеледі). «1», «2» және «ішкі 10» деген сандар қалыппен анықталады. 9 нөмерлі нысанада сыртқы калибрмен 2-ден 10-ға дейінгі ойықтардың дәрежесі анықталады (мысалы, калибрдің фланеці габариттің «8» деген сызығынан аспаса «9» есептеледі. «1» қалыппен анықталады.

7) Егер бір ойықтың шеті келесі ойықпен жыртылса, онда олардың дәрежесі тек қалып арқылы анықталады.

8) Қосылған (қосарланған) ойықтар бар болса,оларды екінші оқтың нысанада, қалқанда немесе экранда ізі көрінсе есепке алады.

Қосылған (қосарланған) ойықтардың болуын нысана алаңындағы аға немесе секторлық төреші нысананы түсірмей (орамай) бағалайды және оны түзетушіге бергенге дейін нысананың бланкісіне жазба түсіру арқылы растайды. Күмәнді жағдайларда нысана түзетушіге «қосарланған ойық бар» деген белгімен жібереді.

9) Егер түзетушінің 2 төрешісі даулы ойықтарды бағалауда келіспесе онда түзетуші үшінші төреші шақырылады және (+) немесе (-) белгілерімен бір уақытта кәртішкелер көрсету арқылы басым дауыспен анықталады.

10) Түзетуші шешіміне арифметикалық қателермен және нәтиже жазбасындағы қателіктер жөнінде тек қана наразылықтар берілуі мүмкін.



Күш гимнастикасы

25. Жалпы ережелер

1) Күш гимнастикасы бойынша мыналардан жарыстар өткізіледі:



  • Ұлдар, жасөспірімдер, ерлер арасында биік белтемірге тартылудан;

  • Қыздар, бойжеткендер, әйелдер, ұлдар, жасөспірімдер, ерлер арасында еденде жатып таяну арқылы қолды бүгіп - жазудан;

  • Қыздар, бойжеткендер, әйелдер, ұлдар, жасөспірімдер, ерлер арасында арқанмен жату қалпында кеудені көтеруден.

2) Жаттығуды орындау үшін берілетін бақылау уаққыты:

- 12-15 жастағы ұлдар мен жасөспірімдер үшін тартылу 3 мин;

- 16-17 жасар (балалар командасында) жасөспірімдер үшін 3 мин;

- 16-17 жасар жасөспірімдер, 18-ден және одан да жасы асқан өрлер үшін 4 мин;

- еденде жатып таяну арқылы қолды бүгіп-жазу:

- 12-15 жасар қыздар үшін 3мин;

- еденде жатып таяну арқылы қолды бүгіп-жазу:

- 16-17 жасар қыздар үшін (балалар командаларында) 3 мин;

- еденде жатып таяну арқылы қолды бүгіп-жазу:

- 16-17 жасар қыздар үшін және 18-дегі бойжеткендер мен 18-ден асқан әйелдер үшін 3 мин;

- еденде жатып таяну арқылы қолды бүгіп-жазу:

«президенттік жарыстарда» 1 мин;

арқамен жату қалпында кеудені көтеру:

«президенттік жарыстарда» 12-17 жасар қатысушылар үшін 30сек;

арқамен жату қалпында кеудені көтеру:

«президенттік жарыстарда» 18 жасар және одан жоғары қатысушылар үшін 1мин;

3) Жарысты ұйымдастыру шарттары

- Жарыс спорт залдарында немесе ашық алаңдарда өткізілуі қаже.

Бірдей жас тобындағы қатысушыларды (ереже бойынша) бір ғана төрешілер бригадасы қызмет көрсетеді.

Бірдей жас тобындағы қатысушылар (ереже бойынша) бірге қатысу керек.

Әрбір снарядтың жанында: үстелдер мен орыдықтар (қатысушының орындығын қоса алғанда), сүлгі, снарядтың және төрешілер бригадасының реттік нөмірі жазылған тақтайша, төрешілерге арналған хронометрлер, құлағы ауыр еститін қатысушылар үшін жаттығуды орындауының дұрыстығын көрсететін қызыл және ақ түсті кәртішкелер, белтемірдің жанында магнезия ұнтағы, қайрау қағазы, белтемірдің грифін сүртетін мата, белтемірді дайындау және сөрелік бастапқы қалыпты алу үшін әртүрлі биіктіктегі банкеткалар (сатылар), белтемірдің астына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін маттар қойылады.

- Техникалық себептерге байланысты жарақтарды сынап көретін және үлгілік төрешілік ұйымдастыру мүмкін болмаған жарыстарда Ереженің ерекшелігі командалардың өкілдері мен жаттықтырушыларына түсіндіріледі, ал қатысушыларға қыздырыну кезінде жарақтарды жіне магний тотығын сынап көру, төрешіліктің ерекшелігімен танысуға болады.

4) Күш гимнастикасына арналған жарақтар

1) Стандартты гимнастикалық белтемір:

-грифінің диаметрі 28+,-1мм;

Белтемірдің еденнен есептегендегі биіктігі 2750+,-250мм.



Нұсқау: олардың құрылғылық ерекшеліктері жаттығуды орындауға әсер етпейтін басқа да өлшемдегі белтемірлерді пайдалануға рұқсат етіледі.

-қолды бүгу-жазу жаттығуында қолдың бүгілуін бақылау үшін қолданылатын байланыспалы платформаның (21-қосымша) биіктігі 50+,-10мм, ұзындығы 300+,-10мм болуы қажет.

5) Биік белтемірге тартылу:

-Биік белтемірге тартылу қолдарымен жоғарыдан ұстап асылып тұру арқылы кеудесін, аяғын ұзыннан түзу ұстар тұрған бастапқы қалыптан орындалады.

«Бастапқы қалыптағы қолдарыңды иықпен теңдестір!»деген қалып қатысушының қолдарының сұқ саусақтары арасындағы аралық өзінің иығының кеңдігінен алақанының кеңдігі кем не артық болмауы тиіс деген сөз.

- Аға төрешінің «Жараққа» деген бұйрығынан кейін қатысушы спорттық киімімен белтемірге жақындайды және 1 минут ішінде өзі немесе жаттықтырушының көмегімен белтемірдің грифін дайындайды, белтемірді ұстап көріп қолдарын жаттығуды орындауға дайындайды.

- Қатысушы ұйымдастырушылардың берген магний тотығын пайдалана алады немесе таза қолдарымен тартылады.

Нұсқау: қатысушы өзіне және барлық қатысушылар үшін төрешілер алқасы тексертуге уақыт берген жағдайда өзінің магнезиясын пайдалан алады.

-белтемірге шақырылғаннан кейін 1 минут өткен соң (егер қатысушы одан бүрін дайын болмаса) аға төреші «Баста!» деген бұйрық береді, содан кйін қатысушы қозғалыссыз сөрелік БҚ алуы қажет және «Рұқсат» деген пәрменнен кейін жаттығуды орындауға кіріседі.



Нұсқау: сөрелік бастапқы қалыпты алғаннан кейін қатысушыға жаттықтырушысы (өкіл) көмек бере алады.

5) Қатысушы тартылу кезінде:

- БҚ-дан иегін белтемірдің грифінен жоғары көтеріп үздіксіз қозғалып тартылуы қажет;

- Асылуы қажет;

- Тербелісті өзі тоқтатуы қажет;

- Төрешілер үшін БҚ 0,5 сек көруі үшін алуы керек;

- Есепші-төрешінің санай бастағанын естігеннен кейін жаттығуды одан әрі жалғастыруға міндетті.

Нұсқау: Бастапқы қалыпта өкшесінің тербелісі 0,5 өкше ұзыннан тұрғанда.

6) Тартылу кезінде қатысушыға:

- алақанына немесе грифке конифольді қоса алғанда желімдегіш заттарды пайдалануға;

- еденнен немесе басқа заттардан тартылуға;

- кеудесімен «жұлқуға», «сермеуге», аяғымен толқындар жасауға;

- қолын кезекпе-кезек бүгуге;

- бір қолымен асылып тұруға;

- алақанын жайып жіберіп, ұстауды жіберуге;

- алақанды жайып, қолымен белтемердің бойымен немесе қарама-қарсы ұстауға;

- кезекті тартылу кезінде тоқтап қалуға рұқсат етілмейді.



Нұсқама: тартылу кезінде белтемірдің грифінде «Алақанымен сықырлату» алақанға немесе грифке желімдеме заттарды жағудың белгісі болып табылмайды; белтемірдің грифі бойынша алақанын жазбай жүру қателік болып саналмайды. «Күшпен» тартылуды жеңілдетуге алып келетін жаттығуды орындау кезінде қатысушының дене бөлігіне қатысты жағдайды жәйіменен өзгерту қате болып саналмайды.

7) Қатысушы:

- сөрелік БҚ алу үшін тірек немесе жаттықтырушы көмегін пайдалануға;

- алақандарын жазбай-ақ белтемірдің грифінде ұстау жағдайын өзгертуге;

- тартылуды жеделдетіп немесе ақырындап орындауға құқылы.

8) Әрбір дұрыс орындалған тартылыс «Бар!» деген пәрменнен белгіленеді, ол аға төрешіге қатысушының иегі белтемірдің грифінен жоғары көтерілген кезде айтылады.

9) Қатысушының бастапқы БҚ есепке алғаннан кейін (0,5сек) есепші-төреші аяқталған тартылудың кезекті есебін дереу хабарлайды. Бір уақытта есепті хабарлауды бастау жаттығуды одан әрі жалғастыруға рұқсат беру болып табылады.

Нұсқау: есепші-төреші егер қатысушы БҚ 0,5 секундта есепке алмаса анда есепті кідіртуге құқылы.

10) Қатысушы жаттығуды орындау ережесін бұзса, онда аға төреші «Жоқ!» деп хабарлайды және қателікті қысқаша түсіндіреді, ал есепші төреші қатысушы БҚ келгеннен кейін алдыңғы есепті хабарлайды.

11) «Қағып кету» қатесі кезінде, яғни ашылған алақанды есепке алғанда қатысушыға тартылуды орындағандағы кезекті бір дұрыс ұпай есепке алынбайды.

12) Егер «Жоқ!» деген бұйрық үш рет қатарынан қайталанса, аға төреші «аяқталды!» - деп бұйырады және тартылудың есепке алынған санын қатты дауыспен айтады.

13) Төреші – хронометрші жаттығуды орындауға кеткен уақыт туралы «30 сек кетті!», «Минут!» деп бұйрықтар береді.

14) Төреші – хронометрші «Рұқсат!» деген команда беру және секунд санағышты қосу арқылы минут сайын жаттығуға кеткен уақытты хабарлайды. Бақылау уақытының соңғы минуттарында ол «1 минут қалды!, 30 секөнт қалды, 15 секөнт қалды, 5,4,3,2,1, Уақыт!» деп хабарлайды және секөнт санағышты тоқтатады. Уақыт деген бұйрықпен бірге аға төреші аяқтады деп бұйрық береді және есепке алынған тартылулардың санын атайды.



Нұсқау:Егер қатысушы бақылау уақытында кезекті есеп басталғанға дейін соңғы дұрыс орындалған қозғалысты есепке алмаса, бұл қозғалыс оған есептелмейді.

15) Егер қатысушы жаттығуды орындауды өзі (секіріп) немесе «Аяқтады!» деген бұйрықпен бірге аяқтаса төреші – хронометрші тоқтатады және жаттығудың орындалған уақытын хабарлайды.

16) «А» және «В» санаттағы жарыста жарақтағы аға төреші жаттығу аяқталып болған соң дереу саусақтарымен сипап тексеруі қажет және белтемірді араласпаған спиртпен сүртіп қатысушының қолы мен белтемірде желімдегіш заттардың болу – болмауын тексеріп көреді, бұдан кейін хатшы хаттамаға белгі түсіреді.

17)Жарақтағы аға төреші желімдегіш затты пайдаланғандығын анықтаса, тез арада қарап шығу комиссиясының төрағасын және күш гимнастикасынан бас төрешінің орынбасарын қатысушының қолын және белтемірді қайтадан бірлесіп тексеруге шақыртады. Дауыстар тең болса, шешім қатысушының пайдасына шешіледі.

18) желімдегіш затты пайдалануды айғақтау қатысушы сол жарыстан шектетуге негіз болып табылады.
Биік белтемірге тартылу


Атауы

Байқалған қателіктер

«бұғақ»

Бұғақ белтемірден жоғары көтерілмеді

«белгіленбеді»

Қатысушы 0,5 сек-қа (1-сутер) бастапқы қалыпты алмады

«санымен жұлқу»

Бір жағына қарай шалт қозғалу (2-сурет)

«жіліншікпен сілтеу» және т.б.

Тоқтап барып тербелісті (маятниктік) қозғалу

«кезекпе-кезек»

Қолдарын кезекпе-кезек бүгудің анық көрінуі

«қағып кету»

қатысушы алақанын жайып (төреші алақанның сыртқы жағын көрді)

«аялдау»

Қатысушы тартылуда қозғалыстың үздіксіздігін бұзып, тұрып қалды



26. Еденде жатып таяну арқылы қолды бүгу-жазу

1) Қолды бүгіп-жазу еденде жатып таяну арқылы бастапқы қалыптан орындалады; алдына қарай түзу ұсталған қолдар еденге саусақтарын алдына қойып иығымен бірдей жағдайда тіреледі; иығы кеудесі және аяқтары ұзыннан созылған түзулікте, аяғының башпайлары еденге қосымша тірексіз тіреледі.



Нұсқау: қолдың сұқ саусақтары арасындағы қашықтық қатысушының иығынан аспауы қажет.

2) Аға төрешінің «Жараққа!» деген пәрменінен кейін қатысушы қыз байланыспалы платформаға жақындайды. Минут ішінде құрылғыны байқап көреді және жаттығуды орындайды.

3) 1 минуттан соң жараққа шақырғаннан кейін (егер қатысушы қыз бұрын дайындалмаса) аға төреші «Баста!» деген пәрмен береді. Содан кейін қатысушы сөрелік бастапқы қозғалыссыз қалыпты алып, «Рұқсат!» деген пәрменнен кейін жаттығуды орындайды.

4) Қолды бүгіп жазу кезінде қатысушы:



  • Бастапқы қалыпта қолын бүгіп, кеудесін байланыспалы платформаға тигізу қажет;

  • Қолын жазып бастапқы қалыпқа келеді;

  • Төрешілер белгілеуі үшін бастапқы қалыпты 0,5 сек. Ұстайды;

  • Аға төрешінің «Бар!» деген пәменін естігеннен кейін жаттығуды жалғастырады;

Аға төрешінің «Жоқ!» деген пәрменінен кейін, төрешілер белгіленуі үшін бастапқы қалыпты 0,5 сек ұстайды және содан соң қателікті қысқа айтқаннан және алдыңғы есепті айтқаннан кейін жаттығуды жалғастыруға міндетті.

Нұсқау: жаттығуды орындаған кезде иықтары, кеудесі және аяғы түзу сызық бойында жатуы тиіс.

5) қатысушыға тыйым салынады, мына жағдайда:

- «Баста!» деген пәрменнен кейін сөрелік бастапқы қалыпты алып кідіріс жасауға;

- демалыс кезінде бастапқы қалыпты бұзуға;

- аяқтарына тіреу жасауға;

- еденге санын тигізуге;

- кеуденің өстік сызығына қатысты шынтағын 45 градусқа сілтеуге;

- басын, иығын, кеудесін «жұлқуға» және «толқын» жасауға;

- кезекті қолды бүгіп жазу кезінде тоқтап қалуға;

- кеудесін платформаға 1 сек артық тигізуге;

6) Қатысушы:

-қолды бүгіп жазуды жылдам немесе асықпай орындауға;

- бастапқы қалыпта демалуға құқылы.

7) Қолды бүгіп жазудың әрбір дұрыс орындалуы бастапқы қалыпта 0,5 сек-қа бастапқы қалыпты белгілегеннен кейін аға төреші беретін «Бар!» деген пәрменмен белгіленеді. «Бар!» деген пәрмен бір мезетте жаттығуды жалғастыруға рұқсат ету болып табылады және төреші есепшінің есепке алынған бүгіп-жазуларды хабарлауымен жалғасады.



Нұсқау: егер қатысушы бастапқы қалыпты 0,5 секундқа белгілемесе, аға төрешінің «Бар!» деген пәрменді кідіртуге құқығы бар.

8) Қатысушы жаттығу ережесін бұзса аға төреші «Жоқ!» деген пәрмен береді және қатені қысқаша хабарлайды, ал есепші төреші қатысушы бастапқы қалыпты 0,5 секундқа белгілесе, алдыңғы есепті хабарлайды. Қате жіберсе, алдыңғы есепті хабарлайды. Қате жіберсе, алдыңғы есепті хабарлау жаттығуды орындауға рұқсат беру болып табылады.



Нұсқау: егер қатысушы бастапқы қалыпты 0,5 секундқа белгілемеді деп шешсе, онда есепші төреші «алдыңғы есепті» кідіртуге құқылы.

9) қолды кезекті бүгіп-жазуды орындау кезінде бастапқы қалыпты бұзса, («Жоқ!» деген пәрмен, қателікті көрсету және алдыңғы есепті хабарлау) қатысушыға дұрыс орындалған бір ғана бүгіп-жазу есепке алынады.

10) Хронометрші төреші жаттығуды орындауға дайындыққа берілген уақыттың аяқталғандығын «30 сек кетті!», «Минут!» деп хабарлайды.

11) Хронометрші –төреші «Рұқсат!» деген пәрменмен секундсанағышты қоса отырып, жаттығуды орындаудың кеткен уақытын минут сайын хабарлайды. Бақылау уақытының соңғы минутын «минут қалды,30 секунд қалды, 15 секунд қалды, 5;4, 3,2,1 Уақыт» деп хабарлайды және есепке алынған бүгіп-жазуларды хабарлайды.



Нұсқау: егер қатысушы бақылау уақыты кезінде соңғы дұрыс орындалған жаттығуды «Бар!»деген пәрменге дейін белгілеп үлгіомесе онда бұл қимылы оған есепке алынбайды. Егер жаттығу бақылау уақыты аяқталғаннан кейін тоқтатылса, онда төреші хронометрші аға төоешінің «Аяқтады!»деген пәрменінен кейін секундсанағышты тоқтатады және уақытты хабарлайды.

  1. Қатысушылардың қателіктері:

Қателіктің аты

Көрініс табуы

«тимеді»

Қатысушы кеудесін байланыспалы платформаға тигізбеді

«белгіленбеді»

Қатысушы БҚ 0,5 сек алмады

«иықтары»

Иықтары «иық- кеуде-аяқ» түзу сызығынан кеудеден жоғары немесе төмен кетіп түзу сызықты бұзды «1а, 1 б суреттер»

«сан»

Сандары еденге тиіп тұру (2-сурет)

«жамбас»

«иық-кеуде-аяқ» түзу сызығын жамбасы бұзды(3-сурет)

«толқын»

Иығымен, жамбасымен және т.б. (4-сурет) түзу сызықты кезекпе-кезек бұзу

«кезекпен-кезек»

Қолды кезекпе-кезек бүгіп-жазудың анық көрінуі

«1 секунд»

қатысушы қыз 1 секунд бойы байланыспалы платформада жатыр

«бұрыш»

Жаттығуды орындау кезінде шынтағы кеуденің өсіне қарағанда 45 градусқа жайылған.

«бастапқы қалып»

Демалу кезінде бастапқы қалып сақталмады.

Еденде жатып тірелу арқылы қолды бүгіп-жазу.


27. Арқасымен жатып кеудені көтеру.

1) жаттығу бастапқы қалыптан (БҚ), орындалады; гимнастикалық матта жатып, қолдарының саусақтары желкесінде «құлыптаулы» күйде. «Сөре!» деген пәрменнен кейін қатысушы кеудесімен шынтағымен санын және тізесіне тигізіп және БҚ дейін қайта жазылып, жауырнын матқа «еденге» тигізеді.

2) аға төреші (немесе төреші-хронометрші) «Сөре!» деген(бір мезетте секундсанағышты қоса отырыпс), пәрмендер береді

3) есепші төреші кеудені көтеру жаттығуының дұрыс орындалғанын еселей отырып, есепке алады.

4) Қатысушы қателік жіберген жағдайда есепші төреші «Жоқ!» деген пәрмен береді және сол арада қатені атайды, қатысушы БҚ-ға келгеннен кейін алдыңғы есепті атап көрсетеді.

5) Бұрынғы есепті үш мәрте қайталағаннан кейін «№ қатысушы(немесен тегін атайды)! «Тоқта!» деген пәрменмен жаттығу орындау тоқтатылады.

6) жаттығуды орындау кезінде қатысушылардың қателігі және олардың атаулары:


  • «санына тиген жоқ» – қатысушы шынтағымен саны мен тізесіне тиген жоқ

  • «БҚ белгіленбеді» – қатысушы жауырынымен матқа (еденге) тиген жоқ;

  • «қолдары ашылды» – қолдарының саусақтары«құлыптан» шығып кетті;

  • «90 градустан жоғары» – қолдарының саусақтары «құлыптан шығып кетті»

Нұсқау: егер қатысушы дұрыс орындалған қимылдан кейін және «Тоқта!» деген пәрменне дейін БҚ-ны белгілеп үлгірмесе, оның бұл қимылы есепке алынбайды.

Шаңғы жарысы

28. Жалпы ережелер

1) Шаңғы жарысы 3,5,10 және 10 км-ге еркін немесе классикалық улгіде өткізіледі. Бұл жайлы жарыс ережесінде көрсетіледі.

2) Жарыс жолдарының Ережеге сәйкес биіктік алмасуы, өрлеу, тегіс және ылдилау болатын учаскелері болуы қажет.

3) Қозғалыс бағытын кенеттен өзгертуге болмайды. Қозғалыс бағытының өзгеруі ылдиға дейін болуы керек, одан кейін болмайды.

4) Үлкен жылдамдықта және тайғақ шаңғы жолдарында ылдилар қауіпсіз болуы қажет. Тайғанақ бұрылыстардан, сүйір бұрыштардан және тар жолдардан аулақ жүру қажет.

Сондай-ақ балаларға, әйелдерге, әзірлігі нашар қатысушыларға арналған жолдарды дайындау кезінде осы талаптар сақталуы қажет.

5) Классикалық үлгідегі екі шаңғы жарысын өткізу және қар таптайтын машиналар үшін трассаның ені 3-4 м болуы қажет. Ылдида трассаның ені кемінде 4 м, ал ылдидағы бұрылыстарда кемінде 6 м болуы қажет.

6) Егер онда жаяу жүргіншінің аяқ киімінің ізі қалса, онда шаңғы трассасы нығыздалған деп есептелінеді. 2,5 м ені бар трассаға қар нығыздалғаннан немесе арнайы машинамен жүріп өткеннен кейін екі щаңғы жолы салынады. Олар бір-бірінен (щаңғы жолының ортасынан өошегенде) 1-1,2 м-к аралықта орналасқан.

7) Бір щаңғы жолынан екі жеке із бір-бірінен 17-25 см ( щаңғының ортасын есептегенде) аралықта орналасуы қажет. !Әрбір щаңғы жолы үшін соқпақтың тереңдігі кем дегенде 2-3 см болуы қажет.

8) Мұзы дұрыс қатпаған өзенде, көлде және батпақты жерде, темір жол, үдемелі қозғалыстағы тыс жолдарда трассалар салуға тыйым салынады.



29. Трассаны өлшеу

1) Трасса болаттан жасалған металл бауы бар ұзындығы 50 м-к рулеткамен немесе қашықтық өлшегішпен өлшенеді.

2) Трассаны өлшегенде акт жасалады, оған жарыстың ресми өлшеуіші («С» және «Д» және «Е» санаттағы жарыстарда инспектор) шаңғы жарысы мен спорт мәселелері жөніндегі бас төрешінің орынбасары, трасса бастықтары мен олардың орынбасары, трасса бастықтары мен олардың орынбасарлары қол қояды. Актіге трассаның сұлбасы бейіні қоса тігіледі. Көрсетілген құжаттар жарыс басталғанға дейін бас төреші бекітеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет