Уақыттағы өнер түрлері: сөз өнері және музыки
Кеңістік-уақыттық өнер түрі: би өнері
Домбра және қобыз қазақтардың неғұрлым кең тараған музыкалық аспаптары. Домбыра тартудың ерекшелігі – соло (бір адам орындайды). Орындаушылар: күйші, жыршы, сал, серi. Қазақ халқының жадысында сақталған есімдер – Кең-Бұга, Асан-Кайғы, Қарт-Ноғай, Байжігіт, Бежен, Тәттімбет, Қазанғап, Сейтек, Дина Нурпеисова және т.б.
Күй - қазақ өнерінің феномені
«Казақ күйі домбырада орындалатын музыкалдық пьеса. Күй классикалық шығармалар мен импровизацияны орындау арқылы халықты оның тарихи түп-тамырларымен және дәстүрмен байланыстырады. Күй отбасының немесе қауымның той-жиындарында орындалады. Күйді орындаумен қатар аңыздар баяндалады.
Домбырада орындалған күй өнері қазақ халқының әлеуметтік ынты-мақтастығын нығайтуда маңызды рөл атқарады және ұлттық бірегейлік сезімді қалыптастырады
Қазақ көркем шығармашылықтың субъектілері - «сал» және «сері»
«Сал» және «сері» – қазақ халқының рухани мәдениетін қолдаушылар және жеткізушілер. Олар еуропалық мемлекеттердегі «көшпелі жұлдыздар» - бард, трубадур, жонглер - сияқты дәл сондай рөлді ойнайды.
«Сері» – «салдың» жаңа типі. Бұл білімді және ақын, әнші, композитор, күйші, актердің алуантүрлі талантқа ие болған шығармашыл тұлғалар. Олар шебердің колымен тігілген әдемі қымбат киіммен, еркін мінез-құлқысымен ерекшеленетін. Сал өжет, жомарт жанды адам болатын. Сері шығармашыл тұлға ғана емес, сонымен бірге саясаткер, аңшы, мерген болатын. Халқымыздың мәдени жадысында Сегіз сері, Ақан сері, Біржан сал, Шерке сал, Дәурен сал, Нияз сері, Толыбай сал, Сейиткерей сері есімдері сақталған.
Ақан Сері́ Қорамса-ұлы (1843—1913)
Біржан-сал Кожағұл-ұлы
1834-1897
Экзистенциалдық құндылықтар - қазақтардың әдемілік туралы түсініктердің көрінісі
Достарыңызбен бөлісу: |