Силлабус
3.1. Кіріспе
Адам анатомиясы- адам денесінің құрылысын және оның жастық, жыныстық, жекелеген ерекшелігіне байланысты дамуын зерттейтін ғылым. Анатомия медициналық оқу орындарыныныңмамандықтарына өте қажет болып саналатын қосымша клиникалық пәндердің медициналық білімінің негізі болып саналады. Физиология пәні осы ағзалардың қызметтерін, жастық өзгерістерін және жүйелердің бір – бірімен байланысын, организмдегі зат алмасу үрдістерін зерттейді
«Анатомия, физиология және тіс-жақ жүйесінің биомеханикасы» пәні бойынша қазіргі оқу – әдістемелік бағдарламасы 2003 жылы Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сай енгізілген.
3.2.Пәннің мақсаты
Адам денесінің, мүшелер мен жүйелердің құрлысын, ағзаның жекелеген бөліктерінің бір-бірімен өзара байланысын және тәуелділігін ашу. Адам ағзасының құрылысын, орналасуын, қызметін, функциональды ерекшеліктерін оқыту. Ауру туындататын жағдайлар мен себептерді, жасуша, ұлпа деңгейінде ағза қызметтерінің бұзылыстарын және ағзаның қорғаныш – бейімділік механизмдерін түсіндіру.
3.3.Пәннің міндеттері:
- адамның жынысы мен жасына байланысты негізгі анатомиялық сипаттамасы туралы білімін көрсетеді;
- организмдегі мүшелердің орналасуы, құрылыс заңдылықтары мен механизмдері, олардың бір-біріне байланысы туралы білімін көрсетеді;
- адам ағзасындағы қызметтік жүйелердің бір – бірімен байланысын үйрету.
- клиникалық ойлау қабілетін дамыту үшін ағзалар мен жүйелердің қызметтері туралы негізгі білімін қалыптастырады;
- анатомиялық ойлау қабілеттерін көрсетеді;
-организмнің қоршаған орта мен өзара байланысты туралы білімін қалыптастырады.
3.4 Пәнді игерудің соңғы нәтижесі
Студент білуі тиіс:
Анатомия, физиология пәнінің құрылымы мен мазмұнын;
Қызметтік жүйелердің ерекшеліктерін;
Ағза құрылысы мен қызметтерін;
Физиологиялық процесс түсініктерін;
Тіс-жақ жүйесінің биомеханикасын;
Ас қорыту, тыныс алу, жүрек-қан тамырлар, несеп-зәр шығару,сезім мүшелері, жүйке
жүйелері мүшелерінің орналасуын, құрылысын және қызметін.
Достарыңызбен бөлісу: |