Proanamnesis Малдың түрі – Жынысы – Жасы – Түсі – Ен-таңбасы – Тұқымы – Мал иесі – Anamnesis vitae et morbid



бет1/6
Дата04.03.2024
өлшемі32.11 Kb.
#494124
  1   2   3   4   5   6
Ауру тарихы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ВЕТЕРИНАРИЯ ФАКУЛЬТЕТІ КЛИНИКАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ
Диагноз__________________________________________________________________________________________ауырған ( сиыр , бұзау , қой , ешкі , ит ).

АУРУ ТАРИХЫ


Басталуы ______________________


Курацияның
Аяқталуы _____________________
Куратор: студент _________ топ ________ курс
(студенттің аты-жөні)

Алматы, 2016


Жұқпайтын ішкі аурулар пәні бойынша ауру тарихын орындауға арналған әдістемелік нұсқауды клиникалық ветеринариялық медицина кафедрасының доценттері: Есқожаев Ө.К., ассистент Есқожаев А.Ө. дайындаған.

051201- « Ветеринариялық медицина » мамандығының студенттеріне арналған.


Әдістемелік құрал Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің Ветеринария факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясында қаралып, басылымға ұсынылған.


Пікір беруші:

Proanamnesis
Малдың түрі –
Жынысы –
Жасы –
Түсі –
Ен-таңбасы –
Тұқымы –
Мал иесі –


Anamnesis vitae et morbid
Қай кезден бері малды шаруашылықта ұстайтынын көрсету керек , малды қалай күтеді, азықтандырады, суғарады және пайдаланады. Мал бұрын-соңды осы аурудың өтуіндей ауырдыма? Мал қашан және қандай жағдайда ауырады ( бұл ауруды туғызған нақты себептерін айқындауға тырысу керек) , аурудың қандай белгілері байқалады? Малды кім және қалай емдеді ?


Status praesens universalis
T = P= D= R=
Жазып беріңдер:
Малдың жалпы жағдайы ( сергек, күйзеліңкі );
Дене бітімі ( күшті, орташа, әлсіз );
Қоңдылығы ( орташа, ортадан төмен );
Дененің кеңістікке орналасуы ( табиғи, амалсыз, еріксіз қимылдау );
Мінез-құлқы ( холерик, сангвинник, меланхолик );
Тері жабындысының жағдайы ( серпімділігі, бүтіндігінің бұзылуы, тері асты клетчатканың жағдайы, ісіктердің барлығы );
Жүннің немесе тері түгінің жағдайы ( жатық, жылтыр, түктің беріктігі);
Беткейдегі лимфо бездерінің (түйіндерінің) жағдайы: жақасты, иықалды, шап, желінүсті ( көлемі, пішіні, жылжымалылығы, консистенциясы, ауырсынуы, қызуы).
Көзге көрінетін кілегей қабықтар жағдайы: конъюнктивалар, танаудың, ауыз қуысының, қынаптың кілегей қабығы ( түсі,тамырлардың білеуленуі, ылғалдылығы, домбығуы, қанталауы).

Кіріспе
Жұқпайтын ішкі аурулар курсы бойынша студенттерді міндетті түрде клиникалық дайындықтан өткізу түрінің ауру малға курация жүргізу және ауру тарихын орындау жатады.
Ауру тарихын орындау студенттердің малмен өз бетінше жұмыс істеуге бейімділігін арттыратын бірден-бір жұмыс болып табылады. Бұл жұмыс малды диагностикалық зерттеуге, аурудың даму динамикасын, патологиялық процестің өтуін талдауға, симптомдарын бақылай білуге , олардың симптомдарын жан-жақты қорытуға, дұрыс талқылауға, лабороториялық және арнайы әдістер қорытындыларын өңдеуден өткізуін талдап, нақты жағдайға оларды қолдануды үйретеді. Ауру тарихын орындау ( курстық жұмыс жазу) емдеу техникасын игеруге, емдік-амалдарын іріктеуге және профилактикалық ( сақтандыру) шараларды ұйымдастыруға септігін тигізеді.
Курация жүргізуге студенттер өндірістік практикадан өтіп жатқан ветеринариялық емдеу клиникасының ауру малдарын пайдаланады. Курация жүргізу емдеу клиникасында жүзеге асады. Әрбір малға екі студент-куратор бекітіледі. Егерде ауру малдың жағдайы күйзеліңкі болса , онда тәулік бойы күзетте тұру үшін, курацияға 4-5 студент бекітіледі.
Курация жүргізу мерзімі 7-10 күн, бірақ кейде аурулар жіті өткенде курация мерзімі қысқаруы мүмкін ( мысалы, жылқыда шаншу түрінде өтетін ауруларда, ірі қара малдың тимпаниясында және т.б аурулардың өтуі бірнеше сағатта бітуі мүмкін).
Таңертең (сағ 8-9 дейін) және кешке (3-4 пар сабақтардан кейін) куратор-студенттер кезекші оқытушы және ординатор-дәрігердің басшылығымен ауру малға зерттеу жүргізеді және оларды емдеуді.
Ауру малды қабылдап алғаннан соң куратор төмендегідей жоспар бойынша жұмыс істейді:
Курация жүргізуді ауру малды тіркеуден, ауру мал туралы анамнез жинақтаудан, жалпы зерттеуден бастайды.
Сонан соң (оқытушының бақылауымен) студенттер ауру малға жүйе бойынша клиникалық зерттеу жүргізеді ( status praeasenes universalis): жүрек-қантамыр, тыныстану, азық қорыту, несеп бөлу және жүйке жүйелері.
Ауру мал туралы анамнез ( мәлімет) және патологиялық процесс қай жүйеде болса да оған қарамай жүйелі үлгі бойынша кезегімен барлық жүйелерге зерттеу жүргізуге аса көңіл бөледі.
Курация 1-ші күні студенттер оқытушының немесе аға лаборанттың басшылығымен қанға ( эритроциттер, гемоглобин, лейкоциттер, лейкоцитарлық формула) несепке ( физикалық, химиялық зерттеулер) және нәжіске лабораториялық зерттеулер жүргізуі керек.
Қажет болған жағдайда қан мен несепке ( кальций, фтор, каротин, сілтілі фосфатаза, ацетон денелер т.б) , қарын жынына және пунктаттарға кейбір биохимиялық зерттеулер жүргізеді.
Ауру малға клиникадан шығар алдында тағыда лабораториялық зерттеу жүргізіледі. Ауру малды зерттегенде оқытушы студенттердің назарын алынған анамнездік мәліметтерге,клиникалық зерттеулерге ( лабораториялық және арнайы зерттеулерсіз ) алдын ала қойылған диагнозға көп көңіл бөледі, себебі студенттер ауруды ары қарай зерттеу жоспарын құрып, емдеу тәсілін айқындауы қажет.
Қосымша лабораториялық зерттеулер жүргізгеннен соң қойылған диагнозды негіздейді, ажыратады (дербестейді) және қажет жағдайда емді өзгертеді.
Таңертең және кешке ауру малды зерттеу барысында анықталған өзгерістерді куратор жазып алады. Әрбір ауру малға бір бет қағаз арнайды. Куратор осы бетке дене қызуын, тамыр соғуын, тыныс алуын және мес қарынның жиырылуын сызба түрінде белгілейді ( таңертең және кешке).
Ауру малды таңертең және кешке бірмезгілде қарауды ұйымдастырады. Әрбір куратор зерттеу қорытындыларын, емдеу барысын оқытушыға баяндайды және жазғандарын көрсетеді.
Ауру малға курация жүргізуде ғылыми зерттеу элементтері болуы керек. Соның арқасында студенттердің дәрігерлік ойлау өрісі артады, олар емдеу-сақтандыру шараларына қажетті дәрі-дәрмектерді дұрыс таңдай білуді үйренеді, эксперимент қоюға әдебиеттерге шолу жүргізуге дағдыланады.
Курация кезінде СҒЗЖ ең бастысы диагностика мен емнің жаңа әдістері жатады. Соның ішінде, жүрек-қантамыр жүйесі мен тыныстану ағзаларын, ЭКГ қолдануды, қан ағысының жылдамдығын, қанда кейбір ферменттер мен витаминдерді және минералды заттарды анықтау ; ФОЗ улануда холин-эстерозаны т.б анықтау; антибиотиктерді, сульфаниламид препараттарын қолданғанда қандағы олардың концентрациясын және тыныстану жолдарындағы микрофлоралардың оларға сезімталдығын анықтайды және т.б.
Курация жүргізу академиялық топтарда жүзеге асады. Сол себепті бірыңғай аурулармен ауырған малдарды топтастырады, ол бірақ емдеу тәсілдері мен қолданылатын дәрі-дәрмектер әр түрлі. Соның арқасында ауру тарихын қорғау кезінде емдеу процесінің тиімділігіне баға беруге болады.
Курация кезінде кафедрада ұсынылған емдеу-сақтандыру әдістерін міндетті түрде қолданылады. Курация жүргізудің шешуші кезеңі ( этапы) – ауру тарихын жазып шығуға аса көңіл бөледі.
Ауру тарихын толтыру ең маңызды құжатқа жатады. Себебі осыған байланысты студенттердің клиникалық дайындығының сапасына, оның клиникалық ой өрісіне, диагностикалық емдеу-сақтандыру әдістерін игеруге және жалпы мәдениеті мен сауаттылығына баға беруге болады.
Жұқпалы емес аурулар кафедрасында ауру тарихы төмендеідей құрылымдардан тұратынын белгілеген:

  1. Ауру малды тіркеу.

  2. Анамнез жинақтау.

  3. Жүйелер бойынша зерттеу.

  4. Алдын-ала диагноз қою оны негіздеу.

  5. Қорытынды диагноз.

  6. Эпикриз.

  7. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Ауру тарихын өте ұқыпты толтырады, түсінікті қолмен жазады, әдеби сауатты болуы керек. Ауру тарихы бөлек папкаға тігіліп, курация жүргізгеннен соң оны оқытушыға өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет