Proanamnesis Малдың түрі – Жынысы – Жасы – Түсі – Ен-таңбасы – Тұқымы – Мал иесі – Anamnesis vitae et morbid


Epicrisis Эпикризис – ауру тарихы туралы кеңірек қорытындылау және оның шешуші бөлігі болып табылады. Аурудың анықтамасы



бет4/6
Дата04.03.2024
өлшемі32.11 Kb.
#494124
1   2   3   4   5   6
Ауру тарихы

Epicrisis
Эпикризис – ауру тарихы туралы кеңірек қорытындылау және оның шешуші бөлігі болып табылады.


Аурудың анықтамасы :
Егерде қойылған диагноз күрделі болса, онда қай ауру негізгісі және қайсысы қосалқы немесе бақылыған аурудың оларға бағынышсыздығын көрсету керек.


Диагнозын негіздеу:
Алынған анамнездік мәліметтерге, себептерге, клиникалық, лабораториялық, арнайы және т.б зерттеу әдістері көрсеткіштеріне негізделеді.
Қаралып отырған ауру қандай клиникалық көрсеткіштеріне байланысты басқа ұқсас ауруларды жоққа шығарып тастайтынын көрсетіңіздер.
Осы патологиялық процессті тудыратын барлық себептерді атаңдар, олардың ішінде қайсысы курация жүргізіп жатқан ауруды тудырады.
Нақты себептерді негізге алып, осы патологиялық процестің даму мехынизмін жазыңдар, яғни патологиялық процестің басынан аяғына дейін даму динамикасын түсіндіріңдер.
Дамуын жазуды себептердің әсер ету кезінен, болмаса кешенді себептердің салдарынан ұлпалар мен ағзаларда, жүйелерде қандайда бір өзгерістерге ұшырауынан бастап жазады.
Соңынан бұл патологиялық процесс қалай және одан туындайтын жүйенің бірінші кезекте зақымдануынан оның қызметінің бұзылуына әкеліп соқтырады.
Әрі қарай бұл патологиялық процестің қалай өрбитінін және белгілі бір жүйенің қызметінің бұзылуы басқада жүйелердің қызметінің бұзылуына әкеліп соқтыралы немесе патолоиялық процестің себепті-салдар байланысын ашап беруін жазады.
Сонымен қатар , организмде барлық жүйелердің бір-бірімен тығыз байланысын көрсетеді және организмнің белгілі бір компенсаторлы реакциясын атап өтеді, ал соңынан аурудың даму барысында декомпенсация құбылысы қалай туатынын және осы патологиялық процестің өтуінің асқынуын жазады.
Патологиялық процестің жүйке-рефлекторлы реакциясымен және аурудың даму барысындағы орталық жүйкенің атқаратын рөлімен байланыстыра білу керек.
Кейбір белгілердің пайда болу маңызын аурудың даму механизміне байланысты көзқарасымен түсіндіріңіздер және бұл механизмдердің қатал түрде бірінен соң бірінің пайда болуын түсіндіру керек.
Емін негіздеу:
Малды ұстау, күту және азықтандыру режимін негіздеу, сонымен қатар малдың диетасының құрамына кіретін әртүрлі азықтың мөлшерін, ауру малға беру тәсілі мен мерзімдерінің тізімін келтіру керек.
Нақты қолданылған дәрі-дәрмектердің әсер ету механизмін негіздеу қажет.
Басқа малдардың ауырмауының алдын алу үшін шаруашылыққа ақыл-кеңестер мен ұсыныстар беру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет