Процесі: «Химия» оқу пәнінің


Сандық есептеулер бойынша



бет2/4
Дата12.06.2024
өлшемі32.14 Kb.
#502548
түріҚұрамы
1   2   3   4
8сынып ХиМиЯ 2023-24

Сандық есептеулер бойынша: химиялық формулалар бойынша есептеулер,зат мөлшері, моль,авогадро саны,заттардың молярлық массасы,химиялық реакция теңдеу бойынша есептеулер, авогадро заңы,молярлық көлем,газдардың салыстырмалы тығыздығы,көлемдік қатынас,термохимиялық реакция теңдеулер бойынша есептеулерге, заттардың ерігіштігі бойынша есептеулер, ерітінділерді сұйылту мен ерітінділерді қоюлату, ерітіндідегі заттардың молярлық концентрациясы,еріген заттың концентрациясы әртүрлі ерітінді ерітінділерін араластыру, кері есептер шығаруға жеке тоқталып,толықтырылды.
Оқушылар білуі тиіс:
-Атомда электрондар ядродан арақашықтығы артқан сайын біртіндеп энергетикалық деңгейлер бойынша таралатынын, әрбір электрон қабатында электрон саны нақты максимал мәннен аспайтынын,
- s және р орбиталдарының пішінін;
- Заттар массасының сақталу заңын, бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктеуді,
- Химиялық реакция типтерін;
- кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын.
- зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде –мольді, Авогадро санын;
- Экзотермиялық реакциялар жылу бөле жүретінін, ал эндотермиялық реакциялар жылу сіңіре жүретінін;
- Ауа құрамындағы және жер қыртысындағы оттектің пайыздық мөлшерін.
-Химиялық элементтердің табиғи ұяластарын, және сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтердің ұяластарына мысалдар келтіруді
Оқушылар меңгеруі тиіс:
-Алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және электронды – графикалық формуларын жазу,
- «Нольдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формуласын құрастыру,
- Заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару,
- Реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жаза отырып,химиялық реакциялар теңдеулерін құру,
- Қосылыстың молярлық массасын есептеу
- Сутекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын зерттеу
- Топ, период, атом нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру
- Металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу, қышқыл ерітінділерімен әртүрлі металдардың реакцияларын зерттеу, металдардың белсенділік қатарын қолданып металдардың таныс емес орынбасу реакцияларының жүру мүмкіндігін болжау
- Парниктік эффекттің себептерін түсіндіру және шешу жолдарын ұсыну,
- Заттар қасиеттерінің кристалдық тор типтеріне тәуелділігін түсіндіру.
- Ерітінділердің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын түсіндіру,ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу
Бұл бағдарлама жалпы білім беретін мектептің 8 сынып оқушыларына арналған.Бағдарлама 68 сағатқа, аптасына 2 сағатқа жүктелген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет