кұрастыру.
Рекомбинантты ДНҚ молекуласы дегеніміз белгілі бір пайдалы (кұнды)
касиеттері бойынша сұрыпталған (бөлініп алынған) геномдық ДНҚ
молекуласынан және оны баска бір жасушаға жеп-жеңіл енгізе алатын
векторлық ДНҚ молекулаларынан тұратын біртұтас құрылым
2) Рекомбинантты ДНҚ-ны тиесілі жасушаға енгізу әдістерін қалыптастыру;
3) Жасушаға енгізілген рекомбинантты ДНҚ-ның (ген) қалыпты қызмет етуі үшін
барлық тиесілі жағдайларды жасау
Гендік инженерия жетістіктері және олардың
медицина үшін маңызы
Қазіргі кезде, гендік технологияларды пайдалану нәтижесінде адамзат көптеген фундаментальды
(іргелі) және қолданбалы жетістіктерге қол жеткізді. Мысалы, гендік инженерия әдістері арқылы
адамға қажетті гормондарды инсулин, өсу гормоны; В гепатиті, иммунжетіспеушілігі, безгек,
кұтыру, кызылша, мерез,жасуша рецепторларын, жүйке, иммундык т.б. жүйелерді баскаруды
реттейтін пептидтерді синтездеуге қабылетті бактериялар мен вирустардың жүздеген, мыңдаған
рекомбинантты штаммдарын алуға кол жетті.
Сонымен қатар, гендік инженерия жетістіктері нәтижесінде медицинаның жаңа саласы
молекулалық медицина саласы қалыптасып дамып келеді
•Молекулалык медицина - адамның тұқым қуалайтын, онкологиялық,
мультифакторлық т.б. ауруларын анықтауды, емдеуді, алдын алуды гендік деңгейде жүргізетін
медицинаның маңызды саласы болып табылады
«Молекулалык медицина» түсінігін ХХ ғасырдың 80 жылдары америка ғалымы, химик, Нобель
сыйлығының иегері Л. Полинг енгізді
Молекулалык медицина жетістіктері нәтижесінде мыңдаған кұрылымдық және
реттеуші гендердің құрылысы анықталды, көптеген тұқымқуалайтын және
Достарыңызбен бөлісу: |